жоқ. Бұл міндеттерді Столлман RISC- машинасының желілік функциялары мен жүйенің
нұсқасының іске асырылуы ретінде санайды.
Hurd GNU жобасының аяқталған шағы - UNIX операциялық жүйесінің стандартты
еркін ортасын құру – оны FSF қоры құрады. Столлман қазірдің өзінде GNU – Linux
операциялық жүйесі толық іске асырылу жобасы бар деп аталады, өйткені Linux
құралына GNU жобасының программалық қамтамасыздандырылуы жатады. (
трансляторлар, редакторлар, утилиттер және т.б.)
Hurd үшін Linux файлдық жүйесінің серверін жасаушы Луи—Доминик Дюбо (
Louis –Dominique Dubeau) былай дейді: « Hurd өте жақсы жобаланған, ол сенімді ақтайды
деп ойлаймын. Hurd технологиясын микроядро негізінде Linux жүзеге асыру үшін
қолдану – қазіргі заманда ең тиімді шешімдердің бірі».
Сонымен , Linux және Hurd бір-біріне қарама-қарсы келе жатыр. Бұл Mach
микроядро серверлері болады.
Linux OSF микроядро негізінде
APPLE фирмасы MkLinux - Linux серверінің OSF микроядросына жұмысын
демеуші болды. Бұл жұмысты OSF Resarch Institute орындады. Барлық шығатын Intel
және Power Macintosh платформаларына арналған тексттер еркін таралады. – Linux сервер
GNU GPL лицензиясымен таралады, микроядро және басқа серверлер OSF Free Copуright
лицензиясымен таралады. Power Macintosh платформасына арналған нұсқа 1996 жылдың
жазында дайын болды.
7.2.4. Soft Kernel
Soft Kernel жүйесі Microprocess (Courbevoie, France) фирмасымен өндіріледі. Басты
сипаттамалары:
1. Түрі: host/target
2. Архитектура: объекті- микроядролар негізінде
3. Стандарт: өзіндік
4. Қасиеттері НУОЖ-нікіндей:
- көп міндеттілік
- көп процессорлық
- 255 деңгейлі приоритет
- жоспарлау: приоритетті, FIFO
- preemptive ядросы
5. ОЖ жасау (host): UNIX/Windows.
6. Процессорлар (target): Motorola 68xxx, Power PC , Intel 80960, ARM, SPARC.
7. Байланыс сызықтары host/target: тізбекті канал, Ethernet
8. Ең аз өлшемі: 40 Kb
9. Синхрондау және өзара әсерлесу құралдары: семафорлар, белгілер, оқиғалар,
пошталық жәшіктер.
10. Жасау құралдары:
- SoftWorks - С/С++ жасаудың интегралданған ортасы
СДЖ арналған бақылау жұмыстары:
1. Қандай НУОЖ классикалық ОЖ-ге, қандай НУОЖ объекті—бейімделгенге
жатады?
2. QNX жүйесінің басты сипаттамалары
3. Нақты уақыт қандай компоненттері QNX ОЖ-н қамтамасыз етеді?
4. Қандай екі іргелі принципке QNX ОЖ негізделген?
5. QNX ОЖ-нің микросының басты функциялары
6. QNX ОЖ конфигурациясын қандай менеджерлер қолданады?
7. Құрылғылар драйверлері деген не және олар қандай QNX ОЖ-де қызметтер
атқарады?
8. pSOS ОЖ-нің басты сипаттамалары
9. VxWorks ОЖ-нің басты сипаттамалары
10. OS-9 ОЖ-нің басты сипаттамалары
11. OS-9 ОЖ қандай программалау тілінде жазылған?
12. OS-9 ОЖ жасау кезінде қандай талаптар қойылады?
13. OS-9 ОЖ – дегі модульділік деген не?
14. OS-9 ОЖ-ның ядросы қандай қызметтер атқарады?
15. OS-9 ОЖ-ң жүйе сенімділігін қанағаттандырады?
16. OS-9 ОЖ –де үзілулерді өңдеу программасы қалай жұмыс істейді?
17. Linux жүйесінің басты даму бағыттары
18. НУОЖ-ның даму тенденциялары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.
А.В.Гордеев, А.Ю.Молчанов. Системное программное обеспечение. — "Питер",
2002. — 736с. Соломейчук В.Г. Linux. Экспресс курс. – СПб.: БХВ – Петербург,
2005. – 277с.
2.
Стахнов А.А. Linux. Научное издание. 2-е изд. - СПб.: БХВ – Петербург, 2005. –
944с.
3.
Зыль С.Н. Операционная система реального времени QNX: от теории к практике. 2-е
изд., перераб. доп. – СПб.: БХВ – Петербург, 2004. – 191с.
4.
Операционная система реального времени QNX Neutrino 6.3. Системная
архитектура. пер. с англ./ гл. ред. Е. Кондукова. – М.: СПБ.: Нижний Новгород:
Питер, 2006. – 336с.
5.
Зыль С.Н. QNX momentics. Основы применения. – СПб.: БХВ – Петербург, 2005. –
255с.
6.
Болл Б., Хойт Д. Red Hat Linux.8/9. Настольная книга пользователя. пер. с англ. – М.:
СПб.: Киев: DiaSoft, 2005. – 921с.
7.
Цилюрик О., Горшко Е. QNX/UNIX. Анатомия параллелизма. – СПб.: М.: Символ,
2006. – 287с.
4. Зертханалық жұмыстарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 зертханалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар
Жұмыстың мақсаты:
- технологиялық кестелерді, жұмыс нұсқауларын және көтермен орнатуды басқару
процесін талдау;
- Көтермені орнатудың программалық имитаторын жасау
Зертханалық жұмыс 4 сағатқа белгіленген және «ЛИФТ» жасалаған компонентінің
негізінде көтерме орнатудың программалық имитаторын құру бойынша практикалық
тәжірбие алу және теориялық материалды оқу зертханалық жұмысты тапсыру, бақылау
сұрақтарына жауап және дербес компьютерде жеке тапсырмаларды көрсетуден тұрады.
Отчеттің мазмұны:
1. Жұмыстың аты мен мақсаты
2. Жеке тапсырма
3. Бақылау сұрақтарына жауаптар
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Технологиялық схеманы, жұмыстың нұсқасын және көтерме орнатуды басқару
процесін талдау.
2. «ЛИФТ» компоненттің жұмысын зерттеу
3. Көтерме орнатудың басқару имитаторының диспетчерлік пунктен алгоритмдік
программасын жасау