В дипломном проекте рассматриваются вопросы разработки системы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет2/20
Дата25.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#6033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

11 

 

Қазіргі  уақытта  технологиялық  процессті  автоматты  басқару  жүйесін 



қолдануды  қажет  етпейтін  өндіріс  саласы  жоқ.  ТПАБЖ-ның  негізгі 

артықшылықтары  басқару  процесінде  адам  факторын  төмендету  немесе 

мүлдем  алшақтату,  жұмыс  персоналын  қысқарту,  шикізат  шығынын  азайту, 

бастапқы  өнімнің  сапасын  арттыру  және  өндіріс  тиімділігін  ұлғайту  болып 

табылады.  Автоматты  басқару  жүйенің  орындайтын  негізгі  функцияларын 

бақылау  және  басқару,  мәліметтердің  алмасуы,  ақпаратты  өңдеу,  жинау  және 

сақтау, дабыл сигналдарын қалыптастыру, графиктерді және есептемені жасау 

құрайды.  

 

Заманауи әлемдік энергетикада табиғи газ үлкен рөлге ие. Қазіргі таңдағы 



даму  үрдісінде  газ  айрықша  кұнды  әрі  үнемді  отын  ретінде  қарастырылады. 

Табиғи  газды  өндірудің  дамуы,  оны  өндірілген  аймақтан  қолданыс  аймағына 

тасымалдауға  арналған  магистральды  газ  құбырлар  жүйесінің  дамуымен 

байланысты.  

Кен орнынан өндірілген газ әртүрлі заттармен және басқа да қоспалармен 

қаныққан.  Сондықтан  газды  осы  қоспалардан  бөлу  және  тасымалдауға 

дайындау  газды  өнеркәсіпте,  пайдаланушыларды  табиғи  газбен  үздіксіз 

қамтамасыз ету жүйесінде маңызды орынға ие. Қазіргі уақытта газды өндіретін 

және  тасымалдайтын  кәсіпорындардың  негізгі  мәселесі  –  газды  тазалауды 

сапалы  әрі  минималды  экономикалық  шығынмен  өткізу.  Осы  мәселені 

шешудегі  негізгі  бағыттардың  бірі  –  газды  сепарациялау  процесін 

автоматтандыру, 

сепарацияның 

тиімділігін 

арттыру 

және 


газды 

сепараторлардың металлды сыйымдылығын төмендету.  

 

Бұл  жұмыста  табиғи  газды  сепарациялау  процесі  және  газды 



сепаратордағы газдың қысымын реттеу жұмысы қарастырылады.   

Газды  сепарациялау  –  ағындағы  қатты,  сұйық  және  газды  фазалар 

құрамынан қатты және сұйық фазаны бөлу  процесі. Сепарацияның жеткіліксіз 

деңгейі кәсіптік құбырлардың төмен гидравликалық тиімділігіне, газды сығуға 

арналған  энергияның  артық  шығынына,  пайдалану  шығынының  өсуіне,  газды 

жинау және тасымалдау жүйелерінде гидратты кептелістердің пайда болуына, 

технологиялық жабдықтардың жұмысының тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.    

 Газды 


сепарациялау  процесін  автоматтандыру  сепарациялаудың  

тиімділігін  ұлғайтуға  мүмкіндік  береді,  газды  тазалау  технологиясын 

жетілдіруін  қамтамасыз  етеді.  Автоматтандыру  жүйесін  енгізу  өндірістік 

ақауды және қалдықты қысқартуға, шикізат және энергия шығынын үнемдеуге, 

негізгі  жұмыс  күштері  санын  азайтуға  және  газдың  мұқият  тазалануына  

мүмкіндік береді. 

Газды  сепаратор  –  газды  және  газдыконденсатты  кен  орын  өнімдерін 

мұқият тазалауға және тиек-реттеуші арматураны және газды айдап қотаратын 

қондырғыларды  ылғалдан,  көмірсутектер  конденсатынан  және  механикалық 

қоспалардан қорғауға арналған аппарат. 

Дипломдық  жұмыстың  мақсаты  газды  сепаратордағы  газдың  қысымын 

автоматты  басқару  және  реттеу  жүйесін  құрастыру.  Жұмыста  газды 

сепаратордағы  газдың  қысымын  бақылау  контуры  зерттеледі.  ГС-да  газ 



12 

 

қысымын  реттеу  жүйесінің  реттеу  заңы  және  реттеуіштің  параметрлері 



анықталып,  автоматты  реттеу  жүйесі  орнықтылыққа  зерттеледі,  газды 

сепарациялау  процесі  кезіндегі  қысымды  реттеу  сапасының  көрсеткіштері 

анықталады.  Газды  сепаратордағы  газдың  қысымын  автоматты  реттеу 

жүйесінің техникалық құрылғылар кешені таңдалынады.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Негізгі бөлім. Газды сепарациялау технологиясына қысқаша шолу 

1.1 Газды кешенді дайындау қондырғысын сипаттау 

 


13 

 

Магистральды  газ  құбыры  арқылы  таза  газды  жіберу  оны  іске  қосудың 



тиімділігін  арттырады,  газды  тасымалдау  шығынын  төмендетеді,  құбырдың 

және  технологиялық  қондырғылардың  жұмыс  қорын  ұзартады.  Сондықтан 

газды тасымалдауға дайындау тікелей кен орнында жүзеге асырылады.  

Газды кешенді дайындау қондырғысы газдыкоденсатты қоспаны  табиғи 

ғаз  бен  газ  конденсатын  жинақтау  және  өңдеуді  қамтамасыз  ететін 

технологиялық  қондырғылар  мен  қосалқы  жүйелер  кешенінен  тұрады.  Газды 

кешенді  дайындау  қондырғысының  технологиялық  сұлбасы    1.1  суретте 

келтірілген.  

 

 

 



1.1 сурет – Газды кещенді дайындау қондырғысының технологиялық сұлбасы 

 

Газдыконденсатты  ұңғымадан  өндірілген  шикі  газ  шлейфтер  бойымен 



ауыстырып  қосу  арматурасы  пунктіне  жинақталады.  Кейін  ауыстырып  қосу 

арматурасының  жинақтауыш  коллекторынан  технологиялық  корпусқа 

жіберіледі.    Технологиялық  корпуста  төрт  технологиялық  желі  қатар  жұмыс 

жасайды.  Технологиялық  корпус  шығысында  газ  шығынын  есептеу  үшін  газ 

өлшеуіш станциядан өтіп магистальді газ құбырларына тасымалданады.  



14 

 

Газды  кешенді  дайындау  қондырғыларның  тауарлық  өнімі:  газ  кен 



орындарының  құрғақ  газы,  газдыконденсатты  кен  орнындарының  құрғақ 

бензинделген газы, газды конденсат болып келеді. 

Газды  кешенді  дайындау  қондырғысының  технологиялық  корпусында 

газды келесі кезеңдерден тұратын өңдеуден өтеді: 

- абсорбциялы немесе адсорбциялы құрғату; 

- төмен температуралы сепарация немесе абсорбция

- майлы абсорбция. 

Газды  кен  орындарында  газды  дайындау  оны  құрғатуға  негізделеді, 

сондықтан  абсорбция  немесе  адсорбция  процестері  қолданылады.  Ал 

газдыконденсатты  кен  орындарында  құрғату  және  жеңіл  конденсацияланатын 

көмірсуларды  бөлу  төмен  температуралы  сепарация,  төмен  температуралы 

абсорбция және төмен температуралы майлы абсорбция арқылы жүзеге асады. 

Газды  кешенді  дайындау  қондырғысының  технологиялық  корпусының 

құрамына келесі қондырғылар кіреді: 

- алдын ала тазалау блогі (төмен температуралы сепарация);  

- газды тазалау, құрғату және салқындату технологиялық қондырғылары

- сығу компрессорлық станциясы. 

Алдын  ала  тазарту  блогі  газды  тамшы  ылғалдан,  сұйық  көмірсулардан 

және  механикалық  қоспалардан  тазартуды  қамтамасыз  етеді.  Сығу 

компрессорлық станциясы газды өндірістік өңдеу технологиясының жұмыстық 

параметрлерін қамтамасыз етеді, магистралды газқұбырына  жіберілетін газдың 

қысымын сақтайды. Газды технологиялық дайындау қондырғысының алдында 

немесе одан кейін орналасады. Сығылған газдың температурасын азайту үшін 

станциядан кейін ауамен салқындату аппараттары орнатылады. 

Газды кешенді дайындау қондырғысы құрамына кіретін қосалқы жүйелер: 

- газды өлшеуіш станция; 

- метанолды жіберуді басқару жүйесі; 

- гликольді регенерациялау цехі; 

- технологиялық сорғы 

- электр энергиясымен қамтамасыз ету; 

- жылумен қамтамасыз ету; 

- сумен қамтамасыз ету; 

- электрохимиялық қорғаныс

- өрт сөндіру; 

- байланыс құралдары орнатылған алаңдар; 

- оператор бөлмесі; 

- диэтиленгликоль және метанол сақтайтын резервуарлар. 

 

 



 

 

1.2 Төмен температуралы сепарациялау қондырғысын сипаттау 




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау