21
Joomla! басқа жүйелерден айырмашылығы - құрушылардың максималды
функционалдылықты
қаматмасыздандыра
отырып,
қолданыстағы
қарапайымдылықты сақтауға тырысуы. Нәтижесінде, біреудің жекеменшігі
болып келетін жабық бағдарламалық қамтамасыз етуге үлкен көлемді қаражат
төлеудің орнына, өз сайттарыңды тиісті білім алмай басқаруға болады.
Joomla! ішіндегісін басқару жүйесі кеңіне тараған Mamboo CMS тармағы
болып келеді. Тәуелсіз бағдарлама құрушылар тобы Mambo жобасынан
экономикалық келіспеушілік себебінен бөлініп кетті. 2005 жылдың 16
қыркүйегінде Joomla бірінші нұсқасы шықты, расында ол аты өзгертілген және
сол кездегі қателіктер мен осалдықтары жойылған Mambo 4.5.2.3 болды.
Joomla СMS құрамына веб-сайт жасауға арналған түрлі құралдар кіреді.
Жүйенің басты ерекшелігі бастапқы орнату кезіндегі құралдардың минималды
жинағы және оның керек жағдайда толтырылуы болып келеді. Бұл
администрация панелін артық элементтерден босатып, серверге түсетін
жүктемені азайтады және хостингтағы орынды босатады.
2.2.6 JavaScript
JavaScript — прототипті-бағытталған скриптік бағдарламалау тілі.
ECMAScript тілінің диалекті болып келеді.
JavaScript әдетте қолдану нысандарына қол жеткізу үшін бағдарламалық
енгізілген тілі ретінде пайдаланылады. Браузерлерде веб-беттерге интерактивтік
беру үшін сценарийлер тілі ретінде кеңінен қолданылады. Негізгі
архетектуралық сипаттары: динамикалық типтеу, әлсіз типтеу, жадыны
автоматты түрде басқару, протатипті бағдарламалау, функциялар бірінші
класстың объектеері ретінде. JavaScript-ке көптеген тілдер әсер етті, тілді құру
кезінде оны Java тіліне ұқсас қылып жасайын деді, бірақ бағадарламаушы емес
адамдарға оңай болатындай. JavaScript тіліне ешқандай компания немесе ұйым
ие емес, бұл оны веб-құрастыруда қолданылатын басқа бағдарламалау
тілдерінен ерекшелендіреді [Б қосымшасын қараңыз].
2.2.7 CSS
CSS (ағыл. CascadingStyleSheets - каскадтың стиль кестелері) - белгілеу
тілін пайдалана отырып, жазбаша құжаттың көрінісін сипаттау үшін ресми тіл.
Көбінесе HTML және XHTML белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттерді
сипаттау, кескіндеу құралы ретінде пайдаланылады, сонымен қатар кез-келген
XML-құжаттарға қолданылуы мүмкін.
CSS веб-беттерді құрушылармен түсті, шрифттерді, бөлек блоктардың
орналасуын және веб-беттерді кескіндейтін басқа аспекттерді көрсету үшін
қолданылады. CSS құрудың негізгі мақсаты веб-беттердің логикалық
құрылысын ( HTML немесе басқа бағдарламалау тілдерімен жүргізіледі) және
сыртқы келбетін сипаттауды (қазіргі кезде CSS ресми тілімен орындалады) бір-
бірінен бөлек шығару. Бұл бөлу құжаттың қолжетімділіген, үлкен икемділік пен
22
оның өнімділігін басқару мүмкіндігін қамтамасыз етуін арттырады, сонымен
қатар құрылымдық мазмұнының күрделілігі мен қайталануын азайтады. Бұдан
басқа, СSS бір құжатты әртүрлі стильдер мен әдістерде ұсынуға мүмкіндік
береді, мысалы, экрандық ұсыну, басып шығару, дауыспен оқу ( әдейі дауысты
браузермен немесе экраннан оқитын бағдарламамен) немесе құралдармен
шығару кезінде.
23
3. Есеп шешімі
3.1 Жұмыс орнын дайындау
Дипломдық жұмыста php тілінде мейрамхана жұмыскерлерінің жұмысын
автоматтандыру мақсатында сайт жазылды.
Сайт ашпай тұрып, жасалынатын алғашқы қадам - біз белгілі бір жерден
құжаттарды сақтау үшін өзімізге папка ашып аламыз. Дипломдық жұмыстың
паттерын қолдана отырып жасалды. Сол себепті, php құжаттар 3 бөліктен
тұратын болады. Олар Model, Controller, View (10-сурет).
Model-де бағдарламаның іске асырылуы ғана жазылатын болады. View-де
сайттың тек қана адамдарға көрсетілетін беттері (front-end) болады және онда
ешқандай іске асырылатын кодтар болмайды. Controller соларды басқарып
отырады. Controller-де ешқандай іске асырылу коды немесе бетінің (front-end)
кодтары болмайды. Ол тек қана екеуінің арасында ақпарат алмасуын бақылап
тұратын бақылаушы қызметін атқарады.
3.1 сурет – MVC сұлбасы
3.1.1 MVC паттернын қолдануы
Біз MVC паттерын қолданғаннан кейін, сондай үш құжат ашамыз.
Біріншіден, паттерын қолданбай , 12 - суреттегіндей жұмыс орнын дайындап алу
керек:
24
- view/ деген папка сайттың беті үшін ашып алайық
- img/ деген папка суреттер сақтау үшін
- css/ деген папка стильдер үшін
- js/ деген папка javascript үшін
3.2 сурет – Файлдар түрі
Келесі қадам ол модель, контроллер және сайттың бетін (view) деген
құжаттар ашу керек. Біріншіден, біз контроллер және модель ашып алайық, 3 -
суретте көрсетілген.
25
3.3 сурет Толық түрі
Бұл жерде model.php біздің моделіміз қалғандары startup.php-дан
басқасының бәрі контроллер болып келеді. Контроллерлар көріп тұрғандай
бізде көп, оған себеп әр сайттын бетіне яғни view - ге бір-бір контроллерлардан
болады. Бізде көріп тұрғандай олар алтау яғни сайттың бетіде алтау болады
деген сөз. Енді view/ папкасының ішіне сайттың бетін жасайық. Ол папканың
ішіне тура сол контроллердің атын алып жаңадан php құжат ашамыз,14 - суретте
көрсетілген.