Байланысты орнату тәртібі
TCP хаттамасын қолданатын серіктестердің өзара әрекеті үш кезеңнен тұрады:
- логикалық байланыс орнату;
- мәліметтермен алмасу;
- байланысты жабу.
Қосылымды орнату кезеңі «үш жақты қол алмасу» (three-way handshake) түрінде жүзеге асырылады. 1) TCP А модулі тұтынушының рөлін атқара отырып, TCP B модуліне SYN жалаушасы және мәліметтер тізбегіндегі нөмірдің бастапқы мәні бар пакет жібереді. 2) TCP модулі В, өз кезегінде, байланыс орнатуға дайын бола отырып, TCP пакетімен жауап береді және сұраныстың дұрыс қабылданғанын және байланыс орнатуға дайын екендігі туралы хабарлайды; 3) Үшінші қадамда TCP модулі А, TCP пакеті В дұрыс қабылдағанын растайды.
TCP хаттамасы бір жағынан қолданушымен немесе қолданбалы бағдарламамен, екінші жағынан Internet хаттамасы сияқты төменгі деңгейдегі хаттамамен байланысады. Қолданбалы процесс пен TCP хаттамасы арасындағы интерфейсін қолайлы егжей-тегжеймен түсіндіреміз. Бұл интерфейс файлдарды басқаруға арналған қосымшалар процесінде қарастырылған операциялық жүйелік қоңырауларға ұқсас қоңыраулар жиынтығынан тұрады. Мысалы, бұл жағдайда байланыстарды ашуға және жабуға, орнатылған байланыстар туралы мәліметтерді жіберуге және алуға шақырулар болады. TCP хаттамасы қосымшалармен асинхронды түрде әрекеттесе алады деген болжам бар. TCP хаттамасын жасаушыларға белгілі бір амалдық жүйенің қасиеттеріне сәйкес келетін интерфейстерді құруда айтарлықтай еркіндік берілгенімен, TCP хаттамасы мен қолданушы арасындағы интерфейстің қажетті минималды функциялары қажет.
Сырғымалы терезе механизмі
Байданысты орнату арқылы сенімді деректерді берудің кең тараған жалпы түрінде, пакеттер алушы тарапқа олар берілген тәртіпте жеткізілуі керек. Бұл мәселенің қарапайым шешімі – әр егменттің деректерді қабылдағандығы туралы алушы растауын қолдану.
Алайда, егер жіберуші әр сегментті жібергеннен кейін растауды күтуге мәжбүр болса, онда осы әдіс кезінде берілу жылдамдығы айтарлықтай төмендейді. Растауды алуды қажет етпей, жіберушіге жіберуге рұқсат етілген деректер пакеттері терезе деп аталады.
TCP хаттамасында күтілетін растау қолданылады; олар келесі күтілетін октеттің санын қамтиды. Сырғымалы терезенің механизмі TCP сеансы кезінде терезенің өлшемін үйлестіру динамикалық түрде жүреді. Сырғымалы терезе механизмі - бұл деректердің белгілі бір көлемін жібергеннен кейін қабылдаушыдан жіберушіден растауды талап ететін мәліметтер ағынын басқару механизмі.
Екі құрылғы арасында берілетін мәліметтер ағынын басқару үшін TCP хаттамасында ағынды басқару механизмі қолданылады. Терезе ағымдағы растау нөмірінен есептелген октет санын анықтайды, оны TCP құрылғысы белгілі бір уақытта ала алады.
Мысалы, 2.7 суретте терезе 6000 байтқа тең. Бұл деректер алушыға беріледі. Жіберуші алушыдан растауды күтуі керек. Осыдан кейін ол келесі мәліметтер терезесін жібере алады. TCP терезесінің өлшемі екі желілік құрылғылар арасында деректер ағынын беру кезінде өзгеруі мүмкін. Қабылдаушыдан жіберілген әрбір растау алушының алатын байт саны туралы ақпаратты қамтиды. Терезенің үлкен өлшемі бір уақытта көп мөлшердегі октерді жіберуге мүмкіндік береді.
2.7 сурет – Сырғымалы терезе механизмі
Достарыңызбен бөлісу: |