14. Мұнай базаларында және АЖБ-дағы жөндеу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1-Параграф. Рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстарды жүргізу
724. Рұқсат-жүктелім – қолданыстағы кәсіпорыннан шығатын өндірістік қауіптілік бар немесе орны алуы мүмкін болғанда қолданыстағы кәсіпорын аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ресімделетін жұмыстарды жүргізуге тапсырма.
725. Қолданыстағы теміржол, автомобиль жолдарына, электр берілісі желілері, газ және жылу құбырларына және басқа да қолданыстағы ашық (жабық) коммуникациялар мен технологиялық құрылғыларға жақын жүргізілетін жер жұмыстарын рұқсат-жүктелім беретін тұлға алдын-ала осы объектілерге қызмет көрсететін ұйымдармен келіседі. Тисті құжаттар (схемалар, коммуникациялар) рұқсат-жүктелімге қоса беріледі.
726. Рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстар уақытша тоқтатылған кезде рұқсат берушінің нұсқауы бойынша жұмыстарды жүргізуші бригада мүшелерін жұмыс орындарынан шығарады және рұқсат-жүктелімді рұқсат берушіге қайтарады.
727. Жұмыстарды жаңарту рұқсат-жүктелім бойынша жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық бастапқы іс-шаралар тексерілгеннен және рұқсат-жүктелім жұмыстарды жүргізушіге қайтарылғаннан кейін рұқсат берушінің рұқсаты бойынша жүргізіледі.
728. Рұқсат беруші болмаған кезде рұқсат-жүктелім жабылады және жұмыстарды жүргізуші және жүктелімді берген тұға қол қояды.
Жұмыстарды жүргізуші рұқсат-жүктелімді қайтарғанған дейін техникалық құрылғыларды пайдалануды бастауға рұқсат етілмейді.
729. Рұқсат-жүктелім жоғалған жағдайда жұмыстар тоқтатылады. Жұмыстарды жалғастыруға жаңа рұқсат-жүктелім ресімделеді және жұмысқа рұқсат жаңадан жүргізіледі.
730. Қауіптілігі жоғары жұмыстарды ұйыдастыруды және қауіпсіз жүргізуді рұқсат-жүктелімі бар тұлғалар, жұмысқа жіберетін жауапты басшы, жұмыстарды жүргізуші, бригада мүшелері қамтамасыз етеді.
731. Рұқсат-жүктелім беруге құқығы бар тұлғалардың, жауапты басшылардың, рұқсат берушілердің, жұмыстарды жүргізушілердің тізбесін ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
732. Рұқсат-жүктелім беретін тұлға жұмыстарды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін шараларды анықтайды, рұқсат беруші жауапты басшыны, жұмыстарды жүргізушіні, бригада мүшелерін тағайындайды, олардың біліктілігін жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шаралардың жеткіліктілігін анықтайды.
733. Рұқсат-жүктелім бойынша жұмысқа жіберуші рұқсат-жүктелімде көрсетілген жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Рұқсат беруші жұмыстардың басталуы алдында рұқсат-жүктелімде көрсетілген жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша іс-шаралардың орындалуын тексерелді, жұмыстарды жүргізушіге, бригада мүшелеріне тікелей жұмыстарды жүргізу орнында жұмыстарды қауіпсіз орындаудың ерекшеліктері туралы нұсқама береді.
734. Қолданыстағы техникалық құрылғылардың аймағында рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде рұқсат-жүктелім беруші жұмыстарды қауіпсіз орындауды және жұмыстарды жүргізу аймағында қауіптілік пайда болған кезде рұқсат-жүктелім бойынша жұмыс істеушілерді қауіпсіз орынға уақтылы шығаруды қамтамасыз ететін жауапты басшыны тағайындайды.
735. Егер технологиялық персоналдың ауысымы бітсе, ал рұқсат-жүктелім бойынша жұмыс істейтін персоналдың ауысымы жалғасып жатқан болса, онда рұқсат беруші жұмысқа кіріскен ауысым басшысына рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстарды өткізу туралы ескертеді.
736. Рұқсат-жүктелім берушінің, жұмысқа жіберушінің, жауапы басшының екі міндетін бір тұлғада біріктіруге рұқсат етіледі. Жұмыстарды жүргізушілер болып кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер тағайындалады.
737. Бригада құрамындағы өзгерістерді рұқсат-жүктелім беруге құқығы бар тұлға рұқсат-жүктелімде тиісінше ресімдей отырып, жүргізеді.
Бригада құрамы өзгерген кезде жұмыстарды жүргізуші бригадаға жаңадан қосылған жұмысшыларға нұсқама береді.
738. Жұмыстарды жүргізуші бригада мүшелерінің қауіпсіздік шараларын сақатуын қамтамасыз етеді. Орындаушылар (бригада мүшелері) жеке қауіпсіздікті және рұқсат-жүктелімде көзделген шараларды сақтауды қамтамасыз етеді.
2-Параграф. Газ қауіпті орындарды жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
739. Газ қауіпті жұмыстарға оттегінің құрамы жетіспеген (көлемі бойынша кемінде 20 пайыз) жұмыстар, технологиялық жабдықты және коммуникацияларды, оның ішінде ыдыстардың ішінде тексеру, тазалау, жөндеу, бітемесін ажырату бойынша жұмыстар жатады, оларды жүргізу кезігде жұмыс аймағына жарылыс-өрт қауіпті немесе зиянды заттардың бөліну мүмкіндігі болады.
740. Ұйымда техникалық басшы бекітетін жұмыстардың тізбесі анықталады:
1) қауіптілігі жоғары жұмыстарды (технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың бітемесін ажырату кезіндегі, мұнай сүзгілегіштердегі, резервуарлардағы, қазандардағы, цистерналардағы жұмыстар) орындауға рұқсат-жүктелімді ресімдей отырып, жүргізіледі;
2) рұқсат-жүктелімді ресімдемей ағымдағы пайдалану тәртібімен жүргізіледі (мерзімді технологиялық жұмыстар – суды резервуарлардан сіңдіру, сынамаларды қолмен іріктеу және резервуардағы, цистернадағы мұнай өнімінің деңгейін өлшеу, кәрізге зиянды және өрт қауіпті заттарды төгу).
741. Ұйым оның техникалық басшысы жүзеге асыратын жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді.
742. Бақылаушы тұлға жұмыстар басталмас бұрын оларды жүргізу жоспары бойынша дайындық жұмыстарының орындалуын тексереді, барық қыметкерлерге қауіпсіздіктің қажетті шаралары туралы нұсқама береді. Бұл ретте әрбір қызметкер рұқсат-жүктелімге қол қояды.
743. Газ қауіпті жұмыстарды құрамында кемінде үш адамы бар бригада орындайды.
Бригада мүшелері тиістек жеке сақтандыру құралдарымен, арнайы аяқ киіммен, арнайы киіммен, құралдармен, құрылғылармен және қосалық материалдармен қамтамасыз етіледі.
744. Газ қауіпті жұмыстарға бұл жұмыстарды өрт күзетімен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
745. Газ қауіпті жұмыстар апаттық жағдайларды қоспағанда, күндізгі уақытта жүргізіледі.
446. Газ қауіпті жұмыстарды орындауға:
газ қауіпті жұмыстарды орындауға оқытудан өткен;
дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету және зардап шегушілерді құтқару бйоынша машықтары бар;
тыныс алу жолдарын қорғайтын жеке құралдарда жұмысқа дайындығы бар;
жұмыстарды жүргізу орындарындағы затардың ерекшеліктерін білетін тұлғалар тартылады.
747. Кәсіпорындардағы газ қауіпті жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау өндірістік бақылау туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
748. Әрбір газ қауіпті жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады:
объектінің жұмыстарды жүргізуге дайындау;
газ қауіпті жұмыстарды тікелей жүргізу;
аяқтау жұмыстары.
749. Газдалған орында жұмыстар басталардың алдында жауапты басшы газқағардың ақаусыздығын, құтқару белдігінің және арқанның беріктігін тексереді. Газқағардың немесе құтқару белдігінің ақаулары табылған жағдайда оларды қолдануға рұқсат етілмейді.
750. Құтқару белдігі түймеленеді, арқанның жыртық жері болмайды, ұзындығы кемінде 10 метр, қалыңдығы мен беріктігі жеткілікті болады.
750. Құдыққа немесе басқа да таз қауіпті орынға екі дублер болған кезде рұқсат етіледі, бір адам бақылап тұрып құдыққа екі адамның түсіуне рұқсат етілмейді.
752. Құдыққа түскен кезде ашық отты қолдануға рұқсат етілмейді.
Жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған кернеуі 12 Вольт аккумуляторлық қолшамдарды қолдануға рұқсат етіледі, оларды қосу және ажырату жарылыс қауіпті аймақтан тыс жүргізіледі.
753. Құдықтарда, резервуарлардың ішінде және басқа да газдалған орындарда жұмыс істегенде бақылаушы мерзімді түрде жұмыс істеушіден арқанды қозғалту жолымен немесе дауыстап оның өзін өзі қалай сезінетіндігі туралы сұрайды; жауап болмаған жағдайда бақылаушы жұмыс істеушіін сыртқа шығарады.
Ұсынылатын сигналдар мынадай:
екі рет жұлқу – бәрі дұрыс;
үш рет жұлқу – дереу шығу керек.
754. Рұқсат-жүктелім бойынша газ қауіпті жұмыстар ПШ-1, ПШ-2 маркалы шлангілі газқағарларда жүргізіледі. Бұл мақсатар үшін сүзгілегіш және оттегілік оқшаулағыш газқағарларды қолдануға рұқсат етілмейді.
Шлангілі газқағарлардың ауа жинау түтіктері жұмыс кезінде таза ауа аймағындағы желдің бағыты бойынша орналасады және сенімді жерге тұйықталады. Желдеткіштің көмегімен ауаның мәжбүрлі берілісі болмаған кезде шлангінің ұзындығы 10 метрден астам емес.
Шлангінің иілген және қысылған жері жоқ.
755. Газ қауіпті жұмыстарды орындау кезінде қосымша жеке сақтандыру құралдары – қолғаптар, биалайлар, алжапқыштар, теріні қорғайтын дерматологиялық құралдар қолданылады.
756. Газ қауіпті жұмыстарды орындау кезінде:
болат шегелері, тағалары бар аяқ киіммен жұмыс істеуге;
соққы кезінде ұшқын шығаратын құралмен жұмыс істеуге;
ақаулы немесе тескерілмеген газқағарларды, сақтандыру белдіктерін, арқандарды және баспалдақты пайдалануға рұқсат етілмейді.
757. Рұқсат-жүктелім бойынша газ қауіпті жұмыстар жұмысшылар сияқты жарақтанған бақылаушылардың қатысуымен жүргізіледі.
Газдалған бөлменің немесе резервуардың ішінде шлангілі газқағармен 15 минуттан астам емес болуға рұқсат етіледі, одан кейін кемінде 15 минут демалу қажет.
758. Сырқаты немесе өзін нашар сезінетіндігі туралы мәлімдеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
759. Қандай да болмасын ақаулар (шлангінің тесілуі, ауа үрлеудің тоқтауы, құтқару арқанының үзілуі) анықталған кезде, сондай-ақ, қызметкердің газқағар шлем-маскасын шешу әрекеті кезінде жұмыс тоқтатылады, ал қызметкер қауіпті аймақтан шығарылады.
760. Газ қауіпті жұмыстар, егер оларды жүргізу барысында өрт қауіптілігін немесе улану қауіптілігін туғызатын мұнай өнімдерінің буы пайда болған анықталса, тоқтатылады.
761. Жөндеу жұмыстарын (оның ішіде от) жүргізу кезінде ауаны талдау нәтижелері бойынша және жауапты тұлғалардың қолымен анықтамаларды ресімдей отырып, жұмыстарды жүргізу орындарында ауаны талдау жүргізіледі.
От және газ қауіпті жұмыстардың алдында ауа сынамаларын оларды булардың (газдардың) болуына сынау және талдау нәтижелерін ресімдеуді зертханалар жүргізеді.
762. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын бақылау технологиядық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
3-Параграф. От жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
763. От жұмыстарына ашық отты қолданумен, ұшқын түзілумен және материалдар мен конструкциялардың тұтануын туғызуға қабілетті температураларға дейін қыздырумен байланысты өндірістік операциялар жатады:
электрмен және газбен дәнекерлеу;
дәнекерлеу жұмыстары;
битумды қыздыру, бөлшектерді ашық жалынмен қыздыру бойынша жұмыстар;
ашық отты қолданумен болатын барлық өзге де жұмыстар.
764. От жұмыстарын жүргізуге өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден өткен және біліктілік куәлігі бар қызметкерлер жіберіледі.
765. От жұмыстарын жүргізу орындары тұрақты немесе уақытша.
Әрбір ұйымда бұйрықпен от жұмыстарын тұрақты жүргізу орындары анықталады.
766. Уақытша от жұмыстарын жүргізуге өрт күзеті өкілімен келісім бойынша рұқсат-жүктелім ресімделгеннен кейін рұқсат етіледі.
767. Объектіні дайындауды ұйымдастыру және от жұмыстарын жүргізу үшін, оның ішінде объектіде мердігерлік ұйымның жұмыстарды жүргізу кезінде жауапты бақылаушы тұлға тағайындалады.
Бақылаушы тұлға дайындық және от жұмыстарының жарылыс-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететен іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.
Өрттің (жарылыстың) пайда болуын болдырмайтын шараларсыз жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.
768. Резервуарлық парк аумағында от жұмыстары басталар алдында кәріз құдықтары қақпақтарының жабылу тығыздығы, осы қақпақтардағы құм қабатының боулы, фланецтік қосылыстардың саңылаусыздығы тексеріледі. Жұмыстар орны 20 метр радиуста жанатын материалдардан тазартылады.
769. От жұмыстарын жүргізу орындарына жақын жерде жанатын конструкциялар болған кезде, соңғылары жанудан металл және асбест экрандармен қорғалады.
770. От жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орындарында өрт сөндірудің қажетті бастапқы құралдары көзделеді, ал орындаушылар жеке сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
771. Резервуарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге дейін от жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардың жөндеуге дайындығы туралы акт жасалады.
Тұтану концентрациясының төменгі шегінен 20 пайыздан астам жарылыс қауіпті және өрт қауіпті заттар болған кезде жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.
772. Резервуарлардың, технологиялық құбырлардағы от жұмыстары олар өнімнен тазартылғаннан, бітемелер орнатылғаннан және бумен немесе инерттті газбен үрлегеннен және ауа ортасын бақылаудан кейін жүргізіледі.
773. Резервуарлардың ішіндегі және сыртындағы от жұмыстарына белгіленген нысандағы талдау нәтижелері бойынша және жөндеу жұмыстарын орындайтын тұлғаның қолымен анықтамаларды ресімдей отырып, жұмыстарды жүргізу орнында ауаны бақылау талдауын алғаннан кейін рұқсат етіледі.
774. От жұмыстарына жұмыстардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық дайындық іс-шаралары орындалғанан кейін рұқсат етіледі.
775. От жұмыстарын жүргізу кезінде май, бензин, керосин және басқа да жанғыш сұйықтықтар ізі бар арнайы киімді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Арнайы киімсіз, қорғаныш көзілдіріктерінсіз, арнайы қалқандарсыз дәнеерлеуді және газбен кесуді жүргізуге рұқсат етілмейді.
776. Орындаушылар жұмысқа барлық қауіпсіздік іс-шараларын орындауды жеке тексергеннен кейін рұқсат-жүктелімде көрсетілген және осы жұмыстарды жүргізуге жауапты басшының қатысуымен кіріседі от жұмыстарына.
777. От жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіледі. Апаттық жағдайларда техниклалық басшының рұқсатымен тәуліктің қараңғы уақыттарында от жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жұмыстарды жүргізу орны жарықтандырылады.
778. Мұнай өнімдері буларының от жұмыстарын жүргізу орнына ену мүмкіндігін болдырмау керек.
779. От жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орнындағы және қауіпті аймақтағы ауа ортасының жай-күйін тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
780. От жұмыстары, егер оларды орындау барысында жұмыс орнында мұнай өнімдері буларының пайда болуы анықталса немесе өрт және жарылыс қаупін туғызатын басқа да шарттарда тоқтатылады.
781. Электр кернеуіндегі, жанғыш немесе уытты заттар толтырылған, жанғыш емес сұйықтықтар, булар және газдар қысымындағы жабдықты және коммуникацияларды ашық отпен дәнекерлеуге, кесуге, пісіріп жапсыруға немесе қыздыруға рұқсат етілмейді.
782. От жұмыстарын жүргізу кезінде электр өткізгіштердің сығылған, сұйылтылған және ерітілген газы бар баллондарға тиюіне рұқсат етілмейді.
783. Резервуарлардың ішіндегі от жұмыстары люктер (соқпақтар) толық ашылған кезде жүргізіледі.
784. Резервуарлардың ішіндегі от жұмыстарын жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерімен біріктіруге рұқсат етілмейді.
785. Резервуарлардың ішіндегі жөндеу кезінде сыртынды қажет болған жағдайда жедел жәрдем көрсету үшін нұсқамадан өткен бақылаушылар болады. Мұндай жұмыстарды жүргізу орнында шлангілі газқағар толық дайындықта болады.
786. Тіреуішті баспылдақтардын дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге және жұмыс уақытында ақаулы құралды және жерге тұйықталмаған дәнекерлеу жабдығын пайдалануға рұқсат етілмейді.
787. От жұмыстары осы Қағидалардан ауытқулар анықталғанда, рұқсат-жүктелімде көзделген қауіпсіздік шаралары сақталмаған, қауіпті жағдай орын алған кезде тоқтатылады.
788. Уақытша от жұмыстарын жүргізу орындарын бақылау олар аяқталғаннан кейін 3 сағат ішінде жүзеге асырылады.
4-Параграф. Резервуарларды жөндеу және тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
789. Резервуарларды мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазарту резервуарларды мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазарту жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаатарын сақтай отырып, орындалады.
790. Тазарту жұмыстарын жүргізуге рұқсат-жүктелім ресімделеді, онда дайындық іс-шараларының тізбесі, тазарту операцияларының құрамы және жүйелілігі көрсетіледі.
791. Резервуарларды тазартуға басшылықта бақылаушы тұлға жүзеге асырады.
792. Тазартуға жататын резервуар тазарту құбыр-шлангісі бойынша мұнай өнімдерінің қалдықтарынан босатылады. Резервуарды мұнай өнімдерінің қалдықтарынан барынша толық босату үшін оның «суға» көтеру жүргізіледі, одан кейін суланған мұнай өнімі бөлу резервуарына жіберіледі, ал су тазарту құрылыстарына немесе жинау ыдысына шығарылады.
793. Резервуардан мұнай өнімінің «өлі» қалдығын айдау кезінде жарылыстан қорғалған орындаудағы электр қозғалтқыштан жетегі бар сорғылар пайдаланылады.
794. Тез жанатын сұйықтықтың «өлі» қалдығын айдауға (жарқыл температурасы 61 градус Цельсийге дейін) бітемеленіп жабылған төменгі люктерде рұқсат етіледі.
795. Жөндеуге арналған резервуар мұнай өнімінен босатылғаннан кейін диэлектрлік төсемдер орната отырып, барлық құбырлардан ажыратылады. Ажыратылған құюырларға металл бітемелер орнатылады.
Бітемелердің қалыңдығы ықтимал ең жоғары қысымға есептеумен, бірақ 3 миллиметрден кем емес анықталады.
Бітемелерді орнату және алып тастау ұйымның техникалық басшысы бекіткен нысан бойынша журналда тіркеледі. Бітемелерді орнату орындары техникалық басшы белгілеген нысан бойынша журналға қол қойып қызмет көрсетуші персоналдың назарына жеткізіледі.
796. Текше метрге 2 граммнан астам газ көлемінде булар концентрациясы кезінде табиғи желдену оларға дефлекторларды орната отырып, жоғарғы жарық люктері арқылы жүргізіледі.
Табиғи желдену (аэрация) үшін бірінші белдеу люк-жолақтарын ашуға мұнай өнімі буларының 2 г/м 3 аспайтын концентрациясы кезінде рұқсат етіледі.
Желдің жылдамдығы секундына 1 метрден аз болған кезде юктерді ашуды және резервуарды газсыздандыруды (мәжбүрлі және табиғи) рұқсат етілмейді.
797. Резервуарды дайындау мен жөндеу және от жұмыстарын жүргізу кезеңінде 40 метрден жақын арақашықтықта бір опырылымды оранадасқан көрші резервуарлардағы мұнай өнімдерін айдау бойынша технологиялық операциялар тоқтатылады.
798. Резервуардың ішінде жұмыстарды екі күндік мерзімде жүргізуге рұқсат етіледі.
799. Резервуарда жұмыс басталар алдында сынымаларды іріктеумен резервуардың газ кеңістігіндегі оттегінің және мұнай өнімдері буларының құрамы анықталады.
800. Мұнай өнімдерінің қалдықтарын жинау және жою үшін резервуарға қызметкерлерді жіберуге мынадай шарттар қамтамасыз етілгенде рұқсат етіледі:
мұнай өнімдері буларының құрамы ШРК мәнінен аспайды;
оттегінің құрамы кемінде 20 пайыз (көлемі бойынша);
резервуардағы ауа температурасы 35 градус Цельсийден аспайды;
резервуардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 пайыздан аспайды.
801. Қалдықты жою бойынша жұмыстар кезінде резервуар қарқынды желдетіледі және кемінде әр сағат сайын ондағы зиянды булар мен газдардың құрамы бақыланады.
Талдау нәтижелері техникалық басшы белгілеген нысан бойынша Талдауды есепке алу журналына жазылады.
Ауаның бақылау талдаулары жұмыстағы үзіліс бір сағаттан асқанда, резервуарға мұнай өнімдері буларының түсу белгілері анықталған немесе метеорологиялық жағдай өзгерген кезде жүргізіледі.
802. Зиянды булардың құрамы ШРК жоғары ұлғайған кезде тазалау бойынша жұмыстар тоқтатылады, ал қауіпті аймақтан шығарылады.
Тазалау зиянды булардың құрамының ұлғаю себептері анықталғанан және саниталық нормаларға дейін оларды төмендету бойынша шараларды қабылдадғаннан кейін жаңартылады.
Қызметкерлердің резервуарға кіруіне тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жауапты тұлға рұқсат береді.
803. Тазалау бойынша қызметкерлер арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен қорғалады.
Аяқ киімнің болат қапсырмалары мен шегелері болмайды.
804. Шөгінділерді жою үшін қолданылатын құрал (қалақ, қапсырма, шелек) болат затттарға және конструкцияларға соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған.
Резервуарларды тазалау үшін ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған щеткалар және ағаш күректер қолданылады.
Болат щеткаларды және қапсырмаларды резервуарларды тазалау үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
805. Газсызандырылмаған резервуарға керген жағдайла қызметкер арнайы киімді және арнайы аяқ киімді, айқыш тәрізді бауы және сигналды арқанымен сақтандыру белдігі бар шлангілі газқағарды киеді.
Резервуарға кіреберісте газқағарды дайындап осындай киімде, аяқ киімде екі бақылаушы болады.
806. Резервуардағы противогазбен үздіксіз жұмыстың ұзақтығы 15 минуттан аспайды; осы уақыт өткеннен кейін қызметкер таза ауада кемінде 15 минут демалады.
807. Резервуарды тазалау және жөндеу кезінде бақылаушы тұлға тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарды қолданудың алдында маскаларды, шлангілерді және олардың қосылыстарын тексереді. Маскаде немесе шлангіде жарық, қосылыстарда ақаулар табылған кезде оларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
808. Бір мезгілде резервуардың ішінде екі адам жұмыс істеген кезде ауа жинау шлангілері және құтқару арқандары диаметральдық қарама-қарсы люктерде болады. Бұл ретте резервуардың сыртында және ішінде шлангілерді өзара айқастыру және ию болмайды.
809. Қызметкердің улану белгілері пайда болған жағдайда бақылаушы тұлға жұмысты тоқтатады және зардап шегушіні алғашқы жәрдем көрсету үшін көшіреді, ал қажет болған кезде емдеу мекемесіне жібереді.
Тазалау бойынша одан әрі жұмысарды улану себептері жойылғаннан кейін жаңартуға рұқсат етіледі.
810. Резервуарды қолмен жуу және калий перманганаты ерітіндісін шашыратып зарарсыздандыру кезінде қызметкерлерді резервуарға жіберуге рұқсат етілмейді.
811. Резервуарды тазалау бойынша бригада профилактикалық газсыздандыру құралдарымен: хлорлы әкпен, керосинмен, ыстық сумен, сабынмен және дәрігерге дейінгі көмек дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі.
812. Тазалау жұмыстары ақяқталғаннан кейін бақылаушы тұлға орындалған тазалауға акт жасайды.
813. От жұмыстарын жүргізе отырып, резервуарды жөндеуге дайындау кезінде одан талдаужүргізу үшін сынама алынады.
814. От жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардың тазалауға дайындығы от жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардың тазалауға дайындығы туралы актімен ресімделелді.
815. От жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардағы жөндеу жұмыстары өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтай отырып, орындалады.
816. Ашық отты (дәнекерлеу, кесу) пайдаланумен байланысты пайдаланылатын резервуарлық парктердің аумағындағы құрылыс және монтаждау жұмыстары рұқсат-жүктелімс бойынша жүргізіледі.
817. Бақылаушы тұлға қауіпсіздік шараларының барысын, сақталуын бақылайды, жұмыс және демалыс режимін анықтайды.
818. Резервуардың ішіндегі жұмыстар кезінде ағынды-сорылымды желдетпе және жұмыс орнын жарықтандыру қамтамасыз етіледі. Ағынды-сорылымды желдетпе жұмыстар аймағындағы ауаның 15 – 20 мәртелік алмасуын қамтамасыз етеді.
Желдеткіш жарылыстан қорғалған орындауда қолданылады.
Көрсетілген ауа алмастырғыш жоқ болған кезде қызметкерлер шлангілі газқағармен жұмыс істейді.
Ұзындығы 10 метрден астам шлангіні қолданған кезде ауа берілісі мәжбүрлі шлангілі газқағар қолданылады.
Жарықтандыру үшін кернеуі 12 Вольттен аспайтын жарылыстан қорғалған орындаудағы тасымалды шамдар қолданылады.
819. Резервуардың ішіндегі барлық жұмыстарды шлангілі газқағарды, сигналды арқаны бар құтқару белдігін дайындап, люктің сыртындағы тұрған бақылаушының қатысуымен жүргізуге рұқсат етіледі.
Бақылаушы қолында құтқару арқанының ұшын ұстай отырып, оның ұшын мерзімді түрде қозғап отырады және дауыстап резервуардың ішіндегі қызметкердің өзін-өзі қалай сезініп отырғандығынан хабарлар болып тұрады.
Қажет болған жағдайда бақылаушы зардап шегушіні сыртқа шығарады.
820. Резервуардың шанағын және қақапағын жөндеу және бояу кезінде жерден 1 метр және одан астам биіктікте орналасқан жұмыс орындары қоршалады. Қоршаулар орнатуд мүмкін болмаған немесе орынсыз болған кезде қызметкерлер сақтандыру белдіктерімен жұмыс істейді.
Сақтандыру белдігінің карабинінен бекіту орнын жұмыстар басшысы алдын-ала көрсетеді және ашық түспен боялады.
821. Резервуарларды жөндеу кезінде табақ болатты және тежегіш құрылғылармен жабдықталған басқа да жүктерді қауіпсіз көтеру үшін механикалық құрылғылар қолданылады.
822. Дәнекерленген жаспарларда немесе шанақ негізгі металында жарықтар пайда болған кезде резервуар босатылады және жөндеуге қойылады. Дәнекерленген жаспардағы жарықты немесе тесікте соғуға, мұнай өнімдері толтырылған резервуарлардағы жарықтарды пісіруге рұқсат етілмейді.
823. Оны тексеру және жөндеу үшін пенополиуретаннан жасалған қалқыма бойымен қозғалуға ені кемінде 650 миллиметр және ұзындығы кемінді 2 метр басқыштар бойынша рұқсат етіледі. Басқыштар металл бекіткіштерсіз қалыңдығы кемінде 50 миллиметр тақталардан жасалады.
Олар жүзу жағдайында болғанда қалқыма бойымен қозғалуға рұқсат етілмейді.
5-Параграф. Ағызу-құю құрылғыларын жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
824. Технологиялық жабдықтың бітемесін ажыратумен және өрт қауіпті, жарылыс қауіпті және зиянды заттардың бөліну мүмкіндігімен байланысты ағызу-құю теміжол эстакадаларын, ағызу-құю жабдығын жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат-жүктелім ресімделеді.
Жөндеу кезінде от жұмыстарын жүргеізуге рұқсат-жүктелімде көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін рұқсат етіледі.
825. Ағызу-құю құрылыстарында от жұмыстары басталғанға дейін:
эстакададан теміжол цистерналары алып кетіледі;
ағызу-құю құрылыстарының алаңдары, құю науалары және кәріз астаулары мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазартылады;
ағызу-құю құрылғыларын және құбырлар ажыратылады және мұнай өнімдерінен босатылады
от жұмыстарын жүргізу орнынан 20 метр жақын арақашықтықта орналасқан бақылау құдықтары, кәріздің гидравликалық қақпақтары және нөлдік резервуарлер қақпақтармен тығыз жабылады және құм қабатымен көміледі;
мұнай өнімдері сіңіп қалған тасымал науалары және резеңке шлангілер жұмыстарды жүргізу аумағынан кемінде 20 метр арақашықтыққа шығарылады;
тазалау үшін жету қиын орындар көбікпен толтырылады және жанбайтын материалдармен оқшауланады.
826.От жұмыстарын қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын ағызу-құю операцияларын орындау орыннан кемінде 100 метр арақашықтықта жүргізуге рұқсат етіледі.
827. Технологиядық жабдықты және цистерналарды жөндеу жұмыстарын эстакада аумағында жүргізуге рұқсат етілмейді.
828. Ысырмалар мен құдықтардың камераларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде олар желдетіледі. Олардың құрамындағы мұнай өнімдері өнеркәсіптік кәрізге ағызылады, едендер сумен шайылады.
Жөндеу (от) жұмыстары тиісті (жөндеу немесе отты қолдана отырып) жүргізу үшін қауіпсіз мұнай өнімдері булаарының құрамын талдау және растау үшін ауа сынамасын іріктеуден кейін жүргізіледі.
6-Параграф. Бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматиканы жөндеу
829. Бақылау-өлшеу аспаптарын (бұдан әрі - БӨА) және автоматика құралдарын жөндеу осы аспаптарға және құралдарға арналған нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
830. БӨА және автоматика құралдарын жөндеу және тексеруді аттесттаудан өткен ұйымдар жүргізеді.
831. Бақылау және автоматика аспаптарына арналған бөлмелердің бөлмеге жарылыс қауіпті булар мен газдардың кіріп кетуінің алдын алуға арналған желдету жүйелелрінен ауа ағыны болады.
Бақылау және автоматика аспаптарына берілетін ауа құрғатылады.
832. Сынап аспаптарын жөндеу үшін оқшауланған бөлме көзделеді.
833. Оларды аралас жаралыстан қорғалған бөлмелерден оқшаулайтын БӨА және автоматика құралдары бөлмелерінің қабырғаларынан газ өтпейді.
834. БӨА бөлмелеріне жабдықты және мұнай өнімдеріне арналған технологиялық құбырларды және олардың буларын осы бөлмелере орналастырылатын аспаптармен және аппаратурамен біріктіретін импульстік желілерді орнатуға рұқсат етілмейді.
835. БӨА бөлмелеріне салынған ендірмелер (шығарулар) қабырға арқала бітемеленеді. БӨА бөлмелеріне өткізгіштері бар манометрлердің, дифманометрлердің және қорғау құбырларының импульстік түтіктерінің ендірмелерін (шығаруларын) орнату кезінде аралас жарылыстан қорғалған бөлмелерден жанбайтын қабырғаларға оларды БӨА бөлмелері жағынан импульстік қорғау құбырларына саңылсаусыз қосу үшін оларға ерітіп жапысырылған құбыр кесінділері бар металл тақташалар салынады.
836. БӨА және автоматика аспаптарын монтаждау, бөлшектеу және жөндеу бойынша жұмыстар оларды технологиялық импульстік желілерден ажыратудан және кернеуді ағытқаннан кейін жүргізіледі.
837. БӨА және автоматика аспаптары тікелей өрт қауіпті бөлмелерде жөнделеді, дәнекерлеуді, ерітіп жапсыруды және отты пег жоғары температураларды қолданумен байланысты басқа да жұмыстарсыз «суық» әдіспен жөндеуге рұқсат етіледі.
838. Жарылыс қауіпті аймақтарда БӨА және автоматиканы жөндеу кезінде қолданылатын кабельдердің жанғыш материалдардан (джут, битум, мақта-қағаз тоқымасы) жасалған сыртқы жабындары болмайды.
839. Жарылыс қауіпті аймақтарда төселетін 1 киловольттан жоғары кернеуге арналған кабельдердің ұзындығы барынша шектеледі.
840. Жарылыс қауіпті аймақтарда жөндеу жұмыстары кезінде біріктіру және тармақтау кабельдік муфталарын орнатуға рұқсат етілмейді.
Жарылыс қауіпті аймақтарда кабельдерді төсеу кезінде кабельдік арналарды орнатуға рұқсат етілмейді.
841. БӨА және автоматика аспаптары бөлмелеріндегі жануды өшіру үшін көміртқышқыл және/немесе ұнтақты өрт сөндіргіштер көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |