Утверждена решением



жүктеу 2,91 Mb.
бет6/9
Дата25.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#17780
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жұмыссыздар арасында, аурудың дәрілік тұрақтылығына үлестік салмағының артуы байқалады.

2015 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез тіркелмеген.

Ауруды уақытында анықтау үшін мекемелер жоғары қабілетті бинокулярлық микроскоппен қамтамасыз етілген.

Туберкулез жөніндегі бағдарламаны жүргізу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру үшін енізілген шараларға қарамастан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері өзекті болып қалып отыр (тұрғын үй бөлу, жол жүруін өтеу, туберкулезбен ауырғандарға, оның ішінде балаларды тамақтандыруға қаражат бөлу).

Қатерлі ісік ауруының жаңадан пайда болу көрсеткіші 2013 жылы 276,1-ден, 2015 жылы 221,7-ге немесе 19,7%-ға дейін төмендегені байқалады, облыстық көрсеткіштен 35-9%-ға (ШҚО бойынша 2015 жылға – 301,4) төмендеді.

Қатерлі ісік ауруынан өлім көрсеткіші 2013 жылы 103,6-дан, 2015 жылы 65,7-ге немесе 36,6%-ға дейін төмендегені байқалады, облыстық көрсеткіштен 2,1 есеге (ШҚО бойынша 2015 жылға – 136,4) төмендеді.


Сурет 8 – ШҚО және Курчатов қаласы бойынша қатерлі ісік ауруының жаңадан пайда болуы және өлім (100 мың тұрғынға шаққанда)


Амбулаторлық деңгейде диагностиканың жаңа тәсілдерін енгізумен ауруларды ерте сатыда анықтауға бағытталған халықты алдын ала тексерулер жүргізіледі.

Халықтың ауруларының арасында әлеуметтік - маңызы бар аурулармен қатар қан айналым жүйесі аурулары барынша маңызды болып отыр. Жалпы өлім құрылымының 10,3%-ын қан айналым жүйесі аурулары (ҚАЖА) құрайды, 2013 жылы 957,9-ға, 2015 жылы 960,6-ға дейін өсті, бұл облыстық көрсеткіштен 2,8 есе (ШҚО бойынша 2015 жылға – 2767,3) төмен.

Қалада қан айналым жүйесі аурулары өлімін төмендету мақсатында кардиокабинет, дәрігер кардиолог жұмыс істейді. Кардиологиялық науқастарға кеңестік-диагностикалық көмек жақсарды. Осының арқасында науқастар жүрек ишемиясы ауруын - ұштастыру мен стенттеу- коронароангиография мен хирургиялық емдеуге, облыстық кардиохирургиялық бөлімшелер мен республикалық кардиохирургиялық орталықтарға жіберіледі.

Жіті коронарлық синдроммен ауыратындарға тромболиткалық терапия енгізілген.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда саланың профилактикалық бағытталуы күшейтілген, халықтың жеке категорияларын алдын ала тексерулермен қамту артуда, азаматтардың және бірінші кезекте балалардың дене шынықтыру белсенділігін жоғарлату жөніндегі шаралар жүргізіледі.

Қала халқын төсек-орынмен қамтамасыз ету 2013 жылы 41,3-ті құрады. 2015 жылы төсек-орынмен қамтамасыз ету 37,5-ке дейін төмендеді.

Стационарда стационар ауыстыратын көмекте төсек саны 2015 жылы 30 төсекті құрады.

Халықтың медициналық көмек қызметін сұрауы 2015 жылы 9056 жағдайға дейін төмендеді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлем шығындары 2015 жылы 2013 жылғымен салыстырғанда 8,5%-ға артты.

Қаланың денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету күрделі мәселе болып қалып отыр. 2015 жылы дәрігер саны - 32, орта медицина қызметкерлерінің саны - 87 адам. Халықты дәрігер мамандармен қамтамасыз ету деңгейі 10 000 мың тұрғынға шаққанда 26,9-ды құрайды. Медицина ұйымын дәрігерлермен жинақтау 2015 жылы - 100% құрады. Дәрігерлердің санаттылығы 2013 жылы 34,3% -ды, 2015 жылы 68,7%-ға артты. ОМҚ (орта медицина қызметкерлердің) санаттылығы 2013 жылы 56,6%-дан 2015 жылы 59,7%-ға артты.



Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамытуды, скринигтік бағдарламаны енгізуді, онкологиялық қызмет және балалық шақ пен босану ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етті.

SWOT- саланың даму жағдайына талдау:




Күшті жақтары(S):

1.Демографиялық жағдай көрсеткіштері, туудың өсуі, өлімнің төмендеуі, табиғи өсімнің артуы;

2.Халыққа тегін медициналық көмектің

кепілдік көлемі аясында медициналық көмектің сапасын жақсарту және қолжетімділігі;



Әлсіз жақтары (W):

1.Ұсынылатын медициналық қызметтер санының жеткіліксіздігі.

2.Медициналық мекеменің медициналық құралдармен жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі;


Мүмкіншіліктері (O):

1. Әлеуметтік маңызды ауруларды қоса алғанда тұрғындардың ауруларының төмендеуі.



Қауіптер (T):

1.Қалада халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін экологиялық жағдаят.

2.Саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құралдардың тозуымен қатар медициналық мекеме ғимаратының тозуына да әкеліп соғады, бұның өзі ауруларды уақытында диагностикалауды төмендетумен бірге халыққа медициналық көмек көрсету сапасының төмендеуіне әсер етеді.


Негізгі мәселелер:

  1. Жобалау - сметалық құжаттама жасалғанына қарамастан, қалалық

аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге ақшалай қаражат бөлу туралы мәселе ашық қалып отыр.

  1. Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы;

  2. Халықтың өз денсаулығына жауаптылығына жеткіліксіздігі;

4. Емдеу - алдын алу ұйымының материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі.
Еңбек және халықты жұмыспен қамту

Халықтың экономикалық белсенді (ХЭБ) саны 2015 жылы 7 261 адамды құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 23 адамға артты (Курчатов қаласында – 12087 адам, халықтың жалпы санынан 60,0%). 2015 жылы халықтың жұмыспен қамтылған саны 6 915 адамды құрады.

2013-2015 жылдары өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 298-ден 322-ге немесе 8,1% дейін ұлғайды.

2015 жылы жұмыссыздар деңгейі 4,8%, 2013 жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға ұлғайған.

2015 жылы тіркелген жұмыссыздар саны 45 адамды құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 3 адамға азайған.

Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық жағдай анағұрлым тұрақты болып қалуда: шағын бизнес шеңберіндегі кәсіпорындардың саны артуда; бос лауазымдар мен бос жұмыс орындар саны артуда; білікті еңбекке сұраныстар мен ұсыныстар артуда.

Мемлекеттің тиімді ойластырылған саясатына байланысты облыста жұмыспен қамту жүйесінің оң өзгерістері байқалуда. Алайда, шешілмеген мәселелер де сақталуда. Ең бірінші еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңгерімсіздігі, әсіресе жастар санатында, мүгедектер, сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемегендер және зейнетке дейінгі жастағылар.

2015 жылы жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінгендер саны 519 адамды құрайды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 19 адамға артық (2013 жылы – 500). Оның ішінде 332 адам жұмысқа орналастырылды (64,0%), 2013 жылы – 405 (81,0%).

2015 жылы экономиканың түрлі салаларында 385 жұмыс орны құрылды, 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,8% азайды (2013 жылы – 400 орын).

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» жүзеге асыру шеңберінде соңғы үш жылда жұмыссыздар, өзін-өзі қамтығандар және аз қамтылғандар санынан жұмыспен қамту орталығы арқылы 273 адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның басынан бастап 75 адамнан астам қажетті мамандықтар бойынша оқумен қамтылды. Оқуын аяқтағандар санынан 54 адам немесе 72,0% тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы барлар саны 177 адам сол деңгейде қалды.

2015 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысы кедейлік шегінен төмен 11 азаматқа тағайындалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 23,4% аз. АӘК алушылардың құрамында ең көп үлес балалар болуы жалғасуда – 63,6% (2015 жылы 11 адамның ішінде 7 балалар және 2013 жылы 47 адамның ішінде 30 балалар).

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы - 98 балаға тағайындалды, 2013 жылмен салыстырғанда 53,1% артты.

2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғын үй көмегін алушылар 1,6 есеге азайды және 40 отбасын құрады. 2013 жылы қарашада жылу, су және кәріз суларына тарифтің артуына және 2015 жылы орташа отбасына 2396 теңгені (2013 жылы – 1482 теңгені) құрауына байланысты 2015 жылы тұрғын үй көмегінің орташа көлемі 61,9% ұлғайды.

Курчатов қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жұмыспен қамту бөлімінен 5 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды, олар 34 жалғыз басты қарт адамдар, мүгедектер және мүгедек-балаларға үйде қызмет көрсетеді.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлесі (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы саны) 2013 жылы 71%-дан 2015 жылы 73%-ға артты.


SWOT – саланың даму жағдайының анализі:

Мықты жақтары (S):

  1. Қоғамдық жұмыстарды кеңейтуге, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, жастар іс-тәжірибесіне, оқуға бағытталған облыс халқын жұмыспен қамтуға көмектесуге кешенді жоспар жасалды;

  2. Аралап тексеру мәліметтерінің электронды қоры жасалды;

  3. Еңбек нарығында кәсіби мамандары артық республика облыстарынан қоныс аудару электронды картасы жасалды;

  4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке (МАӘК) жүгінгендердің саны 2 жылда 31,0% төмендеді;

  5. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлесі 42,4%-дан 29,05-ға дейін төмендеуі;

  6. «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру;

  7. Қоғамда мүгедектерді интеграциялау бойынша іс-шараны жүзеге асыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Еңбек нарығында жұмыс күшінің сұарынысы мен ұсынысының теңгерімсіздігі;

  2. Кадрда экономика қажеттілігін анықтайтын механизмнің болмауы;

  3. Арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаждарға қызмет көрсетуді жартылай стационарлыға ауыстыру қажеттілігі;

  4. МАӘК алуға үміткер тұлғалардың жиынтық табысын есептеудің кемелсіз әдістемесі.




Мүмкіндіктері (О):

1. Жұмыспен қамтудың белсенді нысанын қолдану, сонымен қатар, халықтың бөлігін кедейлік «пулынан» шығару бойынша аймақтық бағдарлама жасалған;

2.Жұмыс берушілермен ұсынылған талаптарға сәйкес, жұмыссыз халықты кәсіпкерлік дайындау және қайта дайындау бағдарламасын жетілдіру;

3.Аймақта дайындығы жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша шет ел жұмыс күшін тарту;

4.Халықты жұмыспен қамтуға көмектесетін мемлекеттік белсенді бағдарлама спектрін кеңейту;

5.Ауылдық жерлердегі халықтың басымдығы үшін жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамашылдығын дамытуға көмектесу;

6.Республика аймақтарындағы еңбек нарығы артық жерлерден қоныс аудару есебінен кәсіби мамандармен қамтамасыз ету.


Қатерлері (Т):

  1. Жұмыс орындарын қысқарту және өндіріс көлемінің төмендеу салдарынан жұмыссыздардың артуы;

  2. Еңбекке жарамды жастағы халықтың көші-қоннан шығуының көбеюі;

  3. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінен 60% -ға дейін кедейлік шегі көлемінің артуы АӘК алушылардың саны өсуіне әкеледі.

  4. Коммуналдық қызмет тарифінің өсуі тұрғын үй көмегін алушылардың артуына әкеледі.



Жұмыспен қамту саласындағы негізгі мәселелі сұрақтар:



  1. Жұмысқа қабілетті халықтың қартаюы және еңбекке қабілетті жастағы халықтың көші-қоннан шығуы;

  2. Тұрақты жұмыс орнының болмауы;

  3. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі жоғары;

  4. Көлеңкелі жұмыспен қамтудың болуы;

  5. Еңбек нарығындағы қажетті кәсіби дайындықтың сәйкес келмеуі;

  6. Ұзақ жұмыс істемеген жұмыссыздардың мәселесі;

  7. Әкімшілік-аймақтық бірліктің бөлігінде еңбек ресурстарын реттеу және құрамы бойынша статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігі;

Әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі мәселелер:

  1. Қала халқының қартаю қарқыны жоғары;

  2. Қарт жастағы және мүгедек азаматтардың өмірінің деңгейі төмен;

  3. АӘК және МБЖ алушылардың жұмыспен қамтуға көмектесуге белсенді іс-шараларға қатысуға ниетсіз;

  4. Мүгедектер мен басқа санаттағы азаматтарды оңалту қажеттілігінің артуы (психоневрологиялық МӘМ кезек көп);

  5. Әлеуметтік саладағы жұмысшылардың еңбек ақы деңгейі төмен.

Мәдениет


Мәдениет саласы аймақтың әлеуметтік жаңғыруына және экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етеді, білім алу және оқыту саласында тұрғындардың жеке жетістіктерінің өсуіне және жергілікті қоғамды қалыптасуына мүмкіндік береді.

2016 жылдың 1 қаңтарына қалада 3 мәдениет нысандары жұмыс атқарады: қалалық кітапхана, қалалық мәдениет үйі мен достық үйі. Қалада 14 әртүрлі шығармашылық және 1 «Үлгілі» атағы бар хореографиялық ұжым бар.

Достық үйінде 3 этномәдени бірлестіктер құрылған: қазақ «Атамұра», орыс «Русана» және украин «Свиточ».

Қаланың аумағында 2 тарихи және мәдени ескерткіш тіркелген. Қалалық мәдениет үйіне бағынысты «Берег» демалыс базасына жұмыс атқарады.

2013 жылы жалпы кітап қоры 32 104 мың, 2015 жылы – 33 809 мың кітапты құрады, 2013 жылды салыстырғанда 5,3 пайыз жоғары, оның ішінде 2015 жылы 7 430 дана кітап мемлекеттік тілде, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 21 пайыз жоғары (2013 жылы 6 143 дана).

Оқырмандар саны 2013 жылы 1935, 2015 жылы 2360 немесе 22 пайыз болып, 425 адамға өсті.

Кітапхана қала тұрғындарына қазақ және орыс тілдеріндегі газет және журналдың көптеген түрлерін ұсынады.

Кітапхана барлық тұрғындарға қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарға үйде қызмет көрсетеді. Техникалық және анықтамалық әдебиеттердің, кезекті баспалар ұсынылатын оқу залы бар.

Қалалық кітапхана ирбис жүйесі енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жүйе өзінің мәліметтер базасын құруға жағдай жасап, ақпараттық массив бойынша толық мәтіндік іздеуді ұйымдастыруға және локальді жүйе мен жариялау, интернет арқылы материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, бұл келушілер мен оқырмандардың санын ұлғайтуға жағдай жасады.

2013 жылы 197, 2015 жылы 303 мәдени – көпшілік іс-шаралар өткізілді (концерттер, фестивальдар, конкурстар, форумдар, акциялар, шығармашылық кештер), сондай-ақ кітапхана 2015 жылы 85 іс-шара өткізді, бұл 2013 жылмен салытстырғанда 18,1 пайыз жоғары, 72 іс-шара.

Мәдениет мекемелері мүмкіндігі шектеулі адамдарға пандустармен жабдықталған.

SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:




Күшті жақтары (S):

  1. Клуб мекемелеріне

тұрғындардың келу деңгейі 1,4 есе өсті.

2. 2013 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілдегі кітап қоры 1,5 есеге өсті.

3. Мәдениет саласы көрсететін қызмет сапасының жақсаруы.

4. Клуб мекемелері өткізетін мәдени-көпшілік іс-шаралардың көбеюі және іс-шараларға келушілердің артуы.



Әлсіз жақтары (W):

1.Материалдық-техникалық базаны жақсартуға, сонымен қатар музыкалық аппаратураны сатып алуға қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі.





Мүмкіндіктері (О):

  1. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін қызмет көрсету мәдени қызметтің қол жетімділігін арттырады.

  2. Көшпелі іс-шаралар есебінен тұрғындарға қызмет көрсету аясының кеңеюі.

  3. Жас таланттарды анықтау мақсатында байқаулар өткізу.

Қауіп-қатер (Т):

  1. Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарының (орталықтардың) жоқтығы.

  2. Мәдени орта инфрақұрылымының жеткіліксіз сатыда дамуы, арнайы мамандар мен ұйымдардың жетіспеушілігі.

Негізгі мәселелер:

1. Мәдениет мекемелерінің жеткіліксіз деңгейде комьютерлермен қамтамасыз етілуі;

2. Жеткіліксіз деңгейдегі материалдық-техникалық жабдықтау: заманауи LED-экран құрылғысының, музыкалық аппаратураның жетіспеушілігі мәдени қызметтің сапасына кері әсер тигізеді.


Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған салауатты өмір салтын қалыптастыру, ден шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық үшін жағдай жасау, барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың қамтамасыз ету, халықтын қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Курчатов қаласында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде келесі спорт түрлері бойынша жұмыс істейді: гір спорты мен қол күресі, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шағын-футбол, волейбол, дзю-до, таэквандо.

Қазіргі таңда 28 спорт зал жұмыс істейді: БЖСМ жанындағы 1 спорт кешені, 11 спорттық зал (соның ішінде БЖСМ 4 залы), 3 алаң, 3 спорт алаңы, 5 хоккей корты, 3 тренажерлық зал және 3 көпсалалы корт.

Статистикалық деректерді талдау көрсеткендей, 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру және спортпен айналысатын адам саны ұлғаюда 44,5% 1115 адамнан 2505 адамға дейін.

13 кесте.



2013-2015 жылдардағы спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы



Көрсеткіштерінің атауы

Бірлік өлшеу

2013

2014

2015

1

Спорттық құрылыстар

Бірлік

29

26

26

2

Дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар, оның ішінде дене шынықтыру білімі бар мамандар

адам

18

26

21

3

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындарды қамтуды ұлғайту, %

%

21,7%

27

29,6%

4

дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың саны

адам

2505

3150

3620

5

Дене шынықтыру – спорттық бірлестігінің(ведомстволық дене шынықтыру - спорттық қоғамдары,спорт клубтары,спорттық ұжымдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың дене шынықтыру)

%

44

46

47

6

Дене шынықтыру мен спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту,

%

31,6

31,6

37,8

7

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны

адам

380

380

530

Шаңғы жарыстарды бойынша жарыстар тұрақты негізде ұйымдастырылады. Балалар-жасөспірімдер клубы "Скала" қысқы кезеңде Ертіс өзені арқылы шаңғымен клуб мүшелері және олардың ата-аналарына арналған жорықтар ұйымдастырады. 2015 жылы клуб мүшелерімен 12 көпкүндік жорықтар өткізілді.

Спортты жаппай дамыту мақсатында қалада, қала әкімінің жүлдесіне арналған турнирлер, спартакиадалар, чемпионаттарды өткізу дәстүрге айналды.

Қала спортшылары қазақша күрес, армрестлинг және гір спорты бойынша облыстық жарыстарға қатысады. Мәселен, 2014 жылы спортшылар халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда 21спортшы марапатталып: 9 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

SWOT - талдау жағдайы, саланың дамуы:




Күшті жақтары (S):

1. Спорттық объектілер мен құрылыстар желісінің тұрақты өсу динамикасы;

2. Спорттық ғимараттар, тұрғындар үшін қолжетімді болуы.


Әлсіз жақтары (W):

1. Материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі;

2. Саланың төмен кадрлық қамтамасыз етілуі;

3. Көпшілік спорттың төмен дамуы;

4. Көптеген жұмыс істейтін спорт ғимараттары оқу үрдісін және жарыстарды өткізу ережесіне, жетілдірілген нормативтермен және техникалық пайдалану бойынша талаптарға сәйкескелмейді.


Мүмкіндіктер (O):

1.ҚазақстанРеспубликасының 2025 жылға дейін жеделдетілген дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру;

2. Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

3. Жетілдіру бағдарламасы бойынша

спорт кадрларын дайындау.


Қауіп-Қатер (T):

1. Жоғары білікті мамандардың кетуі;

2. Спорттың кейбір түрлерінің нашар дамуы (Жабық спорт ғимараттарының болмауынан).


Негізгі проблемалар:

1.Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі;

2. Дене шынықтыру мен спортты жеткіліксіз дамыту;

3. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

4. Бұқаралық спорттың әлсіз дамуы;



5. Спорт түрлері бойынша спорттық секциялар мен клубтар қол жетімді.
Тілдерді дамыту

Даму бағдарламасы мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейтуге және нығайтуға, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтауға, этникалық топтардың тілдерін дамытуға, сондай-ақ, өңірде іс жүргізудің толық мемлекеттік тілге көшуіне жағдай жасауға және басқа ұлт тілдерінің дамуына ықпал етуге бағытталған.

Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша 2013 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар – 56 пайыз, 2014 жылы-58 пайыз, 2015 жылы -60 пайызға өсті.

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа санаттағы азаматтарға мемлекеттік тілді оқыту мақсатында тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.

2013-2015 жылдарда орталықта ағылшын тілін – 212 адам, орыс тілін – 26 адам, мемлекеттік тілді – 388 адам оқыды.

2013-2015 жэылдары қала мектептерінде және мекемелерінде 1424 адамды қамтыған 16 үйірме қызмет атқарды, 2013 жылмен салыстырғанда 8 есеге өсті 675 адамды құрады (2013 жылы – 78 адам).

Тілдерді оқыту орталығында достық үйінің ұйымдастыруымен ана тілдерін оқу бойынша тегін курстар ұйымдастырылып, өткізілді (неміс және украин тілдері).

Білім беру саласында қазақ тілінің рөлі біртіндеп артып келеді. Мемлекеттік тілмен қатар қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталуда және дамуда. Тұрғылықты ұлт жастарының арасында жыл сайын орыс тілін білгірлерінің «Жеті жұрттың тілін біл...», «Ой-сана» байқаулары өткізіледі.

Мемлекеттік тілді меңгермеген азаматтар үшін арнайы «Тілашар» курстары ұйымдастырылады. Өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл-парасат», «Абай оқулары», «Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметте», «Тіл – халық жанын танудың кілті» қазақ тілін білгірлерінің байқаулары өткізіледі.

Сонымен қатар ағылшын тілін үйрену үшін жағдайлар жасалуда. Тіл айлықтары мен апталықтары жүйелі өткізіліп тұрады, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында қазақ, орыс үйірмелерімен қатар ағылшын үйірмелері жұмыс істейді. «Тіл шебері», «Тілдарын», «Тіл мерейі», «Тіл –тұнық ойдың кәусары» сайыстары өткізіледі. Жастар арасында аталған байқауларға қатысушылар саны өсуде.

Мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін көтеру мақсатында бөлім ай сайын мониторинг жасап, талдап отырады. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша кіріс және шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2014 жылы – 92,0% құрады, 2013 жылы-98 пайыз , 2015 жылы жалпы құжат айналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі 93,0 пайызды құрады.

Жергілікті баспаларда мемлекеттік тіл саясатына қатысты жарияланған материалдар саны: 2013 жылы – 30, 2014 жылы – 32, 2015 жылы – 33 мақала
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:



Күшті жақтары (S):

  1. Қала азаматтарының мемлекеттік тілді

меңгеруі үшін қажетті жағдай жасалған, тілдерді оқыту орталығы ашылды;

  1. Мемлекеттік тілді оқытудың біртұтас

жүйесі ұйымдастырылған;

  1. Мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде

жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде;

  1. Мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі

белсенді түрде іске асырылуда;

  1. Қалада тұратын ұлыстардың тілдерін

үйрену үшін мемлекеттік қолдау арқылы тиімді жүйесі құрылуда.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Мемлекеттік тілді білетін мамандардың жетіспеушілігі;

  2. Тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтылуы.



Мүмкіндіктері (О):

  1. Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;

  2. Көптілділік орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

  3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту;

  4. Үш тілді меңгерген тұрғындар үлесін көтеру.

Қауіп-қатер (Т):

  1. Мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар екендігі;

  2. Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.





Негізгі мәселелер:


  1. Қалада тұратын этностардың ана тілін үйренуі бойынша әдістемелік көмектің жоқтығы;

  2. Қаладағы мемлекеттік тілдің жеткіліксіз коммуникативтік қызметі (электронды және баспа БАҚ-да мемлекеттік тілдегі хабар таратудың көлемі);


  3. жүктеу 2,91 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау