1-мысал. Салмағы 1.02 кГ жүк жатқан горизонталь платформа 4 м/с2 үдеумен вертикаль төмен қозғалады (3.3-сурет). Олар бірге қозғалғанда жүктің платформаға түсіретін қысым күшін табу керек.
Шешуі. Жүкке бір ғана актив күші түсірілген – оның салмағы . Байланыстардан босату аксиомасын пайдаланып, ойша платформаны алып тастаймыз да, оның әсерін вертикаль жоғары бағытталған реакция күшімен ауыстырамыз.
3.3-сурет
x–өсін вертикаль төмен қозғалыс бағытымен бағыттаймыз (3.3-сурет). Жүктің негізгі теңдеуі мына түрде жазылады:
ma = P – N,
осы теңдеуден:
N = P – ma = 1.02 × 9,8 – 1.02 × 4 = 5.92 Н.
Яғни жүктің платформаға түсіретін қысым күші де 5.92 Н-ға тең болады.
2-мысал. Массасы 2кг материалық нүктенің қозғалысы мына теңдеулермен анықталады:
, .
Нүктеге әсер етуші күштің проекцияларының нүкте координаттарына тәуелділігін анықтау керек..
Достарыңызбен бөлісу: |