2.2.3. Айналмалы қозғалыстағы дене нүктелерінің жылдамдықтары және үдеулері
Қозғалмайтын өсті айналатын қатты дене нүктелерінің қозғалысын қарастырайық. Мұнадай дененің барлық нүктелерінің қозғалыс кезіндегі траекториялары, жазықтықтары айналу өсіне перпендикуляр, ал центрлері айналу өсінде жататын, концентрлі шеңберлер болады. Дененің айналу өсінен h қашықтықта жатқан кез келген бір нүктесі М-ді алайық. Бұл нүктенің жылдамдығының шамасы:
, (2.76)
ф ормуласымен есептелінеді, ал векторы, радиусы h, центрі О нүктесінде жататын шеңберге жанамамен, айналыс болатын жаққа қарай бағытталады (2.16-сурет).
(2.76)- шы формула нүкте М-нің жылдамдығын геометриялық әдіспен табуға мүмкіндік береді. Ал жылдамдықты векторлық тәсілді қолданып табуға да болады. Ол үшін берілген нүкте М-нің Oxyz өстер жүйесіндегі = радиус-векторын алайық. Осы және векторының векторлық қөбейтіндісін құрайық: х (2.16 сурет).
Бұл көбейтіндінің модулі
Достарыңызбен бөлісу: |