Мемлекеттік қызметшінің әдебі
және мінез-құлық нормалары
20
Басқа жағдай басшылық қызмет атқармайтын
мемлекеттік қызметшінің мерейтойын мерекелеу
кезінде орын алды. Мерейтойға 300 адам
шақырылған, бұл оның адалдығына күмән
тудырды. Мерейтойды ағалары ұйымдастырғаны
туралы ның ақталғанына қарамастан, көпшілік
алдында ол ақталмады.
Мемлекеттік қызметшілер қоғамның тұрақты
назарында және қызметтен тыс уақытта да
қарапайымдылық танытуға тиіс екенін есте
сақтаған жөн.
Мойынға артылған ауыр жүк болып табылатын
салтанатты іс-шараларды өткізуге несиелер мен
өзге де қарыздарды ресімдеуге кеңес
берілмейді.
Мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттері
қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін
нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-
қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға
және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-
құлық жағдайларының алдын алуға бағытталуы
тиіс.
Қарапайым өмірден мысал, Облыстық білім
басқармасының басшысы Қазақстанның бір
өңірінде қызына арналған «Қыз ұзату» қымбат
той салтанатын ұйымдастырып, қоғамдық
резонанс тудырған. Тұрғындар бірауыздан
«кішкентай жалақы алатын мемлекеттік
қызметшінің осындай керемет той өткізуге
ақшасы қайдан бар?» деген сұрақ қойды.
Сондай-ақ БАҚ да осы жағдайды белсенді
талқылауға қосылып, және мемлекеттік
қызметшіге несиені қашан және қандай мерзімге
ресімдегенін түсіндіруге тура келді.
1.4 Қызметтік қарым-қатынастағы мінез-құлық
Біз өз қызметтік міндеттерімізді орындауда
мынадай қағидаларды ұстануға талпынамыз:
ь
ұжымдағы әріптестердің ар-намысын
қаралайтын, олардың жеке және кәсіби
қасиеттерін талқылаудан тартыну;
ь
әріптестердің лауазымдық міндеттерін
орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге
(әрекетсіздікке)
жол бермеу;
ь
өз әріптестеріміздің тарапынан қызметтік әдеп
нормаларының бұзылуына жол бермеу
мақсатында оларды тоқтату не шаралар
қабылдау;
ь
ұжым ішіндегі қарым-қатынастың маңызды
құрамдас бөлігі «басшы–бағынышты
қызметкер» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас
болып табылады;
ь
басшы, оның бағыныштылары – қызметтік
функцияларды атқарушылар ғана емес,
сонымен бірге өз қызығушылығы, жұмыс және
оның құндылықтары туралы жеке пікірі бар
тұлғалар екендігін есте сақтауы тиіс.
Ұжымда түсіністік
пен сенім атмосферасын
қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп
нормаларын сақтау – біздің жалпы міндетіміз.
Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік
қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық
жеткізуге, білімімен бөлісуге және жалпы
міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға
жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
21
ь
еңбекті қорғауға, денсаулықты сақтауға
бағытталған шараларды қабылдау, тиімді
қызмет үшін
қажетті қауіпсіз жағдайларды
жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің
ар-намысына қол сұғуды және кемсітушіліктің
барлық түрлерін жоққа шығаратын қолайлы
моральдық-психологиялық атмосфера жасау.
ь
заңға қайшы әрекеттерді, сондай-ақ жалпыға
ортақ моральдық әдеп нормаларымен
үйлеспейтін әрекеттерді жасауға
мәжбүрлемеу;
ь
кадр мәселесін шешу кезінде туысқандық,
жершілдік және жеке берілгендік белгілеріне
артықшылық бермей, меритократия
қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
ь
әрбір бағынышты
қызметкерге құрметпен
қарау, оның өзіне, өз қабілетіне, өз кәсіби
әлеуетіне деген сенімді нығайту;
ь
өз мінез-құлығымен бейтараптық, әділдік,
риясыздық үлгісі болу;
ь
Басшы қол астындағы қызметкерлермен
қарым-қатынас жасауда мыналарды ескеруі
тиіс:
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
22
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
23
Мемлекеттік қызметшілер өз елдерінің ресми өкілі
болып табылады, сондықтан шетелдік іссапарларға
шығар алдында бірінші кезекте оның ұлттық мүдделерін
басшылыққа алуға және әлемдік қауымдастықта
Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға өздерінің
үлестерін қосуға талпыну қажет.
Мемлекеттік қызметші елден тыс жерде болған кезде
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының
мақсатын және бағыттарын басшылыққа алу қажет,
дипломатиялық хаттаманы, Қазақстан Республикасының
және болған елдердің заңнамасын сақтау қажет.
Мемлекеттік қызметшілер даулы халықаралық саясат
мәселелері бойынша, діни көзқарастарын талқылауда
өзінің жеке ойынан бас тартқаны жөн, сондай-ақ басқада
дүниетанымдарына, өмір сүру тәртібіне және әдет-
ғұрыптарына толеранттық танытуы керек.
Бұдан бөлек, баратын елі туралы қосымша
ақпараттармен, яғни саяси ахуалымен, заңдары және
ұлттық салт-дәстүрімен, қоғамдық және басқа да
орындардағы мінез-құлық ерекшелітерімен танысқаны
абзал.
Сұрақ: Біздің бөлімдегі жұмыс атмосферасы көбіне
достық қалыпта және ашық болып табылады. Бірақ
стрестік жағдаяттарда менің әріптесім маған
дөрекі және агрессивті сөйлейді. Мұндай
жағдайларда қалай әрекет етуім керек?
Жауап: Жұмыста қиын жағдаяттар әрбір адамда
болады және ол келіспейтін (лайықсыз) мінез-
құлық үшін сылтау болуы тиіс емес. Сіз
әріптесіңізге оның сөздері адамның намысына
тиетіндігін ашық айтуыңыз керек. Көпшілік
жағдайда ұнамсыз мінез-құлықты тоқтату үшін
ашық сөйлесу жеткілікті. Егер бұл сізге
көмектеспесе немесе онымен бұл сұрақты жеке
талқылай алмасаңыз, сіз персоналмен жұмыс
жөніндегі бөлімшеден көмек немесе әдеп
жөніндегі уәкілден кеңес алу үшін жүгіне аласыз.