106
Опыт работы в оздоровительном направлении показал, что дети 5-6лет успешно и
с увлечением усваивают знания о строении организма и приобретают навыки З.О.Ж. и
безопасного поведения в быту и на природе, если знания преподносятся в доступной и
увлекательной форме.
Однако стоит заметить, что прогрессивный результат будет давать только
постоянная и целенаправленная работа.
Я думаю, что воспитатели и медицинские работники согласятся, что проблема
оздоровления детей – это компания не одного дня деятельности и одного человека, а
целенаправленная, систематическая работа всего коллектива группы и детского сада в
целом. Это процесс воспитания и обучения детей дошкольного возраста в режиме
здоровьесбережения и здоровьеобогащения; процесс, направленный на обеспечение
физического, психического и социального благополучия детей на длительный период.
Литература
1.
Владимирцева Ада. Прикладная кинезиология: Восторг посвященных /
Заметки с необычного семинара. Медицинский Вестник. № 20 (38 ), 16-31 октября 1995, с.
9.
2.
Голомазов С.В. Кинезиология точностных действий человека. М:
СпортАкадемПресс, 2003. 228 с.
3.
Шмидт И. Введение в прикладную кинезиологию. “Мануальная медицина”,
1994, № 8.
4.
Интернет-ресурсhttp://ped-kopilka.ru/
http://davaiknam.ru/text/kineziologicheskie-uprajneniya-v-razvitii-intellekta-starshih
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі ата-ананың рөлі.
Курмангалиева А.С.,«Павлодар қаласының №33 сәбилер бақшасы» МҚКК – ның
психологі
Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп
келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі
дарындылық деп аталады. Дарынды бала
жөніндегі әлемдік психологиялық еңбектерде нақты деректер көп жинақталған. Мәселен,
дарындылық туралы Л.С.Выгодскийдің, А.Савенковтың, Е.Белованың еңбектерінен нақты
ойларды оқуға болады. Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау ежелден келе жатқан
дәстүр. Оларды мәпелеп, қамқорлыққа алу баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара,
өйткені дарындылар қай кезде де, қандай қоғамда да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани
байлық.
Дарындылық-адамның ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне
себепкер болатын, жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген қабілеттердің шарықтап
дамуының нәтижесі. Дарынды балалардың басты ерекшелігіне зейінділік, жинақтылық,
терең ақыл-ой жұмысына әрқашанда әзір тұру, еңбекке ынталылық, демалыспен санаспай,
қажымай-талмай еңбектену жатады. Аса жиі болмаса да оқта-текте кездесіп қалатын
дарынды балаларды ұстаздық қырағылықпен көре біліп, оны арнаулы оқу орындарында
оқытып, тәрбиелеу аса жауапкершілікті қажет ететін іс. Біздің елімізде дарынды
балалардың көпшілігі жалпыға бірдей білім беретін білім ошақтарында оқытылып келді.
Құрбыларынан «артық» немесе «кем» деген ұғымды білдірмесе де дарынды бала өз
құрбыларына қарағанда дамуы жағынан әлдеқайда басқа балаларға қарағанда сапалық
ерекшелігі басым болып көрінеді. Ендеше дарынды баланың өмірінде ата-ананың рөліне
тоқталайын.
Баланың дарынды екенін көре біліп, оны дамыту мақсатымен тәрбиелеуде ата-
ананың рөлі өте зор. Өйткені бала бойындағы ерекшелікті алғаш көретін де ата-ана. Олар
107
өз баласының ерекшелігін басқа балалармен салыстыру арқылы немесе туған-
туысқандарының, жолдастарының айтуынан байқайды. Баланың дарындылығы тілінің
дамуынан, ойлау қабілетінің шапшандығынан, зерттеушілік әрекетінен, өнердің түрімен
(музыкамен, суретпен, көркем сөзбен) айналысуынан, бір өнерге бейімділігінен көрінеді.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, дарынды балалардың тілдері көбінесе кеш шығады,
бірақ сөздік қоры дамыған кезде байланыстырып сөйлеуі ерекше болады. Дарынды
балаларды қалай тануға болады деген сұрақ туғанда ата-аналарға арнап мынадай
сауалнама қойған дұрыс:
Егер өз балаңыздың іс-әрекетін сол жастағы басқа баланың іс-әрекетімен
салыстырғанда, салыстыру бағасы қай баланың еншісіне бұйырады деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыз мына төмендегі іс-әрекеттерді қай жаста жасап үйренді:
1.Алфавиттің баспа әріптерін жаза білуі.
Өз атын және басқа сөздерді баспа әріптермен жаза алуы.
Ертегі, өлеңдерді жаттап, жатқа айтуы.
Кітаптардан, жарнамалардан әріптерді танып, атай алуы.
Өз атын оқып, дыбыстарды ажырата алуы.
Бөлек сөздерді, балалар кітапшаларын еркін оқи алуы. Күрделі кітаптарды
«ішінен» оқи алуы.
2.20-ға дейін санай алуы.
Қосу, алу амалдарын ойша тез орындай алуы.
Уақытты атай білуі. Ақшаны санай білуі. Телефон нөмерлерін есінде жатқа сақтап
қалуы.
3.
Қайшымен суретті қиып ала алуы.
Сызба ішіндегі суретті бояу білуі. Аяқ киімінің бауын байлай алуы.
Сондай-ақ баланың жасына сәйкес емес жағдайларда бала түсіне ме? Олар нелер?
Өз сөзінде күрделі сөйлемдерді көп қолдана ма? Сурет салуға, ән айтуға, би билеуге
бейімділігін байқай аласыз ба? Қандай деңгейде деп ойлайсыз? Сіз балаңыздың есте
сақтау қабілеті өте жоғары деп айта аласыз ба?
Зерттеулерге қарағанда дарынды балалар ойын барысында оны ұйымдастырушы
және басқарушы рөлін атқаратындығы байқалады. Олардың басқарушылық қасиеті
үлкендердің басқаруынан мүлдем басқаша. Дарынды балалардың басшылық әрекетінің
басымдығы басқа балаларға қарағанда интелектуалдық біліктілігі және ойлау, қабылдау
жылдамдығының жоғары болуына байланысты. Ол ойын барысында балалардың
әрекетіне қарап, ойнаушының жіберген қатесін алдын ала көріп, оны жөндеу үшін билікті
өз қолына алады. Бұндай әрекеттер көбінесе ересек, естияр топтарында көрінеді. Дарынды
балалар топтық ойыннан гөрі жеке ойвындарды қажет ете бастайды. Жеке ойындар мен
жеке жұмыс кезінде балалардың бір іс-әрекетке қызығушылығы немесе бір істі аяқтауда,
зерттеушілік, танымдылық қабілеттерінің туындағаны байқалады. Дарынды балалардың
бойында кездесетін тағы бір қасиет жарысу. Бұл қасиет тек қана оның жеке тұлға ретінде
қалыптасып, мінез-құлқының нығаюына көмегін тигізеді. Жарысу арқылы бала өз
мүмкіндігінің мөлшерін біліп, ақылды болжамдар жасауға үйренеді.
Ата-аналар балаларының білімінің жүйелі болуын үнемі қадағалап отырғаны жөн.
Баланың көп нәрсені есіне сақтауын шамадан тыс талап етіп жүктемеу керек. Егер сіз
оқып берген ертегіні тез жаттап алып, ертеңінде сізге айтып берсе, ертегінің мазмұнын
түсінді ме, жоқ па? Соған көңіл аудару керек. Өз сөзімен сол ертегінің мазмұнын айтып
беруін сұраңыз. Баланың танымдық, шығармашылық әрекеті дамыған сайын өзінің
сұрақтарына жауап болатын объектілерді тауып, соларға зерттеушілік көзқараспен қарап,
көптеген білімдерден хабарлар алуға тырысады. Сол кезде ата-аналар балаға уақыт бөліп,
оның өзі жинақтаған біліміне таң қалатынын көрсету керек. Баланың көптеген
сұрақтарына жауап іздеуде, ата-ананың өзінің де көп дайындығы болуы тиіс. Оған көп
уақыт кеткенін айтып ренжуіне болмайды. Балаға берген дұрыс білімдеріңіз оның
дамуына көмектеседі. Бала сіздің бойыңыздан жанашыр достық қасиетті көре біліп, сізден