Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет250/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   262

517 

 

Ж. Көпеевтің бұл ойы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы  Абай Құнанбаевтың 32  — қара 



сөзіндегі мына сөздермен сәйкес келеді.  «Білім  – ғылым үйренбекке талап қылушыларға 

әуел  білмек  керек…  Әуел  –  білім-ғылым  табылса,  дүниенің  бір  қызықты  нәрсесіне  де 

керек  болар  еді  деп  іздемеске  керек…  Екінші  –  ғылымды  үйренгенде,  ақиқат  мақсатпен 

білмек үшін үйренбек керек… Үшінші  – хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен  көзің жетсе, 

соны  тұт,  өлсең  айырылма!  Төртінші  –  білім-ғылымды  көбейтуге  екі  қару  бар  адамның 

ішінде:  бірі  – мұлахаза, екінші  – мұхафаза. Бесінші  – осы  сөздің он тоғызыншы бабында 

жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек…»[3, 68 б].

 

Өнерпаз қара жерге салар қайық, 



Жаһаннан алар тағылым, қанат жайып. 

Әр жердің тамашасын көзбен көріп, 

Жастықта сайран етер болып ғайып.

 

Жүргеннен тіпті қарап – пайдалырақ,



 

 

Бір әріп сөз үйренсең, кітап жайып. 



Тамшыдан тама берсең дария болар, 

Кетпей ме ақырында бір молайып?! 

Қылжақтап екі ауылдың арасында

 

Не пайда жүргендерінен құр сорайып?!



 

 

Бас болып өнер білсең тіпті жақсы, 



Тамаша болдың жігіт таңғажайып, 

Білгеннің жүрген жері – бәрі жарық,

 

Жоламас кем – кетіктік оған айып [4, 134 б].



 

Мәшһүр  –  Жүсіп  әр  сөзінен  ғибрат  ала  білген  жан,  атамыздың  ең  басты 

уағызданғаны  білім  мен  дін  екені  ақиқат.  Осы  М.  Ж.  Көпеев  «Өнерпаз»  өлеңінде  жер  – 

жаһанның алдында өнерлі адамның басқадан озық тұратының, сол себепті де кітап оқып, 

білім үйрену керектігін құр босқа күн өткізбей, басқалардан озық болуды үндейді. Осы

 

«Өнерпаз» өлеңінде М. Ж. Көпеевтің



 

«Қылжақтап екі ауылдың арасында

 

Не  пайда  жүргендерінен  құр  сорайып?!»  деген  өлең  жолдары  кезінде  Балқожа  



бидің оқуға алғаш барған жас Ыбырайға жазған хатымен де үндес келетін сияқты, сонда 

Балқожа би Ыбырайға да білімнің қажеттігін былайша толғаған:

 

«Атаңды сағындым деп асығарсың, 



Сабаққа көңіл берсең басыларсың; 

Ата – анаңды өнер білсең асырарсың, 

Надан боп, білмей қалсаң аһ ұрарсың.

 

 



Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің.

 

Қолыңа құрық алып кетер едің. 



7

 

Тентіреп екі ауылдың арасында



 

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?» [5, 8 б].

 

М. Ж. Көпеев өз өлеңдерінде өнердің алды ғылым – білім  екенін былайша 



толғайды:

 

Жігіттер, «өнер алды-ғылым-білім»-



 

Деген жан, құлағын сал Ислам дінін [6, 107 б]. 

Жасымнан мен ғылымды қылдым талап,

 

Жұрт алған бір басымды көпке балап. [6, 119 б].



 

Ғылымсыз  жақсы  мінез  де,  жақсы  адам  да  болуы  мүмкін  емес.  Адам  адамдыққа 

талпынатын  болса,  алдымен  білім  үйренуге  ұмтылуы  керек.  Білімсіз  тапқан  бақтың  да, 

дәулеттің  де  ұзаққа  бармайтыны  белгілі.  Адамға  қазына  –  дәулет  жолдас    болмайды, 

ғылым ғана мәңгі өмірсерік. Өнерді үйрену үшін де алдымен білім керек. Білімсіз бірде  –

 



518 

 

бір  ісің  ілгері  баспайды.  Ақын  осылай  толғамды  ойларын  ортаға  сала  отырып,  былайша 



қорытады:  «Кел,  қарындастар,  ғазиз  ғұмырымызды  бос  орынға  сарып  қылмай,  адам  

болуға тырысайық. Не табылса да, ғылым – білімнен табылады. Бұрынғы өткен жақсылар 

айтқан: «адамшылық сөз сөйледім, сақал мен жанның бар болғаны үшін емес, тоты құс та 

сөйлейді, текеде де сақал бар. Есектеде жан бар. Өзінен басқаға пайда тигізуші болса, жат 

ағайынға бәріне бірдей пайдалы кісі болса, адам сол.

 

М. Ж. Көпеев әуел баста баланы оқуға, білімге беруді насихаттаған. Ғылымның 



бойға көрік, жарлыға мал екенін « Нәпсіңді атқа мінгізбе» өленіңде де жақсы айтқан.

 

Ғылым біл, жұмыс істе, — оған серік 



Жарлыға мал, бұл ғылым бойға көрік 

Ғылым, білім, өнерсіз, қадірсізді,

 

Өлік біл, оны жан деп білме тірі. [6, 201 б]



 

Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  –  оқу-тәрбие  процесінің 

тиімділігінің маңызды шарты екені белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы тәрбиеші тұлғасына, 

оның  кәсіптік  және  адамдық  қасиеттеріне  көп  назар  аударады,  өйткені  ұстаз  бен  оқушы 

арасындағы  қатынасты  ол  рухани  –  адамгершілік  қатынас  деп  түсінеді.  Мұғалімнің 

бірінші  дәрежелі  рөлін  түсіне  отырып  оған  жоғары  тұлғалық  және  кәсіптік  талаптар 

қойды. Оның ойынша, ұстаздық – байлықтың таусылмас рухани көзі. Ұстаздық еткен адам 

жөнсіздікке бармайды, әдептіліктен таймайды, өзіне және болашағына деген сенімді қатар 

алып жүреді.  «Ол  молданың  өзі  әдеп  көрген, ғұламалардан,  ишандардан,  бұрынғы  өткен 

жақсылардан баһза алған һәм ұстазынан рұқсат алған, сыналып өткерілген молда болсын. 

Жарамайды  бір  ноғайға  еріп,  хатшы  болған,  бір  сартқа  еріп,  қосшы  болған,  шала  хат 

таныған,  бұзылған,  жаман  жерлерде  оқыған,  өзі  бұзылған  адам  баланы  бұзып  жібереді. 

Сонан соң ол бала өмірінде түзелмей кетеді. әр нешік баланы тек жақсы молдадан оқытуға 

жаһуд  қылу  керек.  Баланы  жаман  адамдарға,  пасықтарға,  бұзығы  жоқ  жерге, 

қолындағысын  ысырап  қылатұғын  кісілерге  үйір  қылып,  ондайлармен  араластырмаса 

керек. Молдалар мен өнерлі, білгіш адамдар, жақсыларының сұхбатында көп жүрген сыр 

мінез жақсы деп ауызға ілінген адамдармен үйір қылса керек.» - дейді ағартушы.

 

Қорыта келе айтарымыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қоғамның дамуының бірден-бір 



көзі  –ағарту  ісі,  білім  мен  ғылымның  дамуы  деп  біледі.  Ол  дидактиканың  бірқатар 

маңызды мәселелеріне жауап беруге талпыныс жасады. Оның ішінде:

 



 



Жастарды өз өлеңдері арқылы ғылым – білімге шақыруы;



 

Оқыту әдістерін ұсынуы;



 



Оқыту заңдылықтарын анықтауы;



 

Оқу мотивациясын анықтауы;

Осы айтылған дидактикалық идеялармен қатар ағартушының көзқарасынан біздер 



бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының саласының бірі  әлеуметтік педагогикаға қатысты 

ғылым  —  білім  мәселелері  көтергендігіне  де  көз  жеткіздік.  Мақала  жазу  барысындағы 

таңдалған  материалдар  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  көзқарастарындағы  ағарту  ісін 

дамытуға жағымды ықпал еткенін сенімді түрде дәлелдеңді.

 

 

Әдебиеттер: 



 

1. 


М. Әуезов «Әдеби мұра және оны зерттеу». - Алматы, 1961

 

2. 



«Сарыарқа самалы». 2006. №133, 4 бет

 

3. 



Абай. - Алматы , 1993

 

4. 



Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім «Жалын» баспасы. – Алматы, 1988

 

5. 



Ы. Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық». - Алматы: Атамұра, 2001

 

6. 



Мәшһүр Жүсіп 1 – том. Павлодар 2008

 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау