Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет94/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   262

193 

 

келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып, оқу  тәрбие  үрдісін  тиімді 



ұйымдастыруына  көмектеседі»  деп  С.В.  Селевко  айтқандай,  қазіргі  таңда  көптеген 

инновациялық  технологияларды  өз  жұмысында  қолдану  жұмысы  нәтижесін  әлде  қайда 

жақсартады. 

Жалпы   білім  беру   жүйесінің   алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке  дейінгі 

мекемелерде сөйлеуді дамыту, өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын жаңа  технологиялар 

арқылы жетілдіру педагогтарға жауапты міндеттер жүктейді. Мектеп жасына дейінгі 

баланың дүниетанымы, сапасы, зердесі, тілінің дамуы, сөздік қорының молаюы,  сөзге 

деген  қызығушылығы   жедел  қалыптасатыны   ғылымда 

әлдеқашан 

дәлелделген. 

Мектепке дейінгі мекемеде өз тілін үйретуде сөздік жұмысты  қоршаған ортамен, 

күнделікті  өмірімен  тығыз  байланыстыра  жүргізу,  жаңа  сөздер  қамтылатындай  түрлі 

сөздік, дидактикалық, оқиғалы-желілі ойындар арқылы тіл ұстарту: көру, есту, тындау, 

қайталау, есте сақтау, жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру, балаларды  сөйлеуге, білуге, 

сөйлемдерді дұрыс айтуға, тәрбиешінің сұрағын түсініп дұрыс жауап  беруге  баулу 

мақсаты көзделеді. Әрбір сабақты өткізуде педагогтың шығармашылығы, әдіс  тәсілдерді 

тиімді пайдалануы сабақты түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды қолдануы балалардың 

қиялын шарықтатады. 

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. 

Бұл  мәселенің  шешімін  табуға  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  дәрежеде  қайта 

қаралып, оны жетілдіру жолдарын іздестіруде. 

Бала  айналадағы  өмірмен  танысу  нәтижесінде  әр  түрлі  құбылыстармен  бетпе-бет 

кездеседі.  Күнделікті  тұрмыста,  табиғат  аясында  ойын,  еңбек,  серуен,  ұйымдастырылған 

оқу  әрекеті  үдерісінде  қоршаған  орта  туралы  жаңа  сөздер  үйренеді.  Үйренген  сөздерін 

күнделікті  іс-әрекет  үстінде  қолданады.  Бұл  сөздерді  сөйлем  ішінде  қолданып,  жүйелі 

байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  туралы  көптеген  ғалымдар  өздерінің  анықтамаларын 

ұсынған.  Мәселен,  олардың  бірі  А.М.Бородич:  ”Байланыстырып  сөйлеу  –  адамдардың 

өзара  түсінісуін  қамтамасыз  ететін  мағыналы  сөздердің   сөйлемдегі   жүйесі“   десе  

[1],  Ф.А.Сохина:  “Байланыстырып  сөйлеу  дегеніміз  –  белгілі  бір  ойды  жүйелі,  анық, 

грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп 

қарастырады [2]. Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды  біліп қана қоймай, 

оларды  жіктеп,  топтап  айта  білуге,  әр  заттың  қайдан,  неден  жасалатынын,  қалай  пайда 

болатынын түсінуге тырысады [3]. 

Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және мектепке дейінгі мекемеде іске 

асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. 

Байланыстырып  сөйлеу  тілі  сөз  қорының  байлығын,  тіл  заңдылықтары  мен 

мөлшерін,  яғни  грамматикалық  құрылымын  меңгеру,  сонымен  қатар  оларды  тәжірибеде 

қолдануға  әкеледі,  ал  тәжірибелік  білім  тіл  материалын  меңгере  білуіне,  соның  ішінде 

толық,  байланыстыра,  бірізділікті  және  қоршаған  ортадағы  жағдайларды  қарастыруда 

дайын мәтіннің мазмұнымен немесе өз бетімен байланыстырап мәтін құруға итермелейді. 

Мектепке  дейінгі  мекемеде  балаға  білім  берудің  жетістігі  ретінде  ең  маңызды  және  ең 

алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып 

сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады. 

Мектепке дейінгі баланың тілді меңгеру үдерісі үлкендер және балалармен қарым 

–  қатынас  жасауымен  және  қоршаған  ортаны  тануда,  өзінің  ойы  мен  сезімдерін 

толыққанды  айта  білу  мүмкіндігімен  тығыз  байланысты.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  және 

оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасында  балаларды  негізгі  ойды  дұрыс  жеткізуге, 

монологтік  ойларын  байланыстырып  құра  білуге,  әңгімені  бірізді  және  нақты  айтуға, 

шағын сипаттау, хабарлау, баяндау әңгімелерін құрастыра білуге үйрету деп берілген [4]. 

Бірақ,  балалардың  сөйлеу  деңгейлері  дамуының  төмендеу  ерекшелігі  байқалуда. 

Біріншіден  бұл  балалардың  денсаулығының  нашарлауымен  байланысты,  бұл  фактор 

олардың  (сөйлеу  деңгейлері)  дамуына  тікелей  әсер  етеді.  Екіншіден  балаларың  сөздік 

қорының аздығы. Мектепке дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен 



194 

 

ерекшеленеді,  мнемотехника  тәсілі  балалардың  сөз  материалын  есте    сақтау    үшін 



қолайлы  және  мнемотехникамен  жұмыс  істеу  тәсілдерін  меңгеру  оқытудың  уақытын 

біршама  азайта  отырып,  тақпақты  жатқа  айту,  әңгімелеп  беру,  шығарманы  мазмұндау 

дағдыларын арттыратыны айтты. 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  мектепке  дейінгі  білім  беруді  жаңғыртуға  қоғам  назарын 

аударта отырып "Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытуға  оқытудың  заманауи  инновациялық  әдістерін  енгізу,  ал  білім  беру 

технологиялары  -  жасампаз  болу  қажет"  деп  айтқан  болатын.  Білім  беру  мазмұнын 

жаңарту мен жаңғыртудың маңызды құралдардың бірі мектепке дейінгі ұйымдарда жүріп 

жатқан үдерістер болып табылады. 

Мнемотехника  -қосымша  байланыстардың  пайда  болуымен  еске  сақтауды 

жеңілдететін және еске сақтау көлемін ұлғайтатын түрлі тәсілдер жүйесі. 

Мнемотехникалық  әдіс  –  өлеңдерді,  логоритмикалық  жаттығуларды  жаттаудың, 

әңгімелерді  сипаттаудың  әдістемесі.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  өлеңдер 

жаттауда  сөйлейтін  суреттерді  қолданылады.  Өлең  жаттауда  әр  сөзді  белгілермен 

алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың 

сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен 

бірге  ойнау  қажет  және  эмоциялы  деңгейде  әрекетті  көрсетуге  болады.  Өлеңдерді 

мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Сонымен қатар дыбыстық 

және көру қабілеттері де дамиды. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте 

сақтауды  бекітудің  ережесінің  бірі  былай  дейді:  «Жаттағанда  жаз,  сызба, 

диаграммалардың  суретін  сал,  кестелерді  сыз».  Сөйлейтін  суреттер,  сипаттау  сызбалары 

қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. 

Сызба  –  схемалар  тақырыптарға  байланысты  үйренген  жеке  сөздермен  сөйлем 

құрастыруға,  сөйлемдермен  әңгіме  құрастыруға  таптырмайтын  қазына.    Сызбаларға  

қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. 

Жеміс-көкөністерге  арналған  сызба  бойынша балалар  олардың  түрін,  түсін,  дәмін,  қайда 

өсетінін  сипаттап  бере  алады.  Мысалы,  алманы  сипаттау:  алманың  түсі  қызыл,  пішіні  – 

домалақ,  дәмі  –  тәтті.  Ол  ағашта  өседі,  жеміс.  Біз  оны  жейміз.  Ойыншықтарға  арналған 

сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді. 

Мектепке  дейінгі   жастағы  балаларға  мнемотехника  тәсілдерін  қолдану аса 

маңызды, өйткені сыртқы құралдардың әсерінен ойлап шешетін тапсырмаларға ауызшаға 

қарағанда көрнекі материалдар арқылы жақсы меңгереді. Балаларға тілдерін  дамытуға 

бағытталған олардың белсенді сөздіктерін байытатын, сөз жасау  дағдыларын  бекітетін, 

заттарды  сипаттайтын, мәтін  құрауға  жәрдем беретін  көрнекі үлгілер  қолданылады. 

Сипаттау мәтінін құрауда мнемотехника тәсілдерін, заттарды сипаттау үшін сызба 

жоспар тәсілдерін қолданылды. 

Мнемотехникамен жұмыстың үш кезеңі  қарастырылды: 

1. Кестені мұқият қарап және қандай суреттер салынғанын анықтау. 

2. Бейнелерге сүйене отырып  әңгімелеу. 

3. Кестені балаға көрсетіп отырып бірге жасау. 

Студенттердің  тәжірбиеде  кезінде  балалармен  жүргізген  алғашқы  тақырыбы 

"Отбасы" тақырыбы болды. 

Сызба бойынша сұрақтар берілді: 

1. Бала. (Сенің атың.) 

2 .Үш адам. (Ата-ананың және отбасы мүшиелерінің аттары.) 

3. Балға. (Әкеңнің мамандығы.) 

4. Алжапқыш. (Анаңның мамандығы.) 

5. Оралған жіп. (Ата мен әже) 

6. Қол. (Кім саған көмектеседі?) 

Менің атым - Диана. Менің анам - Үміт Қайратқызы, ал әкем - Айдар Секербекұлы. 

Менің үлкен ағам бар, аты - Марат. Анам - тәрбиеші, әкем - құрылысшы. Менің әжем 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау