Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет247/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   262

511 

 

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына 



нақты  жауап  береді.  «Мәңгілік  ел»  болуымыз  үшін  бізге  ауадай  қажетті  қасиеттер  мен 

құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген 

адамдар  көп  болса,  еліміз  өркениетті,  бәсекеге  қабілетті  болатыны  ақиқат.  «Болашақта 

ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік 

қабілетімен  айқындалады.  Сондықтан,  әрбір  қазақстандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ 

ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,  компьютерлік  сауаттылық,  шет 

тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына  сөзсіз  қажетті 

алғышарттардың санатында.Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», 

«Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша 

қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы»,  –  деп  ашып 

көрсетеді.Білім  беру  жүйесі  еліміздегі  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік 

реформаларды  ісінде  ерекше  рөл  атқаратынын  елбасы  атап  кеткен  болатын.  «Рухани 

жаңғыру» бағдарламасында, сондай-ақ цифрландыру барысында білім беру  ісіне зор  мән 

берілген.  Білім  берудің  сапасы  осы  бастамалардың  табысты жүзеге  асырылуының  кепілі 

болып саналады. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту басталып кетті.Сол сияқты кәсіби қазақ 

тілі пәнін оқыту да үштілділікті талап етеді. Мысалы мамандық бойынша термин сөздерді 

қазақша, орысша берсек, ағылшын тілінде оқушылар өздері тауып жаттап алады. Қазіргі 

заман  талабына  сай  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  даярлап  шығаруда  колледж 

оқытушыларының алдында осындай үлкен талаптар қойылып отыр. Бәсекеге қабілеттілік 

саясат  пен  экономикада,  білім,  ғылымда,  технологияда,  яғни  барлық  салада  болуы  тиіс. 

Қазіргі  таңдағы  оқу  орындарындағы  білім  мен  тәрбие  жүйесі  Елбасының  парасатты 

пайымдарын негізге ала отырып, қарқынды түрде жүзеге асыруда. 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында  біздің  колледжде  2107- 

2018 жылдарға арналған іс-шаралар бүгінде жалғасын тауып жатыр. Атап айтсақ, наурыз 

айында  2-ші  курс  студенттері  арасында  «Қазақстанның  көне  қалаларына  саяхат»  атты 

слайд-жоба конкурсы өтті. Оған 18 жоба ұсынылып, оның ішінде «Тақырыпты үздік аша 

білген» номинациясы бойынша 3 жоба ерекше аталып өтті.Олар: «Қасиетті Түркістан», 

«Тысячелетний Тараз»,  «Ұлы  Отырар».  Сонымен  қатар  «Тарихи,  мәдени  ұлттық  қазына- 

мұрагерлерге» атты конференция өткізіліп оған 80 студент қатысты. Соның ішінде ерекше 

атап  кететіні  Тұрысбек  Сағидолланың  «Ұлттық  тәрбие-  мемлекеттік  қазына», 

Білімханқызы  Назымның  «Баянауыл  өңіріндегі  жер-су  аттары  құпиясы  және  Исмагулова 

Камиланың  «Үштілділік  арқылы  тілді  дамыту»  баяндамалары,  «Рухани    жаңғыру» 

кабинеті ашылды, 

Президентіміздің  ана  тілдің  қадір-қасиетің  арттыру  үшін  айтқан:  «Қазақ  қазақпен 

қазақша  сөйлессін»  деген  сөзінде  терең  ой  жатқан  жоқ  па?!  Алдыңғы  күннің  қабағын 

болжай  білетін  Мемлекет  басшысы  2025  жылдан  бастап  латын  әліпбиіне  көшуіміз 

керектігін мәлімдеді. Алайда бұл оңай шаруа емес. Тарих бетін парақтар болсақ, біз бұрын 

латын  әліпбиін  қолданған  халықтың  біріміз.  Нақтылай  дәлелдерге  жүгінсек,  Кеңес 

үкіметінің «Латындандырылған жаңа  әліпби  — «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы 

қаулысына  орай  латын  әліпбиінің  негізінде  жасалған  жазу  үлгісі  елімізде  1929  жылдан 

1940  жылға  дейін  қолданылып,  кейін  кириллицаға  ауыстырылғанын  білесіздер.  Бүгінгі 

күні  мектепте  ағылшын  тілін  үйреніп  жатқан  оқушыларымызға  латын  әліпбиін  меңгеру 

ешқандай қиындык, кедерін туғызбаса керек деп ойлаймын.[2, 7б ] 

Латын  әліпбиіне  көшу  –  Мәңгілік  Елдің  рухани  жаңғыруының  басы.  Бұл  бөлім 

халықты  қазақ  әліпбиінің  латыншаға  ауысуын  хабардар  етуге  бағытталған.  Сонымен 

қатар,  бөлімде  жаңа  әліпбиді  үйрену  жөніндегі  ұсынымдар  мен  әдістемелік 

материалдармен қамтамасыз етілетін болады. 



«Туған  жер»  бағдарламасы  жаңа  ғасырдағы  әлемдік,  өңірлік,  ішкі-сыртқы 

тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. 

«Туған жер» бағдарламасында кіндік қанымыз тамған жеріміздің, еліміздің тарихына баса 

көңіл   аудару.   Онда   білім   беру  саласында   ауқымды   өлкетану  жұмыстарын жүргізу, 




512 

 

экологияны  жақсарту  және  елді  мекендерді  абаттандыру,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи 



ескерткіштер  мен  мәдени  нысандарды  қалпына  келтіру  көзделуде.  Біз  XXI  ғасырдың 

жаhандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, 

«Жаhандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. 

Сондай-ақ,«Қазақстанның      киелі 



жерлерінің  географиясы»  жобасы 

жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік 

инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Мәдени мұрамыз болып саналатын мәдени 

ескерткіштер  уақыт  өткен  сайын  табиғат,  адам,  қоршаған  орта  факторларының  әсерінен 

тозады, ескіреді. Елбасының бұр мақаласы бүгінгі күні тарих және мәдени ескерткіштерін 

қайта жаңғырту жолында зор үлесін қосып отыр.  «Жаһандағы заманауи қазақстандық 



мәдениет»  жобасын  іске  асыру  Қазақстанды  өз  шығармашылығы  арқылы  дүние  жүзіне 

танытатын көптеген таланттарға жол ашады. 



«Қазақстандағы  100  жаңа  есім»  жобасы  бүгінгі  замандастарымыздың  түрлі 

салалардағы  жетістіктерін  дәріптеуді  қамтамасыз  етеді  және  жастарды  адамгершілікке 

тәрбиелеудің  жарқын  үлгісі  болады.  Бұл  тапсырмалар  мемлекеттің  және  азаматтық 

қоғамның  барлық  идеологиялық  жұмысының  орта  мерзімді  перспективадағы  негізі 

болады. Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында 

қаланады».  «Жаңа  гуманитарлық  білім.  Қазақ  тіліндегі  100  жаңа  оқулық»  жобасын 

жүзеге  асырып,  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдарды  оқытудың  жаңа  деңгейіне 

шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:  – еліміздің барлық жоғарғы оқу орында- 

рында  гуманитарлық  ғылым  кафедраларын  қайта  құру;  –  гуманитарлық  білімнің  барлық 

бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару; – мемлекеттік емес 

Ұлттық  аударма  бюросын  құру.  Оқулықтарды  қазақ  тіліне  аудару  жобасының  жиынтық 

әсері  2018-2019  жылдардан  бастап  еліміздегі  жоғары  оқу  орындарының  студенттері 

қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  әлемде  үздік  оқу  үлгілері  болып  та- 

былатын кітаптармен оқуды бастайды 

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық 

бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте 

құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай 

еңбек ету. 

Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен 

тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты 

ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық 

қасиеттерімізді  ізгілендіріп,  сананы  рухани  жағынан  үнемі  жетілдіріп,  дамытып отыруға 

тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын. 

Президенттің  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында  көтерілген 

мәселелер Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуге бағытталған, 

инфрақұрылымдық  және  саяси  саладағы  келбетін  айшықтай  түсетін,  жеңіс  тұғырына 

жетелейтін  Ұлттық  жоспарының  тағы  бір  жарқын  көрінісі.  Бұл  —  уакыт  талабы,  заман 

сұранысы.  Елбасы  жолдауына  мен  де  ұстаз  ретінде  өз  үлесімді  қосу  мақсатында  білім 

жолындағы  тың  идеяларды  іздеймін.  Біздің  ең  биік  мақсатымыз  -  келешекте  білімді, 

бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлау. Оқушының бойына сапалы білім 

мен  үлгілі  тәрбие  беру  оқытушының  алдына  қойған  басты  мақсаты  деп  білемін.  Мен  өз 

сабақтарымда  Отансүйгіштікке,  ана  тілімізді  қастерлеуге,  ұлттық  салт  -  дәстүрімізді 

құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға басты назар аударамын. [3] 

 

Әдебиеттер: 



 

1. Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 

2. «Егемен қазақстан» газеті, 30 наурыз, 2018 жыл. 

3. «Білімділер порталы» сайты. 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау