Университеттің академиялық саясаты 59 беттің беті



жүктеу 457,5 Kb.
бет1/6
Дата15.01.2020
өлшемі457,5 Kb.
#26687
  1   2   3   4   5   6

«Сырдария» университеті

АС-01-2018

Сапа менеджменті жүйесі

1-нұсқа

Университеттің академиялық саясаты

59 беттің - беті



Бекітемін

«Сырдария» университет ректоры,

п.ғ.к., профессор С.С. Дайырбеков

_____________________________



_____ ______________2018 жыл

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
УНИВЕСИТЕТТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

АС-01-2018
АЛҒЫ СӨЗ


1

Университеттің оқу-әлістемелік басқармасымен ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ

2

Әзірлегендер

  • Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, с.ғ.к., доцент Р.С.Тәжітаева







  • Тіркеу офисінің басшысы, ғ.м., Т.Ф. Ахмед







  • Студентік бөлім меңгерушісі, Б.У. Абуова

3

Келісілді

  • Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов







  • Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлім басшысы А.А. Алтыбаева










4

«Сырдария» университетінің Ғылыми кеңесінің ___ ____ 2018 №___ мәжілісінде талқыланып мақұлданды

5

Енгізілді – 2018

6

Тексерілу мерзімі – 2020



Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

Жетісай, 2018

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.




  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-111 «Білім туралы» Заңы.




  1. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 408-ІV ҚР «Ғылым туралы» Заңы.




  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 252-ІІІ «Еңбек Кодексі».




  1. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген).




  1. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген).

  2. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 № 563 бұйрығымен бекітілген).




  1. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 602 бұйрығымен бекітілген). 




  1. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 601 бұйрығымен бекітілген).




  1. Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген).




  1. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығы).

  2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген).




  1. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 16.11.2018 № 634 бұйрығымен бекітілген).




  1. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 605 бұйрығымен бекітілген).


Негізгі қысқартулар


ҚР БҒМ

Қазақсан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ҚР МЖМБС

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

GPA

Grade Point Average

ЖОЖ

Жеке оқу жоспары

БӨЖ

Білім алушылардың өзіндік жұмыстары

ОБӨЖ

Оқытушының басшылығымен орындалатын өзіндік жұмыс

СӨЖ

Студенттің өзіндік жұмысы

ОСӨЖ

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы

ОАБ

Орташа ағымдық баға

МБ

Межелік(аралық) бақылау

Е

Емтихан

ECTS

Несиелік жинақтау жүйесі

МЕК

Мемлекеттік емтихан комиссиясы

МАК

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы

ЖОО

Жоғары оқу орны

ОПҚ

Оқытушы-профессорлық құрам

ҰБТ

Ұлттық бірыңғай тест

КТ

Кешенді тест

ҮОЖ

Үлгілік оқу жоспар

ҒЗЖ

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

ДКК

Дәрігерлік-консультациялық комиссия

ОДКК

Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия

БББ

Білім беру бағдарламасы

Мазмұны

1

  1. Глоссарий

7

2

Жалпы ережелер

11

3

Бакалавриат бағдарламасы бойынша қабылдау ережелері

Магистратура бағдарламасы бойынша қабылдау ережесі



12


4

Білім алушының мәртебесі

13

5

Білім алушының білім беру траекториясын таңдауы

14

6

Оқу пәндеріне тіркелу

14

7

Білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру

15

8

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау

18

9

Білім алушылардың білімін бағалау

20

10

ECTS

22

11

Академиялық адалдық

24

12

Білім алушыларға академиялық қолдау көрсету

25

13

Мемлекеттік емтихандарды өткізу және ұйымдастыру

29

13.1

  • «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

29

13.2

- Қорытынды аттестаттау

30

14

Дипломдық жұмысты плагиатқа тексеру тәртібі

Курстық жұмысты плагиатқа тексеру тәртібі






15

"Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін білім алушылардың үлгеріміне қойылатын талаптар

37

16

Іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу (педагогикалық /өндірістік)

39

17

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

41

18

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы

42

19

Академиялық демалыс ұсыну ережесі

43

20

Білім алушыларды ауыстыру ережесі, оқудан шығару және қайта қабылдау:

44




- курстан курсқа көшіру ережелері







- басқа ЖОО –нан/ басқа ЖОО- на ауысу ережелері







- ішкі ауысулар: бір БББ-нан (мамандығы) екіншісіне, бір бөлімнен басқа бөлімге







- білім алушылар қатарына қайта қабылдау







- ЖОО-нан шығару




21

Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру нұсқаулығы

49

22

Мемлекеттік білім гранттарын беру тәртібі

52

22.1

- Білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім гранттарын тағайындау

52

22.2

Мемлекеттік шәкіртақы төлеу тәртібі

53

23

Оқу ақысын төлеу

53



1. Глоссарий

1) академиялық еркіндік - білім беру процесінің субъектілеріне таңдау компоненті пәндері, оқытудың қосымша түрлері бойынша білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;

      2) академиялық кезең (Term) (терм) - семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның біреуін білім беру ұйымы өзі белгілейтін теориялық оқу кезеңі;

     3) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі;

4) академиялық күнтізбе (Academic Calendar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

5) академиялық сағат - оқу сабақтарының немесе оқу жұмысының басқа түрлерінің көлемін өлшеу бірлігі, 1 академиялық сағат 50 минутқа тең, оқу сабақтарының кестесін жасау кезінде, өтілген оқу материалын жоспарлау мен есепке алуда, сондай-ақ педагогикалық жүктемені жоспарлау және оқытушының жұмысын есептеу кезінде пайдаланылады;

6) академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесебасқа ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;



7) бакалавриат – кемінде 240 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;

8) белсенді үлестірмелі материалдар (БҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

9) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу процесінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері, дағдылары және құзыреті;

10) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) - тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модулдерінің көлемін және оқу қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

11) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) (ретинг) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша құрылатын, пәндердің және (немесе) модулдердің оқу бағдарламасын және оқу қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

12) білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын, оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тақырыптардың белгілі бір тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады;



13) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;

14) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі – студент) білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын қорытынды жұмыс;

15) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

16) екі дипломдық білім беру - қос тең бағалы диплом немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом алу мақсатында, екі білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу мүмкіндігі;

17) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинау жүйесі (ECTS) - студенттің шетелде алған кредиттерін өзі оқитын білім беру ұйымына оралғанда дәреже алу, сондай-ақ білім беру бағдарламасы шеңберінде кредиттер жинау үшін есептелетін кредиттерге аудару тәсілі;

18) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;

19) кредиттік ұтқырлық - білім алушыларды өзі оқитын ЖОО-да оқуын жалғастыру шеңберінде - академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында шетелге белгілі бір шектеулі оқу немесе тағылымдама кезеңіне орын ауыстыру (ұтқырлық фазасынан соң студенттер оқуын аяқтау үшін өзі оқитын білім беру ұйымына оралады);

20) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

21) қосымша білім беру бағдарламасы (Мinor) (минор) - қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында оқу үшін білім алушы анықтаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.



22) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті

23) модуль - дербес, білім беру бағдарламасының құрылымдық элементін оқыту нәтижелері тұрғысынан аяқталған, айқын қалыптасқан, білім алушылар меңгеретін білім, іскерліктер, дағдылар, құзыреттер және бағалаудың барабар критерийлері;

24) модульдік оқыту - білім беру бағдарламасының модульдік құрылымы, оқу жоспары және оқу пәндері негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;

25) міндетті компонент – МЖМС-да белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті академиялық кредиттердің ең төменгі көлемінің тізбесі;

межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

26) негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (мажор) - негізгі құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушы анықтаған білім беру бағдарламасы;

27) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;

28) оқу пәніне жазу (Enrollment) - білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу рәсімі;

29) оқытудың кредиттік технологиясы - білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу дәйектілігін академиялық кредиттер жинақтай отырып, таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

30) оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - жеке кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының жұмысы білім алушының санатына қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) болып бөлінеді;



31) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру бағдарламасы және студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде ЖОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;

32) Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

33) постреквизиттер (Postrequisite) (постреквизит) - зерделеу үшін қажет етілетін білімдер, іскерліктер, дағдылар және осы пәнді зерделеу аяқталған соң игерілетін құзыреттер қажет етілетін пәндер (модулдер) және оқу жұмысының басқа түрлері;

34) пререквизиттер (Prerequisite) (пререквизит) - пәндер және (немесе) модульдер және зерделенетін пәнді игеруге қажетті білімнен, іскерліктен, дағдылар мен құзыреттерден тұратын оқу жұмысының басқа түрлері;

35) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;

36) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);

37) транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;

38) тьютор - студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;


жүктеу 457,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау