Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



жүктеу 1,77 Mb.
бет30/72
Дата08.05.2023
өлшемі1,77 Mb.
#42482
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
umkd «ast k dak ldar n n osiru tehnologiyas » 2021-22gg

Өздігінен тексеру сұрақтары:

  1. Қазақстанда арпа өндірісін арттырудың болашағы.

  2. Мал азықтық, азық-түліктік және техникалық дақыл ретіндегі арпаның құндылығы неде?

  3. Арпаның жүйеленуі.

  4. Өсіру технологиясын жасағанда арпаның қандай морфологиялық ерекшлеіктеріне көңіл бөлген дұрыс?

  5. Дақылдың қоршаған орта факторларына талаптары.

  6. Арпаның астыққа өсіру технологиясы.

Негізгі әдебиет
1.Растениеводство// Под ред. академика ВАСХНИЛ П.П.Вавилова – М., Агропромиздат, 1986.
2.Аринов К.К., Шестакова Н.А. «Растениеводство Северного Казахстана» Астана 2009
3.Двуреченский В. Возделывание зерновых культур на основе влаго-ресурсосберегающей технологии и современной техники. Заречный, 2005.
4.Трофимовская А.Я. Ячмень. М., Колос, 1972.
5. Грязнов А.А. Ячмень Карабалыкский», Кустанай, 1996


6. ДӘРІС: СҰЛЫ


Дәрістің мақсаты: Сұлының халық шаруашылығындағы маңызын бағалау. Сұлының морфо-биологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену және солардың негізінде өсіру технологиясын жасау.
Негізгі сұрақтары:

  1. Сұлының халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.

  2. Морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін, сорттарын оқып-үйрену және осылардың негізінде астыққа өсіру технологиясын жасау.



Халықшаруашылығындағы маңызы. Сұлы – біржылдық азық-түліктік және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13 % ақсыл (белок) 40-45% крахмал, 4-6 % май болады. Оның ақсылының құрамында адамға және жануарларға қажетті айырбасқа жатпайтын барлық амин қышқылдары бар; құрамындағы май жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. В1 (тиамин) дәрумені сұлыда бидай мен арпаға қарағанда анағұрлым жоғары. Сондықтан сұлы және оның өңдеу өнімдері диэтикалық, балалардың қоректенуінде қолданылады. Сұлы астығынан әртүрлі жармалар (үлпектер, геркулес, кисель ұны) дайындалады, печенье мен галеттер пісіріледі, ұнын қара бидай және бидай ұндарына араластырып нан өндірісінде қолдануға болады.
Сұлының химиялық құрамында әртүрлі қоректік заттардың мол болуына байланысты оны көптеген жануарларға мал азығы ретінде өсіреді.
Сұлыны мал азығына басымырақ пайдаланады: оның бір кило астығы малазықтық құндылық эквиваленті және бір азықтық өлшем ретінде қабылданған. Бұл барлық жануарлар түрлеріне, оның ішінде жас төлдерге, өте жақсы мал азығы болып табылады. Сұлыны сиыржоңышқа, егістік асбұршақпен араластырып өсіру кең тараған. Оны ноғатық, сиыржоңышқа және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасымен пішенге өсіреді. Сұлының таралу ауқымы бидай мен арпаға қарағанда шектеулі. Қазақстандағы егістік көлемі орта есеппен 5 жылда (2005-2009 жж.) небәрі 157.4 мың га шамасында болды.
Бұл дақылдың өнім потенциалы айтарлықтай жоғары: егіншілік мәдениеті жоғары болғанда 30-40 ц/га және орташа егіншілік жүйесінде 20-25 ц/га деңгейінде бола алады.
Сұлының Қазақстандағы астық өнімі орта есеппен 2005-2009 жылдары 12,0 ц/га құрады.
Қоршаған орта факторларына қоятын талаптары (биологиясы). Температураға (жылуға) талаптары. Сұлы – қоңыржай климаттың өсімдігі. Тұқымдары 1-2оС өне бастайды. Көктеу мен түптену кезеңдерінде салқындау (15-18оС) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа мерзімді бозқырауды (аязды) – 7-8оС – жақсы көтереді. Өсімдіктерінің дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі бозқырау (-2оС) ол үшін қауіпті. Толысу кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның астығы (дәндері) – 4-5оС бозқырауды қалыпты көтереді.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сорттарында – 1000-1500оС, орташа мерзімдегілерінде – 1350-1650оС, ал кеш пісетін сорттарында – 1500-1800оС.
Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бидай мен арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз зардап шегеді.
Жоғары температура және жазғы ауа құрғақшылығын жаздық бидай мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. 38-40оС-да 4-5 сағаттан кейін сұлы өсімдігінің устице құрылымы сал ауруына шалдығады (ал жаздық бидайда ол 10-17 сағ., арпада – 25-30 сағ. соң басталады).
Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде де қиыншылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16оС.
Ылғалға талаптары. Сұлы ылғалсүйгіш өсімдік. Қабықты (қауызды) дәндері жалаңаш дәнді дақылдарға қарағанда бөрту үшін көбірек ылғалды талап етеді.
Сұлының тұқымы өну кезеңінде өзінің массасының 65 %-дай су сіңіреді. Сұлының транспирациялық коэффициенті 400-600 аралығында өзгереді. Оның ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі өсімдіктердің түтікке шығуынан шашақтануға дейін, әсіресе шашақтануға 10-15 тәулік қалған кездегі топырақтағы ылғал тапшылығы өте қауіпті.
Сұлы барынша жоғары астық өнімін ылғалды, жаздың бірінші жарытысындағы жауын-шашынды жылдары береді. Солтүстік аудандарда жаздың екінші жарытысында жауатын мол ылғалды сұлы нашар пайдаланады, өсімдіктерде сабан өркендер түзіледі де вегетация кезеңі созылып кетеді, нәтижесінде бозқырауға дейін сұлы пісіп үлгермейді.
Топыраққа талаптары. Сұлы салыстырмалы түрде топырақ талғамайды, алайда құмдақ және сортаңдау топырақтарда нашар өседі де сазданған жерлерді көтере алады. Ол үшін барынша байланған, қиын еритін түрде болса да қоректік заттары көп топырақтар жарамды. Басқа астық дақылдарына қарағанда қышқыл мүкті алқаптарда жақсы өсе береді. Сортаңдаған топырақтардың оған жарамдылығы шамалы.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңі - 70-100 тәулік.
Өсіруге рұқсат етілген сорттары:
Синельниковский 14, Мирный, Скакун, Черниговский 28, Ертіс, Бітік, Льговский 82, Казахстанский 70.

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау