Өздігінен тексеру сұрақтары:
Күріш морфологиясының ерекшеліктері.
Күріштің жүйеленуі.
Күріш сорттарының шаруашылық-биологиялық ерекшеліктері.
Күріштің қоршаған орта факторларына талаптары (ылғалға, жылуға, топыраққа, қоректік заттарға). Өнімділікті жоғарылататын факторлар.
Күріш өсіру технологиясының ерекшеліктері. Озат тәжірибе.
№10 зертханалық-іссаналық сабақ: Қарақұмық
Тапсырма:
Қарақұмықтың морфологиялық белгілерін оқып-үйрену, оның гүлдену ерекшеліктері, 2.31 – кестесін толтыру.
Қарақұмықтың түрлері мен түр тармақтарын анықтау және сипаттап жазу, 2.32 және 2.33 – кестелерін толтыру.
Пайдалануға рұқсат етілген сорттарын оқып-үйрену, 2.34 – кестесін толтыру.
1000 тұқымның массасы мен салмақтық себу мөлшерін анықтау.
Қарақұмықтың биологиясын оқып-үйрену.
Аймақ жағдайында қарақұмықтың операциялық өсіру технологиясын жасау.
Тапсырмаға түсіндірмелер:
Қарақұмықты шартты түрде ғана дәнді астық дақылдарының II тобына жатқызады, ол қосжарнақты өсімдіктер өкілі, астық дақылдарынан көптеген морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Тамыр жүйесі кіндікті, сабағы бұтақтанған қырлы, жапырақтары жүрек пішінді, жебе сияқты, гүл шоғыры – қалқан тәрізді шоқгүл, гүлдері бестік түрде, оларға жыныстық диморфизм құбылысы тән, осыған сәйкес екі түрлі тозаңдану болады (легитивті және иллегитивті). Осы ерекшеліктерді оқып-үйрену қажет, гүлдің құрылысы мен тозаңдану түрлеріне конспектілеу және суреттерін салу.
Егіншілікте қарақұмықтың бір түрі ғана өсіріледі (мәдени - Fagopyrum esculentum), оның егістігінде қиын ажыратылатын арамшөп ретінде жабайы түрі – татар (Fagopyrum tataricum) қарақұмығы кездеседі. Бұлардың айырмашылық белгілеріне көңіл аударылады, мәдени қарақұмық екі түр тармағына – кәдімгі және көпжапырақты – бөлінеді, олар бір-бірінен морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен ажыратылады.
Егістікте екі түршесі кездеседі – алята және аптера, бір-бірінен жемісінің құрылысымен ерекшеленеді.
Сорттарын сипаттағанда негізгі шаруашылық-биологиялық белгілеріне назар аударған дұрыс. Биологиялық ерекшеліктерін оқып-үйренгенде температура ережесі және ауа мен топырақ ылғалдылығына ерекше көңіл аударылады.
Қарақұмықтың тамыр жүйесінің ерекшеліктері мен оның алғашқы кезеңде баяу өсіп-дамуына байланысты топырақты өңдеу және танаптық тазалығына ден қойған жөн. Температура ережесіне талаптары оның себу мерзімін таңдауға әсер етеді. Егістікті күтіп-баптағанда қосымша тозаңдандыру агрошарасын ескерген абзал.
Материалдар мен құрылымдар:
Тамыр жүйесі, жапырақтары мен гүл шоғырлары сақталған қарақұмық өсімдігі.
Қарақұмық түрлерінің гербарийлері мен жемістері.
Талдау тақталары, кестелері, лупалар.
Оқулықтар, суреттер, альбомдар.
2.31 – кесте – Дақылдың морфологиялық ерекшеліктері мен өнім арасындағы байланыс
Белгілер
|
Өнімділік факторлары
|
Теріс әсерлерін азайту шаралары
|
арттыру
|
төмендету
|
Өну ерекшеліктері
|
|
|
|
Тамыр жүйесі
|
|
|
|
Сабақтары
|
|
|
|
Жапырақтары
|
|
|
|
Гүлдері
|
|
|
|
Тозаңдану ерекшеліктері
|
|
|
|
Жемістері
|
|
|
|
2.32 – кесте – Қарақұмық түрлерінің сипаттамасы
Белгілері
|
Мәдени қарақұмық
|
Татар қарақұмығы
|
Латынша атауы
|
|
|
Сабақтары
|
|
|
Жапырақтары
|
|
|
Гүл шоғыры
|
|
|
Гүлдері
|
|
|
Жемістері
|
|
|
Жеміс қырының сипаты
|
|
|
2.33 – кесте – Мәдени қарақұмық түр тармақтарының айырмашылық белгілері
Белгілері
|
Кәдімгі қарақұмық
|
Көпжапырақты қарақұмық
|
|
|
|
2.34 – кесте – Қарақұмық сорттарының шаруашылық-биологиялық сипаттамасы
Сорт
|
Пісу мерзімі (тез піскіштігі)
|
1000 тұқымның массасы, г
|
Қабықтылығы, %
|
Өсіру аудандары
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |