Умк по инженерному проектированию



жүктеу 9,53 Mb.
бет35/95
Дата08.02.2018
өлшемі9,53 Mb.
#9080
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95

Осы F мен - дің мәндерін есептегеннен кейін және кеңейтілген есептің алғашқы мәліметтерін симплекс кестесіне ұқсас кестеге жазады. Бұл кестедегі жолдардың саны оған сәйкес симплекс кестедегі жолдар санынан бірге артық болады, яғни бұл кестедегеі жолдар саны m+2 болады. Бұл кестенің тағы да бір ерекшелігі - мәндері бірінші жолға емес кестенің соңғы екінші жолына жазылады, дәлірек айтқанда - дің үлкен М – ге тәуелді қосылғышы m+2 жолға жазылады ал, - дің М –ге тәуелсіз қосылғышы m+1 жолға жазылады.

Бір тірек жоспарынан келесі тірек жоспарына көшу кезінде базиске жаңадан кіретін вектор m+2 – ші яғни соңғы жолдағы теріс сандардың ішіндегі абсолют шамасы бойынша ең үлкені орналасқан баған арқылы анықталады. Есепті шешу кезінде базистен шығарылған жасанды вектор базиске қайтадан кірмейді.

Бір тірек жоспарынан келесі тірек жоспарына көшу үшін кестені толтыру симпликс кестені толтырған ереже бойынша жүргізіледі. Бір кестеден келесі кестеге көшу процесі төмендегі 2 – жағдайдың біреуі орындалғанда тоқталады. Бірінші базистен барлық жасанды векторлар толығымен шығарылғанда. Екінші базистен шығарылмаған жасанды векторлар бар болғанымен кестенің m+2 жолында бірде – бір теріс сан жоқ.

Бірінші жағдай орын алғанда кестенің m+2 жолы болмайды. Сондықтан зерттеп отырған тірек жоспары ең тиімді жоспар болатыны немесе болмайтынын анықтаук үшін кестенің m+1 жолын қарастырамыз.



Екінші жағдай орын алғанда m+2 жолдағы P векторына сәйкес бағанада орналасқан сан теріс сан болса онда қарастырып отырған есептің шешімі болмайды. Сызықтық программалаудың (21) – (23) есебін жасанды базис әдісімен шешу үшін мынадай қадамдарды жасау қажет.

  1. Кеңейтілген (24) – (26) есепті құрады.

  2. Кеңейтілген есептің тірек жоспарын табады.

  3. Симплекс әдісінде қолданылған Жордан Гаусс түрлендірулерін қолданып базистен жасанды векторларды шығару қажет. Нәтижесінде берілген (21) – (23) есептің тірек жоспары табылады немесе ол есептің шешімі болмайтындығы анықталады.

  4. Табылған тірек жоспарды пайдаланып симплекс әдісін қолданып, берілген (21) – (23) есептің ең тиімді жоспарын табады немесе оның шешімі болмайтындығын анықтайды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

  1. Симплекс әдісі дегеніміз не?

  2. Сызықтық программалаудағы қос қабаттылық дегеніміз не?

  3. Симплекс әдісін шешу әдістері?


жүктеу 9,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау