63
КЕСТЕ ҰЯШЫҚТАРЫН БӨЛУ
Кесте ұяшықтарын керектi сандағы ұяшықтарға бөлу тө мендегi-
дей жүзеге асырылады:
1. Меңзер қажеттi ұяшыққа орнатылады немесе қажеттi жолдар
жəне бағандар блокқа алынады.
2. Жоба (Макет) панелінің Біріктіру (Объединение) тобындағы
Ұяшықтар бөлінсін (Разбиение ячеек) батырмасы таңдалады.
3. Пайда болған диалог терезесiне шығарылуы керек болған
бағандар мен жолдар саны енгiзiледi. Бұнда шығарылуы қажет болған
жолдардың саны көршi бағандардағы жолдар санынан артық болмауға
тиіс.
КЕСТЕДЕГІ МƏТIН БАҒЫТЫ
Кестеде мəтiн горизонталь бағытта солдан оңға, вертикаль ба-
ғытта жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға жазылады. Ол
үшiн:
1-əдіспен:
1. Меңзер мəтiн жазылатын ұяшыққа орналастырылады.
2. Жоба (Макет) панелінің Тегістеу (Выравнивание) тобындағы
Мəтін бағыты (Направление текста) батырмасы керекті бағыт
кескінделгенше бірнеше рет басылады.
2-əдіспен:
1. Меңзер мəтін жазылатын ұяшыққа орналастырылады.
2. Тышқанның оң жақ батырмасы басылып экранға контекст-
меню шығарылады.
64
3. Экранда бейнеленген кестеге сəйкес контекст-менюден Мəтiн
бағыты (Направление текста) амалы таңдалады. Нəтижеде экранда
мəтiн бағытын таңдау диалог терезесі кескiнделедi.
4. Экранда кескiнделген диалог терезесiнен мəтiннiң қажеттi
бағыты таңдалады жəне Enter пернесi басылады немесе тышқанның
жəрдемiмен OK батырмасы таңдалады.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Кестелер үстiнде қандай амалдар орындалады?
2. Кестеге жаңа жол немесе баған қосуды iс жүзiнде көрсетiп бер.
3. Кестеден артықша баған мен жолдар қалай жойылады?
4. Кестеде блокқа алу əдiстерiн iс жүзiнде көрсет.
5. Кестеде ұяшықтар қалай бiрлестiрiледi?
6. Кестелер ұяшықтарын бөлудi iс жүзiнде көрсет.
7. Кесте ұяшығындағы мəтiн бағыты қандай болады? Оны көрсет.
8. 2 × 3 кесте жаса жəне бағандарды əр түрлi түспен боя.
9. Кестедегi анықтамаларды жолдар бойынша əр түрлi түспен
боя.
ЖАТТЫҒУЛАР
1. «Өмірбаян 2» атты құжаттың жалғасына өткен тоқсанда пəндер-
ден алған бағаларың кескінделген кесте жасап, орналастыр.
2. Төмендегiдей кесте жаса.
65
Реттік
саны
Фамилиясы,
аты-жөні
Туылған
жылы
Рейтинг баллдары
Жылдық
ба
лл
Мекен-
жайы
Еск
ер
т
у
I жарты
жылдық
II жарты
жылдық
1-
тоқс
ан
2-
тоқс
ан
3-
тоқс
ан
4-
тоқс
ан
1.
3. Дəптеріңе «Формулалар мен өрнектер» тақырыбын жаз. Оның
жал ғасына берілген уақыт пен жылдамдық негізінде басып өтіл-
ген жолдың формуласын, 2 теңдеу, 3 салыстырмалы өрнек жаз.
WordART НЫСАНЫ
Wordтағы құжат тағы да əдемi болуы үшiн оған сөз немесе мəтiн
бөлiгiн əр түрлi графикалық пiшiндерде бейнелеу мүмкiндiгiн
беретiн WordART нысанын кiрiстiруге болады. Мысалы, WordART
нысаны реферат, мақалаларда термин немесе тақырыптар жазуда
қолданылады.
Кілт сөздер: WordART нысаны, WordART коллекциясы,
WordART нысанының форматы.
14-сабақ
5 – Информатика 6-сынып
66
WordART КОЛЛЕКЦИЯСЫ
WordART нысаны – əсем сурет көрінісіндегі мəтін. Оның жəрдемімен
арнайы мəтін эффектілерін қолдануға болады. Мəселен, ол арқылы
мəтінді бұру, созу, бірер пішін көрінісінде орналастыру немесе мəтінді
сан түрлі əдістермен бояу оп-оңай. Мəтіннің керекті жеріне жылжы-
ту немесе өлшемдерін өзгерту арқылы WordART нысанына назарды
аудартуға əбден болады.
Меңзер WordART нысанын орналастыру қажет болған қатарға
орнатылған соң, Кірістіру (Вставка) панелінің Мəтін (Текст)
тобындағы WordART
батырмасы таңдалады. Ашылған
төмендегі əдістер тізімінен ұнағаны таңдалады. Мəселен, Градиентная
заливка – черная, контур – белый, тень снаружи:
Осының нəтижесінде мəтінді енгізу үшін төмендегідей көріністе
мəтін алаңы кескінделеді:
67
Боялып тұрған мəтін алаңы орнына керекті мəтін енгізіледі.
Мысалы, Отан-анам Өзбекстаным! Жайна, Өзбекстан! Соның
нəтижесінде ерекшеленіп тұрған мəтін өшеді де, оның орнына жаңа
түрленген мəтін кесінделіп шығады.
Пайда болған WordART нысанына белсенділенген Сызу құрал-
дары-Формат (Средство рисования-Формат) контекст-менюі панелінің
форматтау мүмкіндіктерін қолдану орынды болады. Ал WordART ны-
санына жазылған мəтінде Мəтін бағыты (Направление текста), Мəтін
өлшемі (Размер текста) жəне Мəтін түсі (Цвет текста), Бояу əдісі (За-
ливка текста), мəтіннің кескінделу пішіні тақылеттес форматтауларды
қолдану назарды өзіне тартатыны сөзсіз.
Төмендегі мысалда WordART нысаны мəтінінің кескінделу піші ні
бейнеленген.
1. «Мектебіміз – мақтанышымыз!» мəтінін WordART нысанына
орналастырамыз.
Мектебіміз – мақтанышымыз!
2. Мəтін кескінделген пішінді өзгертейік. Бұл үшін Сызу құ-
ралдары-Формат (Средство рисования-Формат) конкст-меню панелі
WordART əдістері (Стили WordART) тобының
Анимация (Ани-
мация) батырмасы тізімін ашып, төмендегі Преобразовать батырмасы
тізімінен Сақина (Кольцо) пішінін таңдап аламыз да, өлшемдерін арт-
тырамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |