Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табыс ету тәртібі



жүктеу 449,84 Kb.
бет129/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

Қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табыс ету тәртібі
Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең 1 қантардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтізбелік жыл болып табылады.
Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қамтиды.
Ұйымдар:
Қазақстан Республикасының статистика органдарына тіркелу орны бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарына;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттеріне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.
Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады. Ұйымдар жылдық қаржылық есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен ұсынады.
Жария мүдделі ұйымдар(қаржылық ұйымдардан басқа) жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті орган бекіткен тізбеге, нысандарға сәйкес мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті.
Қаржылық ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жариялайды.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайлылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректердің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштерімен салыстырмалылығы; есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштерімен салыстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепте аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі.



жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау