|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаПайда мен зияндар туралы есеп
|
бет | 126/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàПайда мен зияндар туралы есеп
«Пайда мен зияндар туралы есеп» беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің № 3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл стандарт бағалау әдісі, есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде пайда мен зияндар туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді.
Пайда мен зияндар туралы есебінде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
- өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс;
- сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
- жалпы пайда;
- қаржыландырудан түскен кірістер;
- өзге кірістер;
- өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар;
- әкімшілік шығыстар;
- қаржыландыруға арналған шығыстар;
- өзге шығыстар;
- үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымдардың пайдасының/ залалының үлесі;
- жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал);
- тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал):
- салық салғанға дейінгі пайда (залал);
- корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар;
- аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі таза пайда (залал);
- аздық үлесі;
- кезеңдегі қорытынды пайда (қорытынды залал)
- акцияға арналған пайда.
Осы баптардың барлығының сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуге тиіс.
Стандарт сондай-ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді. Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады.
Түсіндірме жазбада мыналар ашылуы тиіс: тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян, өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.
Стандарт бағалауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немес зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады:
есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;
өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге, егер өзгеріс оларға да әсер етсе.
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс. Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңда анықталған, маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері. Бұрынғы жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке жасалған түзетудің сомасы есепті кезеңнің кірісіне немесе зиянына екі әдіспен қосылады:
бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгеру жолымен;
есепті кезеңнің таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен.
Бұл орайда түсіндірме жазуларда мыналарды ашу керек: елеулі қателіктің сипаты, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезең үшін түзету сомалары, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|