Қосымша төленбеген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінің есебі үшін «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 5320- шот «негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 1020-шот «Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал» 5320- шот»Басқа да қосымша төленбеген капитал». «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.
Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады. Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2412-2416 шоттары дебеттеліп, 5320 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2421-2428 шоттары кредиттеледі. Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді
Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 5320-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады:
Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына
Дт2310 Кт5020
Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына
Дт1150 Кт5020
Есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы:
ДТ 5020 Кт5410
5320 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының төмендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады: - ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1150-1110 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі; - инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2310-шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |