Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Сатып алушылармен есеп айырысу есебі



жүктеу 449,84 Kb.
бет86/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

Сатып алушылармен есеп айырысу есебі

  1. Сатып алушылармен есеп айырысу есебі

  2. Сатып алушылармен есеп айырысу б/ша бағадан ж/е сатудан жеңілдіктер есебі

1.Сатып алушылар мен тауар жеткізушілердің арасында есептесу қаражатты аудару және қолма қол ақшаны қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін. Есептесу формасы келісім шартта көрсетіледі.


Ұйым дайын өнімдерін сатып алушыларға арнаулы құжат (накладной) бойынша босатады. Құжатта жіберілетін өнімнің негізгі сипаттамалары, оның ішінде өнімнің (тауардың) коды, сорты, көлемі, маркасы, түрі ж.т.б. көрсетіледі. Дайын өнімдер қоймасынан өнімді босату үшін, мекеме басшысының босату туралы жарлығы мен мекемелер арасында жасалған келісім шарт негіз бола алады. Тауарды босатумен бірге жасалатын құжат, өнімнің (тауардың) қозғалысын бақылау үшін, қанша дана етіп жасау керек болса, сонша жасалады. Ұйымның дайын өнімді тасымалдауға байланысты шығынын, сатып алушы төлемейтін болса, ол 7110 “Өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатудың шығындары ” деп аталатын счеттар тобының дебитінде есепке алынып, көрсетіледі. Сатып алушылармен есептесу 3510, 4410, 3510, 4410, 3510, 4410 счеттар тобы бойынша жүргізіледі.
Аванспен алынған ақы ақша қаражаты есебінің дебиті және 3510, 4410, счеттарының кредиті бойынша көрсетіледі, ал қайтарылып берілген пайдаланылмаған аванс сомасы –
Дт 3510, 4410 –ақша қаражатының есебі счетының кредиті арқылы көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп жүйесінде кірістелген аванс сомасы 3510, 4410 счеттарының дебиті және 1210, 2210; 1280, 2180; 1220, 2120; 1230, 2130 счеттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Тауарларға алдын ала ақы төленіп, жұмыстар мен қызметтер де ақы төленгеннен кейін барып орындалғанмен, кей кездері тауарлар мен өнімдердің ақы төленбей тұрып жөнелтілетін кездері болады. Немесе, сатып алушы тауар құнының бір бөлігін ғана төлеп, қалғаның төлемей қоюы мүмкін. Мұндай жағдайларда азаматтық заң кодексінде әртүрлі жазалау шаралары қарастырылған. Мысалы, ҚР АК 353 бабы бойынша, борышкердің қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы, кредиторлар алдындағы азаматтық - құқықтық жауапкершілігі ескерілген. Ос бапқа сәйкес, қаржысынан айырылған тұлғаның өзінің мүліктік құқығын қалпына келтіру жолдары қарастырылған. Қаржылық міндеттемелерін орындамаған тұлғаға, заң бойынша қосымша азаматтық – құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Оған қоса, құқығы бұзылған тарап, қосымша мүліктік төлемақы талап ете алады.
Аталған бап бойынша жауапкершілік, талап ету кезінде ақы төленбесе немесе төлеу мезімі асып кеткен уақытта қолданылады. Мысалы, келісім шартта көрсетілгендей, сатып алушы жеткізушіге келісілген соманы, тауарларды қабылдап алғаннан кейін 10 күннің ішінде төлеуге тиісті болатын. Сатып алушы тауар қоймаға келіп түскеннен кейін, 6 айдан соң барып ақысын төлеген. Ескере кететін жай, егер келісім шарт бойынша, уақытыңда есептеспеуге байланысты басқа да айыппұл төлеу шаралары қарастырылған болса, тараптар сол талаптарды орындайды. Мысалы, дебитор тауар жеткізушіге алынған тауардың құнын, келісілген уақыттан 6 ай кешіктіріп төлеген, қайта қаржыландырудың шілде айындағы ставкасы 8%, ақпан айында ақы төленуге тиісті кезде – 9 пайыз болған. Алайда, келісім шарт бойынша айыппұл деңгейінің жылдық мөлшері 15% болып көрсетілген. Мұндай жағдайда, айыппұл көлемі келісім шарт бойынша төленеді. Азаматтық кодекс бойынша айыппұлдан басқа, заңды бұзушыдан шеккен зиянды да талап етуге құқығы берілген. Мысалы, зиян мөлшері 120 мың теңге болып, айыппұл сомасы 80 мың теңгені құрады делік. Бұл жағдайда, зиян шеккен тұлға, борышкерден 80 мың теңге айыппұлдан басқа, оның сыртындағы шеккен зиянның көлеміндегі соманы, яғни 40 мың теңгені талап етуге құқылы.
Айыппұл төлеу мөлшері, міндеттемені орындау күнгі қайта қаржыландыру ставкасына байланысты болады. Егер даулы мәселе сот арқылы шешілетін болса, сот шешім қабылдаған кезде, талап арыз берушінің сотқа шағымданған күнгі ставканы, болмаса сот шешім қабылдаған күнгі ставканы қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, сот заң бұзушының төлем ақыны нақты төлеген күнгі қайта қаржыландыру ставкасын қолдануды талап ете алады.
Талап ету мерзімі аяқталмаған, сонымен қатар басқа да қайтарылуы мүмкін емес дебиторлық қарыздар, әрбір міндеттеме бойынша жасалған инвентаризация материалдарына сай, мекеме жасала отырып, 1290 немесе 7210 счеттар тобы бойынша көрсетіледі.
Инвентаризация жасаудың жалпы тәртібі бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесінде көрсетілген, соған орай дебиторлық және кредиторлық қарыздар, талап ету мерзімінің өткендерін ескере отырып, сомаларының заңдылығы және дұрыстығы анықталады. Тауар жеткізушілермен есептесу жүргізілетін счеттар мұқият тексеріледі, олардың ішінде жолда келе жатқан тауарлар, келіп түскен, бірақ құжаттармен келіп жетпеген тауарлар да тегіс тексеріледі.
Есептесулерді инвентаризациялау төмендегі жағдайларды ашып көрсетуге тиіс:

1.

Әрбір қарыз бойынша талап ету мерзімін анықтау.

2.

Қарыздарды қайтару үшін қолданылатын шаралар.

3.

Есептесудің салыстыру актілерін жасау.

4.

Қарыздарды қайтару туралы график жасау және дебиторлық қарыздарды мойындайтын ресми құжаттардың болуы.

5.

Талап – арыз беру жұмыстарының жағдайы.

6.

Келісім шарттың орындалысын бақылау жағдайы.

Инвентаризация кезінде қарыздардың пайда болған уақыты, пайда болған себебі, мерзімі өтіп кеткен қарыздар бойынша жауапты тұлғалар анықталады. Барлық сатып алушылар мен дебиторларға қарыздарының мөлшері көрсетіліп, алдын ала хабарлама жіберген жөн. 3310, 4110 счеттар тобы бойынша, келіп түспеген тауарлардың тиісті құжаттары корреспонданциялатын счеттармен салыстырылып тексеріледі. Сол арқылы дебиторлық қарыздардың арасында, ақысы төленіп алынған тауарлардың бар жоғы тексеріледі. Есептесуге байланысты жүргізілген инвентаризацияның нәтижесі актімен рәсімделеді. Актіде тексерілген счеттар көрсетіліп, мерзімі өтіп кеткен дебиторлық және кредиторлық қарыздардың сомалары анықталады.Жіберілген тауарлардың бағасын инвентаризациялау кезінде, ақы төлеу мерзімі келіп жетпеген тауарлар бөлек көрсетіліп, жіберілген, бірақ ақысы уақытында төленбегендері бөлек көрсетіледі. Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесіне сәйкес, инвентаризация жыл сайын жүргізіліп, нәтижесі бойынша күмәнді талаптар резерві қалыптастырылады.


Халықаралық ж/е қазақстандық стандарттарға сәйкес сатудан түскен түсім жөнелту әдісі б/ша анықталады,яғни оның төлемінен тәуелсіз болады.Сондықтан сатып алу б/ша дебиторлық берешек дайын өнімді жөнелту кезінен бастап есепте бейнеленеді.
Сатып алушылармен есеп айырысу есебі үшін шоттар жоспарында екі шот бөлінген:
1210«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешек»
2110«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешек»
1210ж/е2120 шоттары активные,расчетные,дебеті б/ша сатып алушылар мен тапсырысшыларға
сатылған өнім,орындалған жұмыс,қызметтер үшін қойылған шоттар сомасы бейнеленеді.
Кредиті б/ша алдын-ала төленген аванстар ж/е сатып алушылардың төлеген сомалары бейнеленеді.

жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау