|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша
|
бет | 14/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàЕсеп айырысу чегі –чек берушінің өз банкіне белгілі бір ақша соммасын өз шотынан чек ұстаушыға аудару туралы жазбаша хаты. Есеп айырысу чектін төлем тапсырмасынан ерекшелігі –чекті төлеуші алушыға шаруашылық операцияның орындалуы кезінде беріледі. Есеп айырысу чектерін алу үшін алу үшін клиент өз банкінің бекітілген формадағы өтініші өткізіледі. Өтініште чектен төленетін шот номері, чектің саны мен қажет сомасы көрсетіледі. Осы мәліметтер негізінде 1 чектің лимиті бекітіледі немес әрбір чектің сыртқы бетіне жазылады. Өтінішпен бірге клиент өтініште көрсетілген соманы есеп айырысу шотынан есеп айырысу чектері шотынан аудару туралы төлем тапсырмасын ұсынады. Осы қаржы аударылып депоненттелгеннен соң ғана, чек алуға құқығы бар
Вексель –бір жақты сөзсіз ақшалай міндеттемені білдіретін қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты. Ол белгілі бір соманы алдын –ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі болады: Жай және аудармалы.
Жай вексель – вексель берушінің вексель ұстаушыға талап ету бойынша немес алдағы белгілі бір уақытта төлейтін вексельде көрсетілген ақша сомасының еш нәрсеге негізделмеген міндеттемесі жазылған вексель.
Аудармалы вексель –(тратта) вексель берушінің (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгілі бір соманы белгіленген мерзімді 3 –ші бір тұлғаға (ремитент) төлеуі туралы бұйрығы.
Жай вексель мыналардан тұрады:
Мәтіннің өзіне еңгізілген және осы құжат жасалған тілдегі "Вексель” атауы.
Белгілі бір ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уәде.
Төлем мерзімінің көрсетілуі.
Төлем жасалуы тиіс орынның көрсетілуі.
Кімге немесе кімнің бұйрығымен төлем жасалуы тиіс тұлғаның аты.
Вексельдің жасалған күні мен орнының көрсетілуі.
Құжатты берушінің қойған қолы.
Аударым векселінде мыналар болуға тиісті:
Вексель –деген атауы.
Белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық.
Төлем төлеуге тиіс тұлғаның аты.
Төлем мерзімі.
Төлем жасауға тиісті орын.
Кімге немесе кімнің бұйрығымен төлем төленуге тиісті тұлғаның аты.
Вексель жасалатын уақыт және орынды көрсету.
Вексель беретін тұлғаның қолы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|