Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет36/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48

86 
Ары  қарай  гипотезаны  тексеру  бойынша  жұмыстар  ұйымдастырылады. 
Жұмыстың  бұл  кезеңі  топ  бойынша  жұмыс  жасауды  да,  фронталды 
эксперимент ретінде де ұсынылады. Мысалы, «Спирометр құралымен дем алу 
үрдісін  зерттеу»  жұмысты  оқытушы  фронталь  орындаса  да  болады.  Ал 
«Электрлік  емес  шамаларды  өлшеу»  жұмысы  студентер  топта  орындайды. 
Студенттерге жұмысты орындау барысында лабораториялық құрал-жабдықтар 
мен  тапсырма-карта  таратылады,  онда  қосымша  көмекші  сұрақтар  жүйесі 
құралады.  Одан  соң,  студенттер  оқытушығы  гипотезаны  айтып,  негіздегенде, 
бірлесе гипотеза дұрыстығын тексереді, яғни эксперимент жоспары құрылады. 
Берілген  жағдайда  оқытушы  студенттермен  бірге  эксперимент  жоспарының 
дұрыстығын  тексереді.  Егер  студенттер  гипотезаны  тексерудің  жолдарын 
құруда  қиналса,  экспериментті  орындаудың  бағыттық  жоспары  ұсынылады. 
Жұмысты орындап болған соң, студенттер өз білімдері туралы талдау картасын 
толтырады (кесте 10). 
Қорытындыда студенттер топтағы зерттеу жұмысын орындау іс-әрекетіне 
қатысады. Бұл кезеңде оқытушы физикалық материалды меңгеруін, студенттің 
өз жұмысын адекватты бағалау қабілетінің қалыптасуын тексереді. 
Зерттеу  біткенде  студенттерге  бағалау  картасы  ұсынылады.  Бұл  картаға 
әрекеттің қалыптасу деңгейін бағалау енеді. 
 
Кесте 10 - Студенттердің өз білімін талдау картасы 
 
 
Іс-әрекет формасы 
Өзіндік талдау варианттары 
 
 
 
Мен  істей 
аламын  
Мен 
көмекпен 
істей 
аламын 
Қалай 
жасау  керек 
екені 
түсініксіз 





 
Мақсат қою 
 
 
 
Сұраққа жауап алу үшін ақпарат көзін қолдану 
 
 
 
Гипотезаны ұсыну 
 
 
 
Гипотезаны негіздеу 
 
 
 
Гипотезаны тексеруді жоспарлау  
 
 
 
Алгоритм бойынша эксперимент жүргізу 
 
 
 
Алған мәліметті тіркеу 
 
 
 
Алған нәтижені талдау 
 
 
 
Қорытынды шығару 
 
 
 
 
Топтағы жұмысқа қатысу: 
а) белсенді немесе жеке қатысу: 
- қойылған мәселені талқылау, 
- экспериментті орындау 
- дәптерге жазба енгізу 
- нәтижелерді бірлесе талдау 
в)  пассив  түрде  қатысу  (тек  дәптерге  жазба 
толтыру) 
 
 
 
 


87 
Білім алушылар өз білімдерін 0,1 немесе 2 балмен бағалауы тиіс.  
1) Эксперимент мақсатын қоя алу. 
2) Гипотезаны құру мен негіздей алу. 
3) Гипотезаны тексеру тәсілдерін ұсына алу. 
4) Физикалық экспериментті жоспарлай алу. 
А) Өлшеу немесе есептеу керек шамаларды анықтау. 
Б) Өлшеу алу үшін қажетті прибор таңдау. 
В) Экспериментті жүргізу үшін жинақтау. 
4. Лабораториялық сабақтарды жүргізудегі іс-әрекет тәсілдерін игеру: 
А)  Медициналық  лабораториялық  аппараттардың  жұмыс  істеу  принципін 
білу 
Б) Өлшеу жүргізе алу (тікелей және жанама) 
В) Алынған ақпаратты тіркей алу (кесте, график, жазбаша) 
Г) Алған ақпаратты өңдей алу (есептей алу) 
Д) Қорытындыны құра алу. 
5)  Жұмысты талқылауда белсенді қатысу (диагнотсика жүргізгенде). 
6)  Жауап жоспарына сай жұмысты ұсыну.  
7)  Оқытушы сұрағына жауап беру. 
8)  Оған  қоса  студенттерге  өз  іс-әрекетіне  рефлексияны  еркін  түрде  жүзеге 
асыру ұсынылады.  
 
Кесте 11 – Студенттердің өз іс-әрекетіне рефлексия  
 
1.Дәріске 
дейін, 
лабораториядығы 
экспериментке дейін: 
 
Мен…. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . білдім. 
Мен …. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .жасай алатынмын. 
Мен…. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . білмейтінмін. 
Мен … . . . . . . . . . . . . . . . . . . .жасай аламайтынмын. 
Мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . үйренгім келеді 
2.Дәрістен 
соң, 
лабораториялық 
эксперименттен соң: 
 
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . қайталадым. 
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . үйрендім 
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . білдім. 
Маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . түсініксіз болды 
Маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қызық болмады. 
Маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .қиын болды. 
 
Осылайша,  студенттер  өз  іс-әрекетін  жоспарлап,  шешім  қабылдап,  оны 
негіздей алуға біртіндеп үйренеді. 
Проблемалық оқыту әдісі бойынша нақты мысал келтірейік.  
Дәрістен  үзінді:  Адамның  қан  тамыр  жүйесінің  түрлі  бөліктеріндегі  қан 
жылдамдығының  таралуы  үздіксіздік  заңына  бағынатыны  белгілі,  қан 
ағынының орташа жылдамдығы тамыр ауданының көлденең қимасы аз болатын 
бөліктерінде көп болады. Экспериментті түрде нәтижесін алдық: аортадағы қан 
жылдамдығы капиллярда жоғары болады, себебі, адам ағзасындағы бір уақытта 
функцияланатын қосынды қима аорта қимасынан 500-600 есе үлкен болады.  
Проблемалық ситуациядан үзінді: 


88 
Оқытушы:  Қан  ағынының  жылдамдығы  қай  бөлікте  үлкен:  үлкен  қан 
тамыр да ма, кіші қан тамырда ма? Неге сүйеніп тұжырым жасайсыз? 
Студент:  Сұйық  ағысының  үздіксіздік  теңдеуінен  шығатыны,  кіші  қан 
тамырларында оның ағыс жылдамдығы үлкен болады. 
Оқытушы:  Жарайды.  Онда  келесі  сұраққа  жауап  беріңіздер:  ағын 
капиллярда көп па, аортада көп па? 
Студент:  Әрине,  аортада:  аорта  ағыны  1  см,  ал  капиллярда  –  бірнеше 
микрометр шамасында. 
Оқытушы:  Осы  қан  тамырындағы  қан  ағысы  жылдамдығы  өзара  қалай 
байланысқан? Үздіксіз ағыны теңдеуінен не аламыз? 
Студенттер  (ойлана  отырып):  Капиллярдағы  жылдамдық  көп  болады 
да.... 
Оқытушы: Эксперименттен алатынымыз: аортадағы қан ағынының орташа 
жылдамдығы 20см/с шамасында, капиллярда – 1 мм/с болады ма? 
Проблемалық жағдай құрылды. 
Оқытушы  (студенттерге  гипотезаны  ұсынуға  көмек  беру  мақсатында)
Аортадағы қан бір ғана капиллярға ғана түседі ма? 
Студент: Жоқ, себебі көп капиллярдан құралған бүтін жүйені құрайды. 
Оқытушы:  Осы  жағдайда,  ағынның  үздіксіздік  теңдеуінің  алғашқы 
сұрағына жауапты қолдана отырып, қай қималарды салыстыру керек? 
Студент:  Аорта  мен  капиллярдың  бір  уақытта  функцияланатын  барлық 
қосынды ағынында салыстыру керек.  
Гипотеза ұсынуға талпынып көрді. 
Оқытушы: Салыстырмалы қималардың қайсысы үлкен? 
Студент:  Капиллярдың  қосынды  ағыны  аортаның  ағысынан  бірнеше  есе 
көп. 
Оқытушы: Жылдамдықтар қатынасы туралы не айтуға болады? 
Студент:  Капиллярдағы  қан  ағыны  жылдамығы  аортаға  қарағанда  аз 
болады. 
Гипотезаны теориялық тексеру жүзеге асты. 
Оқытушы: физиологиядан белгілі, эксперименттік берілгендер сай келеді 
ма? 
Студент:  Ия  сай  келеді:  сай  графикті  талдай  отырып,  аортадағы 
жылдамдық артады, ал артерияда ол азаяды, капиллярда – өте аз болады. 
Ұсынылған гипотеза экспериментті түрде нақтыланды. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттердің  кәсіби  бағытталуын 
дамытуды негізге ала отырып, физика ғылымының тарауларын оқығанда, оның 
тек  оқулықтағы  мазмұнымен  шектеліп  қана  қоймай,  физикадан  алған  білімін 
практикада,  яғни,  болашақ  мамандығында  қолдана  алуын  қамтамассыз  ету 
керек.  
«Физика»  пәнін  медициналық  жоғары  оқу  орнында  оқыту  барысында 
электрондық  оқулық,  әдістемелік  құралдар  мен  тренажер  дәптерлер,  оқу 
құралдары қолданылды. 
1 Ү.А.  Байзақ,  Б.У.  Байзақованың  «Медбиофизика  дәрістер  жинағы»  оқу 
құралы,  2015  жылы,  Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ  түрік 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау