Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет13/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

28 
-адам  денсаулығының  қалыптасуы,  қорғаныш  қабілеті,  қалыпты  және 
патологиялық жағдайларда реттелу ерекшеліктері туралы; 
-денсаулық  сақтау  мен  медицинаның  негізгі  проблемалары  және  оның 
басқа әлеуметтік саясат салаларымен байланысы туралы
-халықаралық саясаттағы денсаулық сақтаудың маңызы туралы; 
-кәсіби  қызметті  орындау  кезінде  кездесетін  проблемаларды  шешу 
әдістемелері туралы. 
Білуі керек: 
-әлеуметтік-гуманитарлық  және  экономикалық  ғылым  салалары  бойынша 
негізгі ілімдерді; 
- медицина тарихы; 
-денсаулық  сақтау  саласындағы Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен 
нормативтік құжаттарын
-адамның  басқа  тұлғамен,  қоғамдағы,  қоршаған  ортадағы,  кәсіби 
қызметтегі қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды; 
-тіршіліктің басталуы мен дамуының жалпы заңдылықтары және организм 
жүйелері,  ағза,  жасуша,  тіннің  құрылымы  мен  қызметінің  қалыпты, 
патологиялық жағдайдағы ерекшеліктерін
- эпидемиология мен биостатиканың негіздерін; 
- ұжымдағы 
шиеленісті,  күйзелістерді,  инновациялық  мәселелерді 
реттейтін психологиялық басқару жүйесінің тиімді әдістерін; 
- халықты 
емдеу-алдын  алу,  көмек  көрсету  қызметінің  негізгі 
принциптерін; 
- ақпараттар  негізі,  республика  денсаулық  сақтау  саласының  тұтас 
ақпараттық жүйесі, электрондық үкіметті; 
- жас  ерекшеліктеріне  қарай  адам  организмі  жүйелерінің  анатомиялық  – 
физиологиялық ерекшеліктерін
- қалыпты  және  патологиялық  жағдайда  организм  жүйелерінің  өзара 
байланысы және реттелу деңгейлерін; 
- патологиялық  үдерістердің  дамуына  әкелетін  негізгі  әлеуметтік-
экономикалық, экологиялық, мәдениет факторларын
- молекулалық  биология  мен  генетика  негіздері  және  дерт  патогенезінде 
молекулалық, генетикалық факторлардың алатын орнын; 
- жиі кездесетін аурулардың эпидемиологиясын; 
- кеңінен тараған аурулардың клиникалық көрінісін, диагностикалық және 
емдеу принциптерін; 
- клиникалық-зертханалық  және  аспаптық  зерттеулердің  негізгі  жаңа 
әдістерін; 
- айғақты медицинаның негізгі принциптерін; 
- өмірге  қатерлі  жағдайды  анықтау  және  шұғыл  көмек  көрсету 
принциптерін; 
- кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптері мен халық 
денсаулығын нығайтатын іс-шараларды. 
Істей білуі керек: 


29 
- сырқат  пен  оның  дерті  туралы  мәлімет  жинап,  сараптап,  объективті 
зерттеу  әдістерін  қолдану  арқылы  дерттің  жалпы  және  өзіне  тән  белгілерін 
анықтауды; 
- сырқатты  тексеріп,  клиника-зертханалық  және  аспаптық  зерттеулердің 
негізгі жаңа әдістерін қолдана отырып алынған мәліметтерге сараптама беруді
- сырқат  жағдайының  ауыртпашылық  дәрежесін  анықтап,  шұғыл  көмек 
көрсетуді; 
- емделушімен  және  оның  ата-анасымен,  медицина  қызметкерлерімен 
сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, жетік дағдыларды игеруді; 
- жаңа  компьютерлік  технология  негізінде  медициналық  –  биологиялық 
мәліметтерді өңдеудің негізгі әдістерін қолдануды; 
- жүктілікті анықтап және физиологиялық босануға көмек көрсетуді. 
Жетік білуі керек: 
- шұғыл жағдайды анықтау және алғашқы көмекті көрсету; 
- пропедевтикалық  және  зертханалық-аспаптық  зерттеу  әдістерін  жетік 
білуге байланысты дерт белгілерін ерте анықтау; 
- қалыпты жүктілікті анықтап, қарауды және босандыру тәсілдерін; 
- кеңінен тараған аурулардың алдын алу және халық денсаулығын нығайту
- ақпаратпен  дербес  жұмыс  істеу  (оқулық,  мәліметші,  нормативтік, 
ғылыми); 
- денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүзеге 
асыру; 
- жоғары  медициналық  білім  беру  мекемелерінде  оқу-тәрбиелік  үдерісті 
ұйымдастыру. 
Жоғарыда  аталған  материалдардан,  бітіруші  түлекті  даярлауда,  олардың 
физиканы базалық пән ретінде оқыту барысында қол жеткізуге болады. Дәлірек 
айтсақ: 
- сырқат  пен  оның  дерті  туралы  мәлімет  жинап,  сараптап,  объективті 
зерттеу  әдістерін  қолдану  арқылы  дерттің  жалпы  және  өзіне  тән  белгілерін 
анықтауды; 
-емделушіні  зерттеуге,  клиника-лабораториялық  және  аспапты  тәсілдерді 
қолдана  отырып,  алынған  мәліметтерді  талдауға,  ақпаратты  бір  күйден  келесі 
түрге ауыстыру; 
- ақпаратпен дербес жұмыс істеу (оқулық, мәлімет, нормативтік, ғылыми); 
-коммуникативті мәдениетті болу және дағдыға ие болу
-емделушінің  мәселесін  шешу  және  гипотеза  құру,  прибор  берген 
мәліметтерді жүйелеу мен талдау. 
Медициналық  жоғары  оқу  орынында  физиканы  оқыту  арқылы  болашақ 
дәрігерді  емдеу  мен  диагностиканың  заманауи  физикалық,  биофизикалық 
негіздері  білімімен,  физикалық  құбылыстар  негізінде  жасалған  медициналық 
аппараттар 
мен 
қондығылардың 
жұмыс 
істеу 
принципін  білумен 
қаруландырады. Медициналық жоғары оқу орындарында физика бойынша оқу 
бағдарламаларын  талдау  [103,  б.27],  яғни  физика  пәні  бере  алатын  үлес 
қаншалықты, ол болашақ дәрігерлерді профилактикалық, диагностикалық және 
емдеу  іс-әрекетіндегі  тапсырмаларды  шешуге  қаншалықты  мүмкіндік  береді. 


30 
Осы  сұрақтарға  жауап  іздейік,  ол  үшін  дәрігердің  профилактикалық, 
диагностикалық және емдеу іс-әрекетініне талдау (кесте 1) жасайық.
 
Кәсіби тапсырмаларды шеше алу – бұл болашақ дәрігердің кәсіби маңызды 
іс-әрекетінің  (ой  әрекетті  және  практикалық)  жиынтығын  қосатын,  кәсіби 
интегралды  біліктілік.  Яғни,  жаңа,  өзгермелі  жағдайдағы  профилактикалық, 
диагностикалық  және  емдік  іс-әрекеттің  тапсырмаларын  шешуге  бағытталған 
негізгі  физикалық  түсінік  пен  заңдарды  білуі  және  түсінуіне  негізделген. 
Берілген  біліктілік  физиканың  медицина-биологиялық  пәндермен  (мысалы, 
физиология,  анатомия,  биология  және  т.б.)  интеграциясы  жағдайында, 
медициналық  жоғары  оқу  орындарындағы  физиканы  оқыту  кезіндегі  болашақ 
дәрігерлерді даярлаудың нәтижесі ретінде қарастыруға болады. 
 
Кесте  1  -  Физикалық  білім  мен  біліктілік  негізінде  шешілетін  дәрігерлердің 
кәсіби тапсырмалары  
 
Дә
рі
ге
рд
ің
 кәс
іб
и 
іс
-әр
екеті
ні
ң т
үр
ле
рі
 
Дәрігердің кәсіби тапсырмалары тізімі  
Профи
ла
кти
ка
лық
 
1.  Өмір  сүру  барысындағы  адам  организміне  қоршаған  ортаның  сыртқы 
физикалық  факторларының  кері  әсеріне  негізделген  сырқаттың  алдын  алу 
(мысалы, ультракүлгін, иондаушы сәулелену, шу және т.б.; физикалық әсерлесу 
туралы  білімді  меңгеру  жұмыстары  арқылы,  денсаулықты  сақтауға  деген 
құштарлықты қалыптастыру арқылы) - П1.  
2.  Медицина  маманының  еңбек  шартына  байланысты  жағымсыз 
жағдайларға негізделген сырқаттың алдын алу (травма және т.б.), медициналық 
(физикалық) аппаратпен жұмыс жасау барысындағы өндірістік  жарақаттардың 
алдын алу - П2 
Ди
агн
ос
ти
ка
лық
 
3. Дені сау адам ағзасындағы тіршілік процесінің диагностикасы (ағзаның 
қалыпты  функционалды  күйі,  жүктілікжәне  т.б.),  зерттеудің  лабораториялық-
аспапты  тәсілдерін  меңгеру  негізінде  (физикалық  білімі  мен  біліктілігін 
қолдану арқылы) - Д1.  
4.  Зерттеудің  лабораториялық-аспаптық  тәсілдерін  меңгеру  негізінде 
емделушінің  сырқатын  диагностикалау  (физикалық  білімі  мен  біліктілігін 
қолдану арқылы) - Д2 
Ем
дік
 
5. Физикалық құбылыстар мен процестерге негізделген түрлі (терапиялық, 
хирургиялық және т.б.) тәсілдермен емдеу - Л 1.  
6. Медициналық (физикалық) құралдарды қолдану арқылы емдеу - Л2 
 
Физика  пәнін  кәсіби  бағытта  оқыту  тұрғысынан  кейбір  пәндер  құрамын 
талдап көрейік.  
1. Медициналық  биофизика.  Жасуша  мембранасының  биофизикасы. 
Электрқозғыш  тіндердің  биофизикасы.  Кванттық  биофизика  негіздері.  Тіндер 
мен  ағзалар  биофизикасы.  Қанның  реологиялық  қасиеті.  Әр  түрлі  тіндер  мен 
ағзалардың  реографиясы.  Қан  айналымын  зерттейтін  әдістер.  Бұлшық  ет 
жиырылуының биофизикасы. Медициналық құрал-жабдықтар жіктемесі. Түрге 
айналу  өлшемінде  пайда  болатын  энергия  түрлері.  Организм  тіршілік 
қызметінің  электрлі,  механикалық  көріністерін  зерттейтін  техникалық 
құралдары.  Медициналық  энтроскопияның  негізгі  техникалық  құралдары. 
Терапиялық электронды-медициналық жабдықтар (108 сағат). 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау