22
Білімді жандандыру мәселесінің өзектілігіне байланысты жоғары
мектептің алдында білімді өз бетінше меңгеру әдістемесін оқыту және
студенттердің өмір сүру барысында әрдайым толықтыру тапсырмасы тұр [96].
Білімді қалыптастырудың әдіснамалық аспектілерін меңгеру мен ғылыми
ақпаратты алу алдыңғы қатардағы мәселе болып отыр.
Соңғы жылдары шет елдерде студенттерді даярлаудың пәнаралық
принципіне өзгерістер енгізілуде. Себебі медициналық кадрларды даярлау,
кәсіби білім мен біліктілікке, топпен жұмыс істеуге, тез шешім қабылдауға,
шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын маманды қалыптастырады [97]. Яғни
дамыған елдер ғылыми ізденіс негізінде, өзіндік білім алу мен пәнаралық
проблемалық зерттеуге негізделетін жекелей, шығарма және саралап оқытуға
бейімделген.
Сонымен, бұл айтылғандарды қорытындыласақ: білім беру мекемелері мен
бағдарламаларының мақсатының көп бағытты, оқытудың мазмұндық аспектісін
жаңа тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Іргелі пәндерді, оның ішінде
физиканы оқытудың әдістемесі мен мазмұнындағы кәсіби бағыттау талаптарын
жүзеге асыру – жоғары оқу орнының алдындағы кең ауқымды тапсырмаларды
шешуге ықпал етеді.
Медициналық жоғары оқу орындарында физика пәнін медициналық бағыт
бойынша оқытуды алғаш рет қолға алған Қазақстандық ғалымдар
А.А.Өтепбергенов пен Н.И.Губанов болатын. Олар медициналық жоғары оқу
орынына арналған алғашқы оқу құралын «Медициналық биофизикa» деп атады
және онда биофизикалық құбылыстар медициналық бағыт бойынша
қарастырылды және талданды [98]. Бірақ аталған оқулықта әдіснамалық,
редакциялық қателіктер орын алды.
Cоңғы жылдары медициналық жоғары оқу орны студентерінің физикалық
білім деңгейін кәсіби бағыт бойынша дайындауға арналған ғылыми зерттеулер
жүргізіле бастады, солардың ішінде Н.Г.Арзуманянның медициналық жоғары
оқу орындарында физиканы оқыту барысында физикалық эксперимент арқылы
студенттерде кәсіби дағдыларды қалыптастыру, Е.Л.Рязанованың жоғары
медициналық оқу орын жағдайында физика пәнін медбикелер үшін адаптивті
бағытта оқыту, С.А.Суровикинаның болашақ дәрігерлердің физикалық
эксперимент барысында жалпы құзыреттілігін қалыптасыру, О.Е.Акуличтың
медициналық және биологиялық физиканы мәндік - бағалық бағытта оқытудың
әдісін қарастыруды, А.Н.Бирюкованың медициналық жоғары оқу орындары
студенттерін пән аралық интеграция негізінде кәсіби тапсырмаларды шешуге
дайындауға арналған зерттеулерді атауға болады [46,48,47,99,100]. Осы
бағыттағы ғылыми жұмыстарды шет ел ғалымдары да жүргізген, олар
медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне физиканы белсенді
меңгертудің иновациялық жолдарын ұсынған [57].
Соңғы жылдары медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің
физика пәнін меңгерудегі құзыретілік мәселесі кең түрде зерттелуде, бұл
зерттеулерде медициналық факультет студентінің болашақ мамандыққа
байланысты физика пәнінде меңгеретін дағдылары анықталған және оны
меңгертудің жолдары ұсынылған [101].
23
Осы зерттеулердің арасында медициналық жоғары оқу орындары
студенттеріне медициналық техника бойынша кәсіби білім беру және оларды
кәсіби дайындау туралы ҚР алғашқы ғылыми зерттеу жүргізіп, өз тұжырымын
айтқан Ү.А.Байзақ болатын, ол кәсіптік білім деп «болашақ дәрігерлерді
денсаулық сақтау саласында атқаратын қызметін толық және нәтижелі
орындауына мүмкіндік беретін арнаулы білімдер мен іс әрекеттер жиынтығын»,
ал оларды кәсіби дайындау деп «болашақ дәрігерлерді меңгерген кәсіби
білімдері мен іс әрекеттер жиынтығын белгілі бір мақсатта (диагностикалық,
терапиялық, клиникалық лабораториялық зерттеу) қолдануға үйретуді» атады
[102, с. 184]. Бірақ бұл тұжырымдар болашақ дәрігерлерді медициналық
техника бойынша кәсіби дайындау туралы айтылған болатын, яғни
медициналық жоғары оқу орындары студенттерін физика пәні бойынша
дайындауға арналмаған.
Біз, жоғарыда аталған және өзіміз жүргізген зерттетулерді қорытындылай
келе, медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне физика бойынша
кәсіби білім беру деп «ҚР жоғары медициналық білім стандарты және
денсаулық сақтау саласы талаптарын қанағаттандыратын физикалық білімдерді
меңгертуді» атаймыз, ал медициналық жоғары оқу орындары студенттерін
физика пәнінде кәсіби дайындау деп «физика бойынша меңгерген теориялық
білімдерін клиникалық зерттеулерде қолдана алуын қамтамасыз ететін іс
әрекеттер жиынтығын» атаймыз.
Физика медициналық жоғары оқу орындарында жалпы білім беретін пән
болып табылады, және де бірінші курста оқытылады. А.В.Тарасованың
еңбектерінде, болашақ дәрігерлердің кәсіби деңгейін дамыту физикалық
практикумда, физикалық лабораторияда кәсіби іс-әрекет элементтерін моделдеу
процесінде жүзеге асатыны көрсетілген, онда адам ағзасындағы механикалық,
жылулық, электрлік және оптикалық құбылыстар мен қасиеттері қарастырылады
және бұл физикалық құбылыстарды оқуда студент кәсіби білімдерін ұштайды
[53, с.57].
Қазіргі кезде, денсаулықты сақтау саласында заманауи медициналық
аппараттарды қолдану күннен күнге қарқынды бағыт алуда. Яғни, бүгінгі күнгі
дәрігер медициналық техникадан алған ақпаратын жоғары дәрежеде талдаса, ол
өз кезегінде, емделушіге дұрыс диагноз қояды. Денсаулықтағы түрлі
патологиялық өзгерістердің болу себебін де түсіндіріп бере алады. Болашақ
дәрігерді кәсіби даярлауда физиканың зор мүмкіндіктерін барынша қолданып,
оны студенттерге дарыта білу керек және физиканы оқу барысында студенттерде
диагнозды сауатты қою үшін қажетті клиникалық ойлау әрекеттері мен
операцияларын дамыту қажет, яғни: гипотеза жасап, оны негіздей алу,
медициналық аппаратта берілгендерді талдай алу, ақпаратты бір күйден екінші
түріне ауыстыра алу және т.б. Осы біліктерді меңгерген жағдайда студент-
болашақ дәрігер өз ойын негіздей алатын, теориялық жағынан терең білімді,
оны практикамен ұштастыра алатын, әріптестерімен кеңесіп, науқастың ауруы
туралы дәл түйіндеме жасайтын кәсіби дәрігер болып қалыптасады.
Жоғары оқу орнындағы физикалық білім беру дифференциациясының
процесі көптен бері орын алып, ережеге сай, әр нақты жағдай үшін физика
Достарыңызбен бөлісу: |