Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Сабақтың тақырыбы: Microcoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: мәтіндік құжаттарды дербес компьютердің көмегімен даярлауға
қатысты қолданылатын ұғымдар мен әдістерді қарастыру
дамытушылық: студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – иллюстративтік, жарым-жартылай ізденіс
Сабақтың өту уақыты: 90 минут
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар
Пәнішілік байланыс: Windows операциялық жүйесі
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,қолданбалы математика
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:Балапанов Е.Қ «Информатикадан 30 сабақ»
Қосымша: Ахметов Б.С., Ерекешова М.М. «Информатика»
Студент білуге тиіс: Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтарды
Студент істей білуі тиіс: Microsoft Word мәтіндік редакторын жүктеу және жұмысын аяқтау
Сабақтың құрылымды-логикалық сызбасы мен хронокартасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 15 мин
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 мин
IV. Жаңа тақырыпты бекіту – 35 мин
V. Қорытындылау – 5 мин
VI. Үйге тапсырма – 2 мин
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқу кабинетінің сабаққа даярлығын тексеру
б) студенттерді түгендеу
в) жаңа сабақтың мақсаты, тақырыбын хабарлау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Құпия сөзді табыңыз:
6.17.19.8. 15.29.21.30.19.8.30.13 19.9.8.5.13.21.17.19.31.16.8.5 15.29.21.30.16
21.9.19.22.24.9 27.28.8.9.22.24.9 23.17.14.5.8.31
1. Ақпаратты басып шығару құрылғысы: 18,19,12,16,21,9,19
2. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы: 13,14,5,6,12,5,21,22,19,5
3. Файл, Правка, Вид- командалары қай жолға жатады: 15,29,11,30,19
4. Компьютердің құйрығы бар құрылғысы: 21,31,32,11,5,16
5. Компьютерде дыбыс шығаруға арналған құрылғысы: 13,17,14,17,16,13,5
6. Абайдың айналысқан шығармашылығы: 27,14,9,28
7. Компьютердің миы: 10,33,12,9,14,30,13 23,14,17,13
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Microcoft Word мәтіндік процессорының
көмегімен мәліметтік құжаттарды даярлау
Бұл тарауда мәтіндік құжаттарды дербес компьютердің көмегімен даярлауға қатысты қолданылатын ұғымдар мен әдістер қарастырылады. Қарапайым және кешендік мәтіндік құжаттарды даярлау, редакциялау мен пішімдеуге арналған программалы құрылымды жалпы түрде мәтіндік процессор деп атаймыз. Қарапайым мәтіндік құжаттарға пішімделген мәтінді, ал кешендік мәтіндік құжаттарға құрамына басқа объектілер (сызбалар, суреттер, кестелер, формулалар, мультимедиа объектілері) кірістірілген мәтінді жатқызады.
Microsoft Office 2000 дестесінің құрамына кіретін Micrоsоft Word 2000 мәтіндік процессоры Word-тың соңғы версиясы болып табылады. Мұнда алдыңғы версиялардың негізгі кемшіліктері жойылып, басқару жүйесі жақсартылған және торапта жұмыс істеу режимдерін қолдау құралдары ендірілген.
Microsoft Word 2000 процессорының жұмыс терезесі.
Word программасын іске қосқанан кейін экранда оның негізгі терезесі ашылады. Word-тың терезесі төрт стандартты жодардан
(тақырып жолы, меню жолы,аспаптар пернесі, күй жолы) сызғыштардан және жұмыс аймағынан тұрады.
Тақырып жолында құжаттың аты және терезенің өлшемдерін реттеуші үш бағыт тұрады
Меню жолы - Word-тың негізгі командалардан тұрады. Тышқанның шертпесі осы менюге кіретін командалар тізбегін ашып береді.
Жиі қолданылатын меню командалары аспаптар панелінің Батырма түрінде бейнеленген.
Аспаптар панелі «Стандартты» және «Пішімдеу» деген бөліктерден тұрады. Қажетті аспаптар панелі экран орнату үшін Сервис Баптау Аспаптар панелі (Сервис Настройка Панель инструментов) командасын орындап, пайда болған тізімнен Стандартты немесе Пішімдеу (Форматирование) бөлімдеріне белгі қою керек.
Жұмыс аймағында құжаттың негізгі мәтіні белгінеді. Мәтін еңгізу және пішімдеу, графиктік объектілерді кірістіру және кестелерді құру осы жұмыс аймағында жүргізіледі.
Сызғыш құжаттың өрісімен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызықша көрінбесе, оны Түр Сызғыш (Вид Линейка) командасының көмегімен шығаруға болады.
Қалып - күй жолы - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымындағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.
Құжаттарды бейнелеу режимі.
Microsoft Word 2000 мәтіндік процессоры құжаттарды бейнелеудің бірнеше режимдерін ұсынады.
Кәдімгі (Обычный) режимде құжаттың тек мазмұндық бөлігі қаралыстырылады. Бұл режимде қажетті дайынаудың ең алғашқы кездерінде пайдаланды, бұл кезде құжаттың сыртқы түріне емес, мазмұнын дайындау маңызды. Web-құжат (Web документ) режімінде құжаттың экрандағы бейнесі оның баспадағы бейнесімен дәл келмейді . Бұл режімде Word Wide Web-тегі электрондық басылымдығына тән қасиет. Өйткені электронық құжаттың қандай құралмен және қандай құрылғы бейнелейтіні алдын-ала белгісіз.
Электрондық басымдылар үшін баспа беті ұғымынын ешқандай мағынасы жоқ, сондықтан орнатылған бет параметрлер ескерусіз қалды. Сондықтан қатар экрандағы құжатты пішімдеуде салыстырмалы болып табылады. Бұл режимде электрондық басылымдар даярланады.
Ентаңбалы (Разметка страницы) режимінде құжаттың экранда толығымен көрсетілуінің толығымен баспа түріне сәйкес болады.
Бұл режим баспаға шығару арналған құжаттар үшін өте қолайлы. Құрылымдық (Структра) режимінде тек құжаттың тақырыптары көрсетіледі. Егер құжаттың дайындалу мазмұнын жоспарлаудан басталса, осы режимді қолданған қолайлы.
Құжаттың схемасы (Схема документа) режимінде Сол жақ Панельде құжаттың құрылымы , ал оң жақ панелде құжаттың өзі бейнеленеді. Бұл күрделі құрамды құжатты ашып пайдаланған дұрыс.
Осы жоғарыда айтылған режимдердің біреуін таңдау үшін меню жолындағы Түр (Вид) командасына кіру керек.
Microsoft Word процессорында мәтінмен жұмыс істеу әдістері
Жаңа құжаттарды даярлау
Word 2000 мәтіндік процессорінде жаңа құжатты даярлаудың екі әдісі бар: дайын үлгіні пайдалана отырып және бұрыңғы құжаттың негізінде даярлау.
Бұрыннан бар құжаттың көмегімен жаңа құжат даярлау үшін келесі амалдарды орындау керек:
дайын құжатты ашу керек (Файл ► Ашу (Открыть));
оны жаңа атпен сақтап қояды (Файл ► Қалай сақтау (Сохранить как));
Ондағы бар мәтінді ерекшелейді (Түзету (Правка) ►Барлығын ерекшелеу (Выделить все));
Delete батырмасымен оны өшіреді;
Нәтижесінде жеке атауы бар, бастапқы құжатқа тән параметрлері бар бос жаңа құжат алынады.
Бұл тәсілмен құжат даярлау жаңадан бастаған қолданушылар үшін қолайлы. Өйткені олар алғашқыда өз бетінше үлгі құрып не оны қолдана алмайды.
Үлгі негізінде жаңа құжат дайындау. Үлгі деп әр түрлі төтенше жағдайлардан сақтандырылған құжаттардың үлгілерін айтады. Дайын үлгі негізінде құжат даярлау келесідей орындалады:
* Файл ►Құру (Создать) командасымен файлды құру (Создание файла) сұхбат терезесін ашып алады. Сонда Құжатты құру (Создание документа) ауыстырып – қосқышын қосып, үлгінің түрін таңдап аласыз. Даярланған құжатқа жаңа ат қойып, Файл ► Қалай сақтау командасын бересіз.
* Microsoft Word 2000 мәтіндік процессорының Құжатты сақтау (Сохранение документа) сұхбат терезесі басқа стандартты қолданбалы программалардың сақтау терезелерінен өзгеше. Мұнда (Менің құжаттарым) (Мои документы) қаптамасынан өзге қаптамаларға сақтау ұсынылды.
Құжатты сақтау (Сохранение документа) сұхбат терезесінің сол жақ панелінде сақтау орындарының белгісі көрсетілген.
Журнал – логикалық қаптамасы. Мұнда соңғы уақытта құырлған құжаттарды сақтауға арналған қаптамалар орналасқан.
Менің құжаттарым (Мои документы) - құжаттар сақталған арнайы қаптама.
Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – жоғарыда айтылды.
Таңдамалы (Избранное) – Web – құрылымдарда сақталатын ерекше қаптамалар. Егер Web- қаптамаларды пайдалансаңыз, онда құжат жергілікті компьютерде емес, қашықтығы Web - серверде сақталынады.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Тапсырма: WORD РЕДАКТОРЫН ТАҒАЙЫНДАУ, ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ АЯҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: MS WORD редакторында құжатты құру, сақтау, ашу және құжат
Текстін редакциялау және форматтауды үйрену.
1 – тапсырма.
1. Word текстік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен жаңа құжат құрыңыз.
2. Файлды (құжатты) өз бумаңызда «Қауіпсіздік ережесі» деген атпен сақтаңыз.
3. Парақ бетінің параметрін көрсетіңіз: верхнее – 1,5, нижнее – 2, левое – 2,5, правое – 1,5.
4. Текст тақырыбын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – Times New Roman, өлшемі – 24, асты сызылған.
5. Текстті екі жақ шетке туралау, шрифтің аты – КZ Times New Roman, өлшемі – 14.
6. Әрбір 3 минут сайын сақтау опциясын қосыңыз.
7. Терілетін текст:
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
Есептеуіш техникасы кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегілерді білуі тиіс:
1. Жалпы ережелерді;
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді;
3. Жұмыс жасау кезіндегі ережелерді;
4. Апаттық жағдайдағы ережелерді;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді;
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
Компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер тұрған кабинеттен шығуға және кіруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
Клавиатура үстіне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютер тұрған кабинетке жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларыңды алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;
Студент компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғандығына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
ЭЕМ – мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60 – 70 см қашықтықта ұстау керек;
Кабинетке кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай – ақ көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.
Көз жаттығуларын білу міндетті.
Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
От сөндіруде көмек көрсету қажет;
Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету керек;
Компьютерлік кабинетте өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білу қажет. Оған құм және тағы басқа өрт сөндіргіш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тогының әсерінен зақымдалған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары.
Мұғалімнің нұсқауы бойынша апаратты өшіру;
Жұмыс орнын ретке келтіру;
Жұмыс орнындағы тіркеу жолына белгі қою.
8. Тексте арнайы маркерлерді қолданыңыз.
9. Қатар аралықтарын өзгертіңдер (Формат →Абзац).
10. Файлды пернелердің көмегімен сақтаңыз және жабыңыз.
2 – тапсырма.
Проводник программасының көмегімен «Қауіпсіздік ережесі» файлын ашыңыз.
Текст теруді жалғастырыңыз.
Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар:
Студенттер компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілетін жаттығуларды пайдалануы қажет:
Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):
Алысқа – жақынға, оңға – солға, жоғары – төмен қарау;
Сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау;
Көзді қолмен жауып, 1 – 1,5 минут отыру.
Басты бұру жаттығуларын жасау:
Басты сағат тілі бағытымен және керісінше бұрып айналдыру;
Басты жан – жаққа бұру.
Саусақтарды жұмып – ашу және қолдың білезігін босаңсыту. Денені босаңсыту және оны керіліп шынықтыру.
3. Біріккен текстің шрифт өлшемін – 12, шрифт атын KZ Arial өзгертіңіз.
Текст маркерлерін өзгертіңіз.
Текстке колонканы қолданыңыз, типі – 3.
3 – тапсырма:
1. Құжат құрыңыз.
2. Өз бумаңызда құжатты «Интернет» атымен сақтаңыз.
3. Әрбір 5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.
4. Төмендегі тексті теріңіз: (шрифт өлшемі – 14, шрифт аты - Times New Roman).
Интернет дегеніміз не?
Internet – кез – келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қоыслған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын дүниежүзілік желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды желі деп атайды.
World Wide Web (WWW) дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл интернеттің ең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. WWW Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен олардың бір – бірімен байланысын ақпараттық өрмек деп айтса да болады.
5. Бірінші жолға Заголовок 1 стилін қолданыңыз.
Негізге тексті (ұзындығы) ені бойынша тегістеңдер: (Формат →Абзац → Отступы и интервалы → Выравнивание → По ширине).
Негізгі текст үшін 1 см – ге тең абзац орнатыңдар. (Формат → Абзац → Отступы и интервалы – Первая строка – Отступ на 1 см.)
Негізгі текст үшін сол және оң шегіністер орнатыңдар. (Формат → Абзац → Отступы и интервалы → Отступ → Слева: 0,5 см; Справа: 1,5 см).
Жоларалық интервалды 17 пунктке тең орнатыңдар. (Формат → Абзац → Отступы и интервалы → межстрочный → точно – значение 17).
Абзац арасында қосымша интервалдар орнатыңдар. (Формат → Абзац → Отступы и интервалы → Интервал → Период: 12 пт).
Негізгі тексте Интернет сөзін курсивпен жазыңдар.
«Жылдам» сөзін оның синонимі «тез» сөзімен ауыстырыңдар, ол үшін оны ерекшелеп Сервис → Язык → Тезарус командасын орындаңыз немесе Shift +F7 пернелерін басыңыз.
Қателерін түзетіңдер: F7.
Өзгертулерді ескеріп, құжатты сақтаңдар.
Бақылау cұрақтар:
Word қандай редактор?
Оны қалай іске қосамыз?
Word терезесінде қандай жолдар орналасқан?
Word – та көбінесе қандай құрал – саймандар тақтасы қолданылады?
Тақырыптар жолында не орналасады?
Жазуды түрлендірудің қандай жолдары бар?
Word – тың қандай мүмкіндіктері бар?
Мәтін тере отырып, жолдардың арасын 1,5см ету үшін қандай амалдар орындалады?
Жіберілген қателікті қайта орнына келтіру үшін қандай команданы орындаймыз?
Қандай құрал – саймандар тақтасын білесің?
Олар егерде терезеде көрінбей тұрса, қалай шығарып аламыз?
Құжатты сақтаудың қандай тәсілдерін білесің?
Беттің масштабын қалай өзгертуге болады?
Қаріптің көлемін өзгерту жолдарын көрсет.
V. Қорытындылау:
Тапсырманы орындаған, компьютерде жұмыс жасаған оқушыларды бағалаймын.
VI.Үйге тапсырма:
Байжұманов М.Қ. «Информатика» оқулығынан 67-72 беттердегі тақырыпты оқып келу,
«Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_______Куздыбаева А.А
«__»________2017 ж
Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Пән: Информатика
Тақырыбы: Microcoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Мамандық: «Мейіргер ісі»
Курс: І
№1 ғылыми – жаратылыстану
пәндері
ЦӘК отырысында
Қаралды
Хаттама№______
«__»_________2017 ж
ЦӘК төрайымы: Садыкова Г.С.
Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған: Садыкова Г.С.
Достарыңызбен бөлісу: |