Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы


жасқа дейінгі АИТВ-инфекциясы бар балаларда арнайы



жүктеу 1,82 Mb.
бет3/7
Дата23.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#16562
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7

12. 18 жасқа дейінгі АИТВ-инфекциясы бар балаларда арнайы
профилактика жүргізу
      156. АИТВ-инфекциясы бар аналардан туған нәрестелер АИТВ-инфекциясының клиникалық белгілері болмаған және басқа қарсы айғақтар болмаған жағдайда күнтізбелік мерзімге сәйкес БЦЖ вакцинасының стандартты мөлшерімен тері ішіне бір рет егіледі.
      157. АИТВ-инфекциясы бар аналардан туылған және күнтізбелік мерзімге сәйкес егілмеген нәрестелер өмірінің 4 аптасы ішінде (жаңа туылған нәресте кезеңіде) алдын ала Манту сынамасын жүргізбей-ақ егіледі. Төрт апта өткеннен кейін БЦЖ вакцинасын егуге болмайды, өйткені генерализацияланған БЦЖ инфекциясы дамуы мүмкін. Вакцинациядан кейінгі белгі (тыртық) пайда болмаған балаларға 12 айға толғанға дейін, кейде 15-18 айға дейін (АИТВ жұққандығы толық анықталғанға дейін) БЦЖ вакцинасы қайта егілмейді. АИТВ-инфекциясы болмаған жағдайда 12 айында, кейде 15-18 айында Манту сынамасы теріс нәтижелі болса, БЦЖ екпесі жасалады.
      158. АИТВ-инфекциясы бар балалар мен жасөспірімдерде үдемелі иммундық тапшылық аясында генерализацияланған БЦЖ инфекциясының даму қаупі болғандықтан БЦЖ ревакцинациясы жасалмайды.
      159. Егер бала АИТВ-инфекциясы бар анадан туылса, бірақ өзінде АИТВ-инфекциясы болмаса, БЦЖ ревакцинациясы календарлық мерзімде 6 жаста (1-сынып) алдын ала жүргізілген Манту сынамасы теріс нәтижелі болса ғана жасалады.
13. Туберкулез ауруының химиопрофилактикасы
      160. Химиопрофилактикалық ем «ДИАСКИНТЕСТ®» реакциясы оң (нормергиялық және гиперергиялық) болған балаларда шоғырланған туберкулез анықталмаған келесі жағдайларда жүргізіледі:
      1) «Туберкулез микобактерияларының жұғуы, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған балаларға;
      2) бактерия бөлуші/бөлмейтін науқастармен қарым-қатынаста болған инфекция ошақтарындағы, соның ішінде ТҚҰ бұрын белгiсiз болған туберкулез ауруының өлiм-жітім ошақтарындағы, туберкулез микобактериялары жұққан балалар мен жасөспiрiмдерге.
      161. КДТ/ДАТ ТБ шалдыққан науқастармен қарым-қатынаста болған туберкулез микобактериялары жұққан балалар мен жасөспiрiмдерге изониазидпен химиопрофилактика жүргізілмейді, оларды III А ДЕ тобында бақылап, 6 ай сайын, ал көрсеткіштер болса – одан жиірек, туберкулез ауруын анықтау мақсатында 2 ТБ Манту сынамасын және/немесе «ДИАСКИНТЕСТ®»-ті жасап және басқа да зерттеу әдістерін қолданады.
      162. Бактерия бөлінген туберкулез инфекциясы ошақтарындағы 1 жасқа дейінгі барлық балаларға БЦЖ вакцинациясынан кейін 2 ай өткен соң химиопрофилактика жүргізіледі.
      163. Химиопрофилактика сонымен қатар 18 жасқа толмаған, туберкулез микобактериялары жұққан, иммуносупрессивті дәрілермен ем қабылдап жүрген балаларға да жүргізіледі: базисты гормональді ем (преднизолон мөлшері 15 мг/тәулігіне немесе соның эквиваленті), ағзалардың трансплантациясына байланысты цитостатикалық ем мен гендік-инженерлік биологиялық препараттар.
      164 АИТВ-инфекциясы бар адамдарға химиопрофилактиканы фтизиатр-дәрігер жан-жақты клиникалық-рентгенологиялық тексеру нәтижесінде белсенді туберкулез анықталмаған жағдайда ғана тағайындайды.
      165. Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынастың болу/болмауына қарамастан АИВ-жұққандығы бар 12 айдан асқан барлық балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге АИТВ-статусы оң болғаны анықталған кезде бір рет туберкулездің химиопрофилактикасы жүргізіледі.
      166. АИТВ-инфекциясы бар 12 айға дейінгі балаларға химиопрофилактика туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынас болған жағдайда ғана жүргізіледі.
      167. Химиопрофилактика жүргізуге арналған негізгі дәрі - изониазид (Н). Н тәуліктік мөлшері бір рет, күн сайын қабылданады, баланың 1 кг салмағына 10 мг деп есептеледі (300 мг-нан аспауы тиіс).
      168. Химиопрофилактика бір рет қана жүргізіледі. Химиопрофилактика курсының ұзақтығы 6 ай. Изониазидпен бірге құрамында В тобының дәрумендері бар поливитаминдер тағайындалады (пиридоксин – тәулігіне 25 мг).
      169. Химиопрофилактика жүргізудің қарсы көрсеткіштері: қояншық/эпилепсия, ОНЖ органикалық зақымдануы, бауыр мен бүйректің қызмет бұзылыстары бар аурулары.
      170. Н қабылдағанда жанама әсерлер пайда болған жағдайда қосымша тексерулер жүргізіп (қан, зәр талдамалары), дәріні қабылдауды 5-7 күнге тоқтатады. Десенсибилизациялық ем тағайындалады. Н қайта тағайындағанда, оны көтере алмаса, химиопрофилактика тоқтатылады. Вирусты гепатитпен ауырғандарға химиопрофилактика аурудың барлық клиникалық белгілері жойылғаннан кейін кем дегенде 6 ай өткен соң, инфекционисттің қорытындысы бойынша тағайындалады. Бұл контингентке химиопрофилактика гепатопротекторлар аясында жүргізіледі.
      171. Химиопрофилактиканы ТҚҰ дәрігерлері тағайындайды және мониторингілейді.
      172. Химиопрофилактика МСАК жүйесінде Амбулаториялыққ жағдайда, шипажайлық тектес МДҰ және балаларға арналған туберкулезге қарсы шипажай жағдайында жүргізіледі.
      173. Химиопрофилактиканы МСАК жүйесінің (емхана, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, жалпы емдеу тәжірибесі бөлімшелері), ұйымдастырылған ұжымдардың (мектеп, балабақша, орта оқу орындары) және шипажай тектес ұйымдардың (санаториялық балабақша, санаториялық топ, балаларға арналған туберкулезге қарсы санаторий) медицина қызметкерлері әрбір дозаны қабылдауды тікелей бақылап, жүргізеді.
      174. Амбулаториялыққ жағдайда химиопрофилактика аптасына 6 рет қатаң бақылаулы түрде жүргізіледі.
      175. АИТВ-инфекциясы бар пациенттерде химиопрофилактика МСАК жүйесінің және ЖИТС орталықтарының медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.
      176. Химиопрофилактика пациенттің (баланың ата-анасы немесе қамқоршысының) ақпарат алған соң өз еркімен берген ауызша немесе жазбаша келісімінен кейін жүргізіледі.
      177. Химиопрофилактика туралы ақпарат Амбулаториялыққ науқастың медициналық картасына (026/е үлгісі), ТБ 01 туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасына жазылып, «жүргізілген емді бақылау парағында» күнделікті тіркеледі.
14. IV санаттағы науқастарды анықтау және тіркеу
      178. КДТ ТБ зертханалық әдістермен дәлелденген немесе оған күдік тудырған науқастар, сонымен қатар зертханалық әдістермен дәлелденген ДАТ ТБ бар науқастар IV санат бойынша тіркеліп, емделеді. IV санатға туберкулезге шалдыққан келесі науқастар жатады:
      1) зертханалық әдістермен дәлелденген КДТ ТБ – бұл кез-келген бактериологиялық (БАКТЕК, Левенштейн-Йенсен) немесе молекулалы-генетикалық әдіс (Xpert MTB/RIF, Geno Type MTBDR®) нәтижесімен рифампицинге резистенттілік анықталғанда;
      2) ПР ТБ бар I және II санаттар бойынша ем нәтижесі «сәтсіз ем» болғанда (КДТ ТБ даму қаупі өте жоғары);
      3) зертханалық әдістермен дәлелденген ДАТ ТБ анықталғанда;
      4) екінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен жүргізілген ем сәтсіз болған науқастар (ДАТ ТБ даму қаупі өте жоғары);
      5) алдыңғы емделу барысында КДТ ТБ анықталған, бірақ бірінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем курсын «жазылды» немесе «ам аяқталды» нәтижелерімен аяқтаған науқастарда ауру қайталанған жағдайда;
      6) алдыңғы емделу барысында КДТ ТБ анықталған және екінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем курсын «жазылды» немесе «ам аяқталды» нәтижелерімен аяқтаған науқастарда ауру қайталанған жағдайда;
      7) алдыңғы емделу барысында КДТ ТБ анықталған және бірінші немесе екінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем курсын «ем тәртібін бұзды» нәтижесімен аяқтаған науқастарды ем жүргізуге қайта алған жағдайда.
      179. IV санаттағы науқастар мынадай типтер бойынша тіркеледі:
      1) IV санат, алғаш рет анықталған науқас/аурудың жаңа жағдайы - бұрын ешқашан ем қабылдамаған немесе 1 айдан кем қабылдаған науқаста I санат бойынша емнің қарқынды кезеңі аяқталғанға дейін ем алдында жүргізілген дәріге сезімталдық тестінің (бұдан әрі - ДСТ) нәтижесі КДТ ТБ болуын анықтаған жағдайда. I санат бойынша ем басталғанға дейін КДТ ТБ алғаш рет зертханалық дәлелденген науқастар бірден ТБ 11 аудандық тіркеу журналына тіркеледі.
      2) IV санат, сәтсіз ем:
      дәрілерге сезімталдығы сақталған, моно- немесе полирезистенттілігі бар немесе дәрілерге сезімталдық статусы белгісіз науқастарда бірінші қатардағы ТҚП емдеудің ҚК соңында қақырық конверсиясы байқалмаса;
      дәрілерге сезімталдығы сақталған, моно- немесе полирезистенттілігі бар немесе дәрілерге сезімталдық статусы белгісіз науқастарда бірінші қатардағы ТҚП емдеудің ЖК немесе ем соңында қайтадан бактерия бөлу анықталса;
      дәрілерге сезімталдығы сақталған, моно- немесе полирезистенттілігі бар немесе дәрілерге сезімталдық статусы белгісіз науқастарда бірінші қатардағы ТҚП емдеудің ЖК немесе ем соңында бактерия бөлу анықталса;
      зертханалық дәлелденген ДАТ ТБ жоқ немесе туберкулезге қарсы қолданылатын екінші қатардағы дәрілерге ДСТ нәтижелері жоқ және екінші қатардағы ТҚП алғаш рет немесе қайталап емделгенде «сәтсіз ем» нәтижесі анықталған бактерия бөлуші науқас;
      3) IV санат, рецидив/аурудың қайталануы – бактерия бөлуші және КДТ ТБ зертханалық дәлелденген науқас бұрын бірінші не екінші қатардағы ТҚП емделіп, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталған;
      4) IV санат, үзілістен кейінгі ем – бактерия бөлуші және КДТ ТБ зертханалық дәлелденген науқас, бірінші қатардағы ТҚП 2 ай және одан астам уақыт бойы қабылдамай үзіліс жасағаннан кейін емді қайта бастаған;
      5) IV санат, үзілістен кейінгі ем – бактерия бөлуші және КДТ ТБ және/немесе ДАТ ТБ зертханалық дәлелденген науқас, екінші қатардағы ТҚП емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзіп, емді қайта бастаған;
      6) IV санат, ауыстырылды – ем тағайындау не жалғастыру үшін басқа мекемеден ТБ 09 және Амбулаториялыққ картасы немесе сырқатнамасының көшермесін алып келген науқас;
      7) IV санат, басқалар – жоғарыда аталған типтердің анықтамаларына сәйкес келмейтін барлық жағдайларды қамтиды (аурудың қайталанған бактерия бөлусіз барлық жағдайлары және I «Г» ДЕ тобынан ауыстырылып, ЕҚД және/немесе 5-топтағы ҮҚД ем тағайындау мақсатында ТБ 11 журналына қайта тіркелген науқастар.
      180. ДАТ ТБ жағдайы зертханалық дәлелденгенде:
      1) екінші қатардағы ТҚП емдеудің қарқынды кезеңінде (12 айға дейін) ДАТ ТБ анықталған науқас қайта тіркелмейді және де оның типі өзгермейді. Ем кестесін моксифлоксацинмен және 5-топтағы ТҚП тағайындау арқылы күшейтуді КДТ/ДАТ ТБ бойынша ОДКК шешеді. Бұл жағдайда емнің қарқынды кезеңі ем кестесі өзгертілген уақыттан бастап 12 айға дейін ұзартылады;
      2) екінші қатардағы ТҚП емдеудің қарқынды кезеңі (12 ай) аяқталғаннан кейін ДАТ ТБ дәлелденген, ем нәтижесі «сәтсіз ем» деп анықталған науқас аудандық IV санатны тіркеу журналы ТБ 11 «сәтсіз ем» типімен қайта тіркеуге алынады. Науқасты бұдан әрі емдеу кестесі КДТ/ДАТ ТБ ОДКК отырысында ДАТ ТБ емге іріктеу шарттарын ескере отырып анықталады.
15. IV санаттағы науқастарды емдеу
      181. IV санаттағы науқастарды емдеу:
      1) бірінші, екінші және үшінші қатардағы ТҚП стандартты және жеке–дара кестелер бойынша қолдануға негізделген;
      2) IV санат бойынша тіркелген науқастарға I және II санаттың ем кестелері қолданылмайды;
      3) тағайындалған дәрілердің барлық мөлшерін арнайы даярланған медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен қабылдау арқылы жүргізіледі;
      4) үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:
      бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі стационарда жүргізіледі, кейіннен қақырық конверсиясына қол жеткеннен соң Амбулаториялыққ жағдайда жалғастырылады.
      Ауру анықталған кезден бастап бактерия бөлмеген науқастар ОДКК шешімімен емін бірден Амбулаториялыққ жағдайда, шипажайларда, сонымен қатар стационарды алмастыратын жағдайларда бастайды;
      екінші кезең – емнің қолдау сатысы Амбулаториялыққ жағдайда, шипажайда немесе стационарды алмастыратын жағдайларда жүргізіледі. Емнің қолдау сатысын клиникалық және әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес стационарда жүргізу мүмкіндігін ОДКК шешеді.
      182. Екінші қатардағы ТҚП, әсіресе аминогликозидтер, капреомицин және фторхинолондарға, сұйық және/немесе қатты қоректік орталарда ДСТ анықтау ТҚҰ бактериологиялық зертханаларында жүргізіледі Пенитенциарлық секторда екінші қатардағы ТҚП ДСТ анықтау мүмкін болмаса, бұл зерттеу түрі азаматтық сектордың бактериологиялық зертханаларында екі жақты келісім негізінде жүргізіледі.
      183. Екінші қатардағы ТҚП (әсіресе инъекциялық дәрілер мен фторхинолондарға) сұйық және қатты қоректік орталарда және молекулалы-генетикалық әдістермен ДСТ анықтау ЕҚД ем тағайындалғанға дейін IV санатға тіркелген КДТ ТБ шалдыққан науқастардың бәрінде бірдей жүргізіледі.
      184. IV санат кестесі бойынша ем алып жатқан, бірақ жүргізілген ем нәтижесіз болған (бақылаулы емнің 5-айынан кейін қақырық микроскопиясы немесе дақылды әдіс бойынша бактерия бөлуі сақталған, аурудың клиникалық, рентгенологиялық көрінісінде теріс динамика байқалған) КДТ ТБ шалдыққан науқастарда екінші қатардағы ТҚП сұйық және қатты қоректік орталарда ДСТ қайта жасалады.
      185. Науқасты IV санат бойынша емдеу туралы шешім қабылдауға, ем кестесін анықтауға тек қана КДТ/ДАТ ТБ ОДКК құқылы және де олар ем кестесі, ТҚП қабылдау жиілігі мен мөлшерін бекітеді.
      186. ОДКК жұмыс тәртібі мен құрамы осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасында келтірілген.
      187. IV кесте бойынша және ДАТ ТБ емдеу емнің толық курсына жеткілікті дәрілер жиынтығы болған жағдайда ғана тағайындалады.
      188. ДАТ ТБ бар науқастарды екінші және үшінші қатардағы ТҚП емдеу осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасында келтірілген туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге ұсынылған тәуіліктік мөлшеріне (мг) сәйкес жүргізіледі.
      189. IV кесте бойынша және ДАТ ТБ емдеуді бастамас бұрын науқаспен, балалар мен жасөспірімдердің ата-анасымен (қамқоршыларымен) ем курсын міндетті түрде толық аяқтау қажеттілігі туралы сұхбат жүргізіледі. Әрбір жадайда ТБ 14 – науқастың ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келісімі толтырылады.
      190. IV кесте бойынша емнің қарқынды кезеңінде екінші қатардағы кем дегенде 4 ТҚП, оның біреуі – инъекция түрінде, тағайындалады. Пиразинамид ем кестесіне міндетті түрде қосылады. Сезімталдығы сақталған бірінші қатардағы басқа да ТҚП ем кестесіне қосылады.
      191. Пиразинамид КДТ/ДАТ ТБ емдеу кестесіне тек емнің қарқынды кезеңінде ғана қосылады.
      192. ТМБ этамбутолға сезімталдығы сақталған жағдайда бұл дәрі IV санат бойынша емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдерінде ем кестесіне қосылады.
      193. Науқасты ЕҚД емдеуге Xpert MTB/RIF нәтижелері бойынша алған жағдайда ВACTEC немесе Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасында этамбутолға төзімділік анықталғанға дейін бұл дәрі ем кестесіне қосылады.
      194. ДАТ ТБ бар науқастарды емнің қарқынды кезеңінде емдеу үшін ТҚП 5 тобы қолданылады:
      1) 1–топ: сезімталдығы сақталған ауыз қуысы арқылы қабылданатын дәрілер этамбутол және/немесе пиразинамид. Пиразинамид емнің толық курсы бойы науқастардың оны көтере алуын ескере отырып қолданылады;
      2) 2–топ: инъекциялық дәрі (канамицин, капреомицин немесе амикацин). Аминогликозидтерге сезімталдық сақталған жағдайда соларды қолданған жөн. Аминогликозид тобының дәрілеріне төзімділік анықталған жағдайда капреомицинді тағайындаған жөн;
      3) 3–топ: фторхинолондар тобының соңғы буынды дәрісі (моксифлоксацин);
      4) 4–топ: екінші қатардағы бактериостатикалық әсер ететін дәрілер (этионамид/протионамид, циклосерин, ПАСК) емнің толық курсы бойы науқастардың оларды көтере алуын ескере отырып қолданылады;
      5) 5–топ – амоксициллин-клавуланат, кларитромицин, линезолид, клофазимин.
      195. Емнің қарқынды кезеңі:
      IV кесте бойынша 8-12 ай бойы егу әдісінің екі теріс нәтижесін алғанға дейін жүргізіледі. IV санат бойынша стандартты ем кестесі:
      Cm/Km/Am + Ofx (Lfx) + Eto (Pto) + Cs + Z + PAS.
      ДАТ ТБ бойынша 12-15 ай бойы егу әдісінің төрт теріс нәтижесін алғанға дейін жүргізіледі. ДАТ ТБ емдеудің стандартты кестесі:
      Z (E) + Cm/Km/Am + Mfx + Eto/Pto + Cs + PAS + Amx-Clv + Clr;
      196. IV кесте бойынша емнің қолдау сатысынде екінші қатардағы ТҚП кем дегенде үшеуін, фторхинолон тобының дәрісін міндетті түрде қоса қолдану керек. ДАТ ТБ бойынша емнің қолдау сатысынде - моксифлоксацин, амоксициллин-клавуланат, кларитромицин, сезімталдық сақталған және науқас көтере алған жағдайда - циклосерин, тиoaмидтер мен ПАСК қолданылады.
      197. IV кесте бойынша емнің қолдау сатысы 12 ай бойы жүргізіледі. Стандартты ем кестесі:
      Lfx (Ofx) + Pto (Eto) + Cs + PAS.
      ДАТ ТБ бойынша емнің жалғастыру кезеңінің ұзақтығы - 15-18 ай. Стандартты ем кестесі:
      Мfx + Cs + Eto/Pto + PAS + Amx-Clv + Clr;
      198. IV кесте бойынша жалпы ем курсының ұзақтығы 20 - 24 ай: емнің қарқынды кезеңі – 8 - 12 ай; қолдау сатысы – 12 ай; ДАТ ТБ бойынша жалпы ем курсының ұзақтығы 27 - 33 айды құрайды: емнің қарқынды кезеңі – 12 - 15 ай; қолдау сатысы –15 - 18 ай.
      199. Ем алдында бактерия бөлуі анықталмаған және шектеулі үрдісі бар балаларда емнің қолдау сатысынКДТ ТБ ОДКК шешімімен 6 айға дейін қысқартуға болады.
      200. IV кесте және ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқастарда қақырықты микроскопиялық және егу әдісімен тексеру: емнің қарқынды кезеңінде – ай сайын, қолдау сатысынде – тоқсан сайын жүргізіледі.
      201. Науқас IV кесте бойынша емнің қолдау сатысыне клиникалық, рентгенологиялық оң өзгерістер байқалып, ай сайын алынған қақырықты егу нәтижесі қатарынан екі рет теріс болғанда, ал ДАТ ТБ бойынша – ай сайын алынған қақырықты егу нәтижесі қатарынан төрт рет теріс болғанда ауыстырылады.
      202. Бастапқы кезде культуральдық және/немесе микроскопия әдістерінің нәтижелері теріс болған науқастар IV кесте бойынша емнің қарқынды кезеңінде 8 ай емделгеннен соң емнің қолдау сатысыне ауыстырылады.
      203. IV кесте және ДАТ ТБ бойынша дәрілер емнің қарқынды кезеңінде күн сайын аптасына 7 рет, емнің қолдау сатысынде аптасына 6 рет қабылданады. Егер емнің қарқынды кезеңі амбулаториялыққ түрде жүргізілсе – аптасына 6 рет.
      204. ТҚП тәуліктік мөлшері стационарда бір рет немесе екіге бөліп, ал Амбулаториялыққ жағдайда бір рет қабылданады. Стационардағы ТҚП тәуліктік мөлшерін бөліп ішетін науқастар, ауруханадан шығар алдында кем дегенде 2 апта бұрын бір рет қабылдау тәртібіне ауыстырылады.
      205. IV кесте және ДККТ ТБ бойынша ем науқастың салмағын ескере отырып тағайындалады да, ай сайын науқастың салмағы тексеріліп, салмақ қосылған сайын ТҚП мөлшері түзетіліп отырады.
      206. ЖҚА,ЖЗА, ҚБА ем басталғанға дейін жүргізіліп, кейіннен емнің қарқынды кезеңінде ай сайын, қолдау сатысынде тоқсан сайын, көрсеткіштер болса – жиірек жүргізіледі.
      207. Реберг сынамасы, креатининнің клиренсін есептеу және электролиттердің балансы ЕҚД ем тағайындалғанға дейін барлық науқастарда жүргізіледі де, кейіннен – көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.
      208. Іш қуысы ағзаларын және қалқанша безін УДЗ, тиреотропты гормонның титрын анықтау, КТ, ФГДС, ФБС, телімді мамандардың кеңестері (невропатолог, эндокринолог, психотерапевт, ЛОР және басқалар) көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
      209. IV санаттағы науқастардың Амбулаториялыққ емін ұйымдастыру:
      1) Амбулаториялыққ ем ТҚҰ диспансерлік бөлімдерінде және МСАК мекемелерінде жүргізіледі;
      2) бактерия бөлмейтін, интоксикация белгілері айқын емес, қосарласқан аурулары және дәрілерге аллергиялық реакциялары жоқ науқастарға;
      3) бактерия бөлуші науқастарда тағайындалған ем жүргізілгеннен кейін қатарынан, кем дегенде 10 күн аралықпен жасалған қақырық жағындысы микроскопияның екі нәтижесі теріс болған науқастарға;
      4) науқастарға капреомицин немесе аминогликозидтердің инъекциялары ТҚҰ диспансерлік бөлімдері немесе МСАК мекемелеріндегі егу бөлмелерінде жасалады;
      5) IV санат бойынша арнайы ем қабылдап жатқан науқастарды 10 күнде 1 рет, қажет болған жағдайда одан да жиірек, ТБЕ жүргізіліп жатқан орнына сәйкес - ТҚҰ немесе МСАК мекемесінің учаскелік дәрігерлері қарап–тексеруі тиіс;
      6) ТҚҰ диспансерлік бөлімдері немесе МСАК мекемелерінде IV санат бойынша арнайы ем қабылдап жатқан науқастарға көрсеткіштер бойынша ТҚП жанама әсерлері мен қосарласқан ауруларға қарсы симптоматикалық және патогенетикалық ем жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуы керек;
      7) туберкулезге қарсы қолданылатын екінші қатардағы дәрілердің жанама әсерлерін емдеу қағидалары 12-қосымшада келтірілген;
      8) Амбулаториялыққ кезеңде КДТ ТБ шалдыққан барлық науқастарға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетілуі тиіс;
      9) ем үзілмей жүргізілуі мақсатында науқасқа да (ай сайын төленетін ақы, азық–түлікпен, ыстық тағаммен, жол ақысымен жне т.б. қамтамасыз ету) және тікелей бақылаулы ем жүргізетін медицина қызметкерлеріне де (қаржылай қолдау, тұрғын үй бөлу және т.с.с.) материалды қолдаудың әртүрлі тәсілдері жүйелі түрде қолданылуы тиіс;
      210. Балалар мен жасөспірімдерді IV кесте бойынша емдеу КДТ ТБ емдеудің жалпы қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
      211. Екінші қатардағы ТҚП қабылдауды 2 ай және одан да астам уақытқа үзген науқастарда ем, екінші қатардағы ТҚП ДСТ анықталғанша, IV санаттың қарқынды кезеңінің стандартты кестесімен жүргізіледі. Екінші қатардағы ТҚП ДСТ анықталғаннан кейін ем кестесі дәріге сезімталдықты ескере отырып түзетіледі;
      212. КДТ ТБ шалдыққан науқастарды ЕҚД емдеу барысында микроскопия әдісімен 4-айда және культуральдық әдіспен 6-айда қақырық конверсиясы байқалмаса, уақытылы ұлттық деңгейдегі мамандардың сырттай немесе көзбе-көз кеңесі қажет.
      213. IV кесте бойынша 10 ай бойы және ДАТ ТБ бойынша 15 ай бойы жүргізілген бақылаулы емге қарамастан қақырық жағындысы микроскопиясының және/немесе егу әдісінің нәтижелері бойынша бактерия бөлу сақталған жағдайда науқастарды IV санат бойынша емдеу тоқтатылады.
      214. Туберкулезге қарсы ем тоқтатылғаннан кейін бактерия бөлуші науқас симптоматикалық ем жүргізу бөлімшесіне ауыстырылады.
      215. Науқас симптоматикалық ем жүргізу бөлімшесінде бактерия бөлу тоқтағанша оқшауланады (қақырық микроскопиясы мен культуральдық әдістің теріс нәтижелері).
      216. Емді тоқтату себебі туралы науқас және оның туысқандарын хабардар ету керек. Аталған науқастар санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізумен қатар, психологиялық көмек және симптоматикалық емге мұқтаж.
16. IV санаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу
      217. IV санаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу:
      1) сауықты/жазылды:
      IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған және емнің соңғы 15 айы ішінде 3 ай сайын жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелері қатарынан кем дегенде бес рет теріс болған науқас;
      IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған, емнің соңғы 15 айы ішінде егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық нашарлау белгілері анықталмаған және кейіннен 3 ай сайын жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелері қатарынан 3 рет теріс болған науқас;
      ДАТ ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған және емнің соңғы 21 айы ішінде 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері қатарынан кем дегенде жеті рет теріс болған науқас;
      ДАТ ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған, емнің соңғы 21 айы ішінде егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық нашарлау белгілері анықталмаған және кейіннен 3 ай сайын жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелері қатарынан 5 рет теріс болған науқас;
      емнің 0 айында қақырық микроскопиясы теріс нәтижелі болған, бірақ микроскопияның алдыңғы нәтижелері бойынша бактерия бөлуші науқаста ем барысында «сауықты» деген ем нәтижесін анықтауға жеткілікті егу әдісінің теріс нәтижелері болған жағдайда;
      2) ем аяқталды - IV кесте және ДАТ ТБ бойынша емнің толық курсын аяқтаған, бірақ «сауықты» немесе «сәтсіз ем» анықтамаларына сәйкес келмейтін науқас;
      3) сәтсіз ем:
      IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 15 айы ішінде жүргізілген қақырықты қақырық жағындысының 5 нәтижесінің кем дегенде екеуі немесе емдеудің осы уақыты ішінде жүргізілген соңғы үш культуральдық әдістің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;
      IV кесте бойынша 10 ай бойы ем қабылдаған науқаста микроскопия немесе культуральдық әдіс бойынша бактерия бөлу сақталса;
      IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста соңғы 12 ай ішінде микроскопия әдісімен қақырық конверсиясы анықталмаса;
      IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;
      ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы ішінде 7 рет жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелерінің кем дегенде екеуі немесе емдеудің осы уақыты ішінде жүргізілген соңғы үш культуральдық әдістің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;
      ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы ішінде 7 рет жүргізілген қақырық жағындысы нәтижелерінің кем дегенде екеуі оң болған жағдайда;
      ДАТ ТБ бойынша 15 ай бойы ем қабылдап жатқан науқаста микроскопия не жағынды бойынша бактерия бөлу сақталса;
      ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;
      4) қайтыс болды - IV кесте және ДАТ ТБ бойынша ем барысында кез-келген себептен қайтыс болған науқас;
      5) ем тәртібін бұзды - IV кесте және ДАТ ТБ бойынша емді екі не одан да көп айға үзген науқас;
      6) ауыстырылды – осы емдеу мекемесінен басқа мекемеге кетіп, IV кесте және ДАТ ТБ бойынша ем нәтижесі белгісіз науқас. «Ауыстырылды» деген ем нәтижесі ТБ 09 үлгісінің жыртылмалы түбіршігі бар және қабылдап алған жақта науқастың диспансерлік есепке алынып, емін жалғастырғаны құжатталған жағдайда ғана қойылады. Бұл ем нәтижесі аралық болып есептеледі және емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін емнің түпкілікті нәтижесі анықталуы тиіс.
      КДТ ТБ екінші қатардағы ТҚП емдеу тиімділігінің индикаторлары: емнің 9-айында микроскопия және культуральдық әдіспен бактерия бөлуші өкпелік туберкулезі бар науқастардың 85% конверсияға қол жеткізу, емнің сәтті/табысты болу көрсеткіші – КДТ ТБ барлық жағдайларының 75%-да.
жүктеу 1,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау