Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына – 3 сағат, жылына – 102 сағат
БЖБ саны – 9; ТЖБ саны – 4. Оқулық: Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Корчевский В.Е. «Мектеп» 2019 ж.
Геометрия
Пәнді оқытудың мақсаты:
Барлық оқушыларды одан әрі оқуға қажетті геометрия облысындағы математикалық дайындықтың базалық деңгейімен қамтамасыз ету; сабақтас пәндер мен жоғары сыныпта стереометрия курсын игеруге қажетті дайындық жүргізу; оқушылардың кеңістіктік түсініктерін, бейнелік ойлауды қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту; геометриялық салуларды орындау және оның дұрыстығын негіздей білу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту; геометриялық білім мен математикалық іс-әрекет дағдылары негізінде практикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру және дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы түсініктерін, бір немесе бірнеше геометриялық фигуралардың элементтерінің арасындағы сандық және сапалық қатыстарды қалыптастыру; дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын қалыптастыру және дамыту; қарапайым сызбаларды салу, өлшеу дағдыларын қалыптастыру; өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру және дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде беру біліктігін қалыптастыру және дамыту; жазық фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білімдерін кеңейту және жүйелеу; есептеуге, дәлелдеуге және салуға арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту; күрделілігі әртүрлі сызбалардағы геометриялық фигураларды тану, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын ұлғайту; жазықтықтағы түрлендірулер арқылы алынған жазық фигуралардың бейнелерін салу біліктігін қалыптастыру және дамыту; геометриялық есептерді алгебралық әдістермен шешу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту; оқушылардың кеңістік және кеңістіктік фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды кеңістіктік фигуралардың кескіндерімен және олардың элементтерімен таныстыру; геометриялық шамаларды табуға арналған практикалық есептерді құрастыру және шешу (қажет болған жағдайда анықтамалықтарды және техникалық құралдарды пайдаланып) біліктігін қалыптастыру және дамыту; жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу біліктігін қалыптастыру және дамыту.
«Геометрия» пәнін оқытуда оқушылардан күтілетін нәтиже:
анықтамалықтарды қолданады, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздейді;
математикалық формулаларды қолданады, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастырады;
индукциялық және дедукциялық ойлау тәсілдерін қолданады, геометриялық есептерді шешудің әртүрлі жолдарын көре біледі;
геометриялық шамаларды табуға байланысты (қажеттілігіне қарай анықтамалықтарды және техникалық құралдарды пайдаланып) практикалық есептерді құрастыра және шығара біледі;
математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіреді;
қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді шешу, жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін зерттеу құралы ретінде заманауи ақпараттық технологияларды қолданады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде:
Оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.
Оқытудың міндеттері: кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне және пайдалана білу біліктігін дамыту.
10-сынып –аптасына 1 сағат, оқу жылында -34 сағат;
11-сынып –аптасына 1 сағат, оқу жылында -34 сағат;
«Геометрия» пәнін оқытуда оқушылардан күтілетін нәтиже:
-геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады;
- кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын;
- кеңістіктік фигуралардың теңдігін;
- дөңес фигураларды;
-геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштардың өлшемі, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді;
-көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды;
-кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын;
-геометриялық фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметрияларды) оқып біледі.
«Геометрия» оқу пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшелігі
10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және олардың жазықтықпен қималарына назар аударған жөн. Есептерді шығару барысында оқушылар қандай формуланы пайдалану керектігін, яғни геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек. Кейін есептің шартына байланысты немесе формулаға қажетті ішкі параметрлерінің барлық мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |