Түсіндірме жазба



жүктеу 90,15 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі90,15 Kb.
#5583
түріБағдарламасы

Түсіндірме жазба
Осы жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМБС тіркеу № 4.05.004-2008) сәйкес 0510000 «Іс жүргізу және мұрағаттану» мамандығына әзірленді.

«Ақпараттық технологиялар және компьютерлік іс жүргізу» пәнінің мақсаты – жеке компьютерде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және жаңа офистік техника құралдарын меңгеру. Қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдалану және графикалық бағдармалар, мәліметтер базасы мен интернет қорын пайдалануды үйрету.

Бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда «Ақпараттық технологиялар және компьютерлік іс жүргізу» пәнінің рөлі мен маңызы – білім алушыларды компьютерлік техника мен оргтехниканы қолдану дағдыларын меңгеріп, құжаттарды мәтіндік және кестелік үлгілерін толтыруға, құрастыруға және редакциялауға үйрету. Бағдарламалардың графикалық безендіру мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, интернет желісі мен электронды пошта қызметін өз жұмысында қолдана білу . Оның ішінде E-mail, ftp, www, IP-телефония мүмкіндіктерін, браузерлермен жұмыс істеу негіздерін, ақпараттық-іздеу мен internet қызметінің түрлерін және электронды үкімет туралы, электронды поштаның жұмыс істеу тәртібі, форумдар мен чаттар туралы түсінік беру.

Сонымен қатар, жарнама жұмыстарын безендіру мақсатында қолданылатын графикалық бағдармалар оқытылады.

Осы жұмыс оқу бағдарламасы біліктіліктің төмендегі деңгейлері бойынша жүзеге асырылады: жоғары деңгей

Хатшы-референт.

Оқу үрдісі барысында компьютерге жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді, ол үшін: білім алушылар тақырыптар бойынша жаттығу жұмыстарын жасайды және оған сәйкес тәжірбиелік жұмыстар орындалады.

«Ақпараттық технологиялар және компьютерлік іс жүргізу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында оқытуды ұйымдастырудың төмендегі нысандары ұсынылады: лекциялар, семинарлар,тәжірбиелік жұмыстар, бақылау жұмыстары және т.б.

Оқу материалының ерекшеліктерін ескере отырып келесі оқыту әдістерін ұсынамыз: әңгіме, өндірістік жағдайларда сараптама, рөлдік және іскерлік ойындар, миға шабуыл, белгілі тақырыптарға жарнама дайындау, кіші топтармен жұмыс және т.б.

Оқылатын курс төмендегі пәндерден алған білімдеріне негізделеді:



  • Математика;

  • Информатика;

  • Физика.

Курста алған білімдер төмендегі пәндерді зерделеу барысында қолданылады:

  • Құжаттар хат-хабар, іс жүргізу;

  • Қазіргі ұйымдастыру техникасы және машинабасу;

  • Бағдарламалау негіздері;

  • Мұрағаттану.


Тақырыптық жоспар




Тақырыптар атауы

Сағат саны



Кіріспе. Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы.

2

  1. 1

ДК-нің құрамына кіретін құрылғылары

32



Windows-ты меңгеру

42

  1. 2

MS Word - мәтіндік редакторы

36



MS Excel - электронды кестелер

30



MS Power Point - презентациялар редакторы

22

  1. 3

MS Access мәліметтер базасын басқару жүйесі

14

  1. 4

Corel Draw графиктік бағдарламасы

14

  1. 5

Телекоммуникациялық технологиялар

18

  1. 6

Вирустар. Антивирустық бағдарламалар

8



Компьютерлік техника және оргтехникамен жұмыс

11




Барлығы

229


Тақырыптық жоспар мазмұны
1-тақырып Кіріспе. Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы.

Компьютерлік кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы. Кіріспе. Компьютерлермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техника ережелері. «Ақпараттық технология» ұғымына түсінік. Пәннің оқытылу мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру.

Ақпарат және ақпараттық процесстер. Ақпарат ұғымының түсініктемесі. Ақпарат түрлері. Мультимедиа түсініктігі. Ақпараттық процесстер: тасымалдау, өңдеу және сақтау
2-тақырып ДК-нің құрамына кіретін құрылғылары

Дербес компьютердің даму тарихы. Дербес компьютерлердің пайда болуына сылтау болған ғылыми ашылымдар. Электронды есептеу машиналардың құрастырылуы. Алғашқы ЭЕМ-дер жұмыс жасау принциптері. ЭЕМ даму буындары: электронды лампалар, транзисторлар, интегралды микросхемалар. Информатика ғылымына үлес қосқан математиктер, физиктер, инженерлер.

ДК-нің құрамына кіретін құрылғылары. ДК-нің қолданылу аясы. ДК-лердің минималды конфигурациясы, негізгі құрылғылар тобы. ДК-дің қосымша құрылғылар топталуы. Компьютерлердің ішкі және сыртқы құрылғыларына сипаттама
3-тақырып Windows-ты меңгеру

Бағдарламалық қамтамасыз ету және оның бөлінуі. Бағдарламалық жасақтамалар. Жүйелік бағдарламалық жасақтамалар: амалдық жүйелер. Қолданбалы бағдарламалық жасақтамалар: қосымшалар. Инструменталды бағдарламалық жасақтамалар: бағдарламалау тілдері. Амалдық жүйелерге жалпы шолу. Windows АЖ: негіздемесі және арналымы. Windows АЖ-нің негізгі объектілері: терезелер, жұмыс үстелі, лақаптар, бумалар, белгішелер. Windows АЖ-де басқару принциптері. Windows АЖ-нің басқару панелі, қызметтік бағдарламалар, Windows АЖ-нің анықтама жүйесі, Windows қалыпталған бағдарламалары. Дискілерді тексеру және оларды бөлшектеу. Файлдарды мұрағаттау және іске асыру. Файлдар: аттары. Қалталар. Қалталарды құру және файлдармен жұмыс жасау.


4-тақырып MS Word - мәтіндік редакторы

MS Word - мәтіндік редакторы. Стандартты және форматтау тақталары.

Құжаттарды жасау тәсілдері. Құжаттың параметрлерін тағайындау. Қаріп және абзацтарды форматтау. Мәтінді бағандарға бөлу. Колонтитулы. Беттерді рәсімдеу тәсілдері және жиектер. Кестелерді құру және рәсімдеу. Кестелерді есептеулерде пайдалану. Стилдер мен шаблондар: таңдау және пайдалану. Шаблонды пайдаланып құжаттар жасау. Арнайы символдар: таңдау және кірістіру. Маркерлер мен нөмірлеуді пайдалану. Қарапайым графикалық элементтерді салу

Графикалық объектілерді кірістіру. Сурет салу тақтасы. MS Equation формулалар редакторын қолдану. Құжаттарды баспаға дайындау.


5-тақырып MS Excel - электронды кестелер

MS Excel - электронды кестелер: негізгі ұғымдар. Жұмыс парақтарымен жүргізілетін жұмыс тәсілдері. Деректер типтері. Форматтау. Автотолтыру. Мәліметтерді қорғау. Функциялар мен формулаларды пайдалып есептеу. Есептеулер кезінде сілтемелерді қолдану. MS Excel сызбалық мүмкіндіктері. Диаграммалар шебері. Диаграммаларды құру. Электрондық кестелерді деректер қоймасы ретінде пайдалану. Деректерді сұрыптау. Автосұрыптау


6-тақырып MS Power Point - презентациялар редакторы

MS Power Point - презентациялар редакторы: негізгі ұғымдар. Слайдтарды таңдау оған мәлімет енгізу және безендіру. Автомазмұндама шеберін қолдану. Анимацияны баптау. Демонстрация. Уақыт енгізу. Слайдар презентация дайындау. Өз кәсібі бойынша жарнама жасау.


7-тақырып MS Access мәліметтер базасын басқару жүйесі

MS Access мәліметтер базасын басқару жүйесі. Негізгі ұғымдар. Мәліметті ұзақ уақыт сақтау мен іздеу жұмыстарындағы маңызы туралы түсінік. Көп кестелі мәліметтер базасы. Байланыс түрлері. Кестелер шебері көмегімен кесте құру. Сұраныс жасау.


8-тақырып Corel Draw графиктік бағдарламасы

Мәзір жолын пайдалану. Стандартты аспаптар қатары. Қалып-күй жолының ерекшелігі. Құралдар. Құралдар топтамасы және олармен жұмыс жасау тәсілдері. Түстер палитрасы. Бояу түрлерін пайдалану. Мәтіннің түрлері. Мәтінді безендіру әдістері. Визиттік карточка дайындау.


9-тақырып Телекоммуникациялық технологиялар

Телекоммуникациялық технологиялар- internet. Компьютерлік желілер. Желілер топологиясы. Бүкіләлемдік WWW өрнегі. Браузерлер және веб беттерді жасау. Интернет жүйесін пайдаланып ақпарат іздеу. Электрондық пошта: тіркелу және баптау. Жергілікті және ауқымды желілер топологиясы. Пошталық программаларымен жұмыс жасау принциптері. Пошталық программалар терезесі. Хабарламалар құру. Поштаны қабылдау. Пошта ақпараттарын оқу. Телеконференциялар.


10-тақырып Вирустар. Антивирустық бағдарламалар

Компьютерлік қауіпсіздік негіздері және мәліметтерді қорғау. Бүлінген және зақымдалған файлдар. Компьютерлік вирустардың түрлері. Вирустан қорғау әдістері. Антивирустық бағдарламалар.


11-тақырып Компьютерлік техника және оргтехникамен жұмыс

Хатшының жұмыс орнын автоматтандыру. Компьютерлік техника және оргтехникамен жұмыс. Принтерлер түрлері мен жұмыс жасау тәсілдері. Факс: жіберу мен алмасу. Сканермен жұмыс жасау. Локалды желіде жұмыс жасау, баптау.




ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Білу керек:

адамның іс-әрекетінде, табиғатта, қоғамда, техникада ақпаратты тасымалдау, сақтау және өңдеуге өмірдегі қарапайым мысалдар келтіру;

– компьютер негізгі құрығыларының мәнін;

– программалық жабдықтың топтамасы мен сипаттамасын;

– операциялық жүйенің мәнін және қызметін;

– мәтіндік және графикалық редакторлардың тағайындалуы және қызметтерін;

– мәтіндік редакторлардың мүмкіндіктерін;

– электрондық пошта ұғымын;

– Интернет мүмкіндіктерін.

Нені меңгеру керек:

ақпаратты өлшеуді;

– ақпаратты әр түрлі тәсілдермен кодтауды;

– компьютердің негізгі құралдарын қолдануды;

– файлдарды құру, сақтау, көшіру, атын ауыстыру, іздеу, жоюды;

– компьютердің стандартты графикалық интерфейсін қолдануды;

– мәтіндік ақпаратты өңдеу мен пішімдеуді;

– мәтінге әр түрлі нысандарды енгізуді;

– дыбысты, бейнені, анимацияны орындай алатын программаларды қолдануды;

– Интернет желісінен ақпаратты іздеуді;

– электронды пошта арқылы ақпараттарды жіберу және қабылдауды.

 электрондық кестеде әр түрлі типті мәліметтер мен формулаларды жазу ережесін;

 диаграмманы құру тәсілдерін;

 мәліметтер қоры ұғымын;

 мәліметтер құру кезеңдерін;

 ақпаратты кесте түрінде беруді.

 мәтінге түрлі нысандарды енгізуді;

 электрондық кестеге әр түрлі типті мәліметтерді енгізуді және өңдеуді;

 берілген адрестер мен кілттік сөздер бойынша ақпаратты іздеуді;

 электрондық кестеде мәліметтерді іздеуді және сұрыптауды іске асыруды;

 электрондық поштамен ақпараттарды жіберуді және қабыдауды.




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ермеков Н.Т. «Информатика» - оқулық: Астана: «Фолиант», 2007

  2. ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал / К.БЕсекеев, Г.Қ.Нұрғалиеваның редакциясымен. – Астана: АСТ-Проект, 2008

  3. Яворский В.В., Яворская Г.М. «Введение в информационные технологии»: учебное пособие. – Астана, Фолиант», 2007

  4. www.sabak.kz

  5. bestreferat.kz

  6. bilimdiler.kz

  7. Ермеков Н.Т. «основы вычислительной техники» - Астана: Фолиант, 2007

жүктеу 90,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау