Трудовой договор каз



жүктеу 94,45 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі94,45 Kb.
#12429

_____ Еңбек шарты


________________________ « » ______________ 2018 ж.
1.Бірінші тараптан, бұдан ары қарай «Жұмыс беруші» - ______________________________________________________________________________

Жамбыл облысы, ___________________________ ауданы _______________________ ауылы,________________________ ________________________ тұрақты тұратын,_____________ ____________________________________________________________________________________________________________мекен жайға тіркелген, жеке куәлігі немесе паспортының нөмірі ________________________ берілген күні ____________ ЖСН ______________________ және екінші тараптан «Жұмыскер» _____________________________________________________

_____________________________________________________________________________

___________________жеке куәлігі немесе паспортының нөмірі_____________________________ берілген күні _______________________ЖСН __________________________________________

тұрғылықты мекен жайы: ________________________________________________________

_____________________________________________________________________________,

тіркелген мекен-жайы___________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

осы Еңбек шартын (бұдан ары қарай – «Шарт») жасады.
2.Жұмыс беруші жұмыскерге ________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ түрінде жұмыс береді.

3.Еңбек міндеттерін орындаудың басталуы «_______» _______________________ 20____ ж.

4.Жұмысты атқару орны______________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

5.Еңбек шартының мерзімі « ___ »__________20___ж. мен «___ » ___________ 20 ___ ж. аралығындағы мерзімге жасалды.

6. Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының мерзімі:

Алтыкүндік (бес күндік) жұмыс аптасында бір (екі) демалыс күнімен, жұмыс күнінің ұзақтылығы _____ сағат, жұмыс уаатының басталуы ____ сағ. Түскі асқа үзіліс _____сағ. _____ сағ. дейін , жұмыс күнінің аяқталуы ____ сағ. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы _______ күнтізбелік күн.

6.Еңбек ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары ________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

7.Еңбек ақы төлеу күні ________________________________________________________________

8. Еңбек жағдайларының сипаттамасы (ауыр,зиянды, қауіпті жағдайлардың болуы, кепілдіктер мен жеңілдіктер) _______________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________


9.Жұмыскердің құқықтары:

      1) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;


      2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;
      3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
      4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;
      5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
      6) бос тұрып қалғаны үшін Еңбек кодексіне сәйкес ақы төленуіне;
      7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;
      9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
      10) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
      11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
      12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
      13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
      14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
      15) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға;
      16) жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
      17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
      19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
      20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
      21) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
      22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
      23) Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
      24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге.

10.Жұмыскердің міндеттері:

1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

2) еңбек тәртібін сақтауға;

3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

7) келтірілген нұқсанды Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге.



11. Жұмыс берушінің құқықтары:

      1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;


      2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
      3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
      4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
      5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
      6) Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
      7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;
      8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
      9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
      10) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
      11) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
      12) жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқылы.

12. Жұмыс берушінің міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
      2) жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
      3) жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
      4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;
      5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
      6) жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
      7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;
      8) Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;
      9) жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге;
      10) жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
      11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
      12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
      13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
      14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
      15) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
      16) жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;
      17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;
      18) жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
      19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
      20) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;
      21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;
      22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
      23) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
      24) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
      25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға.

13.Еңбек шартын өзгерту мен бұзу тәртібі

1)Шарт, мерзімі өткенге дейін тараптардың келісімі бойынша және олардың бірінің бастамасымен, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексімен көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен, өтем ақы төлей отырып, бұзудың қосымша жағдайлары ________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________

Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша, осы тараптың екінші жақты шартты бұзуға дейін ______ күн бұрын жазбаша түрде ескерткен жағдайда ғана бұзылуы мүмкін.

2) Шарттың талаптары тараптармен біржақты өзгертіле алмайды.

3)Осы шартқа тіркелген құжаттар тізімі: _________________________________________________ ________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

14.Тараптардың жауаптылығы

Осы еңбек шартымен көзделген міндеттерді орындамағаны немесе өз дәрежесінде орындамағаны үшін, тараптар Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес жауапкершілікте болады.



15. Шарт ______ дана болып жасалған, олардың әрқайсысының бірдей (тең) заңды күші бар.

16. Жұмыс берушінің төмендегідей бұйрықтары шығарылған:

  • жұмысқа қабылдау туралы «____» ________________ 20_____ж. № _______;

  • шартты бұзу немесе тоқтату туралы «____»_______________ 20____ ж. № ______;

Еңбек шартын бұзу, тоқтату негізі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің __________ бабы.

Жұмыс беруші ___________________ Жұмыскер ______________________


қолы, күні қолы, күні

Еңбек шартының бір данасын алдым: ___________________



жұмыскердің қолы, күні
жүктеу 94,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау