42. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шарттар жасау артықшылығына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес:
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);
2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер ие болады.
43. Тендерлік өтінімге сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасауға артықшылық алу үшін:
отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объекті мен өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға сәйкестігі (GDP) сертификатын қоса береді;
әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объектінің тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) сертификатын қоса береді.
44. Егер лот бойынша тендерге Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді, объектінің осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификат ұсынған бір ғана әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасасады. Бұл ретте шартты жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.
45. Егер лот бойынша тендерге олардың бірі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді, осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, комиссия объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.
46. Егер лот бойынша тендерге Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді және осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификат ұсынған екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия олардың тендерлік өтінімдерін ғана қарайды, ал басқа қатысушылардың тендерлік өтінімдерін (олар болған кезде) қабылдамайды.
13. Тендерлік өтінімдерді, бағалау және салыстыру. Кепілдік міндеттемелерді қайтару
47. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жүзеге асырады.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсімдеріне қатыстылығы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық немесе тарату рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде қарайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпаратты қарайды.
48. Тендерлік комиссия мынадай:
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылмаған;
3) жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда құрылтай шарты ұсынылмаған;
4) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылмаған (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін);
5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өткізуге арналған рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;
6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер ұсынылмаған;
7) тиісті мемлекеттік кірістер органының құжаттарында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген сомаларды қоспағанда) туралы ақпарат болған;
8) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаған;
9) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешек болған;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмаған;
11) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;
12) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған;
13) біліктілік талаптары және осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
14) банкроттық, тарату рәсімі қолданылған және (немесе) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде болған;
15) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайын құжаттар ұсынылмаған;
16) дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, өткізу үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификатының көшірмелерін ұсыну жағдайларын қоспағанда, "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс) көшірмелері ұсынылмаған;
17) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу деректерінде айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;
18) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың17-тармағының;
19) осы Қағидалардың 26, 33-тармақтарында белгіленген талаптарына сәйкес келмеген;
20) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттаманың талаптарында көрсетілгенге қарағанда неғұрлым қысқа болса;
21) егер бағалар кестесі ұсынылмаса не қол қойылмай ұсынылса;
22) әлеуетті өнім беруші тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) тауардың саудалық атауы бойынша уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан жоғары тауар бағасын ұсынған;
23) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолмен куәландырылмай, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;
24) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
25) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы ақпарат ұсынылмаған;
26) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда сатып алу шартын бұзуға келісім ұсынылмаған;
27) сатып алуды өткізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банкроттық не тарату рәсіміне бастаманың жасалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатыла тұруы белгіленген;
28) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде соңғы екі жыл ішінде жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту фактісі анықталған жағдайларда тұтастай немесе лот бойынша тендерлік өтінімді қабылдамайды.
49. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және тендерді қайтадан өткізеді.
50. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін бір ғана өтінімнің берілуі негіздемесі бойынша өткізілмеді деп танылса, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы өтінімді берген әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырады.
51. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
1) тендерлік өтінімдер ұсынылмаса;
2) екеуден аз тендерлік өтінім ұсынылса;
3) егер бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) егер бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
52. Тендердің жеңімпазы ең төмен баға негізінде айқындалады.
53. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде мынадай:
1) тендерлік өтінімнің мерзімі өткен (тендер жеңімпазының тендерлік өтінімін қоспағанда);
2) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны кері қайтарып алған;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбаған;
4) басқа әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп танылған;
5) сатып алу рәсімдері тендердің жеңімпазын айқындамай тоқтатылған;
6) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда қайтарылады.
54. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер ол:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендердің жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасаудан жалтарса;
3) жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе қайтарылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |