«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрғын үй көмегін тағайындау»



жүктеу 234,46 Kb.
Дата13.11.2018
өлшемі234,46 Kb.
#19188


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығына

1-қосымша

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚКО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) ХҚКО-ға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);

отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі;

коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын; тұрғын үйге тіркелген құқықтары туралы құжаттар туралы мәліметтерді; әлеуметтiк төлемдер түрінде алынатын табыстар; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыстар; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түрiндегi табыстар; азаматтың жұмыссыз мәртебесін растайтын құжатты алады.

Құжаттарды қабылдаған кезде ХҚКО-ның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

ХҚКО-ның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға ХҚКО ұсынған нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдаған туралы қолхат беріледі.

ХҚКО-да дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке куәлігі ұсынған кезде жеке қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚКО бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберу үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.

Порталда электронды сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының (жеке кабинетінде) жүзеге асырылады.

Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не тиісті жергілікті атқарушы орган басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

ХҚКО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына жіберіледі.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге, тиісті жергілікті атқарушы органға немесе ХҚКО-ға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесінде немесе ХҚКО-да қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12.  Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.economy.gov.kz.

2) ХҚКО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).


«Тұрғын үй көмегiн тағайындау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

стандартына

1-қосымша
Нысан
_________ (қаланың, ауданның)

жұмыспен қамту

және әлеуметтiк бағдарламалар

бөлімінің (облыстық маңызы бар

қалалардың және Астана мен

Алматы қалаларының)

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтiк бағдарламалар

басқармасының атауы

Тұрғын үй көмегін тағайындау

туралы өтініш
Мен____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ____________________________________________________________________

жеке сәйкестендіру нөмері, туған жылы)

тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы) болып табыламын, жеке куәлік №_________, ____________________________ берген.

Тұрғын үйді күтіп-ұстауға және тұтынылған тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін ___________________ мекенжайы бойынша тұратын ____ адам менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.





Өтініш берушінің отбасы мүшелері

Т.А.Ә.


Туған жылы

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі






























Өтінішке саны ____ дана қажетті құжаттарды қоса беремін.


Жеке шотының №____________, банктің атауы ________________________.
Күні: 20_ жылғы «___» _________ Өтініш берушінің қолы _______
«Тұрғын үй көмегiн тағайындау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

стандартына

2-қосымша

Нысан
Талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімі

Уәкілетті орган: __________________________________________

ХҚКО РМК бөлімшесінің атауы: _____________________________

Тізілімді қалыптастыру уақыты:_____________________________






Сәйкестендіруші

Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

Көрсетілетін қызметтің атауы

Қабылданған күні

Жоспарланған берілетін күні

Берілетін құжаттардың тізбесі

1

2

3

4

5

6

7










































Барлығы: _________


Тапсырған _____________/ ____________________ / Қабылдады ______________ /___________________/

(жауапты адамның Т.А.Ә.)(жауапты адамның Т.А.Ә.)

«Тұрғын үй көмегiн тағайындау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

стандартына

3-қосымша

Нысан
___________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

____________________________

(көрсетілетін қызметті

алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:



  1. _______________________________________;

  2. _______________________________________;

  3. _______________________________________.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.


     Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________
Телефоны ____________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________
жүктеу 234,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау