66
3) ақпаратты кімге және
қалай хабарлау керек;
4) жергілікті/аймақтық басшыларды балаларды қорғау бойынша оқытуды
ЖИТС-орталықтың/ҮЕҰ қызметкерлері қамтамасыз ете алады;
5) ақпаратты бала құқықтарын қорғау маманына (өңірлік қорғаншылық орган-
дарына) беру және үрейлі
белгілерді талқылау;
6) бала, жасөспірім суицид жасағанына күдік бар жағдайларды қоспағанда,
ата-анаға, күдіктіге зорлық-зомбылық туралы хабарламау;
7) баланы отбасынан алу, оны туыстарының немесе мемлекеттік мекеменің
қамқорлығына беру туралы шешімді құзыретті органдар (қамқорлық пен
қорғаншылық органдары) қабылдауы тиіс.
v. Пікірталас:
Қызметкерлер
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қызметкерлер балалармен және жасөспірімдермен мекемеде немесе ұйымда
қалай жұмыс істейтіні туралы ойланыңыздар. Сұрақ қойыңыз: «Қызметкерлер мен
балалар арасында қауіпсіз қарым-қатынас болуын қалай қамтамасыз ете аласыз?»
Тренерге арналған ескертпелер
•
Егер қызметкерлер балалармен жеке кездессе, кездесу қалай және қайда
өтуі керек? Мысалы, кездесу ашық өтуін қамтамасыз етуге тырысыңыз,
ал оңаша қалу керек болса, кездесу туралы басқа қызметкерлер білгенін
қамтамасыз етіңіз.
•
Қызметкерлермен балалар арасында кәсіби шекараны айқын түсіну бо-
луын қамтамасыз етіңіз – мысалы, қызметкерлер балаларға жеке телефон
нөмірін немесе үйінің мекен-жайын бермеуі тиіс.
•
Балаларды қорғау туралы ұлттық заңнамада не айтылғанын білуіңізді
және сіз жұмыс жасайтын мекеменің сол талаптарға сай әрекет етуін
қамтамасыз ету керек.
•
Барлық қызметкерлердің балаларға қатыгездік көрсету деген не екенін
түсінуін және туындайтын сұрақтарды талқылау мүмкіндігін қамтамасыз
ету керек.
•
Балаларға қатыгездік көрсету деген не екеніне анықтама берілген саясат-
тың болуын және балаға залал келу қаупі болғанда орындалуы тиіс шара-
лардың қабылдануын қамтамасыз ету керек.
•
Сіз жұмыс жасайтын балалардың барлығының залал келтіруден қорғай-
тын (БҰҰ БҚК-да көрсетілген) құқықтарын бар екенін түсінуін қамтамасыз
ету керек.
АИТВ бар бала жиі ауруханаға баруды, зертханалық мониторингті, АРТ және пси-
хоәлеуметтік қолдауды қажет етеді. Ата-аналардың/қамқоршылардың аталғандар-
дың барлығымен қамтамасыз етуден бас тартуы баланың дені сау болу құқығын
бұзу болып саналады. Бірақ біз ата-аналардың/қамқоршылардың шешімдері күр-
делі стигма, өз-өзіне бағытталған стигма және теріске шығару жағдайларының
ықпалымен қабылданғанын да көрдік. Барлық практик мамандар баланы отба-
сында қалдыру үшін оған қолдау көрсету керек болатын және отбасының шешімі
бала үшін айтарлықтай қатер төндіретін жағдайларда қиындыққа тап болады.
3.2 СТИГМАНЫ ТҮСІНУ
Тренингтің осы тарауы қатысушыларға іс жүзінде АИТВ-мен байланысты стигма
не екенін қарастыруға мүмкіндік береді.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
67
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
10 мин
Стигманы түсіну
Презентация
30 мин
«Стигма қуыршағы»,
жастарға АИТВ стигмасы қалай
әсер ете алатынын түсінуге көмектесу
Практикалық жаттығу
4-стандарт: АИТВ-мен байланысты стигманы және өз-өзіне бағытталған стиг-
маны жою
Оқыту мақсаттары:
•
Қатысушыларға барлық стигма түрлерін және олардың адамдарға әсерін
түсіндіру.
•
Практик мамандар қатысушыларға отбасы мүшелері балаларды қорғау
желеуімен стигмаға жол беруі мүмкін екендігін көрсетеді.
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
•
өз тәжірибесінде стигмамен күрес жолдары
туралы ойланады;
•
отбасындағы стигманы жою жолдарын қарастырады;
•
жекелеген адамдардағы және жастардағы өз-өзіне бағытталған стигманы
жою жолдарын қарастырады;
•
адамдар стигмаға байланысты бастан кешіретін сезімдердің көпшілігі
қорқынышқа негізделгенін және сол қорқынышты балалардың, жастар-
дың және отбасылардың өз-өзіне сенімділігін және өміршеңдігін нығайту
арқылы жою қажет екенін біледі.
i. Презентация:
Стигманы түсіну
Бірінші слайд:
• Стигма адамдардың өзін төмен бағалауына ықпал етеді және ұялу сезімін кү-
шейтеді.
• Стигма белгілі бір адамдарды немесе топтарды баршаға қауіп төндіретінін жете
ұғынбайтыны үшін айыптайды және жазалайды.
• Стигма қолданыстағы жаңсақ пікірлерді пайдаланады және адамдардың
қоғамнан қашуына ықпал етеді (маргиналдандырады).
• Бұл АИТВ жыныстық қатынаспен, сырқаттармен және өліммен, әрі мәдени нор-
малар бойынша заңсыз немесе тыйым салынған мінез-құлықпен байланысты.
Екінші слайд:
Стигма адам үшін зиян, себебі, АИТВ-мәртебесі оң адам ұят, кінә және тұйықта-
лу сезімдеріне бой алдыруы мүмкін.
Стигма адамдарды/мекемелерді АИТВ жұқтырғанды кемсітуге және тікелей
залал келтіруге, мысалы, қызметтер көрсетуден немесе адам құқықтарын бұзу бо-
лып
табылатын құқықтарын
жүзеге асырудан бас тартуға итермелейді.
Үшінші слайд: Стигма түрлері
Сыртқы стигма қоғам, қауымдастық немесе мекеме тарапынан көрсетіледі.
Адамнын басынан шын өмірде өткен жайт немесе орын алуы мүмкін жайттан
қорқу.
Еріксіз стигма көбінесе балаларды АИТВ-дан «қорғау» кезінде көрініс береді, ба-
лада «АИТВ – жаман» деген түсінік қалыптастырады. Осы стигма түрін отбасылар-