39
тиіс.
2. ЕКІНШІ КҮН
2.1 ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
Тренингтің осы тарауында балаға қолдау көрсету кезінде оның өмірінің бар-
лық тұстарын қалай ескеру керек екенін айтылады. Мұнда кейбір ресми бағалау
және жағдайларды жүргізу (кейс-менеджмент) әдістері қарастырылады, бұл жер-
де ең маңызды элемент қатысушылардың баланың басынан өткен немесе өтіп
жатқан түрлі жайттар олардың денсаулығына немесе жасап жатқан таңдауына
қалай әсер етуі мүмкін екені туралы ойлана бастауы. Ұсынылатын ақпараттың
нұсқамалық сипатқа ие еместігін атап өту қажет, бұл жерде басты мәселе - оны
күнделікті тәжірибеге енгізу.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
1- стандарт: Емделуге құлықтылықты қамтамасыз ету үшін АИТВ жұқтырған
40
балаларға және олардың отбасыларына қолдау көрсету;
2-стандарт : АИТВ туралы оқыту және жария ету
Оқыту мақсаттары:
• Кешенді бағалау мен кейс-менеджмент модельдерін түсіндіру;
• Әртүрлі жастағы балалардың негізгі даму сатылары және қажеттіліктері туралы
өзекті білім беру;
• Отбасын бағалау үшін түрлі құралдарды пайдалануға үйрету;
• ЖИТС-орталығына баратын әр отбасыға арналған кейс-менеджер рөлін түсіндіру;
• Балаға/отбасына арналған іс-қимылдар жоспарын жасауға үйрету;
• Әрбір жекелеген баланың өмірін және қазіргі уақыттағы қажеттіліктерін
көрсететін қолдау қызметтері топтамасын әзірлеу үшін бағалауды пайдалану
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
• Кешенді бағалауды қалай жүргізу керек екенін нақты түсінеді;
• Бағалау жүргізуді және іс-қимылдар жоспарын жасауды үйренеді;
• Кешенді бағалау практик мамандарға емделуге құлықтылық және денсаулық
сақтау қызметкерлері командасымен өзара әрекеттестік сияқты мәселелерді
жақсырақ түсінуге қандай мүмкіндік беретінін зерделейді;
• Кейс-менеджмент не екенін және неліктен маңызды екенін нақты түсінеді;
• Қажеттіліктерді кешенді бағалау кейс-менеджментпен қалайша байланысты
екенін біледі.
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
10 мин
Балаға АРТқабылдауға не кедергі келтіреді
Ой-талқы
10 мин
Балаға бағдарланған бағалау
Презентация
10 мин
Баланың даму және өркендеу қажеттіліктері
Жаттығу
20 мин
АИТВ тудыра алатын және балаға дамуға
және өркендеуге тосқауыл бола алатын нақты
қажеттіліктер немесе кедергілер
Жаттығу
40 мин
Әр топтың жұмыс нәтижелерімен таныстыруы Пікірталас:
20 мин
Кешенді бағалау және отбасыларды алып
жүру
Презентация
40 мин
Бағалау мен жағдайларды басқаруды
тәжірибеге енгізу: емделуге құлықтылық
сценарийлері
Топтық жұмыс
40 мин
Емделуге құлықтылық сценарийлері бойынша
қорытындылармен таныстыру
Кері байланыс және
пікірталас:
5 мин
Бағалау бойынша жұмыс нәтижелерін
қорытындылау
Презентация
15 мин
Кешенді бағалауды жүзеге асырудағы
кедергілер мен шешімдер
Пікірталас
41
Ұзақтығы: 3:35 сағ. (215 мин)
i. Ой-талқы:
Балаға АРТ қабылдауға не кедергі келтіреді?
Ой-талқыны идеялар айта бастау үшін ширатпа жаттығу ретінде пайдаланыңыз,
кейін оған қайта оралатын боласыз.
Топтан сұраңыз: Балаға АРТ қабылдауға не кедергі келтіреді?
Барлық жауаптарды флипчарт парағына жазып алып, қабырғаға іліп қойыңыз
ii. Презентация: Кешенді бағалау
Осы презентация балаға қолдау көрсету кезінде оның өмірінің барлық элемент-
терін ескеру тұжырымдамасына арналған:
Бірінші слайд:
Әр баланың өз қажеттіліктері бар
Әр баланың өз қажеттіліктері бар, егер олар қанағаттандырылмаса, баланың эмо-
циялық, физикалық, экологиялық және рухани дамуына әсер ете алады.
Екінші слайд
Әр адамның негізгі қажеттіліктері бар
Ескертпе: Маслоу бойынша қажеттіліктер пирамидасы
Абрахам Маслоу осы психологиялық теорияны 1940-шы жылдары ойлап
шығарды. Ол американдық психолог. Осы теорияны баланың қажеттіліктерін
қарастыру кезінде пайдалану өте тиімді, себебі, адам ретінде дами және өркендей
42
алу үшін алдымен негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет екенін көрсетеді.
Негізгі қажеттіліктерсіз – тамақсыз, баспанасыз, қауіпсіздіксіз, қорғансыз –
бала күтілетін даму сатыларынан өте алуы неғайбіл.
Үшінші слайд: Біз баладан қандай дамуды күтеміз
Қарастырыңыздар:
•
Физикалық даму
•
Когнитивтік даму
•
Эмоциялық даму
Төртінші слайд: Даму сатыларын қайдан көреміз
Бала: дене бітімі (бойы, денсаулығы), сезімталдығы және мінез-құлқы, өз-өзіне
қызмет көрсету дағдылары, бірегейлік, отбасылық қарым-қатынас, достық.
Отбасы: көрсетілетін негізгі күтім: жылу, эмоциялық әрекеттестік, көтермелеу,
шекара, тұрақтылық, көрсетілетін қолдау.
Қоршаған орта: білім алу, қоғамдық іс-шаралар (ойын), дін, отбасындағы табыс/
жұмыспен қамту, тұрғын үй, әлеуметтік интеграция және өзара іс-қимыл (достар-
мен уақыт өткізу, үйірмелерге бару және т. б.).
Ескертпелер
Біз бала өмірінің кейбір тұстарына, іс-әрекеттеріне және жетістіктеріне қарай
отырып, біз күтетін талаптарға сәйкестігін анықтау арқылы баланың қаншалықты
жақсы дамып келе жатқанын көре аламыз. Мысалы, біз когнитивтік дамуы қалып-
ты 5 жасар бала өз бетінше беті-қолын жуа алады және киіне алады деп күтеміз.
Бұл бізге баланың осы іс-қимылдарды жасауда тепе-теңдікті жақсы сақтайтынын,
әрі ата-анасы/қамқоршысы өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына үйреткенін көр-
сетеді. Қарапайым өз бетінше киіне алу баланың физикалық тұрғыдан біз күткен-
дей дамып келе жатқанын, сонымен қатар, қажетті көмек, қолдау мен нұсқау ала-
тынын көрсетеді.
III. Жаттығу:
Баланың дамуы
a) Қатысушыларды төрт топқа бөліп, әрқайсысына белгілі бір жас санатын беріңіз:
0-4, 5-9, 10-13, 14-18 жас.
b) Флипчарт парағына үшбұрыш салып, әр қабырғасының тұсына «бала», «отбасы»
және «орта» деп жазуын өтініңіз.
• Әр топтан өздеріне берілген жас санатындағы баланың бойынан көруді күтетін
Достарыңызбен бөлісу: |