3-күн
|
8.12 2016 жыл
|
Тренер: Кенжесова Нұрсұлу Қазтайқызы
|
Өткізілетін орны:
|
Тақырыбы:
|
1-сабақ: Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу
2-сабақ: Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
|
Мақсаты:
|
Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде сапалы оқыту мен оқудың үрдісіне талдау жасайды.
|
Оқу нәтижесі:
|
Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді.
|
Түйінді идеялар:
|
Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру. «Сапалы оқыту» ұғымының мазмұны туралы тұжырымдама түсіндіруге күрделі және маңызды. «Сапалы оқытуды» анықтау үшін жиі қолданылатын көздер жеткіліксіз.
|
Сабақ барысы
|
Кезеңі
|
Уақыты
|
Тренердің іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
1-сабақ
|
14.00-15.30
|
|
|
Зейінді күшейту
|
|
|
|
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.
Тимбилдинг
|
5 минут
|
.“Шапалақ”( саусақ -қол қимылдары)жаттығуы.
“бір”-бас бармақ “2”-2 саусақ “екілік”- екі шеткі саусақ “3” -3 саусақ “үштік”-бас бармақпен қос
“4”-4 саусақ “төрттік”- бас бармақпен қоса “5”- бес саусақтың барлығы (саусақ ұштарын сілкілеу, дірілдету, билету)
|
Мұғалімдер «Шапалақ» жаттығуын орындайды.
|
Топқа бөлу
|
5 минут
|
Ұстаздарды /бас, қол, жүрек/ мұғалім көмекшілері бейнеленген суреттер арқылы топқа бөлу.
|
Суреттерді таңдай отырып үш топқа бөлінеді.
|
Ақпарат
|
|
|
|
Миға шабуыл Проблеманы шешу жолдарын анықтау тапсырмасы
|
10 минут
|
«Мұғалім мамандығын неге таңдадым?» тақырыбында бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Жеке тапсырма орындайды.
|
«Мұғалім мамандығын неге таңдадым?» әр мұғалім өз ойын айтады, бір-бірінің пікірлерімен танысады
|
Ресурс. Мұғалімнің кәсібилігі құбылысын зерделеу.
.
|
10 минут
|
1 Ресурс: ҮМ 43-44 бет
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеу.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеуге арналған тапсырманы орындайды. Осы тапсырма мұғалім өзінің қандай болуға тиіс екендігі туралы пікірін ой елегінен өткізуге және талқылауға көмек көрсету мақсатында әзірленген.
|
Топтың әрбір мүшесі төрт карточка – өздері толық келісетін көзқарас жазылған екі карточка және өздері үзілді-кесілді келіспейтін көзқарас жазылған екі карточка таңдап, ол туралы ақпаратпен бөліседі.
|
Таныстырылым. «Көрінетін оқу».
|
15 минут
|
2 Ресурс: Таныстырылым «Көрінетін оқу»
Профессор Джон Хэтти , Окленд университеті Жаңа Зеландия
Көзге көрінетін оқу – бұл 15 жылдық зерттеу нәтижесі, ол мектеп оқушыларының оқу үлгеріміне әсер ету деген тақырыптағы 800-ден астам метаталдауды (500-ден астам жұмыстарды) қорыту. Ол мектептегі оқытуды жақсартуға ненің шынымен де әсер ететіні (ненің әсер етпейтіні) туралы сындарлы зерттеулердің ең үлкен топтамасы болып табылады.
3 Ресурс: МАН 6-7 бет
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
Мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі бойынша мұғалімнің көмекшілері:
Бас -кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
Қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жүрек - кәсіби адамгершілік тұтастық. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден шығып жатады.
|
Таныстырылыммен танысады, топпен талқылайды.
Төмендегі сұрақтарды жұп болып талқылайды:
-Егер кері байланыс соншалықты маңызды болса, онда сыныпта кері байланыстың қандай түрін қолдану қажет?
-Оқушылардан қалайша көбірек кері байланыс алуға болады?
-Оқу үлгерімін арттыру үшін кері байланысқа қалай әрекет етуіміз қажет?
|
Тәжірибе
|
|
|
|
Топтық жұмыс
|
15 минут
|
Топ тақырыптары:
Ітоп «Немқұрайды мұғалім»
ІІ топ «Үнемі жарысып жүретін мұғалім»
ІІІ топ «Қатал мұғалім»
|
Әр топ берілген тақырып бойынша шағын қойылым ұйымдастырады.
|
Топтық жұмыс
|
15 минут
|
«Мінсіз мұғалім қандай болу керек?» постер қорғау
|
Әр топ өз ойлары мен көзқарастарын постер арқылы жеткізеді.
|
Кері байланыс
|
|
|
|
Бейнеталдау
|
10 минут
|
4 Ресурс Бейнеролик
«Любимые фразы учителей» бейнероликті ұстаздармен бірге талдатып, пікіралысу.
|
Бейнероликті көріп, топпен талдай отырып, қорытынды пкір шығарады.
|
|
5 минут
|
Бүгінгі сабақта басыңыз арқылы нені меңгердіңіз?
Бүгінгі сабақта қолыңыз арқылы нені жасай алдыңыз?
Бүгінгі сабақта жүрегіңіз арқылы нені сезіндіңіз?
|
Мұғалімдер өз ойларын ауызша білдіреді.
|
Үзіліс
|
2-сабақ
|
17.00-18.30
|
|
|
Зейінді күшейту
Тимбилдинг
|
5 минут
|
«Оркестр» жаттығуы
|
Аспаптардың аты жазылған парақтарды алып сонда көрсетілген аспаптардың дыбысын немесе қимылын көрсетеді.
|
Ақпарат
|
10 минут
|
5 Ресурс ҮМ 45 бет
«Мінсіз оқушы қандай болмақ?»
Тапсырма: Сіздің сыныбыңыздағы мінсіз оқушыға қандай қасиеттер тән екендігі туралы жазыңыз.
|
Мұғалімдердің мінсіз оқушыға тән салаларына қатысты өз пікірлерін жазбаша баяндайды.
|
Топтық жұмыс
|
10 минут
|
6 Ресурс «Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы».
|
Мұғалімдер ресурстан мәтіндерді оқып, топ ішінде талдайды, постер қорғайды.
|
Таныстырылым
|
15 минут
|
7 Ресурс Таныстырылым
«Оқу және ынталандыру»
Ынталандыру (немесе уәж) дегеніміз не? Ынталандыру немесе уәж - бұл нақты мақсаты бар іс-әрекетке итермелеу үдерісі.
Оқушылар не үшін мақсат қояды және оны іске асырады?
|