*** Максимальная прочность для шлакопортландцемента по ГОСТу соответствует марке М500, в нашем случае марка достигает М600.
Қандай елде болмасын кедейшілік және жұмыссыздық мәселесі әрқашан болып тұрады, бұл табиғи құбылыс десе де болады, бірақ әр мемлекет осы мәселелерді шешуде өзінің белсенді немесе пассивті саясатын жүргізе алады. Осы жүргізілген саясатқа қарай бұл мәселелерді тиімді шешу жолына қол жеткізуге болады. Ең алдымен, бұл мәселелердің мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізіп, елдегі адамның дамуын төмендетеді, сол себепті бұл мәселені зерттеу әрқашан өзекті мәселе болып табылады. Біздің елдегі жасалып жатқан оң шараларды қарастырмас бұрын, осы мәселелердің жағдайына сипаттама беріп көрейік. Келесі кестеде кедейшілік жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер динамикасы екі жыл бойынша сипатталған.
2009 жылдың мәліметі толық есептелмегендіктен 2007-2008 жылдардағы көрсеткіштерді сипаттайық. 2008 жылы өткен жылға қарағанда кедейшілік деңгейінің жалпы алғанда 1 пайызға төмендегенің көруге болады. Әрине бұл өте аз деңгей, оған қарамастан елімізде көбінесе кедейшілік деңгейін құрайтындар әлеуметтік қолдауды қажет ететін халық тобы болып табылады, сондықтан мемлекет 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап өмір сүру минимумы, ең төмеңгі еңбек ақы және барлық жәрдемақы мөлшерлерін көтерді. Атап айтатын болсақ, ең төмеңгі еңбек ақы мөлшері 2009 жылы 13700 теңгені құраса, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 14952 теңгені құрады және бұл мөлшер өмір сүру минимумына теңесті. Осыған сәйкес айлық есептік көрсеткіш 2009 жылдағы 1270 теңгеден 2010 жылы 1413 теңгеге дейін көтерілді.
Зейнетақы мөлшерлері де көтеріліп, 2010 жылы мемлекеттік базалық төлемі 5981 теңге құрап, ең төмеңгі зейнетақы мөлшері 12344 теңгеге жетті.
Осы көрсеткіштердің өсуімен қатар, келесі себептерге байланысты әлеуметтік төлемдерде көтеріледі:
– еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша 26405 адам алады екен, олардың жәрдем ақыларын көтеру үшін бюджеттен 151770 мың теңге қаражат қажет, яғни әр адамға шаққанда ай сайын тек 500 теңгеден қосылады деп есептеуге болады;
– асыраушысынан айырылу бойынша 9295 адам алады, олардын жәрдемақыларын көтеру үшін 79516 мың теңге қаражат қажет, ол әр адамға шаққанда әр ай сайын 712 теңгеде ақша қосылады.
Нақты ақшалай табыстарды қарайтын болсақ, 2010 жылдың қаңтарында 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өсіп, 35251 теңгені құрады.
Ендігі кезекте ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өзгеруін қарастырайық.
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген, облыс халқының жан басына орта есеппен алғандағы, күнкөріс мөлшері 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,3%-ға жоғарылап (ҚР бойынша – 0,7%-ға), 11045 теңгені (азық-түлік тағамдары – 6627 теңгені, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер – 4418 теңгені) құрады, республикалық орташа көрсеткіш 12262 теңге болғанда. Ең жоғары күнкөріс мөлшері Алматы қаласында (15467 теңге), ең төмені – Оңтүстік Қазақстан облысында (10697 теңге) байқалды.
Осы кедейшілік дейңгейіне тура әсер ететін негізгі фактор жұмыссыздық болып табылады, осы мәселенің жағдайын сипаттайық.
2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 10,1 пайызға өскен, сәйкесінше бұл елдің өмір сүру деңгейінің төмендегенің сипаттайды. Ал еңді жұмыссыздық деңгейін қарайтын болсақ, ол 2010 жылдағы екі айды сипаттасақ, оның 0,1 пайызға өскенін көруге болады.
Жұмыссыздар саны, мың адам
Достарыңызбен бөлісу: