Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып 2020-2021 оқу жылы Нұр-Сұлтан қ., 2020 мазмұНЫ



жүктеу 385,79 Kb.
бет7/42
Дата06.01.2022
өлшемі385,79 Kb.
#36567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
9 сынып. Қазақ тілі. ТЖБ

Барлығы

40

30

«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

1.Мәтінді тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз.Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.

2.Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.

[10]
Транскрипт



1-мәтін

Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкенжауапкершілікпенжазылар шығарманың біріболмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да,ғаламтордандакөшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрекпенкөңілден шыққанойлар...

Бұл шығарманың тақырыбы – тамырын тереңге жайған үлкен ағашсекілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштыңжапырағы да көгеріп, мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным –қазақ ұлты, қазақ елі,қазақ халқы. Бұлмен үшін мәңгілік ел бейнесіндекөрініс тапты.

Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәламай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің іргетасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы.
2-мәтін

Қадірлі халқым!

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
1-мәтін

Қазіргі уақытта нарықтық экономика негізінде әлемдік экономикалық жаһандану үрдісі кең етек жайып келе жатыр. Бұның басты себебі – көптеген интеграциялық бірлестіктердің пайда болуы, ұлттық экономиканың тікелей бір-біріне тәуелділігі, экспортқа және импортқа деген тәуелділіктің өсуі, нарықтық қарым-қатынастардың баға белгілеуі, трансұлттық компаниялардың беделінің өсуі, мемлекеттің экономикаға араласуының шектелуі, әлемдік қаржылық ұйымдардың беделінің өсуі сияқты белгілердің пайда болуы.

Әлемдік жаһандану терминін ең алғаш рет 1983 жылы американ ғалымы Теодор Левит енгізген болатын. Ол ең алғаш рет «Гарвард Бизнес Ревю» журналындағы«Нарықтардың жаһандануы» аттымақаласында осы мәселе жайлы жазып кеткен. Қазіргі уақытта жаһандану терминіне берілетін түсініктемелерөте көп. Жалпы, жаһандану – капиталдың, еңбек ресурстарының, тауарлардың бірігуі, сонымен қатар, компания, концерндердің және корпорациялардың іріленіп, әлемде таралуын айтамыз. Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық жаһандануға тән өзіндік сипаттар бар.Олар: әлемдік сауда-экономикалық одақтар мен бірлестіктердің пайда болуы, халықаралық және жаһандық валютаның пайда болуы, қаржы нарықтарының қызмет етуі, трансұлттық компаниялардың іріленуі, банктік, саудалық және кез келген қаржылық операциялардың жаһандық желілер арқылы қызмет жасауы. Өз кезегімде, әлеуметтік еңбек саласын, еңбек нарығындағы тұрақсыз жұмыс мәселесін зерттеуді жөн көрдім. Еңбек ету мемлекеттегі қоғамның айнымас бір бөлігі болғандықтан, экономикалық даму, макроэкономикалық тұрақтылық, адами потенциалдың қалыптасуы мен дамуы, адамдардың өмір сүру сапасының өсуі, осының бәрі еңбек етумен байланыстырылады.
2-мәтін

Қадірлі қазақстандықтар!

Қымбатты отандастар!

Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндерменбетпе-бет келуде. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.

Адамзат Үшінші индустриялық революциятабалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтарәлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыстаөмір сүріп жатырмыз.

Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап,күнделікті ақиқатқа айналады.

Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік.

Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.

Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады,сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықтынығайту.


жүктеу 385,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау