Топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытудың тиімді жолдары



жүктеу 145,38 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі145,38 Kb.
#4255

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебі

Топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың

сыни тұрғыдан ойлауын дамытудың тиімді жолдары

Секциясы: әдебиет

Сарбалина Гүлсім Меңдіханқызы

Жалпы білім беретін

Аққыстау орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі

Аққыстау – 2016 жыл

Атырау облысы Исатай ауданы Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарбалина Гүлсімнің « Топтық жұмыс жүргізу

арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын

дамытудың тиімді жолдары »

тақырыбындағы баяндамасына


Пікір

Қай қоғамда болсын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше. Баяндама кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде бүгінгі оқушы ертеңгі ел болашағы екенін әр ұстаз жадында ұстап, оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді аша білу керектігін сөз еткен. Негізгі бөлімде, бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі міндеттері қарастырылып, онда зерттеуші ғалымдар пікірлеріне көңіл бөлінген. Тақырып жан-жақты ашылған. Мұғалім көп ізденген, жұмыстанған.

«Топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» баяндамасында оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының ерекшеліктері және оның стратегияларын сабақта тиімді қолданып отырғанын көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты - оқытуды оқушыға бағыттау болса, мұғалім оқытуды оқушының дамуына қарай ұйымдастыра біледі. Бұл технологияның мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді екендігін мұғалім жеткен жетістіктері арқылы дәлелдеп отыр.

Өз жұмысында мақсат қоя оқыту, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтерін орынды пайдаланған. Көрсетілген сабақтарға оқушылардың шығармашылық ізденіспен, белсенділікпен қатынасқандары байқалады.

Баяндама жоғарғы талапқа сай, өз мәнінде жазылған.

Мектеп директоры: Е.Насимуллин

Бірлестік жетекшісі: Ш.Баделова

Атырау облысы Исатай ауданы Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарбалина Гүлсімнің «Топтық жұмыс

жүргізу арқылы оқушылардың сыни

тұрғыдан ойлауын дамытудың тиімді

жолдары » тақырыбындағы

баяндамасына

Аңдау хат

Мұғалім жұмысында оқушылардың білім сапасын артуына және жеке тұлғаны тәрбиелеуді алдына мақсат қойып алған. Жаңа технология бойынша сапалы білім беріп, сабақ материалын жақсы игеруге мүмкіндік беріп, оқушы көңіліне сенім ұялатып, өзіндік көзқарасын қалыптастыра білген. Сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландырып, топпен жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға өз бетімен жұмыс жасауға жетілдіруге талпынған.


Жоспары


І Кіріспе бөлім
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ процесінде тиімді пайдалану

ІІ Негізгі бөлім


1.Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер – оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір құралы

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарымда


ІІІ Қорытынды бөлім


Рухани бай, жан-жақты жетілген, өз ойын еркін айта білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу – уақыт талабы 

Қазақстан Республикасының дербес мемлекет болып әлемдік кеңістікте нығая түсуі еліміздегі білім беру саласында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға бағытталған бетбұрыстары талап етіп отырғаны белгілі.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы бірден мұғалімнің парасаттылығына, біліміне, өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.

ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру болып табылады. Себебі, елімізге заман талабына сай сыни тұрғыдан ойлай алатын, нақты, баламалы шешімдер қабылдай алатын, белсенді, шығармашыл тұлғалар қажет. Оқушылардан осындай тұлғалар дайындау үшін оқыту барысын өзгерте отыра, мұғалімде өзгеріп, жаңа әдіс-тәсілдермен қарулануы керек. Сондықтан да оқытудың көптеген жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты ұстанымы болуы тиіс. Осы мәселелерді ескере отыра менің тоқталайын деп отырған тақырыбым - «Топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытудың тиімді жолдары».

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым: оқушылардың сабаққа деген ынтасын, ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын дамыту. Мектебіміздегі ең негізгі мәселелердің бірі - тіл мәселесі, яғни өз ойын еркін жеткізе алмай қиналатын оқушылар бар.  Оқушылардың тіл мәдениетін көтеруде топтық жұмыстардың пайдасының мол екеніне практика кезінде көзім жетті. Сонымен қатар топтық жұмыстар оқушыларды еркіндікке, шынайылыққа, әділеттілікке, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, сенімділікке бейімдейді және ең бастысы олардың сабаққа қатысу белсенділігі артады. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді[1,49б]. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің мақсаты педагогтардың оқытуда жаттанды ақпаратқа қарағанда, ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салу үшін көмектесу[2,7б.]. Осы мақсатқа сүйене отыра оқушылардың қала берді мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауы оқу үдерісінде үлкен рөл атқаратындығын байқадым. Себебі сыни тұрғыдан ойлау тек бір мәселе туралы ойлау емес, ол сол қарастырар мәселені жан-жақты зерттеу, талқылау, шешу жолдарын қарастыру және де баламалы немесе салыстырмалы жақтарын қарастыру болып табылады. Бұндай үдеріс оқушының дайын білімді ғана алмай, сол білімді өзі меңгеруіне үлкен себепші болады.

Дәстүрлі сабақтар мен бүгінгі тәжірибем негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым. Дәстүрлі сабақтарда мұғалім тақырыпты өзі түсіндіреді, тақырыпты талдайды, оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріп отырады. Ал оқушы мұғалімнің айтқанын қайталайды, түсінгенін айтады, тапсырманы жеке орындайды. Ал сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгізген сабақтарымда мұғалім оқушылардың сыни ойлауын дамытатындай тапсырмалар береді, ал оқушылар болса өз ойларын еркін айтып, пікірлерін қорғауға, кез-келген мәселеге сыни көзқараспен қарайтынын аңғардым. Бұл сабақтардан оқушыларымның арасында өзгеріс, сабаққа деген бір қадам ынтаның бар екендігін байқай отыра, алдағы уақытта сыни тұрғыдан ойлауға негізделген тапсырмалар арқылы сабақтарымды өткізуге жұмыстанудамын. «Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек» деген Александердің пікіріне сүйене отырып сабақ жоспарларыма сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін кірістіріп отырдым [1, 51б].

Сабақтың құрылымы «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» атты 3 кезеңнен тұратыны белгілі. Осы кезеңдерде мен сабақтарымда стратегиялық іс-әрекеттерді тиімді қолдана отырып, оқушыларды сыни ойлауға үйрете бастадым. Атап айтсам, «Қызығушылықты ояту» сатысында «Миға шабуыл», «Ой шақыру», «Ширату», «Серпілген сауал» «Ішкі және сыртқы шеңбер» ал «Мағынаны тану» сатысында «ББҮ кестесі», «Түртіп алу», «Венн диаграммасы», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Ментальді картамен жұмыс», «Қарлы кесек» т.б. «Ой толғаныс» сатысында «Автор орындығы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Эссе», «Үш минуттық кідіріс», «Элективті тест» стратегиялық іс-әрекеттерді қолдандым. 

Қазақ әдебиеті пәнінен 6-сыныпқа А.Құнанбайұлының «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін өткен кезде сабақты топтық жұмыс арқылы өткізуді жоспарладым. Сын тұрғысынан ойланатындай тапсырмалар бердім. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында топта диалогтік әдісті қолдандым. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында АКТ-ны пайдаландым. Жаңа тақырыптарды меңгертуде сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің екі жақты күнделік, соңғы сөзді мен айтайын, «Пирамида», «Қызық сұрақ» әдістерін пайдаландым. Сондай-ақ өзара пікір алмасу, талдау, талқылау туғызу үшін сабақтарымда топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастырдым. Оқушыларды топқа төрт түлікке байланысты бөлдім. Өткен сабақтың қаншалықты меңгергенін «Тапқырлық» стратегиясын пайдалану арқылы тексердім. Яғни, әр топтан 2-3 оқушыны шығарып, бір әріп таңдатады. Қойылған сұрақтарға олар сол әріптен басталатын жауап айту керек. Үй тапсырмасын тексеруде мен оқушылардың сыни ойлауларына жағдай жасап, тапқырлықтарын анықтадым. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында жылқы жануары туралы бейнекөрсетілім көрсетілді. Бейнекөрсетілімнен кейін «миға шабуыл» стратегиясын қолданып, оқушыларға мынадай сұрақтар қойдым:



  • Оқушылар, бұл көрсетілімнен нені байқап отырсыңдар?

  • Жылқы малы туралы не білесіңдер?

  • Жылқы малына байланысты қандай шығармаларды білесіңдер? т.б

Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянып, сабаққа араласуға дайын екендіктерін байқатты.

Оқушылар үш топқа бөлініп, үш түрлі сұраққа иеленді. Бұл тапсырмаға «Аквариум» әдісін қолдандым.



  1. Абай неліктен төрт түліктің бірі жылқы малын өз өлеңіне арқау етті?

  2. Жылқы малының дене мүшелерін әр түрлі аңдар мен жануарларға теңеген? Неге?

  3. Жылқы малының сүті қымыздың қандай пайдасы бар?

Бұл топтық тапсырмаларды орындауда 1-топтың оқушылары мынадай жауап ұсынды: «Жылқы қай заманда болса да керексіз мал емес, жылқы мықты көліктің бірі. Абай заманында жылқы малы өте қадірлі болған. Сері адамдар жүйрік, жорға жүрісті аттарды әсемдік үшін мінген. Ол кезде қазіргі замандағыдай машиналар жоқ. Батырлар жырының басты кейіпкерлерінің бәрі де – әрі жүйрік, әрі ақылды жануар – ат. Батырлықты көп жасау үшін мінер аты болуы керек, ол кезде бұл бірінші орында тұруы мүмкін, олай болса – жылқы байлығы жөнінде де солай. Қазақ қашанда байлықтың жалпы өзін жылқы санымен өлшеген», ал сол 1-топтан сабаққа бұрын көп араласа бермейтін Дамир есімді оқушым « Қазақ халқының басынан өткізген барлық тұрмыс-тіршілігі және шаруашылығы жылқы жануарының тарихымен тамырласып, әрі тағдырласып жатыр. Ертеде ұлан-байтақ даланы ата-бабаларымыз аттың жалында отырып, ақ білектің күшімен және ақ найзаның ұшымен қорғаған» деген жауабымен мені таңғалдырды. Себебі, оқушымның жылқы малы туралы бастап ата-бабаларымыздың ел қорғағандығымен байланыстыруы, сұрақтың жауабын әрмен дамытып отырғандығын, ойдың барын көрсетеді. Оқушыларға «Синквейн» тәсілі арқылы тапсырма берем. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ойтолғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
1) зат есім
2) сын есім
3) етістік
4) синоним
5) сөйлем немесе сөз тіркесі.

Мысалы:

  1. Ақын, сазгер, суретші

  2. Ұлы

  3. Табиғат лирикасын енгізді

  4. Данышпан

  5. Абай – ұлы ақын, сазгер, данышпан, қазақ әдебиетіне табиғат лирикасын енгізді.

Өтілген тақырып бойынша өз білімін өзектендірді. Топ ішінде оқушылар өз ойларын айтып, сыни тұрғыда талдады.

Топтық тапсырманы орындау барысында кейбір оқушылар сабаққа қатыспай отырды, топ ішінен тек бір оқушы ғана жауап берді. Осы кемшілікті жою үшін алдағы уақытта мен осындай сыни ойлануға арналған сұрақтарды жеке немесе жұптық жұмыстарда қолданамын. Бұл жұмыстарда оқушылардың барлығының сабаққа араласуына және жұптық жұмыстарда бір-бірін оқытып, білімдерін толықтырып отыруына мүмкіндік бердім.

Келесі сабағымның тақырыбы «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі болды. Үй жұмысын тексеру тапсырмасында «Зерделеу» стратегиясы арқылы өлеңнен үзіндіні жатқа айта отырып, салған суреттері арқылы өлеңді қара сөзбен жалғастырады. Дана есімді оқушым үй жұмысына дайындығын өзінің үйден салып келген суретіне қарай отырып былайша баяндап берді: «Жүйрік жылқының мұрны ақбөкен текесінің танауы секілді кең келеді. Мұны «теке мұрын» дейді. Шоқпардай кекілі, ерні салпы, тістері ұзын болады. Жағы қоянның жағындай, сағағы кең үңірейіп бітеді. Ауыз омыртқасы шығыңқы болып келеді. Мойны жұмыр, яғни «қой мойын», жалы майда, омырауы кең, төсі тояттаған бүркіттің төсіндей шығыңқы, салпы болып тұрады...» деп шын жүйрікті сипаттап берді. Оқушылардың бірінші сабақтан алған әсері болар, бұл сабақта ыңғайыма жығылып, тапсырмаларды мұқият тыңдап, сыни тұрғыдан ойлауға төселе бастады.

«Стикерлер тобы» стратегиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында оқушыларға Абай туралы нені білетінін стикерге жазу тапсырылған болатын. Тапсырманы оқушылар жақсы орындады.

Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың сыни ойлана отырып жауап берулерін талап ететін тапсырмалар ой ұшқырлығын дамытып қана қоймайды, сонымен бірге терең ойлану қабілеттерін дамытатындығына көз жеткіздім.

«Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім» [1, 49б] деп мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей мен бұл әрекетті «бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы екі топқа берілген жұптық тапсырмадан көрдім. Ол тапсырмада берілген сұрақтар: «Жақсы ән мен тәтті күй» қандай болуы керек?, «Әнге ақынның көзқарасы». Оқушылар тапсырманы орындау барысында сыни тұрғыдан ойлай отырып көңілге қонымды дәлелге ұмтылды. Жұптық жұмыста мәселені шешудің жолын жұптаса отырып өздері іздеп тапты, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылады.

Өлеңнің құрылысын сатылай кешенді талдай отырып сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар белгілі-бір мәселе бойынша ой қозғады, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдады, салыстырды, білмегенін өзі зерттей отырып өз бетімен жұмыс жасай отырып терең білім алды.

Жалпы сабақ беру кезінде сыни тұрғыдан ойлануға арналған тапсырмалар оқушылардың сабақта тек теориялық білімді меңгеру емес, оқушының көңіл күйіне де байланысты тапсырмалар беру арқылы қызықты өткізуге болатындығын, сонда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығының артатындығын түсіндім. Бұл модульдің пайдасы, оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді, сыни ойлайды, тақырыпты жетік меңгереді, өздігінен ізденеді, сабаққа қызығушылығы артады, ойын еркін жеткізіп, сөйлеу мәдениеті артады. Алғашқы сабақтарымның тапсырмаларын орындауда түсіне алмай қиналған оқушылар кейінгі сабақтарымда сыныптастарынан үйрене отырып кедергілерді жеңе алды. Жұптаса талқылаған жұмыстардан сыныптағы оқушылар тақырыпты меңгеріп қана қоймай, жұмыс жасағанда адам бойындағы қасиеттер мен қарым-қатынастың маңыздылығын ұғынды. Сыни ойлата отырып мен оқушылардың осындай жетістіктеріне қол жеткіздім.

Сонымен қатар алғашқы сабақтарымда көптеген кедергілер болды. Алғашқы сабақ үдерісінде уақыттың жетіспеушілігі, оқушылардың реттелмеуі, топқа бөлінуде келіспеушілігі, өз ойларын ашық та айқын жеткізе алмауы, тапсырманы орындауда дарынды және талантты оқушылардың өзімшілдігі, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмаларды орындауда қиналуы, бағалау парақшаларын толтыруда оқушылардың бірін-бірі шынайы бағаламауы орын алды. Топ ішінде кейбір оқушыларға тапсырманы орындау қиынға соқты. Тапсырманы оқушыларға жалпылама бергендіктен қабілеті орташа оқушылар күрделі тапсырмаларды жасай алмай отырды.

Бұл кедергілерді ескере отырып, мен болашақта алдыма мынадай мақсат қойдым: уақытты тапсырмаға сай алу, берілген уақытты ұтымды пайдалануға үйрету, сыныптағы жағымды атмосфераны қалыптастыру үшін психологиялық жағымды ахуалдарға арналған жаттығуларды көбірек қолдану, оқушылардың сабаққа араласуын белсендіру үшін тапсырмаларды қызықты етіп дайындаймын. Сонымен қатар, заман талабына сай білім алу үшін балалардың интернет желісін пайдаланып, тақырыпты түрлі қосымша ақпарат көздерімен толықтырып ізденуіне және сол алынған ақпаратты талдап, сұрыптап, өздеріне қажеттісін өңдеп алуына көңіл бөлемін; талантты және дарынды оқушыларға сыныптан тыс уақытта кеңейтілген тапсырмалар беру арқылы жұмысты күшейтемін; оқушыларды пәнді терең түсінуіне, алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс пайдалана білуіне ықпал етемін.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: оқушылардың ақпаратты сыни тұрғыдан талдауын, болжам жасауын, шешім шығаруын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, топтық іс-әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.

Болашақта осы сыни тұрғыдан ойлау модулін сабақтарымда кеңінен қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, сындарлы ой айтуға, болжам жасауға, шешім қабылдау дағдыларын дамытамын.

Жалпы үшінші деңгей курсынан көп дүниелерді үйреніп қана қоймай, Қазақстандық Білім беру саласындағы өзгерістердің, жаңа технологиялардың мазмұнымен таныстым, меңгердім. "Мұғалім өмір бойы оқиды" деген қағидаға көзімді тағы бір жеткіздім. Болашақта алған білімімді кеңінен қолданып, жас жеткіншектің жан-жақты дамыған, саналы да тәрбиелі болып өсуіне үлесімді тигіземін.

А.Байтұрсынов «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы» деп бағалаған. Сол себепті мұғалім ХХІ ғасырдың жаңа идеяшыл ұстазына айналу үшін, үнемі іздену үстінде жүріп, жаңа технологияларды тереңінен меңгерген жағдайда, өзінің білімі мен біліктілігін арттырған кезде ғана нағыз ұстаз болады деп ойлаймын. Мен алдағы өзімнің іс-тәжірибемде осы бағдарламаны пайдалан отырып, сабағымда әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен ойындарды пайдалана отырып, оқушының бойындағы білімділігі мен талпынысын, қызығушылығы мен сыни тұрғысынан ойлау қабілетін арттырамын деген ниеттемін. .


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, төмендегі ұсыныстарды назарларыңызға ұсынамын

Ұсыныстар:

1. Оқушыға қосымша материалдар, ақпараттар алу үшін мектеп кабинеттерінде техникалық құралдармен жабдықталса; 2. Пән мұғалімдері сабақ үстінде берген білімін тәрбиемен ұштастыра отырып, оқушы шығармашылығын үнемі дамытып отырса; 3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілсе;

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» ІІІ деңгей, 306 бет, 2012ж.

  2. С. Мирсеитова. «Оқыту ізденіс ретінде» Қарағанды 2011ж.

  3. « Қазақ тілі мен әдебиеті » . № 7, 12. 2007 ж.

  4. « Ұлағат » № 1. 2006 ж.

  5. Қ.Абдықайырұлы, В.М.Моханов «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» Алматы 1999ж.

  6. Қ.Жүнісханов «Бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу» 2008ж.

  7. Педагогикалық ізденіс Алматы-Рауан 1993ж.




жүктеу 145,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау