Топырақтың адам өміріндегі маңызы. Топырақтың ластануының алдын алу шаралары



жүктеу 23,37 Kb.
бет1/4
Дата17.02.2022
өлшемі23,37 Kb.
#37514
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Лекция - ТОПЫРАК




Топырақтың адам өміріндегі маңызы.

Топырақтың ластануының алдын алу шаралары

1.Топырақтың құрамы, қасиеттері.

2.Гигиеналық, эпидемиологиялық, токсикологиялық маңызы.

3.Топырақ тазалығы, ластану.

4.Топырақтың адам өміріндегі , қоршаған ортадағы маңызы.

5.Топырақ тазалығын қадағалау,ластауға жол бермеу шаралары.



1. Топырақ және топырақ түзуші факторлар.

Топырақ - түрлі топырақ түзуші факторлар әсерінен жер қыртысының жоғарғы қабатының түрі өзгеруі нәтижесінде пайда болған ерекше табиғи-тарихи дене болып табылады. Бұл факторларға топырақ түзуші аналық тау жыныстары, климаттық әсерлер, жергілікті жердің рельефі, өсімдіктер, топырақ ағзалары, уақыт факторы, адамның әсері жатады.

Аналық тау жыныстары мыңдаған жылдар бойына желмен мүжілуге және үгілуге ұшырай отырып, біріккен массадан борпылдақ қабатқа айналатын, біртіндеп органикалық заттармен байытылып отыратын, топырақ түзілу процесінің бастамасы болып табылады. Бұл ретте аналық тау жыныстарының бөлшектері топырақ түзілу үшін тек механикалық базис құрап қана қоймай, топырақтың физикалық қасиеттерін, оның минералды химиялық құрамын анықтайды, топырақ биоценозының тіршілік етуі үшін микроэлементтер көзі болып табылады, микроэлементтердің сипатын, сондай-ақ топырақтың адам ағзасына әсерін анықтайды (В.И. Вернадский).

Топырақ түзілу ұрдісің негізгі факторларының қатарына топырақтың жылу және су режимдерін қалыптастыратын жергілікті жердің климаты мен рельефі жатады. Жылу мен ылғалдылық топырақта болып жататын барлық биологиялық және физикалық-химиялық үрдістерге әсер етеді. Көп жағдайда оларға топырақ түзуші тау жыныстардың бүліну жылдамдығы, топырақтың әр түрлі типтерінің қалыптасуы, топырақ микроорганизмдерінің, жануарлар ағзаларының, өсімдіктердің тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды қалыптастырады.

Топырақ түзілу үрдістерінде топырақтың органикалық заттарының көздері және оларды қайта түзушілер болып табылатын тірі организмдер (өсімдіктер, жануарлар, топырақ организмдері) жетекші роль атқарады. Жануарлармен бірге, топырақты органикалық заттармен байытатын биомассаның алғашқы продуценттері - өсімдіктер болып табылады. Өсімдіктердің қурап қалған жер үстілік және жер астылық бөліктері топырақ микроағзаларының әсерінен ыдырайды, ал бұл кезде түзілетін қосылыстар топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылықты анықтайтын күрделі органикалық кешен – гумустың синтезделуі үшін пайдаланылады. Өсімдіктердің минералдық заттары топырақтың минералдық бөлігін толықтырады. Өсімдіктердің жер үстілік және тамыр бөліктерінің түсу мөлшері ылғалды тропиктік ормандарда анағұрлым жоғары – 250 ц/га-ға дейін болса, шөлді жерлерде бұл көрсеткіш 5-6 ц/га-ға әрең жетеді. Ыдырамаған өсімдік қалдықтары ормандарда орман жабындысын немесе далалы жерлерде өсімдік жабынын түзеді, олар өз

кезегінде, топырақтың жылулық қасиеттеріне, ылғалдылық пен оттегін өткізуіне, топырақ ағзаларының тіршілік етуіне әсер етеді.



Топырақ ағзалары үлкен топырақ түзуші қызмет атқарады. Олардың кейбіреулері – нематодтар, жауын құрттары және басқа да сапрофагтар - өлі органикалық заттарды қорек үшін пайдаланады, басқалары – топырақ микроорганизмдерінің көпшілігі - өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын ыдыратады және минералдайды, жаңа протеинді кешендер түзіп, жоғары сатыдағы өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің алмасу үрдістерінің улы өнімдерін ыдыратады. Үшіншілері – құрттар, насекомдар, личинкалар, тышқан тәрізді кеміргіштер, көртышқандар, саршұнақтар және басқа да тірі организмдер – топырақты қопсытады, оның әр түрлі қабаттарын бір-бірімен араластырады, аэрацияға жағдай жасайды, өздерінен бөлініп шығатын заттармен топырақты тыңайтады. Бұл процестерде микроорганизмдер – бактериялар, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайымдылар және басқалар ерекше роль атқарады, өйткені олардың тіршілік үрдестірінің нәтижесінде күрделі органикалық заттар ыдырап, топырақ қарашірікпен және минералдық заттармен байытылады, заттардың биологиялық айналымы қамтамасыз етіледі.

Антропогендік топырақ түзуші фактор топырақ түзілу үрдістіріне аса үлкен ауқымда, қарқынды және көбінесе жағымсыз әсер ететін жаңа геологиялық күш болып отыр. Дала топырақтарының үлкен массивтерін жырту, улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштарды қарқынды пайдалану, ауыр техниканы қолдану, өсімдіктердің жойылуы, ірі жасанды су қоймаларын салу кезінде жерлерді су басу, пайдалы қазбаларды игеру, ашық әдіспен тас көмір, т.б. өндіру және басқалары топырақтың деградациялануы мен аса үлкен аудандардың ластануына әкеп соғады. Ал топырақ түзілу үрдісі өте ұзақ уақытты қажет ететіні белгілі. Мысалы, Жердің әр түрлі аудандарындағы ертеректе қалыптасқан топырақтардың жасы жүздеген және мыңдаған жылдарды құрайды. Бұл, топырақтың қалпына келуі қиын табиғи ресурстар қатарына жататынын және антропогендік әсер табиғат заңдылықтары ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс екендігін көрсетеді.

Барлық табиғи топырақ түзуші факторлардың бірлескен әсері топырақтың – минералдық және органикалық компоненттерден, топырақтағы ауа мен судан, сондай-ақ топырақ микро- және макроорганизмдерінен тұратын күрделі көп компонентті жүйенің қалыптасуына әкеп соғады. Минералды компоненттерге аналық тау жыныстарының ұсақталған бөлшектері жатады, олардың құрамының көп бөлігі кристалдық кремнезем (кварц), глиноземнен, темір, алюминий, магний, калий, фосфор, кальций оксидтерінен тұрады. Бұл қосылыстардан басқа, топырақтың минералдық бөлігінде, белгілі бір пропорцияда Д.И. Менделеевтің периодтық системасындағы барлық элементтер кездеседі. Топырақтың органикалық заты ыдыраудың әр түрлі сатысындағы өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің қалдықтарынан, топырақтың өз органикалық қосылыстарынан (гумин қышқылдары, фульво қышқылдары), сол сияқты топырақ микроорганизмдері синтездеген қарашіріктен тұрады. Топырақтың биотикалық компоненті, жоғарыда айтылғандай, әрқайсысы белгілі бір функциялар атқаратын түрлі тірі организмдер топтарынан тұрады.




жүктеу 23,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау