Топырақтың адам өміріндегі маңызы. Топырақтың ластануының алдын алу шаралары


Топырақтың қасиеттері мен механикалық құрамының гигиеналық маңызы



жүктеу 23,37 Kb.
бет4/4
Дата17.02.2022
өлшемі23,37 Kb.
#37514
түріҚұрамы
1   2   3   4
Лекция - ТОПЫРАК

2.1. Топырақтың қасиеттері мен механикалық құрамының гигиеналық маңызы

Топырақтың механикалық элементтері топырақ бөлшектерін құрайды.

Құм мен саздың арақатынасы бойынша, топырақ құрамының 90%-дан астамы құмнан тұратын болса құмды, 80-90%-ы құмнан тұратыны - құмайт, 50%-дан 80%-ға дейін құмнан тұратын - сазды және 20%-дан 50%-ға дейін және одан кем құмнан тұратын – саз балшықты деп бөледі.

Топырақтың ауа өткізгіштігі деп, оның өзінің қабаттары арқылы ауа өткізу қабілетін айтады. Ауа өткізгіштік саңылаулырының көптігіне емес, олардың өлшеміне байланысты болады, сондықтан ірі түйіршікті, саңылауларыірі топырақтардың ауа өткізгіштігі жоғары болады. Егер барлық саңылаулар суға немесе мұзға толы болса, ауа өткізгіштік нольге дейін төмендейді. Саңылауларыірі топырақтардың ауа өткізгіштігі жоғары болғандықтан, оларда аэрация жақсы жүреді, бұл органикалық заттардың аэробты тотығуының жақсы жүруіне жағдай жасайды. Мұндай топырақтар ең жарамды деп есептеледі.

Топырақтың су өткізгіштігі, немесе фильтрациялық қабілеті деп, оның жер бетінен түскен суды өткізуін айтады. Жақсы су өткізгіштік топырақта судың жинақталуына және батпақтануға кедергі жасайды, сондықтан су өткізгіштігі жоғары топырақтар, әдетте, құрғақ және жылы болып, онда өздігінен тазару урдістері үшін қолайлы жағдайлар туады. Топырақтың жақсы су өткізгіштігі, сондай-ақ сүзілген судың грунт үстінде жинақталып, жер асты су көздерінің түзілуіне себепші болады. Сонымен бірге, кейде топырақтың сүзгіштік қабілетінің жоғарылығының зиянды сипаты да байқалады, өйткені жер бетінен топыраққа түскен ағынды сулар жер асты су көздерін ластайды.

Топырақтың ылғал сыйымдылығы топырақтың саңылауларында жиналатын су мөлшерімен сипатталады. Саңылаулардың өлшемі неғұрлым кіші және топырақтың саңылауларының жалпы көлемі неғұрлым жоғары болса, ылғал сыйымдылық соғұрлым жоғары болады. Кішкентай саңылаулары көп болса, майда түйіршікті топырақтардың ылғал сиымдылығы өте жоғары болады. Мысалы, саз, құмға қарағанда, өзінің саңылауларында суды 2-3 есе, ал шымтезек – 30-40 есе көп ұстайды. Жоғары ылғал сыйымдылық топырақтың ауа- су өткізгіштігін нашарлатады, оның өздігінен тазару қабілетін төмендетеді. Ылғал сыйымдылығы жоғары топырақтар ылғал, суық болып, үй-жайларда дымқылдық тудырады.

Топырақтың капиллярлығы деп аталатын қасиеті – оның суды капиллярлар бойымен топырақтың төменгі қабаттарынан жоғарғы қабаттарына көтеру қабілеті де дымқылдықтың туындауына себеп болады. Капиллярларды топырақтың бөлшектері түзеді. Топырақ бөлшектері мен олардың арасындағы саңылаулар неғұрлым кішкентай болса, капиллярлығы соғұрлым жоғары болады. Капиллярлықтың жоғары болуы жер сулары деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды және тіпті іргетасы жер асты суларының деңгейінен жоғары салынған ғимараттарда да дымқылдықтың туындауына себеп болады.

Сонымен, ірі түйіршікті топырақтардың ауа- су өткізгіштіктері жақсы, ылғал сыйымдылығы мен капиллярлығы төмен болады, ал майда түйіршікті топырақтардың ауа – су өткізгіштіктері, керісінше төмен болып, ылғал сыйымдылығы мен капиллярлығы жоғары болады. Сондықтан майда түйіршікті топырақтар құрылыс үшін онша қолайлы емес, олардың өздігінен тазару үрдісі нашар жүреді, олар өліктерді жерлеуге жарамсыз, территорияда қолайсыз микроклимат қалыптастырады.



Топырақтың жылу өткізгіштігі жоғары емес, осыған орай сыртқы температуралық ауытқулар 2 м тереңдікке 2 айдан соң жетеді. Осының нәтижесінде жазда мұндай тереңдікте, жер бетіне қарағанда, біршама төмен температура, ал қыста – біршама жоғары температура қалыптасады. Топырақтың бұл қасиеттері тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған жерқоймалар мен жерасты қоймаларын салу үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, оңтүстік аудандарда ғимараттардың астындағы топырақтың біршама төмен температурасы бірінші қабаттағы үй-жайлар үшін қолайлы салқындатқыш роль атқарады.

Дайындаған Боздакбаева Р.О.
жүктеу 23,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау