Титульный лист



жүктеу 356,48 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі356,48 Kb.
#5326
түріБілім беру бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

" Электротехника, электроника және телекоммуникациялар "

Модулдік білім беру бағдарламасы

Мамандығы: 6М071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Алматы 2016



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Бекітілген

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде

Хаттама №... ......2016 ж.
" Электротехника, электроника және телекоммуникациялар "

Модулдік білім беру бағдарламасы


Мамандығы: 6М071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Оқу бағдарламасының деңгейі: профильдік магистратура (1,5 жыл)

Алматы 2016



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ

" Электротехника, электроника және телекоммуникациялар "

Білім беру бағдарламасының келісім парағы

Келісілген:
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Р. Искаков

«____» _____________ 2016 ж.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі жұмыс

бойынша басқарушы директор

Д. Сабитова

«____» _____________ 2016 ж.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының

директоры

Б. Ахметов

«____» _____________ 2016 ж.



Өңдеген:

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Электротехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының

меңгерушісі

А. Ибраев

«____» ______________ 2016 ж.



Бекітілді:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен

Хаттама № __________ , _______________
АСД директоры

Ж. Ахметова

«____» _____________ 2016 ж.

1 Білім беру бағдарламасының төлқұжаты
Осы білім бағдарламасының профильдік магистратура түлегіне: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша «техника және технология магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура мамандығы аясында Ұлттық құзыреттілік, кәсіби стандарттармен, Дублин дескрипторлары және Еуропалық құзыреттіліктермен сәйкестендірілген жоғары оқу орынымен өз бетінше әр түрлі білім беру бағдарламалары дайындалуда.

Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануы тиіс.

Студенттердің жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының әрбір деңгейін игергеннен кейінгі білімін, машықтарын және құзыреттіліктерін көрсететін Дублин дескрипторлары білім беру нәтижелеріне, қалыптасатын құзреттіліктерге және ECTS бірлігіндегі меңгерілген кредиттер санына негізделеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім берудің мазмұнын анықтайтын әр түрлі оқу немесе ғылыми жұмыстармен қалыптасады, олардың арақатынасын және өлшеу мен есептеуді көрсетеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасы құралады:

1) теориялық білім беру, базалық және профильдік пәндер циклін меңгеруден;

2) магистранттардың тәжірибиелік дайындығынан: практиканың әр түрлерінен, кәсіптік тағылымдамалар;

3) магистрлік диссертация жазуды қоса алғанда эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан – профильдік магистратура үшін;

4) аралық және қорытынды аттестациялардан.

Кәсіптік бағдарланған магистратурада БП циклі пәндері типтік оқу жоспары пәндерінің жалпы көлемінің 44 % (білім алу уақыты 1 жыл) және 28 % (білім алу уақыты 1,5 жыл) көлемін құрайды, оның 62 % және 50 % міндетті компонент пәндеріне, ал 38 % және 50 % таңдау бойынша компонент пәндеріне арналады.

Кәсіптік бағдарланған магистратурада КП циклі пәндері типтік оқу жоспары пәндерінің жалпы көлемінің 56 % (білім алу уақыты 1 жыл) және 72 % (білім алу уақыты 1,5 жыл) көлемін құрайды, оның 10 % және 12 % міндетті компонент пәндеріне, ал 90 % және 88 % таңдау бойынша компонент пәндеріне арналады.

Таңдау бойынша компонент пәндерінің тізімін жоғар оқу орыны өз алдына анықтайды. Сонымен қатар жұмыс берушілер мен еңбек нарқының сұраныстары ескеріліуі қажет.

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру нәтижелері екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктері арқылы көрініс табады.

Білім беру нәтижелері бағдарламаның жалпы деңгейі бойынша да, жекелеген пәндердің модулі деңгейімен де қалыптасады.

Екінші деңгейдегі дескрипторлары қабілеттерінін білдіреді:

1) Жиі ғылыми зерттеу контекстінде, идеялардың түп нұсқадағыдай дамуы немесе қолдану үшін мүмкіндігі немесе негізі болып табылатын, жоғары білім деңгейінде алынған дамушы білімі мен түсінігін көрсету;

2) Оқылатын облыстармен байланысты, біршама кең (немесе көпсалалы) облыстардың ішінде және жаңа немесе бейтаныс жағдайлар контекстінде мәселелерді шешу қабілетін, білу және түсінуді қолдану;

3) білімді интеграциялау, қиындықтарға төтеп беру және назарға пайымдаулар мен білімін пайдалану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, толық емес немесе шектеулі ақпараттың негізінде пайымдаулар жасау;

4) өз қорытындыларын және білімін және мамандар немесе маман еместерге оның тұжырымдарын және олардың негіздерін анық және айқын жеткізу;

5) оқуды өз бетімен жалғастыру.

Кәсіптік магистратура түлектеріне қойылатын негізгі құзыретіліктерге қойылатын талаптар:

Білуі керек:

1) түсінігі болуы керек:

ғылыми танымның заманауи даму тенденциясы туралы;

жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдардың актуалды әдістемелік және философиялық қиындықтары туралы;

әлемдену үрдісінің әлеуметтік-экономикалық реті мен қарсылықтары туралы;

әлемдік бизнес-партнерліктің экономикалық, саяси, құқықты, мәдени және технологиялық ортасының заманауи күйі туралы;

инновациялық менеджмент, өндірісті стратегиялық басқаруды ұйымдастыру туралы, лидерлік теориясы;

мекеменің негізгі қаржылық-шаруашылықты проблемасын функциялау туралы.

2) білуі керек:

ғылыми таным әдістемесі;

экономика құрылымының өзгеруінің негізгі қозғаушы күші;

инвестициялық әріптестік ережесі мен ерекшеліктері;

ғылыми зерттеу мен тәжірибелік іс әрекетті жүргізуге мүмкіндік беретін кемінде бір шет ел тілін кәсіби деңгейде меңгеру.

3) жасай алуы керек:

кәсіби іс әрекетте танымның ғылыми әдісін қолдану;

үрдістер мен құбылыстарды оқу үшін қазіргі бар концепциялар, теориялар мен қадамдарды критикалық талдау;

әртүрлі пән шеңберінде алынған білімдерін жинақтап, оларды жаңа бейтаныс жағдайдағы аналитикалық және басқару міндеттерін шешу үшін қолдану;

өндірістің шаруашылық әрекетін микроэкономикалық талдау жүргізу мен оның нәтижесін өндірісті басқаруда қолдану;

маркетинг пен менеджментті ұйымдастыруға жаңа қадамдар қолдану;

өндірістің шаруашылықты әрекетін басқару мен ұйымдастыру аумағында күрделі және стандартты емес жағдайда шешім шығару;экономикалық қатынасты реттеу аумағында Қазақстан Республикасының заңдылық нормаларын тәжірибеде қолдану;

жаңа қиындықтар мен жағдайларды шешуге креативті ойлап творчестволық қадам жасау;

заманауи ақпараттық технологияны тарта отырып ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу;

нәтижелерді магистерлік диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазба түрінде жинастыру.

4) дағдысы болуы керек:

стандартты ғылыми және кәсіби тапсырмаларды шешу;

мекеме мен ұйымның экономикалық әрекетін басқару мен ұйымдастыруда тәжірибелік қиындықтарды шешу мен ғылыми талдау жасау;

менеджмент пен маркетинг аумағында зерттеу қиындықтары мен алынған нәтижені мекемені басқару әдісімен жетілдіру үшін қолдану;

мәдениаралық коммуникация мен кәсіби сөйлесу;

ораторлық өнер, жазбаша және ауызша түрде өз ойын логикалық дұрыс айта алу;

күнделікті кәсіби әрекеті үшін қажетті білімін тереңдетіп, кеңейту әрі білімін докторантурада жалғастыру;

кәсіби әрекеті аумағында ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдану.

5) құзыретті болу керек:

мамандық бойынша зерттеу әдістемесінің аумағында;

әлемдік шаруашылықты үрдістерде ұлттық экономиканы қатыстыру мен әлемдік экономиканың заманауи проблемасы аумағында;

мекеменің ұйымдастыру және басқару әрекетінде;

мемлекеттік қызмет ұйымында әртүрлі ұжымдармен өндірістік байланысты жүзеге асыруда;

кәсіби дағдыны кеңейту, білімді тұрақты жаңартумен қамтамасыз ету тәсілінде.

Арнайы құзыреттіліктер (біліктіліктер) магистратураның әр мамандығы үшін жұмыс берушінің және қоғамның әлеуметтік тапсырысын есепке ала отырып өңделеді.


Профильді магистратураның түлегіне арнаулы (кәсіби) біліктілігіне қойылатын талаптар:

Білуі тиіс:

  1. Түсінігі болуы керек:

Заманауи ақпаратты тарату жүйесі, құру принципі, сараптау жүйесіне жалпы әдістері туралы, сондай-ақ заманауи телекоммуникация жүйелерінің мінздемелері, ақпараттарды тарату желілерін ұйымдастырудың нақты тапсырмаларын шешу үшін олардың пайдалану келешегі және мақсаттылығы туралы;

Заманауи телекоммуникация жүйелерінің технологиялары, телекоммуникация сферасындағы жаңа қатынастар, қоғамды ақпараттандыру, заманауи телекоммуникация жүйелеріне қойылатын талаптар түралы;

Радиотехника және телекоммуникацияда белгілі тапсырмаларды шешу үшін микроэлектроника саласындағы заманауи жетістіктер туралы;

Байланыс мекемесінің стратегиялық басқаруын ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, лидерлік теориялары туралы;

Мекеме қызметінің негізгі қаржылық-шаруашылық мәселелері түралы;


  1. білуі тиіс:

мекеменің радиотехника, электроника және телекоммуникация аумағындағы әрекет ету ерекшеліктерін және техникалық даму келешектерін;

инвестициялық бірлестіктер ережелерін және ерекшеліктерін;

экономика негіздерін, өндіріс, еңбек және басқаруды ұйымдастыруды;

радиотехника, электроника және телекоммуникациядағы қолданылатын заманауи құрылғылардың құрылымдық негізерін, техникалық сипаттамаларын, жұмыс істеу қағидаларын;

радиотехника, электроника және телекоммуникация аумағындағы алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибиелерді, ғылым және техниканың жетістіктерін;

ғылыми зерттеулер және тәжірибиелік әрекеттер жүргізуге мүмкіндік беретін, бірден кем емес шет тілін профессионалды деңгейде.




  1. жасай алуы керек:

мекеменің шаруашылық әрекетіне микроэкономикалық сараптау жүргізу және оның нәтижелерін мекемені басқаруда пайдалану;

өндірістік, жобалық-құрылымдық әрекеттері негізінде пайда болатын тапсырмаларды шешу және тұжырымдау;

тәжірибиеде маркетинг пен менеджментті ұйымдастыруға жаңа әдістерді пайдалану;

қауіпсіздік аумағында қиын және стандартты емес шешімдерді қабылдау және мекеменің(фирманың) шаруашылық әрекеттерін басқару;

креативті ойлау, жаңа мәселелер және жағдайларды шешуде творчестволық әрекет ету;

жұмысты орындауда шарттарды, ережені және қажетті зерттеу әдістерін таңдау;

алынған нәтижелерді өңдеу, әдеби деректерді есепке ала отырып оларды сараптау және ұғыну;

жобалық құрылғыларға, аспаптарға, жүйелерге және кешендерге технологиялық құжаттарды өңдеу;

радиотехникалық құрылғыларды, аспаптарды, жүйелерді және кешендерді берілген тапсырманы есепке ала отырып жобалау;


  1. дағдылары болуы керек:

мекеменің және ұйымның экономикалық әрекетін басқару және ұйымдастыруда тәжірибиелік мәселелерді шешу және ғылыми сараптау;

мекеме сапасы менеджменті жүйесін дамыту және құру үшін құжаттарды дайындау;

технологиялық құжаттарды, жабдықдартың, процесстердің және өнімдердің мінездемелерін оқу;

әдістемелік және нормативтік талаптарға сәйкес жобалық-құрылымдық құжаттарды өңдеу;

күнделікті кәсіптік әрекетке және докторантураны жалғастыруға қажетті білімді тереңдету және кеңейту;

кәсіптік араласу және мәдениет аралық байланыс;

5) құзыретті болу:

Радиоэлектроника және телекоммуникацияның мекеме әрекеттерін басқару және ұйымдастыруда;

Жобалық менеджмент және бизнес саласында, микро және макроэкономика негіздерінде, ауысатын шарттар тәуекелін түсінуде және білуде, жобаның техникалық, қаржы-экономикалық және заң аспектілерін түсінуде;

Түрлі жапсарлас ұйымдармен өндірістік байланысты жүзеге асыруда, кәсіптік еңбектік ұжыммен тығыз творчестволық әрекеттегі кешенді және қиын тапсырмаларды шешуде;

Телекоммуникация және радиоэлектроника саласында заманауи жетістіктер сұрақтарында, оларды технологиялық үрдістерде және қолданысқа енгізу үрдісінде қолдана алуда;

Кез келген түрдегі байланыс желісінде қызмет сапасын ұйымдастыруда;

Білімді тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету әдістерінде, кәсіптік дағдыларды кеңейте алуда.

Білім беру бағдарламасы бойынша жалпы әмбебап және кәсіптік құзыреттіліктер талданды (Қосымша).




2 «Электротехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны


Модуль атауы

Күтілетін оқыту нәтижелері

Көлемі

Семестр

Модуль компоненттері

Қалыптасқан құзыреттіліктер


KZ

ECTS

Пәннің коды

Модуль құрамдастарының атауы (пән, тәжірибелік және т.б.)

Пән циклі (ООД, БД, ПД).

тобы (А.В.С)

НК/ВК

Кредиттер саны

Бақылау формасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Жалпы модулдер

Жаратылыстану-ғылыми модулі

Түлектер оқуын аяқтап болған соң шет ел тілінен алған білімін кәсіби әрекетінде қолданып халықаралық деңгейде еркін сөйлесе алуы керек; радиоэлектроника және байланыс саласында менеджменттік дағдыларын байқата отырып инвестициялық жобаларды талдай білу керек; өзара тілдесу дағдысын байқата отырып жеке және ұжымдық жұмысты ұйымдастыру қабілетіне ие болу.


5


8


1

IYa 5201

Ағылшын тілі

(кәсіби)



БД

1.1.1


А

МК

3

е

ЖБ1; ЖБ2; ЖБ4; ЖБ5; ЖБ6; ЖБ9; ЖБ18; ЖБ10; ЖБ11; ЖБ12; ЖБ16; ЖБ19; ЖБ17; ЖБ18; ЖБ19; ЖБ20



1

Men 5202

Жобалық менеджмент

БД

1.1.2


А

МК

2

е

Мамандық модулі

Радиотехникалық және телекоммуникациялық жүйелерді жобалау және өңдеу модулі



Түлектер оқуын аяқтап болған соң радиотехника, электроника және телекоммуникация дамуының негізгі бағыттарын және күйін анықау қабілетіне ие болу, радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы ғылымның кейінгі алға жылжуын анықтайтын мәселелермен танысу, радиоэлектрондық жабдықтарды жобалай алу, сигналдарды өңдеудің заманауи сандық әдістері негізіндегі заманауи теориялық ережелерді білу.

12


20



1

COST 5203

TSOC 5203.1




Телекоммуникацияда сигналдарды цифрлық өңдеу

(Сигналдарды сандық өңдеу технологиялары)



БП

1.1.3.1


1.13.2

А

ТК

3

е

КҚ1; КҚ2; КҚ3; КҚ5; КҚ9; КҚ12


1

SSRET 5301

Радиотехника, электроника және телекоммуникацияның заманауи жағдайы

БП

2.1.1





МК

3

е

1

SPRS

5302

PAUSVCh

5302.1


Радиоэлектронды жабдықтарды жүйелі жобалау

(Антенналарды және аса жоғары жиілікті құрылғыларын жобалау)




БП

2.1.2.1


2.1.2.1.2





ТК

3

е

2

APTSS

5305


SSK

5305.1


Телекоммуникация желілерін және жүйелерін жобалау және сараптау

(Сенсорлы жүйелер және кешендер)



БП

2.2.5.1

2.2.5.2





ВК

3

е




Телекоммуникации және радиотехника технологиясы және жүйе модулі


Түлектер оқуды сәтті аяқтағаннан кейін сымды және сымсыз байланыс желілері үшін кең жолақты коммуникацияның барлық технологияларын білуі, радиотехника, электроника және телекоммуникация технологияларында микропроцессорды және микроконтроллерді пайдалануды, бөгеуілге төтеп беруге қабілеттілікті қамтамасыз етуді, телекоммуникация жүйелеріндегі электромагниттік сәйкестікті, РЭТ-тегі интеллектуалды мүмкіндіктерді көтеруге арналған мультимедийлық және заманауи телеметриялық технологияларды пайдалануды, жерсеріктік, радиорелейлік және навигациялық байланыс жүйелерінің технологияларын білуі қажет



19



31


1

TShK

5204
MSS

5204.1


Кеңжолақты коммуникациялардың технологиялары /

(Мультисервис

тік желілер)


БП

1.1.4.1


1.1.4.2




ТК

2

е

КҚ6; КҚ7; КҚ9; КҚ10; КҚ11; КҚ13; КҚ14; КҚ15


1

MPSRET

5303


MKURET

5303.1


РЭТ саласындағы микропроцессорлық жүйелер

(РЭТ саласындағы микроконтроллерлік құрылғылар)



КП

2.1.3.1


2.1.3.2




ТК

2

е

2

TASMS

5304


ShBS

5304.1


Мобильді байланыс желілерінің технологиясы мен архитектурасы

(Кеңжолақты сымсыз желілер)



КП

2.2.4.1


2.2.4.2





ТК

3

е

2

TMS

5306
TTSS

5306.1


Магистральді байланыс техгологиялары

(Тасымал байланыс желілерінің технологиялары)



КП

2.2.6.1
2.2.6.2








ТК

3

е


2

PSPCI

5307


ESRS

5307.1


Сандық ақпараттардың бөгеуілге төзімді тарату жүйелері

(Радиоэлектронды жабдықтардың электромагниттік сәйкестігі)



КП

2.2.7.1


2.2.7.1





ТК

3

е


2

TmIKS

5308


MTST

5308.1


Телеметриялық инфокоммуникациялық жүйелер

(Телекоммуникациялық жүйелердегі мульти медийлік технологиялар)



КП

2.2.8.1


2.2.8.2




ТК

3

е




2

SRS

5309


SSSN

5309.1


Жер серіктік және радиорелейлік жүйелері

(Байланыстың және навигациялық жерсеріктік жүйелері)



КП

2.2.9.1


2.2.9.2




ТК

3

е




Мамандану шегінен шығатын қосымша модульдер

Тәжірибиелік-бағдарлық модулі

Түлектер оқуды сәтті аяқтаған соң кәсіптік тапсырмаларды шешуді өңдеу үшін ақпаратты топтауға қабілетті, техникалық құжаттарды оқу, байланыс жүйелерінің технологияларын және құрылғыларының мінездемелерін, ақпаратты тарату және қабылдауды бақылаудың тәжірибиелік дағдыларын, кәсіптік тапсырмаларды шешуге арналған ұжым күшін біріктіруді білуі қажет.



13


22


3

РrР

Өндірістік тәжірибе

ОҚТ1

В




8

Есеп

КҚ16; КҚ17

3

ЕІRМ

Магистранттың экспериментті-зерттеу жұмысы

ОҚТ 2

В




4

Есеп

Қорытынды аттестация модулі

Түлектер сәтті аяқтауынан соң өздігінен оқуға және өзінің еңбек өтілімі ағысында біліктілігін жоғарылатуға қабілетті болуы тиіс. Оқу ағымындағы жалпы мәдени және кәсіптік құзереттіліктерді қолдануға қабілетті, радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйесінің жобаларын орындай, үлгілей және құрай, өңдей алуы тиіс. Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация және тағы басқа түрде жинақтауға қабілетті болуы тиіс.

4


7


3

СЕ

Кешенді емтихан (КЕ)

ОҚТ 3

В




1

э




3

ZMD

Магистрлік диссерттацияны рәсімдеу және қорғау

ОҚТ 4

В




3








3 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы

«Электротехника, электроника және телекоммуникациялар»

білім беру бағдарламасының модульдер тұрғысынан игерілген кредиттер көлемін көрсететін жиынтық кесте


Оқу курсы

Семестр

меңгерген кредиттер саны

Оқитын пән саны

Кредиттер саны KZ

Барлығы (сағатпен)

ECTS

Саны

МК

ТК

Теориялық оқу

ЭИРМ

Өндірістік практика

Қорытынды аттестация

Барлығы

Емтихан

Курсты жоба/жұмы, есеп

1

1




3

4/8

18

-

-

-

18

813

31

7

1

2







6/12

18

-

-

-

18

810

31

6

2

2

3




-

-

-

4

8

4

16

1500

30

1

-

Барлығы




3

10

36

4

8

4

52

3123




12

3



Қосымша

«Электротехника, электроника және телекоммуникациялар»

білім беру бағдарламасын игеру кезінде оқушылардың алған

құзыреттіліктері

Жалпы әмбебап біліктілік

ЖБ 1

Ғылыми таным және табиғи (әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық) ғылымдарының тиісті әдістемелік және философиялық мәселелердің дамуының қазіргі заманғы үрдістерінен хабардар болу;

ЖБ 2


Әлемдік бизнес әріптестік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық қоршаған ортаны қорғау және жаһандану әлеуметтік-экономикалық әсер ағымдағы жағдайы туралы түсінік болу қажет;

ЖБ 3

Кәсіпорындардың жұмыс істеуі барысында негізгі қаржы және экономикалық мәселелері жайлы түсінігі болу керек;

ЖБ 4

Ғылыми білімнің әдістемесін білу қажет;

ЖБ 5

Экономика құрылысының өзгеруіне әсер ететін негізгі қозғаушы күшін білу керек;

ЖБ 6

Ғылыми зерттеулер мен практикалық кәсіпті атқару мақсатында, ең кемінде бір шет тілін кәсіби деңгейде меңгеру қажет;

ЖБ 7

Ғылыми білімін кәсіптік қызметінде қолдана білуі қажет;

ЖБ 8

Қолданыстағы канцепциялар жағдайын сынау тұрғысынан анализ жасау, процестер мен құбылыстарды зерттеу теориясы;

ЖБ 9

Түрлі пәндер бойынша алынған білімін біріктіруге және жаңа бейтаныс ортада аналитикалық және басқару міндеттерін шешу үшін, оларды пайдалана алады;

ЖБ 10

Кәсіпорынның экономикалық жағдайын микроэкономикалық анализ жасау және оны кәсіпорынды басқару барысында пайдалана алу;

ЖБ 11

Бизнес кәсіпорын ұйымдастыру және басқару саласындағы (фирма) кешенді және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдай алатын;

ЖБ 12

Экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы тәжірибеде Қазақстан Республикасының заңнамасында нормаларын қоюға мүмкіндігі болу үшін оларды пайдалана білу;

ЖБ 13

Кәсіби мәселелерді шешу үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу мүмкіндігі болуы;

ЖБ 14

Дипломдық жұмысы, мақалалар, баяндамалар, талдамалық ноталары және басқа түрінде эксперименттік зерттеу және талдау нәтижелерін қорыту мүмкіндігіне ие болу үшін;

ЖБ 15

Қалыптасқан ғылыми және кәсіби міндеттерді шешудің дағдысының болуы;

ЖБ 16

Ұйымдар мен мекемелердің экономикалық қызметтерін ұйымдастыру мен басқаруда ғылыми талдау жасау мен нақты практикалық мәселелерді шеше алуға дағдысының болуы;

ЖБ 17

Кәсіби түрде араласу мен мәдениетаралық коммуникация дағдысының болуы;

ЖБ 18

Шешендік өнер, өзінің ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынын келтіріп жеткізудің дағдысының болуы;

ЖБ 19

Әлемдік экономиканың қазіргі кездегі мәселелері және ұлттық экономикалардың әлем шаруашылығы процесстеріне араласуы саласында білікті болуы керек;

ЖБ 20

Білімін тұрақты түрде жаңартып отыру, кәсіби дағдылар мен қабілеттерін қамтамасыз ету тәсілдерінде білікті болу керек.

Кәсіби құзыреттер

КҚ 1


Қолданбалы есептерді техника саласында аналитикалық және есептеу тәсілдерімен қолдану қабілеттілігі; кәсіби техникалық істердің үрдістерінде математикалық модельдерді қолдануды жетілдіру және өңдеу қабілеттілігі,

КҚ 2


Радиотехниканың, электрониканың және байланыстың заманауи даму мәселелерін түсіну қабілеттілігі; микро-, нано-, және оптоэлектрониканың, функциональды электрониканың, желілік және интернет – технологиялардың мәселелерін зерттеу, заманауи телекоммуникациялық жүйелерді, қызметтерді және кіші қызметтерді ендірудің қиындықтарын, байланыс желілерінің жаңа технологияларын пайдалану мүмкіндігі; байланыс жүйлелері мен коммуникацияларының дамуының маңызды бағыттарын зерттеу;

КҚ 3


ЖЖ құрылғыларды және антенналарды жобалауды сараптау туралы, телекоммуникация сигналдарын сандық өңдеу туралы, радиоэлектронды аппаратураның өндірісінің технологиялық үрдістерін пайдалануға енгізуді және жобоалай алу үшін жүйелік әдістерді ұсыну;

КҚ 4


Телекоммуникация жүйелерінің бөгеуілге қарсы техникалық жабдықтарын және технологияларын сараптау, радиоэлектронды жүйелерді жүйелік жобалауды ұғына алуы тиіс;

КҚ 5


Радиоэлектрондық және телекоммуникациялық жүйелердегі сигналдарды сүзгілеу және сандық өңдеудің инженерлік негіздерін, сигналдарды сандық өңдеудің заманауи әдістері негізінде жатқан заманауи теориялық ережелерді білу;

КҚ 6

Заманауи әр түрлі желілер мен жүйелерді тұрғызу түсінігі мен қабілеті; дауыс, видео және мәліметтерді жіберетін әр түрлі трафикті мультисервистік жобаларды әртүлі желілер үщін тұрғыза білу;

КҚ 7


Инновациялық микропроцессорлық және микроконтроллерлік жабдықтарды және оның бағдарламалау әдістерін, радиотехника, электроника және телекоммуникацияда пайдалану құрылысын білу;

КҚ 8

Заманауи ұялы байланыстың тұрғызу технологиясын түсіну қабілеті, желілердің техникалық парамертрлері мен жүйелердің энергетикалық параметрлерін қолдана білу. Осы телекоммуникация аясындағы заманауи жетістіктерді түсіну қабілеті, оларды технологиялық үрдістерде және эксплуатация үрдісінде қолдана білу;

КҚ 9


Радиотехникалық жүйе құрылғыларын және тораптарын, бөліктерді жобалау және есептеу үшін бастапқы деректерді талдау және жинақтау, радиоэлектронды аппараттардың өндірісінің технологиялық үрдістерін эксплуатациялау және жобалауға арналған жүйелік әдістерді білу;

КҚ 10


Пакеттік тарату хаттамаларын және технологияларында пайдаланатын келесі NGN ұрпағының байланыс желісін құру қағидаларын білу;

КҚ 11


Ақпаратты сенімді тарату үшін байланыс жүйелеріндегі бөгеуілге қабілетті кодалау әдістерін қолдана білу, телекоммуникация жүйелерінде ақпаратты қорғаудың заманауи әдістерін түсінуге қабілетті болу;

КҚ 12


Заманауи әр түрлі желілер мен жүйелерді тұрғызу түсінігі мен қабілеті; дауыс, видео және мәліметтерді жіберетін әр түрлі трафикті мультисервистік жобаларды әртүлі желілер үшін тұрғыза білу;

КҚ 13


Ақпаратты тарату үшін қолданылатын спутниктік байланыс жүйелерді тұрғызу ерекшелігін түсігу, серіктік ретрансляторлар мен жердегі станциялардың және навигациялық құрылғылардың жұмыс істеу принципі;

КҚ 14


Өз бетінше инфокоммуникациялық желілермен жұмыс істей алуы; Инфокоммуникациялық желілер мен олардың элементтерін интеллектуалды деректермен зерттей білу;

КҚ 15


Байланысты ұйымдастыру, желі қондырғыларын және құру жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

КҚ 16


Өздігінен оқуға қабілетті бола және біліктілікті еңбек өтілімі кезінде жоғарылата білу. Оқу кезеңінде алынған барлық білімді жалпымәдени оқу және кәсіптік құзыреттер ағымында қолдана білу;

КҚ 17


Радиотехники, электроники и телекоммуникациялар жүйесінде жобаларды орындау, үлгілеу, құру және өңдеуге дағдыллана білу. Ғылыми жұмыстың және диссертацияның, аналитикалық жұмыстың және т.б. нәтижелерін белгілеу қабілеті болуы.


Мазмұны



1

Білім беру бағдарламасының төлқұжаты

4

2

Бағдарламаның мазмұны

9

3

Кредиттер көлемін көрсететін жиынтық кесте

12




Қосымша. Білім беру бағдарламасын игеру кезінде оқушылардың алған құзыреттіліктері

13



жүктеу 356,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау