Титульный лист



жүктеу 447,36 Kb.
бет1/3
Дата05.02.2018
өлшемі447,36 Kb.
#8592
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау»

Модульдік білім беру бағдарламасы


Мамандығы: 6М070600 – Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау

Алматы 2016



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Бекітілген

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде

Хаттама №... ......2016 ж.

«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау»

Модульдік білім беру бағдарламасы


Мамандығы: 6М070600 – Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау
Білім беру бағдарламасының деңгейі: профильдік магистратура (1,5 жыл)

Алматы 2016



Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау»

Білім беру бағдарламасының келісім парағы
Келісілген:
Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Р. Искаков

«____» _____________ 2016 ж.


Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім беру департаментінің

басқарушы директоры Д. Сабитова

«____» _____________ 2016 ж.


Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнайгаз ісі

институты директоры

Т.Енсепбаев

«____» _____________ 2016 ж.



Әзірлеген:

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар

кенорындарын іздеу және барлау

кафедра меңгерушісі А.Бекботаева

«____» ______________ 2016 ж.


Мұнай және газ геологиясы

кафедра меңгерушісі Г.Жолтаев

«____» ______________ 2016 ж.
Ұңғыларды бұрғылау технологиясы

мен техникасы кафедра меңгерушісі Б.Ратов

«____» ______________ 2016 ж.
Бекітілді:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің

Шешімімен ____. ____. 2016 ж., Хаттама № .
Академикалық сұрақтар бойныша

департамент директоры Ж.Ахметова


«____» _____________ 2016 ж.

1 Білім беру бағдарламасының құжаты

Білім бағдарламасының түлегіне: «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша «техника және технология магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура мамандықтарының аясында жоо-мен ұлттық біліктілік аясына сәйкес әртүрлі, кәсіби стандарттармен, Дублин дескрипторлары және Еуропалық біліктілігіне сәйкестендірілген әр түрлі дербес оқу бағдарламаларын әзірленеді.

Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағытталуы тиіс.

Студенттердің жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының әрбір деңгейін игергеннен кейінгі білімін, машықтарын және құзыреттіліктерін көрсететін Дублин дескрипторлары білім беру нәтижелеріне, қалыптасатын құзреттіліктерге және ECTS бірлігіндегі меңгерілген кредиттер санына негізделеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім берудің мазмұнын анықтайтын әр түрлі оқу немесе ғылыми жұмыстардан тұрады, олардың арақатынасын және өлшеу мен есептеуді көрсетеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасы:

1) теориялық білім беру, базалық және профильдік пәндер циклін меңгеруден;

2) магистранттардың тәжірибиелік дайындығынан: практиканың әр түрлерінен, кәсіби деңгейді жоғарлатудан;

3) профильдік магистратура үшін – магистрлік диссертация жазуды қоса алғанда эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан;

4) аралық және қорытынды аттестациялардан тұрады.

Кәсіптік бағдарланған магистратурада БП циклі пәндері типтік оқу жоспары пәндерінің жалпы көлемінің 44 % (білім алу уақыты 1 жыл) және 28 % (білім алу уақыты 1,5 жыл) көлемін құрайды, оның 62 % және 50 % міндетті компонент пәндеріне, ал 38 % және 50 % таңдау бойынша компонент пәндеріне арналған.

Кәсіптік бағдарланған магистратурада КП циклі пәндері типтік оқу жоспары пәндерінің жалпы көлемінің 56 % (білім алу уақыты 1 жыл) және 72 % (білім алу уақыты 1,5 жыл) көлемін құрайды, оның 10 % және 12 % міндетті таңдау пәндеріне, ал 90 % және 88 % таңдау бойынша компонент пәндеріне сәйкес.

Таңдау бойынша компонент пәндерінің тізімін жоғар оқу орыны анықтайды. Сонымен қатар жұмыс берушілер мен еңбек нарқының сұраныстары ескеріліуі қажет.



Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру нәтижелері екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктері арқылы анықталады.

Білім беру нәтижелері бағдарламаның жалпы деңгейі бойынша да, жекелеген пәндердің модулі деңгейі бойынша да құрастырылады.

Екінші деңгейлі дескрипторлар келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

1) жоғарғы білім деңгейінде алынған, білімділіктің дамуын және түсінігін көрсету, бастапқы идеяларды дамыту немесе қолдану мүмкіндігі үшін негіз болып табылады;

2) білімді қолдану, түсіну, неғұрлым кең зертеу аудандарының аясында (немесе пәнаралық) салаларда, жаңа немесе кез-келген жағдайларда туындаған мәселелерді шешу;

3) осы пайымдаулар мен білімін пайдалану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, қиындықтарға төтеп беру және толық емес немесе шектеулі ақпараттың негізінде, пайымдаулар жасауға қажетті білімді интеграциялау;

4) өзінің білімін және тұжырымдарын және олардың негіздемелерін мамандарға және маман еместерге анық, түсінікті етіп жеткізу;

5) оқуды өз бетімен жалғастыру.

Кәсіптік магистратура түлектеріне қойылатын негізгі құзыретіліктерге қойылатын талаптар:

Білуі керек:

1) түсінігі болуы керек:

ғылыми танымның заманауи даму тенденциясы туралы;

ғылымның актуалды методологиялық және философиялық жаратылыстану, мәселелері (әлеуметтік, гуманитарлы, экономикалық) туралы;

глобализациялану процесстерінің салдарынан әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылық туралы;

әлемдік бизнес-серіктестіктегі экономикалық, саяси, құқықты, мәдени және технологиялық ортаның заманауи күйі туралы;

инновациялық менеджмент, өндірісті стратегиялық басқаруды ұйымдастыру туралы, лидерлік теориясы;

мекеменің негізгі қаржылық-шаруашылықты проблемасын функциялау туралы.

2) білуі керек:

ғылыми таным методологиясын;

экономика құрылымының өзгеруінің негізгі қозғаушы күші;

инвестициялық әріптестік ережесі мен ерекшеліктері;

ғылыми зерттеу мен тәжірибелік іс әрекетті жүргізуге мүмкіндік беретін, кемінде бір шет тілін кәсіби деңгейде меңгеру.

3) жасай алуы керек:

кәсіби іс әрекетте танымның ғылыми әдістерін қолдану;

үрдістер мен құбылыстарды оқу үшін қазіргі бар концепциялар, теориялар мен тәсілдерді критикалық талдау;

әртүрлі пән шеңберінде алынған білімдерін интеграциялау, оларды жаңа жағдайдағы аналитикалық және басқару міндеттерін шешу үшін қолдану;

өндірістің шаруашылық әрекетін микроэкономикалық талдау жүргізу мен оның нәтижесін өндірісті басқаруда қолдану;

маркетинг пен менеджментті ұйымдастыруға жаңа қадамдар қолдану;

өндірістің шаруашылықты әрекетін басқару мен ұйымдастыру аумағында күрделі және стандартты емес жағдайда шешім шығару; экономикалық қатынасты реттеу аумағында Қазақстан Республикасының заң нормаларын тәжірибеде қолдану;

жаңа қиындықтар мен жағдайларды шешуге креативті ойлап творчестволық қадам жасау;

заманауи ақпараттық технологияны тарта отырып ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу;

нәтижелерді магистерлік диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазба түрінде жинастыру.

4) дағдылану керек:

стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу;

мекеме мен ұйымның экономикалық әрекетін басқару мен ұйымдастыруда тәжірибелік қиындықтарды шешу мен ғылыми талдау;

менеджмент пен маркетинг аумағында зерттеу мәселелері мен алынған нәтижені, мекемені басқаруды жетілдіру әдісін қолдану;

мәдениаралық коммуникация және кәсіби сөйлесу;

ораторлық өнер, жазбаша түрде және ауызша өз ойын логикалық дұрыс айта алу;

күнделікті кәсіби әрекеті үшін қажетті білімін тереңдетіп, кеңейту әрі білімін докторантурада жалғастыру;

кәсіби әрекет аумағында ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдану.

5) құзыретті болу керек:

мамандық бойынша зерттеу әдістемесінің аумағында;

әлемдік экономиканың заманауи мәселелерін және ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық процесстер мәселелері жайында;

мекеменің ұйымдастыру және басқару әрекетінде;

мемлекеттік қызмет ұйымында әртүрлі ұжымдармен өндірістік байланысты жүзеге асыруда;

кәсібилікті кеңейту, білімді тұрақты жаңартумен қамтамасыз ету тәсілінде.

«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша кәсіптік магистратура түлектерінің арнайы (кәсіби) құзыреттілігіне қойылатын талаптар:



Міндетті:

  1. Түсінігі болуы керек:

Геологиялық жаралымдар, денелер және құрылымдардың заттық құрамын, құрылысын және дамуын далалық және зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізудің дәстүрлі және заманауи мамандандырылған әдістері жайлы;

Жер қойнауын геологиялық зерттеу және сараптау (мониторинг) жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындардағы жоғарғы санатты мамандардың жұмысы жайлы;



  1. Білу керек:

Минералдық шикізат ресурстар базасының қазіргі жағдайын;

Еліміздің геология қызметінің алдында жаңа ғылыми шешімдер мен технологияларды енгізу саласында тұрған мақсаттары мен тапсырмаларды;

Жер қойнауын пайдаланудың негізгі нормативтік базасын;

Әр түрлі ландшафты жағдайларда геологиялық түсіру, іздеу және барлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесін;

Геологиялық, геохимиялық, геофизиакалық ақпараттарды өңдеу мен түсіндіру (интерпретация) әдістемесін;



Дайындықтың таңдалған бағытына сәйкес келетін ғылыммен техника жетістіктері, білім саласындағы отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені;

Ғылыми техникалық ақпараттарды іздеудің, паттенттеудің рационалдық тәсілдерін;

Зерттеу жұмыстарын, тәжірибелерді жобалау және жүргізуді автоматтандыру және компьютерлендіру әдістерін;

Заманауи аспаптар мен аппаратураларды пайдаланып, табиғи немесе техникалық жүйелерді зерттеудің заманауи әдістерін.

  1. Жасай алуы керек:

Алған білімді өндірістік тәжірибеде қолдануды;

Минералдық шикізат базасының жай күйі бойынша аналитикалық материалдар құруды;

Негізгі геологиялық түсініктерді қалыптастыруды, кәсіби терминдерді қолдануды;

Қажетті геологиялық ақпараттарды талдауды;

Пайдалы қазба кенорынының геологиялық картасын құрастыруды;

Пайдалы қазба кенорындарының өнеркәсіптік типтерінің алғышарттары мен белгілерін қалыптастыруды;

Пайдалы қазбаның күтілетін өнеркәсіптік типіне сәйкес іздеу және барлау әдістерінің рационалдық кешенін таңдауды;

Пайдалы қазбаның анықталып отырған өнеркәсіптік типіне сәйкес іздеу, барлау және бағалау жұмыстарын жүргізуге геологиялық тапсырмалар жасауды;

Әр түрлі өнеркәсіптік типтегі кенорындарды іздеу ,барлау және бағалау кезеңдері үшін жұмыстардың жобаларын құрастыруды;


  1. дағдылануы керек:

Далалық және камералық жұмыстарда, алғашқы және туынды геологиялық ақпараттарды жинау және өңдеуге;

заманауи компьютерлік технологиялардың көмегімен геологиялық ақпараттарды өңдеуге;

іздеу жұмыстарының геологиялық, минералогиялық және геохимиялық әдістерінің нәтижелерін өңдеудің негізгі операциялары мен әр түрлі өнеркәсіптік типтегі пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары мен болжамдық карталарын құрастыру тәсілдерін.


  1. құзыретті болуы керек:

жер қойнауын пайдаланудың кәсіби мәселелерінде, құқықтық, экономикалық және экологиялық нормаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау мәселелерінде.

Білім беру бағдарламасы бойынша жалпы және кәсіби құзіреттіліктер талданды (Қосымша).



2 «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» білім беру бағдарламасының мазмұны


Модульдің атауы

Оқытудың күтілетін нәтижелері

Көлемі

Семестр

Модуль компоненттері

Қалыптасқан компетенциялар

KZ

ECTS

Пәннің коды

Модуль құраушы пәндер атауы (пән, тәжірибелік және т.б.)

Пән циклі (ООД, БД, ПД).

Тобы (А.В.С)

МК/ТК

Кредиттер саны

Бақылау формасы

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

1

Жалпы модулдер

Жаратылыстану-ғылымы модулі

Түлектер оқуын аяқтап болған соң шет ел тілінен алған білімін кәсіби әрекетінде қолданып халықаралық деңгейде еркін сөйлесе алуы керек; мұнайгаз өнеркәсібінде менеджменттік тәжірибиелерін байқата отырып инвестициялық жобаларды талдай білу керек; өзара тілдесу дағдысын байқата отырып жеке және ұжымдық жұмысты ұйымдастыру қабілетіне ие болу керек.


5


9


1

IYa 5201

Ағылшын тілі

(кәсіби)


БП

1.1.1


А

МК

3

е

ЖК1; ЖК2; ЖК4; ЖК5; ЖК6; ЖК8; ЖК9; ЖК10; ЖК11; ЖК12; ЖК16; ЖК17; ЖК18; ЖК 19; ЖК20

КҚ3; КҚ18; КҚ19; КҚ20



1

Men 5202

Жобалық менеджмент

БП

1.1.2


А

МК

2

е

Негізгі геологиялық дисциплиналардың модулі

Оқуын аяқтағаннан кейін түлектер практикада Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты құқықтық реттеу жүйесін пайдалана алады, түлектер жер қойнауын пайдалану құқықтық қатынастарын реттейтін басты нормативтік-құқықтық актілерді, жер қойнауын пайдаланушыларға Заң жүзінде қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасындағы жер қойнауы бөлікшелерін пайдалану құқығын беру принциптері мен тәртіптерін білетін болады. Магистрлер жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс немесе аукционға қатысу, жер қойнауын пайдалану лицензияларын қайта рәсімдеу, жер қойнауын пайдалану лицензияларына өзгерістер енгізу, мемлекеттік меншіктегі геологиялық мәліметтерді алуға жобалар мен сұраныстарды дайындау мәселелерінде құзыретті болады.

3

5

2

АРSN 5301

Қазіргі жерқойнауын пайдаланудың көкейкесті проблемалары

ПП

2.1.1


А

МК

3

е

ЖК3, ЖК7, ЖК13, ЖК14
КҚ 1, КҚ2, КҚ4, КҚ5




Мамандық модулі

Геология және барлау модулі

Түлектер оқуын аяқтаған соң геологиялық мәліметтерді өңдеу мен статистикалық талдау тәсілдерін игереді. Олар Майкромайн компьютерлік бағдарламасымен жұмыс істей алады, олар мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және беру мәселелері бойынша құзыретті. Түлектер компьютерде геологиялық 3D-сұлбаларды, пландарды және карталарды тұрғыза алатын болады. Магистрлер компьютерлік бағдарламалардың көмегімен геологиялық мәліметтерді түсіндіру (интерпретация), болжамдық ресурстарды бағалау және қорды есептеу жұмыстарын орындай алады. Түлектер минералдық шикізат ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімге, геологияның және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың қазіргі проблемалары жайлы мәліметтерге ие. Магистрлер заманауи техникаларды қолдана отырып таужыныстардың заттық құрамын өз бетінше зерттей алады, сондай-ақ сипаттамалар мен есепнамалар құрастыра алады. Олар стратиграфиялық бөлімшелерді зерттей және түзете алады, геологиялық-экологиялық, формациялық металлогениялық сияқты кез-келген геологиялық карталарды құрастырады. Магистрлер есепнамалар, сұраныстар, баяндамалар, өндірістік құжаттардың сараптамалық қорытындысын құрастыра алады.

28


46


1

APG 121.1

Геологияның өзекті проблемалары

БП 1.2.1.1





ТК

3

е

ЖК4; ЖК15; ЖК19; ЖК20
КҚ4, КҚ5, КҚ6, КҚ7, КҚ8, КҚ9, КҚ10, КҚ11, КҚ12, КҚ13, КҚ14, КҚ15, КҚ16, КҚ17, КҚ21, КҚ22

1

KMG 122.1

Геологиядағы компьютерлік модельдеу


БП

1.2.2.1





ТК

2

е

1

SK 123.1

Қазақстан стратиграфиясы

ПП 1.2.3.1





ТК

2

е

1

PM 124.1

Таужыныс құраушы минералдар

ПП 1.2.4.1




ТК

3

е

1

OEG 125.1

Экологиялық геология негіздері


ПП 1.2.5.1




ТК

3

е

2

MRFK 221.1

Металлогения және Қазақстанның рудалы формациялары

ПП 2.2.1.1




ТК

3

е

2

FAG 222.1

Геологиядағы формациялық талдау

ПП 2.2.2.1




ТК

3

е

2

S 223.1

Седиментология

ПП 2.2.3.1




ТК

3

е

2

MNM 224.1

Микро- и наноминералогия

ПП 2.2.4.1




ТК

3

е

2

MM 225.1

Метаморфиттер және метасоматиттер

ПП 2.2.5.1




ТК

3

е

жүктеу 447,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау