Құрастырушылар: аға оқытушы Н.М. Закриянова ___________
5В050900 «Қаржы», мамандығының
күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған
«Тәуекелділіктерді басқару»
ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Д. З. Айгужинова 201__ ж. «____» _______
(қолы) (А.Ж.Т.)
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________
1 Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы «Тәуекелділіктерді басқару» пәні таңдау бойынша пән болып табылады.
Барлығы – 4 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиторлық сабақтардың барлығы: 45
Дәрістер – 30;
Практикалық/ семинарлық сабақтар-30 сағат;
СӨЖ – 120 сағат, оның ішінде СӨЖМ - 30 сағат;
Жалпы жұмсалған еңбек -180 сағат.
Бақылау нысаны
Емтихан -6 семестр
Пререквизиттер
Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқудан алынған білімі, машықтары қажет: «Статистика», «Корпоративтік қаржылар», «Сақтандыру», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу».
Постреквизиттер
Пәнді оқу барысында алынған білімі, машықтары келесі пәндерді меңгеруге қажет: «Қаржы менеджменті», «Жобаларды талдау».
2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты
А.Т.Ә. _Закриянова Н.М.
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: _ аға__оқытушы____________
Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, __________________________________
телефон: ___67-36-43________________________,
Е-mail: ____________________________.
3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері
«Тәуекелділіктерді басқару» пәнді оқу негізі болып тәуекел жағдайларында таңдауды талдауға, тәуекел талдауына, тәуекелді бағалау мен басқару әдістеріне қатысты сұрақтарды зерттеу табылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – тәуекел теориясымен байланысты сұрақтар бойынша терең дәріс білімін туындату; кәсіпкерлердің қызметіндегі тәукелдердің формаларымен түрлерін зерделеу; тәуекелдердің бағалау әдістерін зерделеу; қазіргі жағдайда тәуекел-менеджментінің болу мен даму туралы актуалдық сұрақтарды зерделеу.
Пәнді меңгерудің міндеттері:
тәуекел мәселелері бойынша терең теориялық білімдердің қалыптасуы;
шаруашылық етуші субъектілер қызметінің тәуекел түрлері мен формалары;
тәуекелдерді бағалау әдістемесін оқу;
қазіргі шарттардағы тәуекел-менеджментінің құрылуы мен дамуының өзекті мәселелерін оқу.
4. 3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:
тәуекелдерді талдаудың теориялық негізін;
тәуекелдерді талдаудың тәжірибелік құралдарын;
жаңа қағидаларын, әдістерін және тәсілдерін жөнінде түсінік болу;
кәсіпкерлердің қызметіндегі тәукелдердің формаларымен түрлерін;
тәуекелдердің бағалау әдістерін;
қазіргі жағдайда тәуекел-менеджментінің болу мен даму туралы актуалдық сұрақтарды білу;
тәуекелмен байланысты инвестициялық жобаларды дайындау және оның қабылдау дәрежесін бағалауда;
жобаның тәукелдің дәрежесін бағалауда икемді болу;
тәуекелдер әр түрлі аймақтарын талдау;
тәуекелдің дәрежесін бағалау;
тәуекел жағдайларында қабылдайтын шешімдерін объективті мағынасын беру;
тәуекел төмендетуге арналған нәтижелік әдістер жүйесін құру практикалық машықтарды иемдену қажет.
5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
р/р
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Практикалық (семинарлық)
|
Барлығы
|
оның ішінде
СӨЖМ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Тәуекелдің мағынасы және оның негізгі себептер
|
4
|
4
|
15
|
4
|
2
|
Тәуекелдер жіктеуінің негізгі қағидалары
|
4
|
4
|
15
|
4
|
3
|
Тәуекел басқаруының негізгі қағидалары
|
4
|
4
|
15
|
4
|
4
|
Кәсіпорындағы тәуекелдерді басқару әдістері
|
4
|
4
|
15
|
4
|
5
|
Экономикалық тәуекелді сандық бағалаулардың жүйесі
|
3
|
3
|
15
|
3
|
6
|
Эксперттік продедуралар және тәуекелдерді өлшеу үшін пайдаланылатын субъективтік бағалауының әдістері
|
4
|
4
|
15
|
4
|
7
|
Тәуекел менеджментінің негізгі аспектілері және оның компанияда орнату
|
4
|
4
|
15
|
4
|
8
|
Тәуекелдерді салалық басқару
|
3
|
3
|
15
|
3
|
БАРЛЫҒЫ
|
30
|
30
|
120
|
30
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып. Тәуекелдің мағынасы және оның негізгі себептер – 4 сағат.
Мазмұны:
1 Тәуекел және белгісіздік, тәуекел теорияның негіздері.
2 Тәуекелдердің негізгі элементтері.
3 Экономикалық тәуекелдердің болу себептері.
4 Тәуекел және тәуекелді жағдай.
5 Тәуекел құқықты болуының концепциясы.
«Тәуекел» испан сөзінен шыққан: risco – «жартас» (тікшіл) деген мағынаны білдіреді. Егер Испанияның ірі держава болған кезегіндегі географиялық ашылымдардың болғанын еске түсірсек, онда бұған сенуге болады. Басқа жағынан қарасақ, тәуекел мәнін ертедегі грек және латын жазушыларының (Татий, Петроний, Апулей) өмірге деген қауіпке байланысты іс әрекеттерді білдіру үшін қолданған. Айтқанімен де, тәуекел сөзі бұдан бұрын қолданысқа кірген, және негізгі еуропа тілінде бірдей үнделеді. Risiko –немісше, risk ‑ ағылшынша, risqué ‑ французша, rischio ‑ италиянша, riesgo ‑ испанша.
Қазіргі уақытта тәуекел ұғымының нақты ұйғарымы жоқ. Міне кейбір ұйғарымдары. Тәуекел – бұл нәтиженің белгісіздігіндегі деңгей; мүмкін шығынның ықтималдығы; табыс бөлігі шығынының ықтималдығы; ресурсты немесе табысты шығындаудың қаупі; үміт күтетін көріністің қолайсыз болуының қаупі; белгісіздік іс әрекеттің бейнесі; табыстылықтың сәтсіздік нәтижесіндегі жетекші орынды алатын белгісіздік жағдайындағы іс әрекеттің бейнесі; шығындарға әкелетін оқиғаның құндылығы; нәтижесі белгісіз шешімді қабылдау; белгісіздік жағдайы; шешім қабылданатын мақсаттан бас тартудың мүмкіндігі.
Тәуекел ‑ бұл нәтижесі белгісіз және қолайсыз шешім қабылдау, яғни тәуекел шығыны соңғы мағынаға қайшы келеді, ал оң ауытқу мүмкіндігі, бұл үміттенетін нақты нәтиженің қолайлығы, ол «мүмкіндік» деп аталады, яғни сәттіліктің, пайданың мүмкінділігі, шығынның, сәтсіздіктің тәуекелі.
Тәуекелдің анықсыздық ұғым деген мағыналары бар және ол бағалаудың дербес критерийлеріне тәуелді. Тәуекел үнемі белгісіздікпен байланысты, бірақ оның арасында белгісіздіктің келешектегі ықтимал уақығалар туралы ақпараттың жетімсіздігін білдіретін, ал тәуекелділіктің әр мүмкін болатын жағдайлардың белгісіздігінде тұратын айырмашылығы бар.
Тәуекел жағдайы статистикалық процестермен байланысты және оған үш шарт тән:
- белгісіздіктің бары;
- баламаны таңдаудың қажеттілігі (бұл ретте таңдаудан бас тарту - бұл таңдаудың әр түрлілігі);
- таңдалатын баламаның іске асрылуын бағалау мүмкіндігі.
Қатерлі жағдай – бұл белгісіздіктің әртүрлілігі, яғни уақиғаның болуы және анықталуы мүмкін.
Тәуекелдің жағдайы мүмкіндікті анықтаудың бірнеше түрлендірулерден тұрады:
- үміттелетін нәтижені алудың объективті мүмкіндіктері бар, олар мысалы жүргізілген статистикалық зерттемелерге негізделген;
- үміттенетін нәтиженің болу мүмкіндігі субъективті бағалаулар негізінде алынуы мүмкін;
- субъект баламаны таңдау және іске асыру үрдісінде объективтік және субъективтік мүмкіндіктермен қатыста болады.
Тәуекел шешімді таңдаудың басында да, оны жүзеге асыру мезетінде де болады. Осы екі жағдайда да тәуекел субъектімен белгісіздікті шешудің моделі ретінде, нақты жағдайлардағы қарама қарсы тенденциялардың дамуындағы қайшы келетін тәжірибелік әдістерді шешудің моделі ретінде ұсфнылады. Сондықтан, тәуекелді бас тартпайтын таңдау жағдайындағы белгісіздікті өтумен байланысты қызметі ретінде анықтауға болады, оның үрдісінде үміттелетін нәтижеге, сәтсіздікке және мақсаттан ауытқуға қол жеткізетін мүмкіндікті сапалы және санды бағалауға болады.
Тәуекел жағдайында тәжірибелік әрекетті жүзеге асыру мезетінде үш негізгі элементті есепке алу керек: күтілетін нәтижені алу мүмкіндігі (сәттілік); баламаны таңдау және іске асыру үрдісіндегі сәтсіздіктің болу мүмкіндігі; таңдалған мақсаттан бас тарту.
Тәуекел бұл ресурстың бір бөлігін жоғалту, табысты алмау немесе қызмет ету үрдісінде қосымша шығындарға ұшырауды білдіреді.
Тәекел ұғымы көбінесе белгісіздік ұғымымен байланысты. Фрэнк Найт ең алғаш рет экономикалық тәуекелге көңіл болып мына ұйғарымды берген: «барлық табыс белгісіздікпен байланысты». Самуэльсон айтады: «белгісіздік адамдардың үміттенетін және нақты болатын жағдайдың арасындағы сәйкессіздікті тудырады».
Тәуекел әр түрлі түсіндіріледі. Тәуекелге анықтама беру үшін бірнеше постулатты мәнге алу қажет:
- тәуекел субъектінің шешімімен және бағаларымен байланысты;
- тәуекел келешекте қабылданатын шешімдерді суреттейді, ал келешек жетерлік дәрежеде пайдалана алмайды;
- тәуекелден еркін тәртіп жоқ;
- тәуекелді және оның өлшемдерін айыра білген жөн.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, тәуекел – бұл қандай да бір уақиғалардың болмауы, үміттенетін мәндер өлшемінен ауытқу мүмкіндігі деуге болады. Экономикалық тәуекелді өлшеуге болады, ол үшін төмендегіге негізделген тәсілдер бар:
- тәуекел шығынның мүмкіндігі;
- тәуекел ықтимал шығынның өлшемі;
- тәуекел бұл шығын өлшемінің нәтижесі болатын қызмет;
- тәуекел вариацияға баламалы;
- тәуекел – бұл барлық теріс жағдайлар үшін алынған барлық танымның орта вариациясы;
- тәуекел – бұл барлық мүмкін шығындардың күтілетін өлшемнің және вариацияның тізбекті комбинациясы (математикалық күтілім).
Тәуекелді бағалауға болса онда тәекелдің дәрежесін төмендетідің нақты мүмкін шешімдері бар, ол тәуекелді басқаруға болатынын білдіреді.
Тәуекелдің негізігі белгілеріне қайшылық, баламалық, белгісіздік жатады.
Қайшылық түрлі аспектілерде көрсетіледі және түрлі қызмет арасында тәуекел бір дағынан қоғамдық мәнді нәтижелерге бейнеленгенін, екінші жағынан тәуекел авантюризмға әкелетінін болжайды.
Баламалық бір немесе бірнеше шешімдерден біреуін таңдауын білдіреді. Ол қиыншылық дірежесіне байланысты бірнеше әдістермен шешіледі. Жай жағдайларда таңдау өткен жылдың негізінде жүзеге асырылады, ал күрделіде арнайы әдістер мен әдістемелерді қолдану қажет.
Тәуекел белгісіздікпен байланысты, яғни ол тәуекелдің көзі болып табылады. Тәукелді басқаруда басты мән осы факторга бөлінеді, өйткені тәжірибеде тәуекелді басқаруды және реттеуді оңтайландыру қажет.
Тәуекелдің пайда болу себептеріне мыналар тән (көздері):
- табиғи үдерістің және көріністердің, қауіп қатерлердің болуы;
- кездейсоқтық – бұл тәуекелдің әлеуметтік-экономикалық және технологиялық үдерістерінде, сонымен қатар экономикалық субъектілер қатысатын материалдық қатынастардың көп нұсқалығында көрінеді.
- қарама қарсы үрдістің бары;
- белгісіздіктің және тәуекелдің болу үдерісіне ғылыми-техникалық үрдіс әсер етеді. Белгісіздік сонымен бірге шешілетін объектіге, процеске және көрініске қатысты ақпараттың толық болмауы тән.
Тәуекелге белгісіздіктің болу әсеріне мыналар да тән: стандартты жағдайларды қабылдау барысындағы материалдық ресурстардың жеткіліксіздігі және шектілігі; оның әлеуметтік-психологиялық айырмашылықтарының болуындағы қатысты шектілігі.
Тәуекелдің тұжырымдамасы біріншіден тәуекелді бағалаудын, екіншіден оны басқарудан тұрады.
Тәуекелді бағалау - нақты жағдайда оның көрінсінің және масштабының себептерін ғылыми талдау. Тәуекелді талдауды тағайындау – бұл жобада қатысу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді беру және мүмкін қаржылық шығындардан қорғау үшін шаралар қарастыру.
Тәуекелді басқару – ол тәуекелдік жағдайды талдау және оны шағындандыруға бағытталған шешімді өңдеу (акт жүзінде: заңнама, нұсқаулық құру).
Тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты – оны төмендету жолдарын айқындау, кезегінде уақыт пен ресурстардың шектілігі. Экономикалық қатынастар жүйесіндегі тәуекелді шағындандыру мен шектеу бойынша мақсатты бағытталған і тәуекелді басқару деп аталады (менеджмент тәуекелі).
Тәуекелді ескере отыра шешім қабылдау бір ең маңызды критериймен байланысты: шешімді қабылдау барысында басқарушы тәуекел мезетінде қандай іс әрекет жасайды. Капиталы үлкен және көп түрлі тауарды шығаратын кәсіпорынның басқарушысы тәуекел жағдайларында батыл әрекет етуіне болады.
Тәуекелдің экономикалық шектеулері төмендегідей анықталады. Басқарушы шешім қабылдау барысында тәуекелге баруы мүмкін, егер қолда бар қорлар кәсіпорынның даму міндееттірінің өлшемдері бойынша сәйкес келсе, мүмкін шығындар кәсіпорынның даму балансын бұзбайтын сақтандыру қоры құрылса; шешімді қабылдау үрдісінде сарапшылар дұрыс таңдалса, қажетті ақпаратты іздестіріп өңдесе және т.б. Бірақ бұдан басқа дәл сандық бағалауға маңызды факторлар қажет: жетекшiнiң түйсiгi, жағдай, тәуекелді шешімді ыңғайлы қабылдау, шешім қабылдаушының жеке материалдық жағдайы және т.б.
Қандай да бір шешімді қабылдаумен байланысты шығындар баламалы нұсқаны таңдау барысыныда бағалана алмайды. Шешім қабылдау барысында сәйкес мәліметтердің болуы анықталып талдау жүргізілу керек, егер болса онда олар керекті мөлшерде бағаланып ескерілді ме. Басқару шешімдердің нәтижесінде шығын емес, басқа шешімді қабылдамау барысында пайда болатын табысты ала алмау мәселені қиындатады.
Тәуекелді құқықтық реттеу кезінде кәсіпорын пайданың есебінен қор құрып жеке шаруашылық шешімдерден пайда болған шығындарды өтеу тиіс. Қор экономикалық қиыншылықтардың болу жағдайында тәуекелді шешімдерді іске асыру нәтижесінде пайда болған шығындарды өтеу қажеттілігінде құрылу тиіс. Кәсіпорындағы тәуекел қоры тәуекелдік қызметке деген қатынасты өзгертеді.
Тәуекел келесi жағдайларда тең құқықтық мәнге алынады:
тәуекел қабылдаған мақсат үшін сәйкес келуi керек;
бұл мақсатқа басқа тәуекелдік әрекеттермен жету еместігі;
тәуекел объектiсi адамның денсаулығы мен өмірі болмай, материалдық және заттық болуы керек.
Тәуекел ақталады, егер оған қатысты әрекеттер тең құқықты болса, ал нұқсан келтірген теріс нәтиже біріншіден – қабылданатын шешімге тәуелді болмағанда және екіншіден – ол алдын ала болжай алмағандағы себептердің әсерінің тергеуі болып келеді. Тең құқықтық әрекеттерге заңды, құжаттардың ережесіне сәйкес келетіндер, қағидалар, нұсқаулықтар және т. б. жатады. Тең құқықтық әрекеттің тәуелдігі әрқашан да заңгерлік жағынан ақталады. Тең құқықтық әрекеттерге сонымен қатар нақты шығындармен байланысты нәтижелердің теріс болу әрекеттері де тән келеді.
Егер бұл көмек өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшiн қауiп-қатерсiз көрсетілсе, ол бостандығынан 2 жылға айырылу немесе капитан лауазымын алуға құқығынан айырып 1 жылға дейін түзету жұмыстарын жүргізу деп аталады.
Тәуекелмен байланысты тең өлшемді шешімді негіздеуге анық және мүмкін емес оқиғалар есептеледі. Егер тәуекелмен байланысты әрекет есептеліп және 100 немесе 0 % жақындаса, онда оны нақты анықталған деуге болады. Көрінісі төмен, жылдамдығы жоғары тар фарватерде келе жатқан кеме, - кездейсоқтық оқиға, бірақ егер есептеме осы оқиғаның мүмкіндігі 1-ге жақын деп көрсетсе, онда соқтығыс болады, ал тәуекел ақталмайды. Егер тиімділігі жоғары техникалық құралдарды пайдалансақ онда бұл мүмкіндік 0-ге жақындайды, яғни кездейсоқтық оқиға мүмкін емес, және тәуекел расталады.
Керiсiнше күмән оқиғалар да болуы мүмкін. Сол мезетте неғұрлым тиімді шешімдер ең үлкен тәуекелмен ұштастырылған. Сондықтан шешімді салыстырып, нақты есептеп бағалау керек.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Корпоративтік қаржы: оқу-әдістемелік оқулық. – Павлодар : Кереку, 2011. – 80 б.
2 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау : электрондық оқу құралы. – Алматы, Нұр-пресс, 2010. – 250 б.
3 Жобаларды талдау : Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2010. – 80 б.
4 Қаржы менеджмент : оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2009. – 65 б.
Қосымша
Мерзiмдi басылымдар
5 Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
6. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.
7. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.
8. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
2 Тақырып. Тәуекелдер жіктеуінің негізгі принциптері – 4 сағат.
Мазмұны:
1 Тәуекел жіктеуінің негізгі элементтері.
2 Тәуекел жіктеуінің авторлық үлгілері.
3 Әртүрлі кәсіби қызметіндегі тәуекелдердің сипаттамасы.
Әдеттегiдей, барлық тәуекел өзара байланысты және кәсiпкерлік қызметке әсер етеді. Бұл жағдайлар тәуекелдi оңтайландыруда шешімді қабылдауды қиындатады және нақты тәуекел құрамын терең талдауды, сонымен бiрге себептер мен олардың пайда болу факторларын талап етеді.
Кәсiпкерлiктiң мәселелерiне арналған экономикалық әдебиетте тәуекелді жіктеудің құрылым жүйесi жоқ. Тәуекелді жіктеудің көптеген тәсілдері бар, олар жіктеудің мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Неғұрлым маңызды элементтеріне төмендегілер жатады.
Пайда болу көзi бойынша тәуекел келесi топтарға бөлiнеді: а) жеке- шаруашылық; б) табиғи факторлармен шарттасылған.
Пайда болуына байланысты тәуекел бірнеше факторлардың әсерi болып табылады:
келешектің белгісіздігі, көпнұсқалылық, қоғамдық көріністерге қарама қайшылық, қоғам дамуының мінезді мүмкіндігі, апаттық, кездейсоқтық элементтер;
көрініс, объект, үрдіс туралы ақпараттың толықсыздығы, жетіспеушілігі;
қоғамдық өмірге өзінің қажеттіліктерін, мақсаттарын жүзеге асырудағы субъектінің (адам, топ, ұйым, ұжым) әсері және серіктестер тәртібінің белгісіздігі;
қоғамның рухани, әлеуметтік, саясаттық, экономикалық өміріне ғылыми-техникалық үрдістің әсері.
Тәуекелдiң жалпы саралануында адамдардың қызметіне және әр түрлі өмірінің жақтарына байланысты тәуекелдің мына түрлері бөлінуі мүмкін:
саяси тәуекелдiлік, мемлекеттiк және үкiмет органдарының әрекеттерімен негізделеді;
экологиялық тәуекелділік, табиғи апаттармен, жер сiлкiнiсiмен, жанартаулардың атқылауларымен, тасқынмен және тағы сол сияқты апаттармен байланысты;
әлеуметтік тәуекелділік, әлеуметтiк кернеулiктің өсуімен, қоғамның топтарға және сыныптарға бөлінуімен, әлеуметтiк-саяси жағдайының нашарланумен және заңдылықтың кемелiне жетпегенiмен негізделеді;
техникалық тәуекелділік, ғылымның мен техниканың дамуымен және оның табиғи ортаның жағдайына, адамның денсаулығына, апаттартар мен қауiп-қатерлерге, нақты технологияны пайдалану әсерінен сыртқы қоршаған ортаны ластау және еңбекке қатысты зиянды шарттармен байланысты теріс әсерінен пайда болады;
экономикалық тәуекелділік, адамдардың экономикалық қызметімен байланысты;
арнайы тәуелділік (спорттық, педогогикалық, кәсіби және т. б.).
Экономикалық тәуекелділіктің ішінен банктық, аудиттік, сақтандыру, кәсiпкерлiк түрлерін және сыртқы экономикалық қызметтiң тәуекелдерiн ерекшелеуге болады. Олардың әрқайсысы экономикалық қызметпен байланыста болады: банктiк немесе сақтандыру iсiмен, кәсiпкерлiк немесе сыртқы сауданың саласымен. Аудиттік тәуекел теріс пiкiрдi қалыптастырудың ықтималдығын және тексерiс нәтижелерінің (аудиттің) терiс қорытындын құрастыруды анықтайды.
Бақылау тәуекелі (iшкi бақылаудың бар қателерiн таба алмау қауiп-қатері);
Ішкі тәуекел, бұл ұйымның – тапсырыс берушінің мінезділігімен, iшкi бақылаудың көмегiмен тексеруге болмайтын «қоршаған ортаның» шарттарымен шарттасылған тәукел;
Табылмаған тәуекел (аудиттік бақылау жүргізу үрдісінде ішкі бақылау жүйесімен өткізілген бар қателерді таба алмай мүмкіндігі).
Валюталық тәуекел, шетел валюта курсының ауытқуымен байланысты тәуекел, сарапшы үшін тәуекел бұл тапсырысты алудан бастап төлемді аулуына дейінгі және келіссөз жүргізу барысындағы шетел валютасы курсының төмендеуі; тәуекел шетелден әкелуші үшін бұл тапсырысты растау күні мен төлемді өткізу күні арасындағы уақыттың айырмашылығындағы шетел валютасы курсының жоғарылауы;
Төлем жүргізбеу тәуекелі, тапсырыс берушінің қаржылық жағдайымен немесе оныі елінің нарықтың бағаның төмендеуіне байланысты төлем жүргізбеуімен байланысты;
Тауарды қабылдамаумен байланысты қабылдамау тәуекелі;
Бірдеңені орындамау тәуекелі, яғни сатушы келісім шартқа сәйкес емес, немесе басқа сапалы тауарды, немесе кешіктіріп және басқа санда тауарды ұсыну қауіп қатері;
Көлiктік тәуекел – тауарды тасымалдау немесе жолда тұрып қалу әсерінен тауардың бұзылу қауiп-қатерi (жеткізу туралы келісілген тармақ бойынша сатушы мен сатып алушының тәуекелі);
Нарықтық тәуекел – оңтайлы емес нарықты iздестiрудің қауiп-қатері;
Елдік тәуекел, фирма орналасқан елдегі әлеуметтiк, саяси, экономикалық жағдаятпен байланысты тәуекел;
Сақтандыру тәуекелі, бұл сақтандыру жағдайының пайда болуымен байланысты тәуекел. Олар сақтандырушының сақтандыру түрініі жауапкершілік көлемін білдіреді және ықтималдық теорисы негізінде, эмпириялық, статистикалық негізде анықталады.
Тәуекелдің өндірістік, қаржылық және саудалық түрлерін бөледі. Бірақ тәуекелдің жалпы жіктігі жоқ. Мысалы, қаржылық және несиелік тәуекелді көрсетеді. Қаржылық тәуекелді кәсіпорынның барлық қаржылық қаражаттарына қарыз қаражатының қатынасымен байланыстырады, яғни неғұрлым жеке және қарызға алу қаражаттарының қатынасы жоғары болса, онда соғұрлым тәуекел жоғары болады. Ал несиелік тәуекелділікте қарызгер ссуда бойынша төлеу мүмкін. Осылармен қатар инвестициялық-қаржылық портфелінің мүмкіндікше құнсыздануымен байланысты инвестициялық тәуекелді көрсетеді. Нарықтық тәуекелді жалпы экономиканың немесе нарықтың экономикалық конъюнктурасының өзгерістерінің болу қаупімен анықтайды. Көптеген авторлар сыртқы және ішкі тәуекелді көрсетеді. Сыртқы тәуекел саяси және экономикалық болып бөлінеді. Кейбір авторлар өндірістік тәуекелдікті фирманың тапсырыс берушімен келісім бойынша өзінің міндеттерін орындамаумен байланыстырады, ал қаржылық тәуекелді фирманың инвесторлар алдында фирма қызметін қаржыландыру үшін өзінің борышын пайдалану нәтижесіндегі қаржылық міндеттемелерді орындамау мүмкіндігі. Осылайша кәсіпкерлік тәуекел мына түрлерді қосады: өндірістік, саудалық, қаржылық-несиелік және инвестициялық тәуекел. Жүйелік тәуекел (дифференциалданбаған) жалпы үрдіспен байланысты, ал жүйелік емес (дифференциалданған) тәуекел нақты экономикалық көріністермен байланысты болады және төмендегі диверсификациямен төмендетілуі мүмкін.
Қызмет ету барысында қаржылық – экономикалық тәуекелмен бірге әлеуметтік тәуекел (бiлiктi кадрларды алу қиыншылығы, әлсiз әлеуметтiк инфрақұрылым), техникалық тәуекел (технологияның жаңалығы, шикiзаттың және материалдың сапасының тұрақсыздығы, технологияның сенiмдiлiгi), экологиялық тәуекел (өндiрiстiң зияндылығы, қоқыстарды шығару ықтималдығы, елдi мекеннiң жақындығы) болуы мүмкiн.
Экономикада тәуекел ұғымы нұсқаларының бiрi Дж.М.Кейнстiң есiмімен байланысты. Ол өнiмнiң және қызмет көрсетудің құнына ойда болмаған нарықтық бағалардың өзгерінен, құралдардың тозуынан немесе апаттардың нәтижесінже болған мүмкін шығындар кіруі керек деп есептеген. Осыған байланысты Кейнс күтілетін табыстан ауытқуду жабу үшін қажетті «тәуекел шығындары» туралы айтады. Кейнс экономикалық өмірде тәуекелдің үш негізгі түрін мақсатты есепке алу керек дейді.
Бiрiншiден, кәсiпкердің немесе қарызгердің тәуекелі, ол оның үміт артқан келешектегі пайдасын ала алуы нәтижесінде пайда болады.
Екiншiден, бұл кредитордың тәуекелі, ол қарызгердің өз міндеттерін орындаудан бас тарту немесе банкротқа ұшырау қаупімен, сонымен қатар қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліксіздігімен, яғни қарызгердің табыс алудағы есептерінің ақталмағанымен байланысты болуы мүмкін.
Үшіншіден, ақша бірлігі құндылығының мүмкін төмендеуімен байланысты тәуекел.
Экономикалық ғылымда тәуекелдің классикалық және жаңа классикалық теориясы бар. Тәуекелдің классикалық теориясының өкілдері (Милль, Сепиор) кәсіпкерлік табысының құрылымында пайызды (салынған капиталдың үлесі) және тәуекелге төлемді (кәсіпкерлік қызметпен байланысты тәуекелді өтеу) айқындады. Экономикалық тәуекел классикалық теорида таңдалған шешімнің нәтижесінде болатын үміттелетін математикалық шығындармен тедестіріледі. Мұндағы тәуекел – осы шешімнің әсерінен болған шығын. Осындай ұғым тәуекелдің басқа ұғымын шығаруға әкелді.
XX жүзжылдықтың 20-30 жылдарында А. Маршал және А. Пигу экономистері экономикалық тәуелкелдің жаңа классикалық теориясын ойлап тапты. Тәуекелдің жаңа классикалывқ теорисына сәйкес кәсіпкердің әрекеті шектi пайдалылықтың тұжырымдамасымен шартталған. Бұл яғни бірдей пайданы беретін капиталды салудың екі нұсқасынан біреуін ғана таңдайтын болсақ онда ауытқуы неғұрлым төмен нұсқасын таңдау керектігін білдіреді. Жаңа классикалық теория көрсеткендей: дұрыс табыс сол кұтілетін өлшемнен бірақ мүмкін ауытқулармен байланысты табыстан қарағанда көп пайдалы. Осыдан, А. Маршал пари ұстау, лотореяда және тағы басқа әуесті ойындармен ойнау пайдалы емес деген қорытынды шығарған. «құмарлыққа әуестеніге» Дж. М. Кейнс көңіл бөлген. Жаңа классикалық теорияға қосымша тәуекелден рақат алып күтілетін пайданы көбірек алу үшін кәсіпкер үлкен тәуекелге бара алады деген шешім шығарылған.
Кәсіпкерлік қызметтін неғұрлым қиын мәселелерінің бірі капитал салымының оңтайлы нұсқасын алу болып табылады. Кәсіпкер тәуекелі бар бірнеше анықсыздықпен кезігеді. Және оның алдында нарық конъюнктурасын және басқа әсер ететін факторларды есепке алумен тәуекелдің деңгейін анықтау міндеті тұрады.
Тәуекелден бас тарту ммүкін емес, ал жиi ақылсыз («Qui ne resque rien n’a rien» - «кiм тәуекел етпейдi, сол ұтпайды»). Сондықтан кәсіпкердің ережесі мынау болуы тиіс: «тәуекелден бас тартпай оны мүмкіндігінше төмен деңгейге дейін төмендетіп болжау керек». Кәсіпкерлік тәуекел – бұл тауарды, қызметті өндірумен, оны өткізумен, тауарлы-ақшалай және қаржылық операциялармен, саудалармен, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық жобаларды жүзеге асырумен байланысты әртүрлі қызмет нәтижесінде пайда болатын тәуекел. Осы қызметтің түрлерінде материалдық, еңбектік, қаржылық, ақпараттық ресурстар қолданылады, және тәуекел осы ресурстарды толық немесе жартылай ысырабымен байланысты. Тәуекел – бұл кәсіпкердің іс әрекеті ісерінен бағдарламасымен, жобасымен, болжамымен, жоспарымен қарастырылған шығыннан қосымша шығынға әкелу қаупі, немесе оның үміт еткен пайдадан төмен табыс алуы.
Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесіне мемелкетпен жүргізілетін сауда және валюталық реттеу, лицензия беру, кеден баждарының өзгерісі ықпал етуі мүмкін. Ел деңгейінің тәуекелін талдау әдістерінің неғұрлым ұсынылатын тәсілдерінің бірі германия фирмасымен жарияланатын БЕРИ индексі болып келеді. Оның көмегімен ел тәуекелінің деңгейі алдын ала анықталады, оның ұғымымен жүзден астам сарапшылар айналысады, олар әртүрлі сараптық бағалау әдістерінің көмегімен бір жылда төрт рет талдау жүргізеді.
Жиі талданатын көрсеткіштерге мыналар жатады:
экономиканың тиімділігі, мемлекеттiң ЖҰӨ болжалды жылдық өзгеруінен есептеледі ;
саяси тәуекелдiктiң деңгейi;
қарыз деңгейі, ол қарыз мөлшерін есепке алумен әлемдік бантің деректері, оның қызмет ету сапасы, экспорт көлемі, сыртқы сауда айналымының балансы бойынша есептеледі;
банк несиелеріне қол жетiмдiлігі;
қысқа мерзiмдi қаржыландыруға қол жетiмдiлiгі;
ұзақ мерзiмдi несие капиталының қол жетiмдiлiгi;
форс-мажорлық жағдайлардың пайда болу ықтималдығы;
елдiң несиені өтеу қабiлеттiлiгiнiң деңгейi;
сыртқы борышты төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелер сомасы.
Осылайша серіктестің экономикалық және әлеуметтік жақтары талданады. Талдау нәтижесі барлық жақтардың сенімділігі мен инвестициялау тәуекелінің деңгейін бағалаумен мінезделетін деректер базасы түрінде ұсынылады.
Валюталық тәуекел валютаның сатып алу қабілетінің жоғалуымен байланысты, сондықтан ол төлем жүргізу сәті мен мәмле жасау мерзімінің арасындағы уақыттың үзілуімен тура ысырабында болады.
Экспорт бағамының жоғалтулары төлем төлеу валютасы бағамының төмендеуіне дейінгі келісім жасау жағдайында пайда болады, өйткені апайда түскен қаражатқа экспортер ұлттық ақша қаражатын аз алады, ал импортер валюта бағамы жоғарылағанда шығынға ұшырайды, өйткені оны алу үшін ұлттық валюта қаражаттарын көп жұмсау қажет.
Валюталық тәуекел алыпсатарлыққа жатады, сондықтан ысырап кезінде бір жағынан валюта бағамының өзгеру нәтижесі, екінші жағынан қосымша пайда немесе керісінше алады.
Салық тәуекелін екі жақтан қарастыруға болады: кәсіпкерлік және мемлекеттік.
Кәсіпкердің салық тәуекелі салық саясатының мүкін өзгерістерімен (жаңа салықың пайда болуы, салық жеңiлдiктерiнiң қысқаруы немесе жойылуы), сонымен қатар салық мөлшері көлемінің өзгеруімен байланысты; кәсіпкерлік тәуекелінің деңгейі тек қана салық мөлшерін ғана жоғарылатпай, сонымен бірге әртараптандырылған тәуекелдің деңгейі қаржы ресурстарын салудың балама ортасының, қор нарығының бар болуы салық заңнамасының тұрақсыздығын ұлғайтатынын айта кеткен жөн.
Тәуекел жүйелі түрде акция бағасының өзгеруімен, облигация бойынша ағымды және үміт күтетін пайдасымен байланысты.
Несиелік тәуекел – немесе қарызды қайтару тәуекелі, бұл қарыз алушының негізгі қарызды және ол бойынша пайызды төлемеуі. Несиелік тәуекел көрсетілетін сенімділікке күдіктенуімен, яғни қарыз алушының міндеттемелерден бас тартуымен байланысты болуы мүмкін. Несиелік тәуекелді төмендету әдістерінің негізгісі болып табылады: қарыз алушының төлем қабілеттілігін және ққаржылық жағдайын талдау, сонымен қатар кепіл мен басқа кепілдіктерді алу.
Инновациялық тәуекел – қаржыландырумен және басқа ғылыми-техникалық жаңалықтарды қолданумен байланысты. Өйткені ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелері мен шығындары созылған және уақытпен алыстатылған, олар тек қана кейбір кең шектікте көрінуі мүмкін. Инновациялық тәуекел нақты шындық сияқты қабылданады. Әлемдегі тәжірибе көрсеткендей, зерттеу кезіндегі кәсіпкерлермен алынатын нәтиженің үлесі 10 % жоғарыламайды. Бірақ та, неғұрлым дамыған елдерде теріс нәтижелерге деген теріс қатынастар жоқ. Әдетте инновациялық тәуекел бас тартпау деп қабылданады, және осы тәуекелді өтеуді зерттеу ұйымдарына көме көрсететін демеушілер өзіне алады. Және мемлекеттік жақтан да (жеңілдік беру). Одан басқа, салық салу жүйесі және мемлекеттік қолдау арқылы ғылыми-техникалық зерттелімдер инновациялық тәуекелден сақтанады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Корпоративтік қаржы: оқу-әдістемелік оқулық. – Павлодар : Кереку, 2011. – 80 б.
2 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау : электрондық оқу құралы. – Алматы, Нұр-пресс, 2010. – 250 б.
3 Жобаларды талдау : Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2010. – 80 б.
4 Қаржы менеджмент : оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2009. – 65 б.
Қосымша
Мерзiмдi басылымдар
5 Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
6. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.
7. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.
8. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
3 Тақырып Тәуекел басқаруының негізгі қағидалары – 4 сағат.
Мазмұны:
1 Тәуекелді басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің элементі ретінде.
2 Тәуекелді басқарудың объектісі мен субъектісі.
3 Тәуекел басқаруының негізгі есептері, принциптері және әдістері.
4 Тәуекелдерді басқару процессінің блок-схемасы.
5 Тәуекелдерді басқару процессінің кезеңдері: талдау, ақпаратты жинау мен өндеу, тәуекелдерді жою мен минимизациялау әдістері.
6 Тәуекел жағдайында шешімдерді қабылдау.
7 Лапластың жетпейтін негіздеуінің қағидалары. Вальдтың максималдық өлшемі, Севиджтің минималдық өлшемі, Гурвицтің макс-мини өлшемі.
Тәуекелдiң болу шартына және онымен байланысты ысыраптың болуына тән кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу мақсатымен шешімді іске асыру мен қабылдау барысында тәуекелді есепке алатын механизмді әзірлеу қажеттілігі туындайды. Мұндай механизм менеджмент тәуекелі болып табылады.
Тәуекелдердi басқару бұл тәуекел жағдайларының болуын анықталған мөлшерде болжайтын және теріс нәтижелерді төмендету немесе жоюда шаралар қабылдайтын іс шаралар мен тәсiлдерi әдiстерiнiң жиынтығы.
Тәуекелдi басқару екі жүйеден тұрады: басқарушы (субъект), басқарылатын (объект).
Менеджемент тәуекелінің объектілеріне тәуекел, капитал салымының тәуекелі, тәуекелді іске асыру мезетіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар жатады.
Менеджмент тәуекелінің басқару жүйесіндегі субъектісіне басқару объектісіне түрлі әдістермен және тәсілдермен әсер ететін тәуекел менеджерлер мен қаржылық менеджерлер жатады. Менеджердің басты міндеті тәуекел мен табыстың қатынасын оңтайлы қамтамасыз ететін, яғни жоба неғұрлым табысты болса, онда оны жүзеге асыру тәуекел деңгейі соғұрлым жоғары болатын нұсқасын табу.
Бұл ретте асты міндеттер мыналар болып табылады:
- көтеріңкі тәуекелдің ортасын табу;
- тәуекелдің дәрежесін бағалау;
- ұйым үшін осы тәуекел деңгейінің қолайлығын талдау;
- қажетті жағдайында тәуекелдің болуын немесе оны төмендету бойынша шаралар әзірлеу;
- тәуекел жағдайы болған кезде көрсетілген шығынды максималды мүмкіндігінше өтеуге шаралар қабылдау.
Нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпкерлік қызметінің өзгешелігіне, сонымен қатар субъектінің – тәуекел менеджерінің кәсіби даярлығына байланысты.
Тәуекелді басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:
өзінің капиталы мүмкіндігінен көп тәуекелге баруға болмайды;
тәуекелдің нәтижесін ойдау қажет, яғни осы жағдайды алдын ала көру және оны шағындау;
аз үшін көппен тәуекелге баруға болмайды.
Бірінші қағиданы жүзеге асыру тәуекел жағдайы болғандағы мүмкін шығынды максималды анықтау қажеттілігін болжайды. Мүмкін болатын шығынды салынатын капитал көлемімен және қаржы ресурстарымен салыстыру керек. Осы шығыннның келешекте банкроттыққа дейін әкелетін қаржылық жағдайына әсер ету мүмкіндігін анықтау.
Екінші қағиданы жүзеге асыру үшін, шығын көлемін және оның мүмкіндігін бағалау қажет, содан кейін тәуекелді өзінің жауапкершілігіне немесе жауапкершілікті басқа тұлғаға беріп немесе шарадан бас тартып шешім қабылдау керек.
Үшінші қағиданы іске асыру іс шараны енгізу туралы шешімді қабылдағанға дейін мүмкін болатын шығындарды есептеу туралы шешім қабылдау қажеттілігін болжайды.
Кәсіпорындағы тәуекелді басқару дереу әрекеттердің жиынтығы бола алмайды. Бұл бағытталған әрекеттердің тұтас үрдісі. Тәуекел-менеджмент үрдісі нәтижеге жетудің бизнесті жалпы басқару бөлігі болып табылады.
Тәуекелді басқару үрдісі нақты деңгейлерден тұрады. Тәжірибеде осы кезеңдер қатал тізбектілікте жүзеге аспай, параллельді орындалуы мүмкін. Тәуекел – менеджменттің жалпы сұлбасы 4-суретте көрсетілген.
Суретте көрсетілгендей тәуекелді басқару үрдісін көрсететін әрекеттердің жалпы кезектілігі бар (жуан сызықтар). Осыдан басқа кезеңдер арасында кері байланыс бар, яғни оның әрқайсысында алдыңғыға келуге болады.
Бұдан әрі көретіндей, соңғы кезеңде жүргізілген үрдістің жалпы бағалануы және талдауы жүргізіледі. Осы кезеңнің нәтижелері тәуекел-менеджменті үрдісінің әр кезеңін бұдан әрі қарастыруда есепке алынады. Оны оң жақтағы бағыттар көрсетеді.
Үшінші кезеңде тәуекелді басқаруда қолданылатын әдістер туралы шешім қабылданады, бұл тәуекел туралы ақпаратты нақтылауды (бірінші кезең) немесе мониторинг үрдісінің сұлбасын анықтауды (5 кезең) талап етуі мүмкін.
Сонымен кәсіпорындағы тәуекелді басқару кезеңдерін іске асырудың кезектілігі осындай. Енді әр кезеңді тереңірек қарастырайық.
1-сурет – Тәуелдерді басқарудың кезеңдері
Бірінші кезең. Сәйкестендіру және тәуекелді талдау. Тәуекелді сәкестендіру бұл тәуекелді, оның табиғатымен және басқа мінезділігімен бейнеленген ерекшелігін анықтау, экономикалық шығынды зерттеуді қоса отыра оны іске асыру ерекшеліктерін, сонымен қатар тәуекелдің уақытта өзгеруін көрсету, олардың арасындағы өзара байланыс деңгейін және оған әсер ететін факторларды зерттеу. Осы үрдіс келесіні анықтауды білдіреді.
- белгісіздіктің және тәуекелдің көздері;
- тәуекелді жүзеге асырудың нәтижесі;
- ақпараттың көздері;
- тәуекелдің сандық ұйғарымы;
- тәуекелдің бір біріне өзара әсері.
Бұл кезеңде ең алдымен тәуекелді басқару үрдісін бұдан әрі іске асыру үшін ақпараттық база құрылады: тәуекел және оның нәтижелері, экономикалық шығынның мөлшері, тәуекел параметрлерін сандық бағалау және т.б. туралы мәлімет. Сәйкестендіру мен тәуекелді талдау бір мезетте орындалатын әрекеттердің жиынтығы болып табылмайтынын айта кетекен жөн. Ол тәуекел-менджменті кезінде орындалатын үздіксіз үрдіс.
Екінші кезең. Тәуекелді басқару баламасын талдау. Тәуекел деңгейін және шығын мөлшерін төмендетудің түрлі әдістер жиынтығы бар. Осы кезеңде бұл әдіс нақты жағдайға орынды қарастырылады және талданады. Яғни менеджер тәуекел жағдайы болғанда тәуекелді қалай төмендетуді және шығынды өтеу көздерін іздестіруді шешеді.
Тәуекел-менеджменттің әдістері өз бетінше әр түрлі. Бұл тәуекел ұғымымен және оның жіктелу өлшемі санының бар болуымен байланысты. Осы тараудың басқа бөлімінде негізгі әдістерді тереңірек қарастырамыз, ал мұнда жай қысқаша анықтама берейік.
Біріншіден, тәуекелдi басқару жақтарын төмендегідей қолайсыз оқиғалардың теріс әсер етуін шағындандыру әдістері сияқты жинақтауға болады.
Тәуекелден ауытқу (Risk elimination) - тәуекел жағдайының қолайсыз зардаптарынан толық бас тартуға әкелетін іс шаралар жиынтығы.
Тәуекелді қысқарту (Risk reduction, Risk mitigation) – бұл шығынды төмендетуге әкелетін әрекет. Бұл жағдайда кәсіпорын тәуекелді өзіне алады (Risk retention, Risk assumption).
Тәуекелді беру (Risk transfer) бұл шығын тәуекелі болу жағдайындағы өтеуді және жауапкершілікті басқа субъектіге ауыстыруға мүмкіндік беретін әрекет.
Басқа пiкiр, тәуекелді басқару әдiсiлерін басқарушы шараларды жүзеге асыру уақытының ара қатынасы бойымен және тәуекел жағдайының болуымен жiктеуге болады.
Тәуекелдi басқарудың жағдайға дейінгі әдiсi - тәуекелдiң маңызды өзгерістеріне бағытталған алдын ала жүзеге асырылатын іс шаралар (болудың ықтималдығы, шығынның өлшемдерi). Бұған негізінде тәуекелге қарсы болатындармен байланысты тәуекелді трансформациялау әдістерін жатқызуға болады (Risk control, Risk control to stop losses).
Бұл әдiстер әдетте ескерту шараларын жүргiзумен қаумдаытырылады.
Тәуекелдердi басқарудың жағдайдан кейінгі әдiсi – шығыннан кейін жүзеге асырылатын және және жою бағытталған зардаптар. Бұл әдістер шығынды өтеу үшін қолданатын қаржы көздерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл негізінде тәуекелді қаржыландыру әдістері (Risk financing, Risk financing to pay for losses).
Жіктеудің екі түрі график түрiнде суретте көрсетілген.
Үшінші кезең. Тәуекелдi басқару әдiсiтерін таңдау. Мұнда менеджер фирма үшiн тәуекелге қарсы, сонымен бiрге оның жұмысындағы анықсыздық деңгейін төмендетуге бағытталған саясатты қалыптастырады. Көңіл бөлуді талап ететін негізгі сауалдарға мыналар тән:
- тәуекелдi басқарудың ең тиiмдi әдiстерін таңдау;
- ұйымның қызметiнде жиынтық тәуекелге таңдалған бағдарлама әсерiнің анықтамасы.
Өз кезегінде, тәуекелдi басқару әдiстерін таңдау экономика математикалық модельді есептеуге апарады, мұнда шектеу мен белгі ретінде тәуекелдің экономикалық және ықтимал (тәуекел менеджменттің бірінші үрдісінде анықталған) сипаттамалары шығады. Бірақ та мұнда басқа параметрлер де қосылуы мүмкін, мысалы техникалық және әлеуметтік.
Тәуекел менеджмент жүйесін әзірлеу барысында менеджер ең алдымен оның нәтижелігін есепке алу керек. Яғни басқарушы әрекеттер барлық тәуекелге бағытталмай, ұйымның қызметіне неғұрлым әсер ететін әрекеттерге бағытталуы тиіс. Мысалы бюджеттік шектеулер ресурсты үнемдеу мақсатымен шетке шығарылуы тиіс (пассивті стратегия). Шығарылған қаражаттар есебінен неғұрлым маңызды тәуекелмен қарқынды жұмыстар жүргізілуі тиіс (белсендi стратегия).
Осы кезеңнiң нәтижесi ‑ кәсiпорындағы тәуекелдi басқарудың бағдарламасы. Ол қабылдауды қажет ететін шараларды толық сипаттауды, бағдарламаның тиімділігін анықтайтын ақпараттық және ресурстық қамтамасыз ету, жауапкершiлiктi үлестiру және тағы басқалары.
Төртінші кезең. Тәуекелдi басқарудың таңдалған әдiсiн орындау. Мұнда алдыңғы кезеңде өңделген бағдарлама тiкелей түрде жүзеге асырады. Осы кезеңде шешiлген сұрақтар, қабылданатын шешiмдердiң техникалық ерекшелiктеріне қатысты.
2-сурет ‑ Тәуекелдерді басқару әдістерінің сыныптамасы
Оның негiзгiсi мыналар:
- жүзеге асыруды керек ететін нақты шаралар;
- бұл шараларды атқару мерзiмдерi;
- бұл жұмысты жүзеге асыру үшiн қажеттi ресурстар мен көздер құрамы
- жауапты тұлғаларды анықтау.
Осылайша тәуекелді басқару бағдарламасын орындауды бақылаудың және басқарудың екі жүзділігі және қарама қайшылығы жойылады.
Бесінші кезең. Нәтижелер мониторингісі және тәуекелді басқару жүйесiнiң жетiлдiрілуi. Осы кезең тәуекелді басқару жүйесiндегі керi байланысты жүзеге асырады. Бұл байланыстың бірінші мiндеті жалпы қызмет ету жүйесінің ортақ тиiмдiлiгін анықтауда тұр. Одан басқа, кәспорында тәуекел менеджменттің осал және тар орындарын ерекшелейдi.
Екiншi мiндет ‑ кезеңде жүзеге асырылған тәуекелдi талдау. Мұнда оны жүзеге асыратын және бар болса, тәуекелді басқару бағдарламасының өзгерістерімен байланысты себептерді анықтау керек.
Кезеңнің атауынан қарасақ, ол тек қана тәуекел менеджментінің үрдісін бақылауға бағытталмай, сонымен қатар осы жүйенің жұмысының тиімділігін жоғарылататын жетістіктерді табуға бағытталған. Осылайша, қарастырылған міндеттерге осы деңгейді іске асыруда менеджерге тиісті мына сауалдарды қосуға болады:
- әр жүзеге асырылған шараны жүйенiң жалпы тиiмдiлiгiне салу;
- бұл шаралардың құрамындағы мүмкiн түзетулер;
- шешімді қабылдаудың иiлгiштiгі және тиiмдiлiгi.
Бұдан басқа осы кезеңде тәуекел туралы ақпаратты толықтыру жүзеге асады. Жаңартылған ақпарат тәуекел менеджменттің ділігін бағалаудың негізгі мақсаты оның жүйесінің сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуінде тұр. Оған қол жеткізу ең алдымен келесі өзгерістер арқылы жүзеге асырылады:
- тиiмсiз шараларды тиімділермен алмастыру (бар шектеулер шеңберiнде);
- тәуекелдi басқарудың бағдарламасын орындаудың ұйымын өзгерту.
Анықталмағандық шарттарындағы шешiм қабылдауда,яғни жағдайдың мүмкін нұсқалары белгілі болғанда, ұсынылған әдістен жоғарысын қолдану мүмкін емес. Осындай жағдайларда шешімді қабылдауда міндеттерге, мақсатты қоюларға мінезді белгілерге жүгіну ұсынылады.
Классикалық белгiлердiң санына мыналарды жатқызады:
- Лапластың дәйектемесi қағидатының жеткіліксіздігі;
- Вальдтiң максималды белгiлерi;
- Сэвидждың минималды белгiлерi;
- Максимин Гервицтің қорытындылған белгiлерi.
Лапластың дәйектемесi қағидатының жеткіліксіздігі.
Жағдайдың нұсқасының қайсысы болса да басқасына қарағанда ең ықтималырақ болжауы жағдайында пайдаланады. Яғни, сол кезде тәуекелдiң жағдайында сияқты, яғни тәуекелдің орташа өлшенген көрсеткішінтминимал бойынша жағдайдың ықтималдығы тең деп есептеуге және шешiмнiң таңдауын жүргізуге болады.
Вальдтiң максималды белгiлерi.
Екі жағдайдағы ұтыстың жаман жағдайдағы ең жоғары болуында кепілді талап ету жағдайында қолданылады. Шарттың түрлі нұсқаларында ұтыс барлық минималдыдан максималды болғандағы үшін неғұрлым үлкен шешім болады. Осы белгі максималды кепілді ұтысты алуына бейімделеді.
Сэвидждың минималды белгiлерi.
Кез-келген шарттарда үлкен тәуекелден құтылуды талап ету жағдайында қолданылады. Осы белгіге сәйкес шарттардың әр түрлi нұсқаларындағы ысырап минималды болғандағы шешімге артықшылық беру керек.
Вальдтiң және Сэвиджтің белгiсi абайлаған разрядқа жатады.
Максимин Гервицтің қорытындылған белгiлерi.
Егер есептеуде мiнез-құлық қырының аралығында жарамсызға орнатуға талап етсе немесе есептеуде мінездің ең жақсы болуына пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |