Титульный лист программы дисциплины (syllabus)



жүктеу 1,03 Mb.
бет1/2
Дата25.05.2018
өлшемі1,03 Mb.
#17136
түріБағдарламасы
  1   2

Пәннің бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

(кафедраның атауы)










TF 5301 Қаржы теориясы

(пәннің коды мен атауы)

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013 ж.



Пәннің бағдарламасының

бекіту парағы (Syllabus)







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19








БЕКІТЕМІН




Қаржы - экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

«____»_____________201__ ж





Құрастырушылар: аға оқытушы М.М. Мухамедова ___________

6М050900 «Қаржы», мамандығының

магистранттарға арналған

«Қаржы теориясы»



ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Д. З. Айгужинова 201__ ж. «____» _______
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________



1 Оқу пәннің паспорты

Пәннің атауы «Қаржы теориясы» пәні міндетті пән болып табылады.
Барлығы – 2 кредит

Курс: 1


Семестр: 2

Аудиторлық сабақтардың барлығы: 30

Дәрістер – 15;

Практикалық/ семинарлық сабақтар-15 сағат;

МӨЖ – 60 сағат, оның ішінде МӨЖМ - 15 сағат;

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 90 сағат.


Бақылау нысаны

Емтихан -2 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Мемлекеттік бюджет», «Салықтар және салық салу», «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті», «Қаржьшық бақылау және аудит».


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Қаржы ресурстарын басқару», «Экономикалық қызмет субъектілерінің қаржы саясатының өзекті мәселелері», «Қаржылық менеджмент (ілгерілетілген курс)», т.б.


2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты

А.Т.Ә. Мухамедова М.М.

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: _аға__оқытушы____________

Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, ___________

телефон: ___67-36-43________________________,

Е-mail: ____________________________.


3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері

«Қаржы теориясы» пәнді оқу негізі болып экономикалык ғылымның маңызды бөліктерінің бірі ретінде базалык оқу пәні болып табылады.



Пәнді оқытудың мақсаты – қаржының мазмұнын, рөлін және экономикалық ғылымдар жүйесіндегі оның орнын сондай-ак каржылық қатынастарды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін терең теориялық аспектілерін зерделеу болып табылады.
Пәнді меңгерудің міндеттері:

  • магистратура тындаушыларының қаржыны кейін практикалық қолданудың негіздері ретінде оның табиғаты мен өзіндік ерекшелігін терең теориялық біліп алуы;

-каржының классикалық және қазіргі тұжырымдамаларын зерделеу және экономика мен проблемаларды негіздеу үшін олар- ды бейімдей білу;

- экономикалық және әлеуметтік механизмдер жұйесіндегі категорияның іс-әрекет механизмдерін пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктерді кеңейту;

- диалектикалық өзара байланыс пен шекгес категориялар механизмдерінің кешенді іс-әрекетін гүсінуге жету;

- аса маңызды экономикалық категорияның жүмыс істеуі- нің күрделі проблемаларына сәйкес ғылыми ойлауды дамыту және ретке келтіру.


4.3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:

  • қаржы және оның экономикалық ғылымдар жұйесіндегі рөлін білу;

  • қоғамдық ұдайы өңдірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлін білу;

  • қаржының қазіргі тұжырымдамалық теориясын түсіну;

  • қаржы жүйесін білу;

  • қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықгық негіздерін білу;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілерін білу;

  • нарықтық экономикадағы мемлекеттің қаржысы;

  • үй шаруашылықтарының қаржысы.


5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу


р/р


Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны

МӨЖ

Дәріс

Практикалық (семинарлық)

Барлығы

оның ішінде

МӨЖМ


1

Қаржы және оның экономикалық ғылымдар жұйесіндегі рөлі

1

1

7

2

2

Қоғамдық ұдайы өңдірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі

2

2

7

2

3

Қаржының қазіргі тұжырымдамалық теориясы

2

2

7

2

4

Қаржы жүйесі

2

2

7

2

5

Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықгық негіздері

2

2

8

2

6

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері

2

2

8

2

7

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қаржысы

2

2

8

2

8

Үй шаруашылықтарының қаржысы

2

2

8

1

БАРЛЫҒЫ

15

15

60

15


6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып. Қаржы және оның экономикалық ғылымдар жұйесіндегі рөлі – 1 сағат.

Мазмұны:

Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі қаржылар туралы ғылым. Қаржы ғылымының теориялық негіздері – ұдайы өніріс және мемлекет туралы ілім. Қаржының пәні- Қаржының объекті. Қаржының субъектілері. Қаржыны зерделеудің диалектикалық әдісі, қаржылық қагы- настардың объектілері мен субъектілері, теория мен практика- ның, қаржы және қаржы жүйелерін зерделеу кезіндегі логикалық және тарихи тәсілдемелердің бірлігі. Қаржы функцияларына экономистер көзқарастарының әволюциясы. Қаржының экономикалық категориялармен өзара оайланысы. Қаржыны ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін Қазақстандық практикаға бейімдеу.



Нарықгық экономика жағдайында теориялык қайта ойлаудың критерияларын, түрін, әдістерін, үдерістерін және оларды үлттық қаржы үлгісінде қолдану.
Қаржы(фр. finance, лат. finantia- аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) - мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді.

Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады.

Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.[
Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М. : Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том. – Алматы : Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. – Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. – Ростов н / Дону; Феникс, 2008
2 Тақырып. Қоғамдық ұдайы өңдірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі – 2 сағат.

Мазмұны:

Құндық экономикалық кагегориялар ретіндегі қаржы үғымы. Объективтік жэне субъективтік себепітермен айқындалатын қаржының қажеттігі. Қаржы табиғаты. Тауар-акша катынастары жэне қаржы. Ұдайы ендірістік үдерістегі каржы. Ұлтгық шоттар жүйесіндегі үлттық өндіріс көлемдерін өлиіеу- ІЖӨ жэне ЖҰӨ.

Ақша қаржының бастапкы категориясы ретінде. Ақшаның, қаржының, рыноктық ортадағы олардың модификацияларының қазіргі түсіндірмесі (интерпретациясы). Ақшалай қосалқы категориялардың, соның ішінде қаржынын іс-әрекетінде ақша функ- цияларының дамуы. Категориялар мен қосалқы категорияларды шектеудің проблемалары. Нарықтық экономикада қоғамның міндеттерін жүзеге асыруға ақшаның, кредитгің, қаржының, олардың туынды нысандарының бағытгылығы. Макроэкономикалық реттеуде ақша мен қаржыны пайдалану. Мемлекеттің құрылымдык-инвестициялық саясаты. Экономика дамуының қазіргі кезеңінде инфляцияны басқару саясаты.

Қаржьшық ресурстар жэне қорлар қаржьшық қатынастардың материалдық - заттай алып жүрушілері ретінде. Қаржылық ре- сурстардың көздері. Қаржылық ресурстар өсуінің факторлары.


Қаржының мәні іс-әрекет ететін механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қазіргі уақытта қаржының екі функциясы орындалады: бөлу және бақылау.

Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны, со­нымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.

Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Қоғамдық өнімді бөлу: алғашқы және қайта бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу - салалық, аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. ¦лттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.

Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:


  • қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

  • несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.

Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы аппараты болып та­былады. Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:



  • қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомствалардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді;

  • қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады;

  • кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008
3 Тақырып. Қаржының қазіргі тұжырымдамалық теориясы – 2 сағат.

Мазмұны:

Қазіргі экономикалық теориялар және жаңа нысандар, қаржының теориялық қағидаларының көріну әдістері. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері. Қаржының теориялық қағидалары көрінісінің қазіргі экономикалық теориялары мен жаңа нысандары, әдістері. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері: классикалық мекгеп, қазіргі неоклассикалық теориялары; кейнстік, посткейнстік теориялар; монетаризм; «жалпыға ортақ береке мемлекеті» теориясы; үсыным экономикасының теориясы; оңтайлы болжамдар теориясы, институтционализм, тұрақты даму теориясы, неолибералдық бағыт. Қаржының теориясы мен практикасы саласындағы ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми зертгемелері. «Ынталандырушы» және «тежеуші» фискалдық саясаттың шаралары. Монетарлық және фискалдық саясатгардың келісімі. Арзан және қымбат ақшалардың саясаты. Манделло-Флемингтің моделі. «ЖҰӨ – жиынтық шыгыстар» жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-тендіктің тәсімі.

Шығыстар мультифликаторының сипатгамасы. Макроәконо-микалық тепе-теңдік жүйесіндегі салықтар мультифликаторының іс-әрекеті. Баланыстандырылған бюджет мультифликаторының мазмұны. Сұраным мен ұсынымға салыктар іс-әрекетінің тәсімі.

«Үсыным экономикасы» теориясындағы салықтардың түсін- іктемесі. Институционализм және неоиституционализм.
Макроэкономикалық тепе-тендіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-тендікті тудыратыны анық.

Қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мульти­пликатор" ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҮӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

- шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;

- кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.

Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің (GNP) құны мына формула бойынша қалыптасады:
ЖҰӨ (GNP) = С+1g + G+Xn
мұндағы: С - үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;

I g - жалпы жекеше ішкі инвестициялар;

G - тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);

Хn- таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.


Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау арқылы жасалады:

1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);

2) бизнеске салынатын жанама салықтар;

3) жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;

4) ренталық төлемдер;

5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше


бизнестің ақшалай табысын төлеу);

6) меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;

7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидендтер, бөлінбеген пайда).

Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттык өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.

Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.

Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге шекті бейімділік" - MPS және "тұтынуға шекті бейімділік"- МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде - тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей оты­рып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады.


ме =1/MPS = 1/1-МРС
Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.

Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-тенді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.

Салыктардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мултипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.

Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:


mе = ТхМРС,
мұндағы: T - салықтық төлемдердің мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен MPS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10, млрд, теңгеге көбейтетінін күтуге болады. Сонымен, тендестірілген бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
mв =mе+ mt= l
Мұндағы: mв-тендестірілген бюджеттің мультипликаторы; mе _ шығыстардың мультипликаторы; mt - салықтардың мультипликаторы.
Фискалдық саясаттың нұскалары. Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын кетермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай - күйі де осын­дай тәртіппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мумкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұскалары тұжырымдалады. Құлдырау кезіңде ынтыландырушы фискалдық саясаты жүргізіледі ол мыналарды қарастырады:

1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

2) салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін еске-
ре отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттар қамтиды:

1) мемлекет шығыстарының азаюы;

2) салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Дискредициялык емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. Төмендегі сызбада мемелекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (T сызығы) көрсетілген.

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфлияцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары денгейі инфлияциямен жалғасады, құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

Практикада тепе-тендік үлгілерінде қаралған тәуекелдіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді.



  • фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі).

  • ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногында пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді.

  • сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

  • ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айырмашылылығы ол ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Сонымен қатар рыноктар-бәсекелестер макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжайды. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады.

Монераристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:



  • бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік секторлардың қызметтер көрсетуінің бағасын арттыру, салықтарды көбейту);

  • тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу.

Шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін көбейту:

  • бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды
    әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың
    қайта құйылымын көтермелеу;

  • төлем баланысын сауықтандыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау.

Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:

  1. ақша массасына бағалардың жоғарғы икемділігі;

  2. дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

  3. бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің жоғары икемділігі;

  4. экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы.

XX ғасырдың аяғында жаңа теория- тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Тұрақты дамудың теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді – төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.



  1. кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамудың мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидасы;

  2. экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-тендікті тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді;

  3. эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптандыру қағидаты. «Әртараптандыру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртараптандыру ретінде пайдаланылады

Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерерхиялық саралау қағидаты. Орташа денгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008
4 Тақырып. Қаржы жүйесі – 2 сағат.

Мазмұны:

Қаржы және коғамдық ұдайы өндіріс. Қоғамдық өңдіріс ауқымдарын өлшеу. Ұдайы өндірістік үдерісті камтамасыз ететін экономикалық категорияның өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті. Қоғамның экономикалық ресурстарының күрамды бөлігі ретінде қаржылық ресурстардың үдайы өсуі. «Қаржы» экономикалық категориясы механизмінің жүмыс істеуінің нысаны ретіндегі қаржы жүйесі. ҚР-дың қаржы жүйесі және бәсекеге қабілетгі экономиканың дамуы жағдайында оны жетілдірудің проблемалары. Қаржы жүйесін үйымдастырудың негізгі қағидаттары. Нарықгық түрпаттағы экономиканы күрудагы қаржы жүйесінің рөлі. Қаржы жүйесінің қүрылымына нарьпстық өзгерістердің әсері.


«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.

Сонымен бірге жалпы институционалдық түрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бүрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:


  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;

  2. ақша қорларының жиынтығы;

  3. басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық ка­тегория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері: арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар, бюджеттен берілген субсидиялар, қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары, ерікті жарналар және қайырымдылықтар болып келеді.

Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді.

Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп - шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.

Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы ресурстары.

Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады.

Қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор жене т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.

Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі - қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады.

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

- мемлекеттің бюджет жүйесі;

- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік кредит;

- жергілікті қаржы;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

- халықтың қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларга жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мынадай қағидалары бар:

1. Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағида жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғары қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

2. Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағиданың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымның ұлттық мемлекеттік және әкімшілік аймақтық құрылымына сай келеді.

3. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидалары. Орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттары мен алдын ала айқындалып отырады. Қаржының барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отырады.

4.Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялдық арналымының қағидасы. Қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008
5 Тақырып. Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықгық негіздері – 2 сағат.

Мазмұны:

Қаржылық саясат үғымы, мемлекетгің экономикалық және әлеуметгік саясатындағы оның орны. Фискалдық саясат.

Қаржылық саясаттың міндеттері, мақсатгары және қағидаттары. Қаржылық стратегня және қаржылық тактика. Қазақстан Республикасы қаржы саясатының кезендері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын әзірлеу.

Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм, оның мазмүны мен қүрылымы. Қаржы механизміне қойылатын талаптар. Қаржылық механизмнің динамизмі.

Қоғамның экономикалық және әлеуметгік мақсаттарьш жүзеге асыруға арналған мемлекеттің қаржылық саясатын әзірлеу.

Акшалай-кредиптік және салықгық- бюджет саясатты үйлестіру аспектілері. Өтпелі кезеңнің қаржылық саясатының ерекшелік- тері. Экономикалық ғаламдану үдерістері және индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру жағдайында. Қазақстанның қаржылық саясатына олардың әсері. Мемлекеттік мақ- сатты және бюджетгік бағдарламаларда қаржылық саясатты көкейтесті ету. Өңірлік қаржы саясаты. Қаржылық механизмнің қүрамы мен қүрылымы. Қаржылық механизмнің динамизмі, түрақгы даму жағдайында оның қаржы жүйесін басқару мен қаржылық жоспарлаудың нысандары мен әдістерінің диалектикасы.

Қаржылық механизмнің етене қосалқы жүйесі ретіндегі қаржыны басқаруды үйымдастыру. Қаржылық механизмнің аса маңызды қосалқы жүйесі ретіндегі қаржылық жоспарлау. Қаржы үдерістерін күқықгық қамтамасыз ету және нормативтік реттеудің қажетгігі. Қаржы жүйесіндегі контроллинг пен мониторинг.

Қаржылық жоспарлаудың мазмүны, оның ерекшеліктері және әлеуметтік экономикалық жоспарлаумен байланысы. Қаржылық болжаудың дамуы.

Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары, әдістері кезеңдері. Қаржы жоспарларының жүйесі. Аумақгық қаржылык жоспарлау. Нарықгық ортада қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдірудін негізгі бағыттары. Нәтижеге бағытталған қаржылық жоспарлау.

Қаржылық қатынастарды күқықгық реттеу. Қаржылық қүқық және оның қүрамдас бөліктері. Қаржылық-қүқықтық нормалар, олардың түрлері. Қаржылық-қүқықтық реттеудің әдістері. Мемлекеттің қаржылық қызметі, оны жүзеге асырудың әдістері. Қаржылық-қүқықгық акгілер, олардың түрлері.

Қаржылық бақылау үғымы, оның объективтік шарттастығы, жүргізу алгышарттары. Қаржылық бақылау іс-әрекетінің айрыкша өзгешелігі және сферасы. Қаржьшық бақылаудың қағидаттары мен міндеттері. Нарықгық экономикадағы каржылық бақьшау және оның сыныптамасы. Аудит, оның ерекшеліктері, міндеттері, үйымдастырылуы, тиімділігі.
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегіндегі мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рольді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ipi ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.

Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттер:

- елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз етуң

- қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

- экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті- экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік биліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Қаржы саясатының мақсаты- қоғам дамуының аса манызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаларын жүзеге асырады.



  1. қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

  2. қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

  3. қаржы резевтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резевтерінің асып түсуі);

  4. Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу;

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.

Қаржы механизмінің құрылымы қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердіц қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қорғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қаржыны басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты. Қаржы механизмі - бұл мақсатқа жетудің құралы. Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (үштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың екі аспектісі бар: біріншіден, мемлекет қаржыны оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі, қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары бо­лып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурс­тарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады.

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008
6 Тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері – 2 сағат.

Мазмұны:

Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысы қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде, үдайы өндірістік үдерістегі олардың рөлі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының функциялары және негізгі белгілері. Бастапқы шаруашьшық буынньщ қаржылық қатынастарын топтастыру. Меншіктің әртүрлі нысандарының шаруашылық органдар қызметінің үйымдық қүқықтық аспектілері. Меншікті өзгертудің қаржьшық аспектілері: мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, қайта қүрьшымдау. Мемлекеттік кәсіпорындардың каржысы. Ұлтгық компаниялар мен холдингтер қаржысы. Коммерциялық негіздерде жүмыс істейтін шаруашьшық жүргізуші субъектілер қаржысын үйымдастыру қағидатгары. Коммерциялық (шаруашылық) есеп.

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъекгілердің қаржы қорлары, оларды қалыптастыру мен пайдаланудың негіздері. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары. Жалпы табыс, таза табыс, оны бөлу. Компаниялардағы, фирмалардағы қаржылық менеджмент, оларды жүзеге асырудың шарттары. Коммерциялық емес қызметгің сипатгамасы, олардың түрлері.

Коммерциялық емес сферада шаруашылық жүргізу әдістері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздері. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жүмыс істеуінің ерекшеліктері. Шаруашылық ясүргізуші субъекгілер қаржысының негізгі белгілері. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың критерийлері. Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет, шаруашылық жүргізуші субьек- тілер қаржысын үйымдастыруға оның әсер етуі. Бірікгірілген корпоративтік қүрылымдардың және олардың қаржысының да- муы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы менеджменті. Фирманың қаржылық стратегиясы мен тактикасы. Нарықт жағдайында қаржыны үйьгмдастыру кағидатгарының дамуы. Коммерциялық есеп.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жай-күйі мен қаржы орнықтылығының көрсеткіштері. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері, қаржьшандыру көзі ретіндегі бюджеттік қаражаттардың рөлі.
Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлу функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Бөлу -өндіру мен тұтыну арасындағы баланыстырушы буын болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рол атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады.

Атауға болады:


  1. қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

  2. өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байла­нысты қатынастардың пайда болуы;

  3. жоғары белсенділік шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

  4. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржысы деп- өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы: өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құралады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс, және т.б); банк несиелері; бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде- кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және занды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктің мынадай нысандары белгіленген: 1) толық серіктестік; 2) сенім серіктестік; 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 5) акционерлік қоғам.

Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын орындайды. Меншік иесі кәсіпорындарды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары, қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен таза табыстың бір бөлігін алуға құқығы бар. Меншік иесіне аударуға жататын таза табыстың үлесі уәкілді органның Қаржы министрлігімен келісілген пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын таза табысты бөлу нормативтеріне белгіленеді.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін. Ал жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп- өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаларға негізделген:

- коммерциялық шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шарушылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау болып табылады;


  • жоспарлылық;

  • меншіктің барлық нысандарының теңдігі;

  • қаржы резевтерінің болуы.

Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маныздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

Жарғылық капитал- мемлекет басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады.

Тұтыну қоры мыналарды кіргізеді- бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары; ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар; материалдық көмек; еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар; Қорлану қоры: кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс; негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар; шығып қалған мүлікті өткізуден түсім-ақша; банктердің несиелері; басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Жөндеу қоры: кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады.

Валюта қорлары: кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады: экспорттық валюталық түсім-ақшадан; жарғылық капиталға түсетін жарналардан; банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық несиелерінен; ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу; бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі.
Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008
7 Тақырып. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қаржысы – 2 сағат.

Мазмұны:

Мемлекетгің қаржысы, қаржылық қатынастар жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекет қаржысының құрамы, олардың буындарының қысқаша сипатгамасы.

Мемлекеттің қаржысы және қоғамдық прогресс. Қаржының өндірістегі және коғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қамтамасыз етудегі рөлі. Мемлекеттің фискалдық саясаты. Мемлекеттің табыстары, олардың диалектикасы. Мемлекеттің шыгыстары. Салықтар, олардың мәні, функциялары. Салық салудың қағи- даттары және салықгарды үтымды үйымдастырудың қағидаттары. Салық жүйесі. Салық қызметі.

Түрлі белгілері бойынша салықтардың сыныптамасы. Қазақстан Республикасындағы салыктардың түрлері. Мемлекеттік бюджеттің мәні, оның айырмашылық белгілері. Мемлекеттік бюджеттің күрылымы, кірістері мен шығыстары, олардың қүрамы мен қүрылымы. Бірыңғай бюджеттік сыныптама. Бюджетаралық қатынастар. Бюджеттік үдеріс, оның кезендері. Жергілікті қаржылардың мәні, қаржы жүйесі қүрамындағы оның орны. Жергілікгі бюджеттердің кірістері мен шығыстары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттігі және мәні. Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы. Әлеуметтік бюджетген тыс қорлар. Экономикалық арналымның бюджетген тыс қорлары. Үлтгық әлауқат қоры. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры.

Мемлекеттік кредиттің мәні мен маңызы, функциялары; түрлері, нысандары, және, әдістері. Қазақстанда сырткы әконо- микалық қызметгің даму бағыттары.

Елдің төлем балансы. ҚР-ныңинновациялық-индустриалдықдамуынкаржыландыру. Халықгы әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету. Бюджетгік және салықгық ретгеу. Қазақстан Республикасының бюджет және салық жүйелері, нарықгық экономика жағдайында оларды кұруға қойылатын негізгі талаптар. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борышқа қатысты саясат. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты және қаржылық реттеу.

Кез-келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлесіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында бөлінеді:


  1. экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;

  2. монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;

  3. табыстар мен байлықты қайта бөлу;

  4. экономиканы тұрақтандыру;

  5. ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде “қаржы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді. Анығырақ айтсақ табыстар мен байлықты қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу функцияларында көрінеді. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдайдың ауытқуларын туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция денгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды. Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдайда нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:

  1. бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;

  2. ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлу.

Бұл жерде бірінші жағдайды талқылайтын болсақ, тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну, бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылысты “жанама нәтижелер” немесе “құйылымдар” деп атайды және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.

Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластанумен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.

Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:


  • қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді;

  • құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе- теңдіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.

Бұл жағдайларда өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.

Құйылым пайдалары: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді, яғни жеткіліксіздігін сипаттайды.

Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтер көрсетуді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады. Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістегі кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты. Мемлекет ( өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс 19 ғасырлардағы неміс экономисі Вангердің заңы –“Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы” ретінде белгілі.

Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл- бөлу мен бақылау функциялары.

Бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды көрсетеді.


  1. орналастыру;

  2. қайта бөлгіштік;

  3. тұрақтандыру қосалқы функциялары.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті (муниципалдық) денгейде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларына қіріктіреді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың денгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік(республикалық) және жергілікті( муниципалдық ) қаржылар болып бөлінеді.

Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті денгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды рол атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі денгейдің бюджеттері республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекет шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.

Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсікелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор роль атқарады.

Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңды ұйымдардың мүлкі және мемлекеттік қазына болып бөлінеді.

Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі заңмен бекітілген және мемлекттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметінің ерекшеліктері “Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы” бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор кәсіпорындарының өзіндік қаржы жүйесінің бұл буынының барлық субъектілері үшін ұқсас және басқарудың біртұтас қағидасына бағынады.

Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды қамтиды:


  • республикалық бюджеттің қаражаттары;

  • мемлекеттің алтын-валюта қаражаттары;

  • мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі (жер, оның қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар);

  • республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.

Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құқығы бойынша мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік(иесіз мүлік), мемлекетке қазынаға өткізуге немесе беруге жатады.


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау