Титул парағы(syllabus) пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылыми министрлігі



жүктеу 1,06 Mb.
бет4/4
Дата20.12.2017
өлшемі1,06 Mb.
#5053
түріБағдарламасы
1   2   3   4

7 тақырып: Металл кесу станоктар

Металл кесу станогының кинематикалық сұлбасы

Металл кесу станоктары болашақ тетiк дайындамаларын, сол тетiк сызбасындағы көрсетiлген өлшемдер дәлдiгiне, бет тазалығы талаптарына сәйкес етiп өңдеу үшiн қолданылады.

Құйма немесе қалыпталға дайындамалардың сырт пiшiнi болашақ тетiкке ұқсас болғанымен оның сыртқы, iшкi беттерiнде және жиектерiнде "әдіп"деп аталатын металл қабаты болады. Сол металл қабаты металл кескiш аспаптар жәрдемiмен сылынып алынады. Ондай қабаттар сылынғанда жоңқа түзiледi. Осындай технологиялық процестер металл кесу станоктарында орындалады.

Машина тетiктерiнiң құрылысына және материалдардың өнделу қасиеттерiне байланысты тетiктердi өңдеу де әр түрлi металл кесу станоктарында (қазiргi кезде қолданыста станоктың 111 түрi бар) орындалады.

Металл кесу станоктары сипаттарына қарай былай жiктеледi:

— тетiктiң өңдеу дәлдiгi (дәл, дәлдiгi жоғары, дәлдiгi өте жоғары);

— қолданылуы (токарьлық, фрезерлеу, бұрғылау, сүргiлеу, қашау, тiстiлi өңдеу, ажарлау, т.б.);

— конструкциясы (көлденеңiнен, тiгiнен, қиғаш, бiрайналдырықты, көпайналдырықты;

— автоматтандырылу деңгейi (автоматты, жартылай автоматты, санды бағдарламалы басқарылатын, автоматты тiзбек және т.б.);

— салмағы (қалыпты 10 т-га дейiн, iрi 10—30 т, ауыр 30—100 т, ерекше ауыр 100 т-дан жоғары).

Станокты қозғалысқа келтiретiн механизмдер жиынтығын жетек деп атайды. Әрбiр металл кесу станогын жеке электрқозғалтқыш қозғалысқа келтiредi. Электрқозғалтқыш қайысты, шынжырлы немесе тiстi берiлiстер арқылы станоктың жетекшi бiлiгiн қозғалысқа келтiредi. Әрбiр станок тораптардан, тетiктерден (детальдардан) және механизмдерден тұрады. Тораптар бiр-бiрiмен қосылып, берiлiс жүйесiн құрайды.

Станоктың құрамына кiретiн тетiктер бiр-бiрiмен байланыста болады. Станоктың барлық бөлшектерi мен олардын өзара байланысын график түрiнде кескiндеудi оның кинематикалық сұлбасы деп атайды. Демек, әрбiр кинематикалық сұлба тораптардан, қосақтар мен тiзбектерден тұрады. Екi тораптың жанасу арқылы қосылуын кинематикалық қосақ дейдi. Мысалы, бұрандама мен сомындыкқ (гайкалық) кинематикалық қосақтар жиьнтығын кинематикалық тiзбек деп атайды. Ал кинематикалық тiзбектер жиынтығы станоктың кинематикалық сұлбасы болып табылады.

Станоктың кинематикалық сұлбасын сызу үшін әр түрлi кинематикалық қосақтарды шарпы түрде белгiлейдi. 1-сұлбада кинематикалық қосақтардың аталуы мен белгiленуi көрсетiлген.

Кинематикалық сұлбаны оқып-үйрену үшiн кинематикалық қосақтардың белгiленуiн және жетек түрлерiн бiлген жөн. 1-суретте жетек түрлерi көрсетiлген. 10, а-суретте дербес жетек көрсетiлген ол жылдамдықтар қорабы бар станоктарда қайысты берiлiс арқылы немесе оның жәрдемiмен жұмыс iстейдi. Ернемектi электрқозғалтқыш бiлiгi мен станоктың бiріншi (қабылдау және негiзгi) бiлiгi бiр ось бойында орналасады. Мұндағы жетекшi тiстi дөңгелектi жылжымайтын етiп бекiтедi.

Бұл жетекте қайысты берiлiс қолданылмайды. Ал 10, ә, б-суретте көрсетiлгендей станоктың электр қозғалтқышы жетектiң құраушы бөлiгi болып табылады. Қозғалтқыш бiлiгi станоктың бiрiншi бiлiгi қызметiн қоса атқарады. Мұнда да жетекшi тiстi дөңгелектi жылжымайтын етiп бекiтедi. Жетектiң бұл түрiнде де қайысты берiлiс қолданылмайды.

Негiзгi немесе қосалқы қозғалыс жасайтын тораптарды (айналдырық, суппорт, үстел, сыргақ (ползун) және т.б.), электрқозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтiретiн механизмдер топтамасын жетек деп атайды.

11суретте көрсетiлген негiзгi қозғалыс жетегi электрқозғалтқыштан, берiлiс шкивтерi мен қайыстардан, берiлiс қорабынан және айналдырықтан тұрады.

Станоктың бiр торабынан екiншi торабына қозғалыс беретiн механизм берiлiс механизмi деп аталады.




10 сурет. Жетек түрлері:



а) дербес; ә) ернемекті; б) негізгі білікке орнатылған.
Электрқозғалтқыш (1) берiлiс (2) арқылы берiлiс қорабын (3) қозғалысқа келтiредi, содан соң тiстi доңғалақтар блогының көмегiмен айналдырық (4) айнала бастайды. Айналдырыққа қысқыш (патрон) деп аталатын қондырғы (5) орнатылады. Сол қысқышқа өнделетiн тетiк немесе дайындама (6) қысып бекiтiледi. Қысқышқа бекiтiлген тетiк бөлгiлi технологиялық ретпен өнделе бастайды.

11 сурет. Станоктін қарапайым кинематикалық сұлбасы.

12-сурет. Жылжымалы тісті блокты берілестер қорабының кинематикалық сұлбасы;

1-элктроқозғалтқыш; 2-қайысты беріліс; 3-жетекші білік;4-төлке; 5-айналдырық; 6-білік;

7-муфта.
Жылжымалы тісті блогы бар берілі қорабын қолданғанда оның кинематикалық сұлбасынан (12-сурет) мыналарға назар аудару керек. Электрқозғалтқыштан (1) көптісті беріліс (2) арқылы білікке (3) орнатылған шкиф қозғалысқа келтіріледі. Z1,Z2,Z3 тісті доңғалақтардан бірі төлкенің (4) тісті доңғалақтарының Z4, Z5 немесе Z6) бірімен ілініскенде, төлке белгілі жылдамдықпен айнала бастайды (Z - тісті доңғалақтың тістерінің санын білдіреді).

Төлкенің сол жағынан Z7 тісті доңғалақ біліктің (6) тісті доңғалағымен тұрақты іліністе болады. Сол білікте (6) тісті доңғалақ Z8 орнатылған.Бұл тісті доңғалағ айналдырыққа (5) орнатылған Z10 доңғалағымен ілінесе алады.

Тісті доңғалақтар (Z6 мен Z10) аралығында жалғастырғыш (7) орналасқан, ол екі жағымен де ілінесе алады.

Осылайша тісті доңғалақ блоктарының белгілі заңдылықтары мен беріліс қатынастарын сақтай отырып, беріліс қорабының бір білігінен екінші білігіне қозғалысты ауыстыру арқылы айналдырық әр түрлі жылдамдықпен айналысқа келтіріледі.


Металдарды тесу

Бүтін денелерде тесік жасаудың ең тараған әдісі-бұрғымен тесу. Металдарды бұрғымен тесу кезінде өңделетін бұйым станоктың үстеліне бекітіліп, қозғалмай тұрады. Ал бұрғы бұйымға біртіндеп еніп,жаңқа бұрғы жараларымен сыртқа шыға бастайды. Тесілетін тесіктер тік және тұйық болып келеді. Тік тесілгенде бұрғы ұшы бұйымды тесіп өтеді. Оған қарағанда тұйық болып келеді. Тік тесілгенде бұрғы ұшы бұйымды тесіп өтеді. Оған қарағанда тұйық тесік жасаудың технологиялық процесі күрделілек болады. Өйткені тесу нәтижесінде жаңқа түрінде салынатын металл қабатының үңгінері тек артқа қарай шығады. Бұрғы диаметрі 0,1 мм,ден 80-мм-ге дейін болады. Диаметрі одан артық тесіктерді арнайы жабдықтарда кескіштердің жәрдемімен кеулеужону арқылы өндейді.

Құймаларды немесе қалыптау арқылы жасалғантесіктерді таза етіп, белгілі өлшеммен өңдеу үшін кеңейтіп тесу операциялары жасалады.

Тесік тесуге арналған бұрғылардың шиыршықты (спиральді), қауырсынды, терең тесіктер жасауға арналға және центр тесіктері жасайтын түрлері болады.



Бұрғылау станоктары

Бұрғылау станоктарының негізгі түрлері мынандай болады;



  1. Вертикаль бұғылау станоктары (13-сурет) –дара және сериалы өндірісте массасы 25 кг-ғадейінгі даындамаларды тесуге арналған станоктардың кеңірек тараған түрі. Станоктарды сипаттау үшін қаттылығы орташа болаттарды тескен кезде бұрғы диаметрінің ең үлкен шамасы алынады. ТМД-да шығарылатын станоктарының шартты бұрғы диаметрлері 6, 12, 18, 25, 35, 50, және 75 мм.

  2. Радиаль бұрғылау станоктары ірі көлемді және ауыр бөлшектерді тесуге арналған. Аспаппен өнделетін тесік өсьтері айналдырықты дайындаманың тесілетін кез келген нүктесіне жылжытып беттестіру арқылы анықталады.

  3. Көпайналдырықты бұрғылау станоктарының бірнеше айналдырықтары болады. Өнделетін тетіктеріне қарай айналдырықтарының орналасу арақашықтығы тұрақты неиесе өзгеріп тұрады. Олрр жаппай және ірі сериалы өндірістерде қолданылады.

  4. Горизонталь бұрғылау станогы терең тесіктерді (t/a>) өндеу үшін қолданылады. Мұнда дайындама айналып, бұрғы бойлықберіспен жұмыс атқарады.


13-сурет. 2А150 вертикаль 14-сурет. Родиальді бұрғылау

бұрғылау станогының жалпы станогының көрінісі.

көрінісі




  1. Центрлеу-бұрғы станогы-центрде қысылып өнделетін тетіктердің екі шетінен таяэ бекіту тесіктерін жасау үшін қолданылады.

Тік бұрғылау станоктарына қарағанда, радиальді бұрғылау станоктарыныңбұрғы бекітілген айналдырығын өңделетін қажетті нүктеге апаруға мүмкіндігі мол. Мына 14-суретте радиальді бұрғылау станогының құрлысы көрсетілген. Іргетас тақтасына (1) айналмалы гилбзасы (3) бар, қозғалмайтын бағана (2) бекітілген. Ондағы маңдайша (траверса) (4) механизімнің (5) жәрдемімен тік бағытта қозғалып, оны қажетті биіктікте орналастырып, бекітуге болады. Жылдамдық (7) және беріс (8) қорабы бар айналдырық бастиегі (6) маңдайшаның кәлденең бағыттаушы жылжымасы арқылы қозғалады.

Айналдырыққа (9) бекітілген бұрғылау аспабы электорқозғалтқыш арқылы қозғалып, тік беріс жасайды, демек бұрғылайды немесе басқа да аспаптармен жұмыс істейді. Станоктын консолі мен бұрғылау бастиеген бағананы айналдыра 360ОС-қа баруға болады. Радиальді бұрғылау станогының мұндай артықшылығы оның әмбебаптығын дәлелдеп, қолдану мүмкіндігін арттырады. Ұсақ және орташа дайындамаларды немесе өнделетін тетіктерді үстелге (10) бекітіп, ал ірі, көлемді, массаы ауыр тетіктерді іргетас тақтасына қойып өндейді.


7. Студенттерге өздігінен оқуға арналған тақырыптар

Тақырып 1. Конструкциялық материалдармен танысу. Металдар

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 4-10 б.], [5, 4-6 б.]

Тақырып 2. Металл өңдеу

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 11-18 б.], [5, 7-8 б.]

Тақырып 3. Металды түзету

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 19-28 б.], [5, 18-2 б.]

Тақырып 4. Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау және дайындауды жоспарлау

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 33-37 б.], [5, 35-47 б.]

Тақырып 5. Сымтемірді пайдаланып бұйымдар дайындау

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 49-52 б.], [5, 48-55 б.]

Тақырып 6. Металды көркемдеп өңдеу

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 53-68 б.], [5, 56-71 б.]

Тақырып 7. Металл кесу станоктар Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу



Ұсынылатын әдебиет: [4, 69-82 б.], [5, 712-99 б.]
8. СОӨЖ кеңесінің кестесі



Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

1.

Зертханалық сұрақтары бойынша кеңес

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

4.

Тест сұрақтары бойынша кеңес

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша


9. Студенттердің тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі

Зертханалық сабақтарына қатынасу 0-100 балмен бағаланады.



Тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі



Жұмыс түрі

Тақырыптар

Ұсыныл.

әдебиеттер



Орындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Конспект

Конструкциялық материалдармен танысу. Металдар

[5]

1 апта

Конспект тексеру

1 апта

2

Зертханалық жұмыс

Металл өңдеу

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

4 апта

3

Зертханалық жұмыс

Металды түзету

[5]

3 апта

Бұйым тексеру

6 апта

4

Зертханалық жұмыс

Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау және дайындауды жоспарлау

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

8 апта

7

Межелік бақылау




1 апта

Тест

8 апта

8

Зертханалық жұмыс

Сымтемірді пайдаланып бұйымдар дайындау

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

9 апта

9

Зертханалық жұмыс

Металды көркемдеп өңдеу

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

11 апта

10

Зертханалық жұмыс

Металл кесу станоктар

[5]

2 апта

Сұлба тексеру

15-апта

12

Межелік бақылау




1 апта

тест

15 апта



10. Оқушыларды бағалау критерийлері


Пән оқуы тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Ол үшін міндетті түрде барлық жоспарланған тапсырмаларды орындау керек. Әр тапсырма 0-100 балмен бағалады.

Жіберу рейтингі барлақ ағымда орындалған тапсырмалардан алынған бағалардың орташа мәніне тең болады. Қорытынды бақылауға пән бойынша жоспарланған тапсырмаларды орындаған, 50 балдан кем емес бағасы бар студент жіберіледі.

Студенттің пән бойынша жетістігі И- қортынды көрсеткішпен бағаланады. Ол ЖР Жіберу рейтингі және Е емтихан салмақтары ескерілген бағалардан шығарылады:

И = ЖР*0,6 + Е*0,4

Бағалар салмақтары жыл сайын унивверситеттің Ғылыми кеңесінде тағайындалады: ЖР 0,6 кем емес, ал Е 0,3 кем емес. Бағасында жетекшінің пікірі ескертіледі.

Студентің қорытынды бағасы саналады егер пән бойынша жіберу рейтингісінде және қорытынды бағасында балдары жеткілікті болады. Егер студент себепсіз қорытынды бағалау шарасына қатыспаса оған «жеткіліксіз» деген баға койылады.

Емтихан және аралық бағалау нәтижесі тапсырған күні немесе ертеңінде студенттерге жеткізіледі. Барлық бағалауда әрқашан 0-100 балдық шкала қолданылады.

Пән бойынша студенттердің жетістіктері, яғни білімдері, біліктері, дағдылары, құзыреттілігі әріптік, оған сәйкес сандық және қалыптасқан бағалау жүйесімен айқындалады.




Әріптік жүйе

Оған сәйкес

сандық әквивалент



Балдық көрсеткіштер

Қалыптасқан бағалар

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

жеткілікті

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

жеткілісіз


11. Оқытушының талаптары, политика және процедурасы

Аудиториялық сабақтарға студенттер міндетті түрде қатынасу керек. Егер себепсіз қатынаспаса деканат қадағалаған мезгілде дербес түрде өзі өту керек. Ең көбі екі сабақ себепсіз босатуға рұқсат. Екі кешігіп келі бір сағатқа теңестіріледі. Егер студент екі сабақтан артық қатынаспаса оқытушы ондай студентті себебін анықтауға дейін сабаққа жібермеуі құқықты.

Бөтен адамдарға дәрістер тыңдауға тыйым салынады.

Жоспарланған оқу жұмыстарын мезгілімен тапсыру керек, ең ақырғы мезгіл – сессияға үш кун қалған мерзімімен шектеледі. Барлық жоспардағы жұмыстарды тапсырмай студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Студентке міндетті түрде қатыспаған әр сабақты, тақырыпты дербес қайталап өту керек.

Студенттің оқу жетістіктері тестпен немесе жазба жұмыстарымен анықталады. Тест алдынала ескертусіз өтуі мүмкін.



Оқытушымен жетекшеленген СОӨЖ келесі негізгі төрт функцияны орындауды талап етеді.

Бірінші – пән бойынша алдынала оқытушымен берілген мәліметті белсенді қабылдауды.

Екінші функция – оқытушының нұсқауымен пән бойынша үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын орындап, оқулықтарды оқу. Осы кезеңде студент өзінің қиналатын сұрақтарын анықтап, өзін өзі тәртіпке шақыру қажет.

Студенттердің үшінші функциясы – қиналатын сұрақтарын шешуге жол іздеп, өзінің көзқарасын анықтап, болжау жасап, оқытушыға сұрақтарды дайындау.

Төртінші функция – студент оқытушыдан толық кеңес алып, пән бойынша мәлметін толықтыру.
12. Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Адамқұлов Н. Ағаш өңдеу технологиясы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2010. – 208 бет.

2. Крюков Р.В. Столярное и плотницкое дело. Конспект для колледжей и ПТУ. – М.: А – Приор, 2008. – 304 с.

3. Обработка дерева на станках: практ.пособие / Левадный В.С. Черный Ю.М.-М.: Аделант, 2005

4. Покровский Б.С. Скакун В.А. Слесарное дело.– Санкт-Петербург, BHV, 2004. – 428 с.

5. Цурганов А.М. Лабораторный практикум по технологии металлов и других материалов: Учеб.пособие.-М.,1966


Қосымша:

6. Макиенко Н.И. Общий курс слесарного дела: учебник для учащ-ся нач.проф.образования / Н.И. Макиенко. - 7-е изд., стереот. - М.: Высшая школа, 2005

7. Макиенко Н.И. Практические работы по слесарному делу: учебное пособие для уч-ся нач.проф.образования / Н.И. Макиенко. - 5-е изд., стереот. - М.: Академия, 2001

8. Кругликов Г.И. Методика преподавания технологии с практикумом: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. –М.: Издательский центр «Академия, 2002. – 480с







жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау