Пост-релиз
2016 жылдың 16 маусымында Өскеменде ТжКБ кеңесінің «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіптік білім беру мәелелеріне арналған отырысы өтті.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының бір бағытының мақсаты жұмыс іздеп жүрген азаматтарды оқытып, әрі қарай жұмысқа орналастыру (жұмыс берушінің талабына сәйкес) болып табылады.
Осы бағыт бойынша бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрі көрсетіліп отыр: кәсіптік бағдарлау, біліктілігін көтеру бойынша тегін курстар, кәсіптік даярлау және қайта даярлау, оқыту кезеңінде материалдық қолдау.
Оған қоса 2016 жылы Бағдарламаға жаңа бағыттар енгізілді: 55-64 жас аралығындағы босатылған және жұмыссыз азаматтарды кәсіптік қайта даярлау, 18-24 жас аралығындағы жұмыс істеуші жастарды кәсіптік оқыту, жұмыс берушілерге жұмысшыларын оқытуға грант бөлу (оқыту құнының 80%-ы).
Бұл бағыттағы жұмыс тиімдірек болуы үшін қалалар мен аудандардың жергілікті жұмыспен қамтушы органдары облыстағы еңбек нарығына зерттеу жүргізді. Талдау көрсеткендей, облыс тұрғындарының 30%-ға жуығының кәсіптік білімі жоқ, ендеше біліктілігі төмен. Сонымен қатар, еңбек нарығында баланстың болмауы себебінен дұрыс жұмыс таба алмайтын ауыл жастарының жағдайы күрделі мәселе болып қалып отыр.
Еңбек нарығындағы қызмет бағдарын анықтау үшін жұмыс берушілер талаптары негізінде маман-кадрлар көбірек қажет болатын басымды мамандықтар анықталып отыр. Ең үздік ондыққа ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі, электргаздәнекерлеуші, аспаз, сантехник-дәнекерлеуші, шаштараз, автомобиль жөндеуші дәнекерлеуші, плитка қаптаушы кіріп отыр.
Кәсіптік білім беруші ұйым Бағдарлама Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жерде келесі талаптар міндетті:
Дуалды білім беру жүйесі
Алдыңғы жыл түлектерінің жұмыспен қамтылуы (кемінде 60 %).
Өткен жылы оқу орындарымен 36 келісімшартқа қол қойылған. Оқыту ШҚО-ның 24 колледжінде жүзеге асырылды, оның ішінде 6 колледждің ресурс орталықтары бар («Өскемен құрылыс колледжі» КММ, «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК, «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ, Семей қ. «Құрылыс колледжі» КММ, «Электротехникалық колледж» КМҚК, «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК).
Сонымен қатар, кәсіптік білім беру курстарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілердің 7 оқыту орталықтары іріктелген.
Оқыту аяқталған соң 198 жұмыс беруші жұмысқа орналасу бойынша келісімшартқа қол қойған, олардың ішінде: «ШҚ АЭК» АҚ, «АЗИЯ АВТО» АҚ, «Казэлектромонтаж» АҚ, «Пром Холод Ука» ЖШС, «Сат транс» ЖШС, «Верф-Пласт» ЖШС, «Азия Энерго» ЖШС, сондай-ақ шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер.
АО «ВК РЭК», АО «АЗИЯ АВТО», АО «Казэлектромонтаж», ТОО «Пром Холод Ука», ТОО «Сат транс», ТОО «Верф-Пласт», ТОО «Азия Энерго», а также крестьянские хозяйства и индивидуальные предприниматели.
2016 жылы жол картасын өзектілендірген соң кәсіптік оқытумен 956 адамды қамту жоспарланған, бұл мақсатқа 181,9 млн теңге қарастырылып отыр. Бүгіннің өзінде кәсіптік оқытуға 506 адам бағытталған.
Кадрларды қайта даярлау жоспарын 300 адам құрайды, бұл мақсатқа 52,2 млн. теңге қарастырылған. Іс-жүзінде 288 адам жіберіліп қойды.
Сонымен қатар, 40 адамды қамтитын жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшыларды қайта даярлау қарастырылған, қазіргі кезде 90 адам жіберіліп отыр. Оқытуды 49 адам тәмамдап, жұмысқа орналастырылды.
Мамандығы жоқ адамдарды даярлау жоспары 100 адамды қамтиды деп жоспарланған, оған 24,9 млн. теңге бөлініп отыр. Кесте-жоспарға сәйкес оқыту қыркүйек айында басталады.
55-64 жас аралығындағы босатылған және кәсіптік білім беру бойынша 98 адам бағытталған, жұмыс істеушіжастарды кәсіптік оқытуға – 30 адам.
Оқытылып шыққандардың жұмысқа орналасуы және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы міндетті зейнеткерлік аударымдарға мониторинг жүргізу мәселелері басқарманың ерекше бақылауында.
«ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ
Достарыңызбен бөлісу: |