4 тақырып: Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау және дайындауды жоспарлау
Өңдеуге жіберу (припуск). ГОСТ 7307-66 бойынша жеке детальдарды және барлық детальдарды дайындауда қалыңдығын, енін және ұзындығын алғашқы және қайталап өңдеуге жіберуді стандарт пенен бекітеді.
Өңдеуге жіберілу операциондық және жалпы болып бөлінеді. Операциондық жіберілу деп ─ аралас операциялардан алынған өлшемдер арасындағы айырманы есептейді. Металл өңдеуге дәлдік шегі және отырғызу жүйесін ГОСТ бөлімі реттейді. Бұл жүйеде тесіктердің дәлдік шегі аралығы барлық отырғызу үшін тұрақты болып қалады, ал әр түрлі отырғызуларды алу үшін валдың дәлдік шегі аралығы заңы өзгереді. Бұл жүйе тесік жүйесі деп аталады. Детальдің сызба менен берілген өлшемі және формасы болуы керек. Сызбада белгіленген деталь өлшемдері номиналь деп аталады. Дайындаманы өңдеуден өткізгеннен кейінгі алынған нақты өлшемдерді өлшеу арқылы анықтайды. Олардың номиналь өлшемнен айырмашылығы дәлдік шегі ауытқуы аралығында болуы керек. Номиналь өлшемдерден нақты өлшемдердің дәлдік шегі ауытқуларының шамасы шектік ауытқу делінеді. Оларды қолдана отырып, детальдің дәлдік шегі өлшемдерінің ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтайды. Шектік өлшемдердің ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы дәлдік шегі деп аталады. Жинақтау кезінде бір деталь екіншісінің ішіне кіруі мүмкін, онда жалғасатын бөліктердің өлшемдері жанасатын деп аталады. Детальдардың жанаспайтын өлшемдері еркін деп аталады. Жинақталу кезінде детальдар қозғалатын және қозғалмайтын болып бірігуі мүмкін. Қозғалатын бірігуде бір детальдің екіншісіне қатысты бірігудегі орын ауыстырудың белгіленген дәрежесі болу керек. Конструкциялау деп − заттың бейнесін құрастыру процесі түсініледі, оның конструкциясын көз алдымызға елестетіп, соңында жұмыс сызбалары орындалады. Конструкциялау − құрылымдау, бірдеңенің құрылымын жасау, құрастыру. Техникада конструкция деп мынадай нәрселер анықталған құрылғы айтылады: бөліктердің және элементтердің өзара орналасуы, олардың бірігу тәсілдері және олардың өзара әсер сипаты, сондай-ақ жеке детальдар дайындалуы қажет материал. Басқаша сөзбен айтқанда, конструкция − құрылғының және машина жұмысының, құрылғыларды құрал-сайманның және т.б. схемасы.
Жаңа конструкция жасаудың жалпы алгоритмі
Конструкция жасаудың жалпы қажеттігі мынадай жағдайларда туындайды:
Қолданылып жүрген конструкцияларды жетілдіру.
Жаңа конструкция ойлап табу.
Кез келген машина, агригат, механизм өз міндетін атқара отырып, ұдайы жетілдіріп отырады. Мысалы, өткен ғасырды 20–жылдары ауыл шаруашылығы саласында қол еңбегі кеңінен қолданып келеді. Шарадан жер жырту үшін соқаны пайдаланады және оған ат, өгіз жекті. Ал 50– жылдары қуатты тракторлармен көптеген ауыл шаруашылық машиналары дүниеге келді. Осы аралықта және одан кейінгі уақытта ірі конструкцияларда бастап қарапайым жұмысшыларға дейін көптеген жаңалықтар аша бастады. Әрине, бұларды біз адамзаттың даму тарихындағы заңдылық деп қарауымыз керек.
Қолданылып жүрген конструкцияларды жетілдіруде, жаңа конструкциялар жасауда қандай факторларға сүйену керек деген сұраққа былайша жауап берген жөн.
Қолданылып жүрген конструкциялар:
– конструкция тетіктері мезгілінен бұрын істен шығатын болса;
тетіктердің материалы техникалық талапқа сай болмаса;
жөндеу жұмыстар қиындай түссе;
конструкцияны қолдану немесе әрі қарай пайдалану тиімсіз болса;
адам еңбегі ауыр күйінде қалатын болса;
қоршаған ортаға зиян келтірсе және т.б. жағдайларды жетілдіру қажет.
Жаңа конструкцияны ойлап табу үшін:
– конструкцияның қажеттілігін дәлелдеу;
өлшемдерін анықтау және мемлекеттік стандартқа сәйкестендіру;
Жаңа конструкцияның өндіріс өнімділігі мен өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету;
Жаңа конструкция қызметінің қауіпсіз, қоршаған ортаға зиянсыз болуын ескеру;
Жобалау мекемелерімен келісіп, жұмы сызбаларын орындау;
Зауыт жағдайында конструкцияның тәжірбиелі данасын жасату;
Жұмыс режимінде сынақтан өткізу;
Қоғамдығ пікір жинау және мамандардың ұсыныстарын берлесе талқылау;
өндірістік конструкциялар шығару және оларды жүзеге асыру;
Жаңалық авторы мемлекеттік лицензия алуға құқұқты және мемлекет тарапынан осындай жаңалықты заңдастыру бағытында қызметтер жасалады.
Зертханалық жұмыстың жүргізу тәртібі мен әдістемесі:
1. Бұйымның есептеу схемасы құрылады, ол схемада бұйым конструкциясы максималь қысқартылған болады;
2. Детальға әсер ететін жүктеме шамасын анықтайды;
3. Детальдің қажетті өлшемдерін есептейді;
4. Бұйымның жалпы түрін сызады;
5. Жалпы түрді детальдайды, яғни әрбір детальдің формасын, өлшемін, материалын анықтайды, детальдің дәлдік шегі өлшемдері, беттің кедір-бұдырлығы және арнайы техникалық талаптар көрсетілген жұмыс сызбасы құрастырылады;
6. тексеру есептеулері орындалады.
Бұйымды жобалау процесі үш кезеңнен тұрады. Жобалаудың бірінші кезеңі − эскиздік жобаны құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала есептеу жүргізіледі, бұйымды дайындау тәсілдері таңдалады, жеке түйіндер сызылады, олардың орналасуы және бұйымның жалпы компоновкасы белгіленеді. Осы жұмыс кезінде эскиздік жобаның сызбасы деп аталатын сызба орындалады. Олар болашақ бұйым жайында жалпы елестетулер береді және техникалық жобаның сызбасын құрастыруға арналады.
Жобаның екінші кезеңі техникалық жобаны құрастыру. Техникалық жобаның сызбасы бұйымның негізгі конструктивтік құрылғысын анықтайды және жұмыс сызбаларын құрастыруға арналады. Онда есептеу берілгендері келтіріліп, бұйымның технико-экономикалық кӛрсеткіштері келтіріледі.
Үшінші кезең − жұмыс жобалауы, яғни детальдің жұмыс сызбаларын және жұмыс жинақталу сызбаларын құрастыру. Мұнда ең соңғы рет детальдің конструктивтік формасын, детальдің өлшемдерін және дайындауға қойылатын техникалық талаптар бекітіледі. Бұйымды конструкциялау үшін материалдың қасиеті, өңдеу, жинақтау және әдемілеу операциялары жайында білім, детальдардың өзара бірігу тәсілдері жайында білім қажет. Жинақтау кезінде біріктірілетін детальдар өзара жеке беттермен жанасады. Ол жанасатын деп аталады. Қалған беттер жанаспайтын деп аталады. Осы беттердің өлшемдері жанасатын немесе жанаспайтын өлшемдер деп аталады.
Кедір-бұдырлылық. Детальдерді конструкциялау процесі кезінде осы детальдардың бетінің сапасына қойылатын талаптарды да анықтау қажет. Бұдан сыртқы түр ғана емес, сондай-ақ детальдардың беріктілігі, олардың тозуға қарсыласуы және т.б. нәрселер тәуелді. Жұмыс шартына тәуелді және детальдардың беттерінің кейбір басқа да факторларына тәуелді кедір-бұдырлылық әр түрлі дәрежеде өңделеді. Металды кез келген өңдеу әдісінде деталь беті идеал тегіс болмайды, барлық уақытта біртегістік емес сақталып қалады, бұл гребешка деп аталады.
Бақылау сұрақтары мен зертханалық жұмысқа дайындау тапсырмалары:
1. Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау тәсілдері
2. Металдан жасалатын бұйымдарды жоспарлау кезеңдері
5 тақырып: Сымтемірді пайдаланып бұйымдар дайындау
Сым темірді қырқу, түзету, ию. Бұрғылау және бұрғылау құрал-жабдықтары. Тойтару және тойтармалы қосылыстар.
Есепте жұмыс мақсаты және жұмыс дәптерлеріне қысқаша конспект жасау.
Сым темірді, қаңылтыр мен басқа да металлы көркемдеп ою
Металдан жасалған сым мен таспаны темір төске салып, оюдың (бұрыш пен доға) бейнесінде ию көркемдеп өңдеудін карапайым тәсілдеріне жатады.
Металлы тік бүрышты (90°) етіп ию үшін, оны темір төстің немесе төрт кырлы темір білеудің кырына салып соғады. Тік бүрышпен иілген өрнек иіндерінің өлшемдері симметриялы болады.
Шенбер бейнелі өрнекті доға тәріздес иығы бар имек төске салып иеді. Егер дайындама калыңдау болса, онда ұстанын көмекшісі дайындаманы кысқашпен және кос балғанын көмегімен төске басып ұстайды да, ұстаның өзі өрнектің иығын иеді (7-сурет).
7-сурет
Қарапайым заттың бір бөлшегін жасау күрделі бедер салып көркемдеумен жалғасады. Қарапайым затты көркемдеу барысында ұста өзінің калауынша белгілі бір бейнеге келтіріп өрнек салады. Ал күрделі затты жасау ушін алдымен сол зат-тың үлгісін жасап, оны жұмыс біткенше үлгімен салысты-рып отырады.
Шеберлер орындалатын жұмыс пен салынатын өрнек бедерінің көлеміне немесе тереңдігіне карай калыңдығы 0,4-1мм мыс, жез, алюминий канылтырларын таңдап алады. Өрнек салынатын каңылтыр қатаң болса, не жезден жа-салса, онда оны өрнек салар алдында отқа кыздырып жасытады. Қаңылтырдың бетін суға 10% күкірт кышкылы аралас-тьірылран коспамен тазалап, сүртіп кептіреді.
Қаңылтырдың бетіне салынатын өрнек жеңіл болса және өрнек жактаулары онша биік болмаса, бедерлеу жұмысын Қальіңдыгы 5-10 мм резеңке төсеніштің үстінде немесе қалыңдығыІ 20-30 мм етіп күм салынған төртбүрышты брезент қапшыктың үстіне койып жүргізеді.
Сымның қасиеттері жөніндегі деректер
Бақылау сұрақтары мен зертханалық жұмысқа дайындау тапсырмалары:
1. Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау тәсілдері
2. Металдан жасалатын бұйымдарды жоспарлау кезеңдері
6 тақырып: Металды көркемдеп өңдеу.
Жұқа қаңылтырды ою өрнектеп басып, әрлендіру.
Халық шеберлері темірді, күмісті, ал-тынды және олардың қоспаларын көр-кемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын же-тілдіріп, тамаша бүйымдар жасаған. Мы-салы, темірді бедерлеп күю мен өрнектеу-дің озық үлгісіне Ңожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан, алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыз-дың тарихи-өлкетану мүражайларындағы зергерлік бүйым-дар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, те-мірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнек-теу, жүка қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыста-ры - осындай еңбектің жемісі.
Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды үста дейді. Темір өңдейтін үста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны үстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсемдік бүйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға т.б. жасайтын піеберді зергер деп атайды. Зергер - темір мен қүнды металлы және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Халық үста мен зергерді ісмер дейді. Ісмердің қолынан шыккан бүйымдар, туындылар халық мәдениетінің дамуына, көркем-дік талғамының жетіле түсуіне зор ықпал етеді.
8-сурет
Ісмерлер затты көркемдеу үшін, арнаулы болаттан жасал-ған шагын қүралдарды пайдаланады, олардың үшында өрнек ізін салатын өткір бедері бар. Мұндай күралды шапқы дейді. Шапқымен із салу, сызу, бедерлеу тәсілдерін орындаған. Соңғы жылдары темірді көркемдеп, одан әсем әпіекей заттар жасау сәулет өнерінде кеңінен қолданылып жүр. Уақыт өткен сайын халық шеберлері металлы көркемдеп өңдеу технологиясын жетілдіріп келеді.
Темір үсталары металдың бетіне бедерлеп өрнек салу үшін слесарьлық күралдармен қатар, шынайы бедер салатын шапқыларды да пайдаланады. Олар арнайы болаттан жасалады (42-суретті кара). Шапқының өлшемі әр түрлі. Жиі кездесетін шапқылардың ұзындығы 120-150 мм, жуандығы 2-20 мм аралығында болады. Темір үсталары-на Қарағанда зергердің қүрал-саймандары кішілеу келеді. Мұндай қүралдар жұмыс істеуге де, шебердің өзімен бірге алып жүруіне де ыңғайлы. Оларды бедерлегіш ңүрал-саймандар деп атайды.
43-суретте көрсетілген бедерлегіштер темірден немесе ағащтан жасалады. Ал 8-суретте темір бедерлеудің балғалары мен шапқылары, 9-суретте бедерленген бүйым үлгілері көрсетілген.
Қаңылтырдың бетіне бедер салу мен сым темірді көркемдеп өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бүйымның бетін нуктемен, сызыкпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан турлі болып келеді. Мұнда сызықпен бедерлеу, нуктемен көлеңке беру әдістері көп қолданылады.
9 Cypeт
Достарыңызбен бөлісу: |