Керамикалық массалар.
Фарфор биокерамика құрамы, қасиеттері.
Керамикалық массалар.Фарфорды стоматологияда қолдану тарихы 200 жылдан асады. Бірақ, біріншілік фарфор протездерді тек қана алмалы протездер жасалған кезде ғана қолданылады. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын фарфорлық массаның құрамына дала шпаты (60-70%), каварц (15-35%) және саз болашақ (3-10%) кіреді. Бірақ, бұл проценттік көрсетішфарфорлық массаның қолдану көрсеткішіне қарай өзгеріпотырады.
Фарфордың қасиеті көптеген факторларға байланысты болады. Оның ішіндегі ең негізгілері – компоненттердің химиялық құрамы, массаның майдалану дәрежесі, температурасы және массаны күйдіру ұзақтығы. Фарфор құрамына ақ саз балшығы бар материалдар тобына енеді. Сондықтан керамика сөзі гректің «керамос» деген ұғымы, яғни құмыралық болашық деген мағынаны білдіреді.
Фарфор алынатын материалдар. Дала шпаты фарфорлық массаның негізгі компоненті болып табылады. Бұл химиялық жағынан күрделі құрлыс. Табиғатта оның үш түрі кеңінен таралған.
Клий дала шпаты (ортоклаз) K2O Al2O3 х 6SiO2
Натрий дала шпаты (альбит) Na2O Al2O3 х 6SiO2
Кальций дала шпаты (анорит) CaO Al2O3 х 2H2O
Қазіргі заманда фарфор дайындау өндірісте ең көп қолданылатын калий дала шпаты. Ол фарфорлық массаның негізгі құрамын құрайды.
Оның кпроценттік көрсеткіші фарфорлық массаны 65%-дан 75%-ға дейін болады. Балқу температурасы 1200-15000С-қа дейін жетеді. Балқыған түрі қою, шыны тәрізді масса күйінде болып, қиын балқитын компоненттерді (кварц және каолин) тез балқуына жағдай жасайды және ол бүкіл массаға гомогенді құрлымды беріп қана қоймай, массаның бетін бір тегіс етіп жалтыратады. Ортоклаздың тығыздығы 2,5-28-,8 г/см3, қаттылығы Моос бойынша 6-6,5. Гріген масса шпаты қатқан кезде мөлдір шыны тәрізді болады.
Кварц – да фарфорлық массаның негізгі элементі ғана болып қана қоймай, керамикалық заттарға жоғарғы тығыздық пен химиялық интерттілікті береді.
Кварц – кремнеземнің бір түрлі болып табылады және табиғатта кеңінен таралған. Кварцтың балқу температурасы 17000С, тығыздығы 2,65/см3 Моос бойынша қаттылығы -7. Кварцтың фарфорлық массада болуы, массаға тұрақтылықты береді, сондай-ақ кварцтың массада көп болуы, массаның балқу температурасын жоғарлатады.
Достарыңызбен бөлісу: |