«Тіс техникалық материалтану»


Металл құймаларының физико – механикалық қасиеттері, қолданылуы



жүктеу 107,67 Kb.
бет5/42
Дата20.02.2023
өлшемі107,67 Kb.
#41393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Тіс техникалық материалтану

Металл құймаларының физико – механикалық қасиеттері, қолданылуы.
Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әр түрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза түрінде қолданылмайды, өйткені олардың қасиеттері негізгі материалдарға қойылатын талаптарға сай келмейді.
Металл дегеніміз – атомдарды геометриялық тәртіппен дұрыс орналасқан кристалды дене.
Стоматолгияда қолданылатын металл мен металл құймаларына қойылатын талаптар.
Ауыз қуысында тотығуға тқрақтылығы өте жоғары болуы керек.
Жоғарғы механикалық қасиетке ие болуы керек (мықтылық, пластикалық, серпімділік).
Жоғарғы технологиялық қасиетке сай келуі керек (оңай штампталуы, құйлуы, жылтыратудың мүмкіндігі, созылуға оңай болуы).
техникалық сипаттамасы жақсы болуы қажет (түсі,балқу температурасы, отырғыштығы төмен болуы керек.
Металдардың құрлысы: металдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық түрде болады. Оны металдың бет қабатын жылтыратып, содан соң активті химиялықзаттармен улай отырып микроскоппен қарағанда, оның құрлысының кристалды екеніне көруге болады. Кристалдық құрлыстың кемшіліктерінің бірі – атомдар арасындағы қуыстардың болуы, басқаша айтқанда, викансия. Торлардың бұл кемістіктері құймалардың балқу кезіндегі бір-біріне енуі үшін өте маңызды және термиялық өңдеуге байланыстыболады. Кристалдық құрлыстың екінші бір кемістігі – дислокация. Бұл жағдайларда кристалдардың шоғырлануына байланысты жартылай жазықтық түзіледі де, жиектік дислокациялы кемістікке әкеледі.
Барлық металдар екіге бөлінеді: қара металдар және түсті металдар.
Қара металдар –қара сұр түсті, тығыхздығы мен балқу температурасы жоғары, салыстырмалы түрде жоғары мықтылыққа ие. Оларға негізінен теміо және олардың құймалары жатады.
Түстік металджардың өзіндік түсі бар, жоғары иімділікке ие, тығыздығы және балқу температурасы салыстырмалы түрде төмен болады.
Қара металдар өз кезегінде былай бөлінеді.

  1. темір металдарды – темір, кобальт, никель жатады.

  2. Қиын балқитын металдар – балқу температурасы темірден жоғары элементтер. Болатқа ерекше қасиет беру үшін қорлданылады.

  3. Уранды металдар – актиноидтар. Олар атом энергетикасында қолданылады.

  4. Сирек кездесетін металдар – лантан, цезий, яғни лантоноидтар.

Құйма деп екі немесе одан да көп элементтерді балқытып, ерітіп алынған затты айтамыз. Құймалар сұйық күйден қатты күйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қату кезінде құйма құрамындағы компоненттердің бір – бірімен өзара әрекетке түсуін:

  1. механикалық қосылыс

  2. қатты ерітінді

  3. химиялық қосылыс деп үш түрге бөлінеді

Механикалық қосылысқа бір бірімен әрекеттескенде ерімейтін металл қосылыстарын жатқызады. Мұндай қосылысқа, мысалы, қорғасын мен висмут және кадмий қосылыстарын жатқызуға болады. Құйманың әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торын сақтайды және қасиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынасына байланысты болады. Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы осы құймаларды тез балқғыш жасағынымен, қолданғанда олардың қаттылығы сақталады.
Қатты ерітінді деп негізгі еріткіштің металл торларына еріген заттың атомдары кірген біркелкі кристалдардан тұратын денені айтамыз. Қатты ерітінді кезінде құймалардың элементтері өзара сұйық күйде де, қатты күйде де бір – біріне ерігіштік қасиет көрсетеді. Рентгендік тексерудің нәтижесі қатты ерітіндінің бір ғана торы болатындығынанықтағына ғылымға белгілі. Қатты ерітіндіде заттың атомы екінші бір заттың кристалдық торындағы атомдардың орнын басуы мүмкін, ал атом аралық кеңістігінде металл емес заттар ораналасады (көміртегі және т.б.). Осы қосылыстарға мысал ретінде ортопедиялық стоматологияда кеңінен қолданылып жүрген хром – никель, хром – кобальт құймаларын жатқызуға болады. Құймаларға бірнеше клиникалық – технологиялық талаптар қойылады. Олар:

  1. механикалық қасиетінің жоғары болуы (иімділік, серпімділік, қаттылық, қозғалысқа төзімділік)

  2. технологиялық өңдеуінің оңай болуы (штамптау, құю, дәнекерлеу, жалтырату, созу)

  3. Отыруының аз болуы

  4. Физикалық қасиетінің жоғары болуы (балқу температурасы төмен)

  5. Жоғары химиялық тұрақтылыққа ие болуы.

Материалдардың механикалық қасиеті дегеніміз сыртқы өзгеріске, құраушы механикалық күшке және кез келген материалдың механикалық күшке төтеп беруі. Оны арнайы аппараттармен анықтайды.
Қаттылық дене деп бір денеге екінші дененің енуіне қарсы тұру қасиетін айтады. Материалдың қаттылығын Бриннель, Виккерс, Роквеллер әдістерімен анықтайды.
Беріктілік деп материалжың сыртқы күшке бұзылмай және өзгеріске ұшырамай қарсыласу қасиетін айтамыз. Беріктікпротез жасалатын кез-келген материалға қойлатын талаптардың бірі. Сонымен қатар материалдардың біріктігін жоғарлату үшін оны термиялық тұрғыдан өңдейді, созады және легирлейді.
Легирлеу – металға басқа металды қосып арнайы қасиет беру. Қолданылатын ондай материалдарды легирленген депайтады.
Серпімділік деп материалдардың сыртқы күш әсерінен пішінін өзгертуі және күштің әсері тоқтаған дағдайда өз пішініне қайта келуі қасиетін айтамыз.
Иімділік деп материалдың әлдеқандай сыртқы күш әсерінен бұзылмай пішінін өзгертіп, күштің әсері тоқтағаннан кейінсол пішінді сақтап қалу қасиетін айиамыз. Мұндай қасиеттерге қалыптық материалдар, балауыздар ие.
Технологиялық қасиеттері. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын матеиалдардың ең керекті технологиялық қасиеттеріне соғу (ковка), аққыштық, отыру жатады.
Соғу – материалды қысыммен кез келген үлгіге өңдеу.
Оның өңдеуге икемді болуы және бұл кезде материал күштің әсерінен өзінің тұтастығын жоймай, жаңа мөлшер мен көлемге ие болу қасиеті. Соғу, тек металдарға болады.
Аққыштық – материалдардың еріген, сұйық күйінде құйма пішіндері мен қысымдау пішіндерінің ұялы толтыруқасиеті.
Отыру – материалдың құйылғаннан соң қатқан кезіндегі көлемінің кішіреюі. Тіс протездерін дайындаған кезде материалдың отыруын есепке ала отырып құю керек.
Физикалық қасиеті. Оған материалдың түсі, тығыздығы, балқуы, жылу әсерінен ұлғаюы жатады.
Материалдың түсі. Ортопедиялық стоматологияда материалдың түсіне көп көңіл бөлінеді. Материалдар тістің немесе шырышты қабаттың түсіне сәйкес келуі керек. Пластмасса мен фарфордан басқа кез-келген металдар мұндай талапқа жауап бере алмайды.
Хром – кобальт, титан, алтын негізіндегі және күміс –палладий құймалары. Стоматология тәжірибесінде хром-больат құймасы 1933 жылы Vitаllium деген атпен қолданылған. Оны Erde және Prange енгізген. Хром-кобальт құймасының негізгі элементтері – хром, кобальт, никель, сонымен қатар олардың құймадағы проценттік мөлшері 85% кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, хром-кобальт құймасына мынадай легирленген элементтер: молибден, никель, темір, кремний, көміртегі, ваннадий, мыс, беррилий, альюминий қосып,оның қасиетін жақсартуға болады. Хром құйма бетінде тотығуға қарсы тұрақты қабат түзіп, құйманың тотығуға ұшырауына жол бермей. Ал кобальт құймаға қаттылық береді. Құйманың ұсақ кристальды құрлысы мен жоғарғы беріктілігін алу үшін молибден қосады. Металдың әр түрлі өңдеуден соң қасиетін сақтап қалу үшін көміртегі қажет. Карбид түзуші элемент ретінде, яғни артық көміртегіні қосу үшін вольфрам қажет. Марганец, темір, кремний құйманың аққыштық қасиетін жоғарылатып, құйылудың сапасын жақсартады.
Хром – кобальт құймасы балқу температурасына қарай екіге бөлінеді:

  1. Балқу температурасы 13160С-дан төмен.

  2. балқу температурасы 13160С-дан төмен.

Кобальт – хром құймаларының құйылу сапасы жақсы болғанмен, оның құрамындағы кейбір компоненттер кей адамдарда аллергиялық реакция туғызады.
Қазіргі кезде стоматологияда хром-кобальт құймасын кеңінен қолдануы, оның физикалық және механикалық қасиеттерінің артықшылығына, меншікті салмағының жеңілдігіне жәнесұйық күйіндегі тез аққыштығына байланысты. Оның бұл қасиеттері әр түрлі тіс протездерін құюға мүмкіндік береді.
Хром кобальт құймасының тотығуға тұрақтылығы жоғары болғандықтан, оны сүйек тіндеріне енгізіп, тіс протездеріне тірек ретінде де қолданады. Хром-кобальт құймасы құйылғанна кейін 1,8-2% дейін кішірейеді. Сонымен қатар хром-кобальт құймасын стоматологияда, көбінесе жоғарғы дәлділікті қажет ететін протездерді құю үшін қолданады. Мысалы, көпір тектес протездердің қаңқасын және барлық мүмкін болатын шендеуші конструкцияларды металдан құю үшінқолданады. Ал шет елдерде металлокерамикалық протездің қаңқасын мынадай құрамдағы: никель 70% –ға дейін және хром 15-20% –дейін, құймалардан дайындайды. Сонымен қатар, оның құрамында молибден, алюмений, марганец т.б. элементтер кіреді. Мұндай құймалардың атаулары мынадай:Женени-И керамика; (АҚШ) микробонд (Франция); хромикс; Р-2 ультратек (Лихтенштейн); Вирон, Вирон-5, Вирон-77, Вирон-88 (Германия) және т.б.


жүктеу 107,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау